АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 22:58, дипломная работа

Описание работы

иплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2-8
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53
Қорытынды...........................................................................................................54-57



Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61

Файлы: 1 файл

Дип.-АҚШ-тың-қазіргі-саясаттағы-ролі-соңғы-10-жыл.doc

— 508.00 Кб (Скачать файл)

2. Ол мұнай факторы. Ирак Таяу Шығыста ең бай табиғи ресурстар мен мұнайға ие. Бұл жағдай Ирактың аймақтағы ықпалдастыққа иеленуге мүмкіншілік береді және көрші елдердің Иракпен санасуға мәжбүр етеді. Себебі Ирак дайын сауда рыногы.  Бұдан тыс Иарк ОПЕК мүшесі, ол углеводородтардың көп бөлігін бақылайды. Сондықтан Парсы шығанағы көп уақытқа дейін әлі де мұнайға малынған аймақ болып есептеледі.

3. Иракқа қарсы соғыс қимылдарының тездетілуінде басқа да орталықтардың әсері бар. Ирак барлық Батыс елдердің қызығушылығын тартады, әсіресе өзінің геосаяси орналасумен.

Ресей бірнеше  рет экономикалық санкцияларын бәсеңдетуді талап еткен болатын. Бұл ұстаным Ресей пайдасына шешілмегенімен Орыс елінің Багдатпен саяси байланыс құрғысы келеді деген тұжырым жасауға болады. Қазіргі таңда Иракта бірнеше Ресей мұнай компаниялары қызмет атқаруда. Дегенменде АҚШ-тың Парсы Шығынақтағы саяси ұстанымы Ирактағы жағдайдың бәсеңдеуіне қарсы шығуда. Кіші Буштың Иракқа қарсы саясаты агрессиялық сипатта болып келеді. Ол бірінші болып Таяу Шығыстағы Иарк пен көрші елдер арасындағы байланыстардың кесілуін ұстанды. Ол үшін Буш үкіметін басқарған Колин Пауэл 2002 жылы Мысыр, Сирия, Иордания, Кувейт, Сауд Арабиясы және Израилге сапар шекті. Колин Пауэлдің аталмыш елдермен кездесудегі басты мақсаты Иракпен осы елдердің байланыс құруына шек қою және Иракқа әскери-экономикалық қойдау көрсеткен елге қарсы шығу қажет деген ойда болды.

АҚШ Президенті Дж. Буш  өзінің күшті окенін әлі де көрсетіп келеді. Осындай жағдайда арада соғыс басталды. Ал оның сылтауы ретінде 11 қыркүйек 2001 жылы АҚШ-тағы экономикалық орталықтардың жарылысы болды. Осы орайда бір қызығарлық жағдай еске түседі. Жарылыс жұмыс уақыты басталғаннан кейін іс- жүзіне аеты. Алайда бір жағдайға байланысты жұмыс орындарына отыруға тиісті басшылар сол мезетте жұмысқа келмеді. Бұл кездейсоқтық пе немесе АҚПІ жарылысты өзі ұйымдастырды ме деген күмән келтіретін жағдай туындайды.

Қазіргі өлшеммен қарағанда АҚШ-Ирак соғысының басталғанына үш жылдан астам уақыт өтті. Иракта белгілі бір жүйе орнағанымен жергілікті халык наразылықтарын білдіріп, түрл: аймақтарда жарылысты қарсылыктарын көрсетіп отыр. Соғыс барысында екі жақтан да адам шығындары мол болды.

Соғыстың 20-ші күнінде Оскар сыйлығының иегері атанған американдық кинорежиссер Майкл Мур тіпті бұл соғыс «Дж. Буш үшін бизнес қана» деп мәлімдеді. Көпшіліктің есінде болар үлкен Бушта, кіші Бушта мұнай саудасының арқасында ел қатарына қосылғандар. Келешектегі олардың қаржылық жағдайы да осы мұнайға байланысты. Оның үстіне мұнай десе көзі қызарып кететін Бушты сол елдегі мұнай магнаттары, түрлі жандайшаптар Иракқа айдап салды. Бұл соғыстың себеп салдары енді түсінікті болар. Бірінде әр түрлі тілдегі ақпарат құралдары Ирак соғысына байланысты соңғы ақпараттарды жарысқа жариялап жатыр. Вашингтон болса Саддаммен күрес кезінде кімнің көмек беріп, кімнің сырт айналғанының бәрі есепте ексніи айтыи, ескертуде [66].

Бәрібір ресми  Астана өз айтканынан қайтқан жоқ. Бірак әлдеқандай жағдай бола калса Каспий мұнайыда республика қауіпсіздігіне кепіл бола алмауы мүмкін. Тіпті ағылшындар мен американдықтар арасында соғыс басталмай түрып-ақ, Ирак мұнай кеніштерін өзара бөлісіп алғаны белгілі болды.

Иракқа карсы соғысқа АҚШ небір сорақы тәсілдерді қолданғаны қазір белгілі болып отыр. Американ әскерлері өзінің адамгершілік құндылықтарын жоғалтып жасөспірімдер мен әйел, тіпті ер балаларға да зорлық жасағандары болды [67].

Соғыс 20 наурыз басталды, ол жөнінде кіші Буш ресми түрде мәлімдеді де сол күні шамамен ЗОкаланы жарылғыш заттармен атқылады. Дональд Расмсфельдтің пайымдауынша сол күні АҚШ-тың коалициондық құрамына 35 мемлекет кірді. Коалициондық топтың құрамына басты соғыс серіктесі Ұлыбритания болды. Ол 45 мың адам ресурсын, 180 танк, шамамен 100 самолет және 20 кемесін ұсынды. Бұл саясатты Иракпен көршілес Түркияда ұстанды. Ол әскери базасы мен әуе жолын ұсынды. Алайда Түркияның бұлш ұстанымын соғыспен байланыстырмау қажет, себебі Түркия НАТО-ның құрамында болғандықтан АҚШ-пен келіссөздер жасауға мәжбүр болған.

Филлипиндер бейбіт әскер бірліктерй ұсынса Украина Кувейтке химиялык тазартқыш әскер бірліктерін жолдауға келісті. Болгария, Колумбия, Коста-Рика, Эфиония, Руанда, Сингапур сынды елдер тек қана дипломатиялык қолдау көрсететініне келісті. Қалған елдер соғысқа ашық карсылыктарын білдіргенімен көптеген елдерде соғысқа қарсылық білдірген ереуілдер өтті. Аргентина ашық түрде Ұлыбританияның ұсынып қолдамады. Бразилияда антиамерикандық ұстанымдар қуаттанды. Ал Израиль елі АҚШ-тың әскери операциясына сәттілік тілеп, өзінің соғысқа қатыспайтынын ашык айтты. Қытай болса әр уақыттағыдай басқа континенттердегі соғыстарға катыспайды және соғыстың тез арада бітіуін қалайды. Қырғыстан болса Орталык Азиядағы ДБК бойынша Ресещ ің одақтасы болып келеді. Бұл саясатты Армения, Тәжікістан  ұстанады. Ал Түркіменістан 12 желтоқсан 1995 жылы БҰҰ шешімі бойынша бейтарап ме ілекет болып жарияланғаннан кейін соғыс барысында бейтараптык ұстанымда болды. Францияның әр кашанда ықпалдастық бәсеке елі АҚШ болғандықтан, ол соғысқа қатң карсылык білдіріп отыр және АҚШ-тың НАТО мен ЕО ішіндегі саясатын сынға алып отырады.

Соғыс барысында АҚШ теңіздегі жүзбелі миналарды анықтау үшін тоғыз үйретілген дельфиндерді пайдаланды. Дельфиндер мина жүзіп жүрген жерге арнайы белгі беретін қалтқылар қалдырып кететін болған. Сонымен катар АҚШ жедел түрде Мароккадан 2000 маймыл алдырып, Бағдатқа шабуылдар алдында миналанған аймаққа сол маймылдарды жіберген. Уақыт өте келе американдықтардың мұнан басқа; ақулықтары, зұлымдақтары ашылатынына күмән жок.

Сонымен, кас-кағам сәт өтседе айналасын апарып-жапырып кететін кара құйындай касіретті соғыс аякталды. Екі жақтың да шығыны аз болған жок. Пентагон шығындарын қаншама жасырғанымен әскери сарапшылар оны колмен қойғандай айтып отыр. Осы опперация барысында одактастардың 318 сарбазы жер жастанып, 500 жараланып, 32 хабар ошырсыз кеткен, 16 Ирак армиясына түтқьшға түскен. Ал 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» опперациясында американдықтардың 270 сарбазы атап болған еді. Сонымен қатар Ирак армиясы одақтастарының 40 танкісін, 50 бронды техникасын, 20тікүшағын, 14әскери үпағын, 2зениттік зымырандық кешенін және артиллериялық қондырғысын жойып жіберді [68].

Міне көз  алдымызда ежелгі мәдениет ошағы бүгінгі өз күнін өзі көріп отырған бір мемлекеттің талканы шықты. Ал, АҚШ жемтігін айдалаға апарып, оңаша жегенді жақсы көретін сауысқандай Ирак байлығынан дәм таттырар емес. Енді-енді бас көтере бастаған Ирак оппозициясы Ресей карыздарының қайтарылуын тек тұсінде көретін болар дегенді айтады. Осы оппозициялық ұйымдардың жетекшілерінің бірі Муваффак Фатухи «Кезінде кімде-кім Саддамға қару сатып, келісімге келген болса, бүгін оның қарызын ешкімде қайтармайды. Дауласқысы келгендер Хусейінді тауып садан сұрасын»-деп жауап берді.

Тез арада соғыстың бітуі Ирак пен АҚШ және қосымша біріккен мемлекеттер әскери күштерінін қақтығыстарының аяқталуы, осы мемлекеттер төңірегіндегі Орталық Азиямен Қазақстан Республикаларына саяси немесе экономикалык әсерін тигізе қойған жоқ.

АҚШ-тың негізгі  стратегиялық мақсаты осы төңіректегі  елдерге, өздерінің әлем алдындағы мықтылығын сезіндіру және өз әскери базаларын шоғарландыру болды. Айналасындағы мықты мемлекеттер Ресей, Қытай және Иранға қатысты бақталас мықты қуатты мемлекет екенін көрсету. АҚШ пен Қазақстанның арақатынасы ұлғайған сайын Қазақстанның төңірегіндегі Ресеймен Қытайдың алаңдауына қатты әсерін тигізді. Ресей өзінің АҚШ пенқарым-қатынасын өзгертпей өзіне бұрыннан белгілі қалыптасқан мақсатында, Американы өз айналасындағы елдерден ығыстырғанды калайды. Ал Қытай мемлеке і бұрыннан АҚШ гіен суық қарумен аракатынасы жақсы емес. АҚШ-тың Орта Азия мен Қазақстанға көзтігуі осы көршілес елдерге әжептеуір қатты тиеді [69].

2002 жылы шілде  айында меморандумға қол қоюы Алматы аэропортын ыңғайсыз төтенше жағдайда экстремизмге қарсы ұшақтарын қондыруға рұқсат етті. Бұл АҚШ үшін және Ауғаныстанға антитеррорлық күштерге жылдам жетуге қолайлы аймақ болып саналады. Бұл жағдай Қытай мен Иранның армиясын оданда қатал дайындыққа жаңа техникалар мен ұзаққа ұшатын ракеталар шығаруына бәсекелістікке, дайындыққа итермеледі. Бұдан басқада АҚШ пен Ирактың соғыс барысында Қазақстанның АҚЙІ пен арақатынасы жиеленуі; Қазақстанның өзі де төтенше соғыс сақтығына дайындалуына тура келді. Себебі Ирактың 250 км. ұшатын ракеталары Қазақстанның Батыс аймақтарына толық жететін болды. Бұл соғыстың аяқталғанымен Ирак пен Қазақстан арасындағы арақатынас жойыла қоймауы мүмкін. Сондықтан 7 мамыр 2003 жылы Қазақстан қарулы күштер құрылған күнінде құттықтау сөз айта отырып, Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев төмендегі тапсырмаларды талап етті:

1.Салалалық жүйені бюджеттік шығынның қадағалап қана қоймай және одан жоғары дәрежеге есебін көбейтіп, әскерді нығайту;

2.Әскердің қатарын  тез күшейту, толықтыру тәртібі  мен қуаттылығын арттыру, сапалы  дайындығынқадағалау;

З.Қатаң тәртіптің  болуы және насихаттау;

4.Әскердің қосалқы  бөлшек, мамандар даярлау;

5.Аумақтық  дайындық қосалқы мекемелерден  мамандырылған кісілергс дайындыққа басшылық ету;

б.Әскердің әл-ауқаты мен  оқу-жаттығу мүмкіндіктерін көтеру;

7. Саяси әрі әскери  қатынастарды шыңдап дайындау;

Ресей мемлекеті өзінің бұрынғы одақтастар мемлекеттер ішіндегі осы Орта Азия мен Қазақстанға өз көзқарасын жақсартты. Өзінің әскерлерінің келісімімен Пәкістанға және Қырғызстанға әскерлері мен техника ұшақтарын орналастырды. Бұл негізгі АҚШ пен Ирак соғысы Орта Азия мен Қазакстан үшін үлкен сабақ, Ауғаныстан мен Ирак соғысының үлкен ықпалы әсер етпес үшін үлкен қорғаныс дайындықты шап етіп отыр.

Қазакстан барлық елмен бейбіт өмір сүру тараптары болғандықтан АҚШ-Ирак соғысында да бейтараптық позицияны ұстанып, ирактықтарға көмек көрсетті. Мұнда бірнеше мемлекеттің, оның ішінде, АҚШ та Ресей мемлекетімен ортақ бітіммен Ирактағы соғыстан кейінгі аймақты жарылғыш, копарылғыш заттарды заласыздандыру үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі М.Алтынбаевтың келсімімен инженерлік саперлік батальонды Ирак мемлекетіне жіберді. Мұндағы басты мақсат, сол елдегі бейбіт халықтың аймақтық жерлеріндегі мина, снарядтарды, басқа да жарылғыш заттарды іздеп тауып залалсыздандыру мақсатында жұмыс істеп кайтты. Қазақстан соғыс қимылына, ішкі саясатқаараласпайды, тек қана бейбітшілік мақсатында екі ел арасындағы ыт ымақтастық деп тұсіну қажет. АҚШ-Ирак соғысы барысында көптеген елдер арасында қолдаушылар мен соғысқа ашык карсылық білодіргендер болды. Дегенменде қазіргі тандағы көчбен сарагпасақ АҚШ-тың негізгі «блицкригі» іс-жүзіне аспады. Константин Сыроежкиннің пайымдауынша АҚШ-тың басты мақсатының іс-жүзіне аспауынын себебі Ирактың әскери потенциалын менсінбестіктен болған жәйт. АҚШ Иракқа ядролық қару-жарағы бар деген айыппен кіргенін білеміз. Алайда қазіргі таңда ол жарылғыш заттың Ирактан табылмағаны байкалды. АҚШ керісінше ел ішіндегі ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды шиеленістірді және Ирактағы саяси тұрақтылық әліде байкалмай жатыр. Соғыс бастаушыларының басты мақсаты Саддам Хусейінмен және оның құрған жүйесімен емес керісінше сол жердегі мұнай құбырларын бакылауға және сол жерге өз үстемдігігі орнатуға бағытталғанын дәлелдей түсірді. Сондықтан АҚШ үшін бұл соғыс қымбатқа түсетін тәрізді. Есеп бойынша АҚШ соғыстан 5-10 трлн. доллар шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан қорыта айтар болсақ бейбіт өмір сүрген елге империалистік мақсатпен қол сұғуды бастаған АҚШ жаулап алған территориядан шығуы қиын. АҚШ-пен тұрақты иең құқықтық негізде санаса өмір сүру қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда бұл саясатты Қазақстан шеберлікпен ұстанғаны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-ТАРАУ. АҚШ-ТЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ТАЯУ ШЫҒЫС

МӘСЕЛЕСІ

АҚШ-Таяу Шығыс  мәселелерін қарастыру үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аймақтағы пайда болған Израиль мемлекетінің туындауы тікелей Израиль мен Палестина мемлекеттерімен байланысты болып келеді. Күні бүгінге дейін екі ел арасындағы жер мәселелері шешілмеген, сондықтан мәселенің төңірегіне жету үшін екі ел арасындағы ара қатынастың қалыптасуы кезеңіне және АҚШ бұған деген ұстанымына көз тігу қажет деп ойлаймыз.

Израиль мемлекеті - Батыс Азия Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Дүниежүзінің саяси картасында 1948жылдың мамыр айында пайда болды және 1920 жылдан Палестинада Британ билігі орнаған соң елдің өнеркәсіп саласының 80% еврей секторы үлесіне тиген болатын.[71]

1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында көпшілік дауыспен Палестинадағы ағылшын мандатын жою шешімі қабылданды. 1948 мамыр айында Араб және Еврей мемлекег ері құрылды, Халық Кеңесі құрылып, 14-нен 15-не қараған түні Бен-Гурман тәуелсіздік декларациясын оқыды.

Израиль мемлекеті  жарияланған соң күндесі Палестина мен жеті Араб-Израиль соғысы болып өтті. АҚШ-тың көмегіне сүйенген Израиль оларды жеңіп, БҰҰ Араб еліне берген 6,7 мың км. Жерді иерусалимнің Батыс бөлігін жаулап алды. Иерусалимнің шығыс бөлігін Иордания, ал Газа секторын Египет алды. 900 мыңдай Палестиналық Араб босқынға айналды. Жер көлемі 14,1 мың км., халқы 6 млн. /2000 жылы статистикалық мәліметтер/ хылқының 81% еврейлер қалғандары негізінен Арабтар. Елдің басты экономикалық және мәдениет орталыгы Тель-Авив қаласы. Үкімет мекемелері БҰҰ-ның қарсылығына қарамастаь 1950 жылы ел елордасы деп жарияланған Иерусали қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Оның 400 мыңнан аса түрғыны бар 250 мыңдай еврейлер, ал 160 мыңы арабтар. [72]

Израиль мемлекетінің ерекшелігі ел конституциясы жоқ. Оны әр кезде шыққан заң актілері алмастырады. Мемлекет парламенттік республика, сондай-ақ мемлекет басшысы президент, жоғарғы заң шығарушы орган кеңесі, жоғарғы атқарушы орган премьер-министр, басқаратын үкімет болып табылады. Үкімет кеңеске бағынса, сот билігі тәуелсіз. Ресми тілі иврит және араб тілдері, негізгі діндері иуда, мұсылмандар мен христиандар да көп. Ақша бірлігі шекель. Ұлттық мерекесі тәуелсіздік күні. Ел аумағы әкімнің жағынан дискриттерге, яғни округтарға бөлінеді.

Израиль мемлекетінің қалыптасуы жылдары көрші араб елдерімен соғыс жағдайында өтті. Египетте билік басыла келген Г.А.Насер бастаған ұлттык патриоттық үкімет 1856жылы Израилдік кемелер үшін Сугу каналын жауып қойды және Израилдің Қызыл теңізге өтетін жалғыз жолы Тиран бұғаздарына экономикалық блокада қойды. Сирия-Израиль шекарасындағы жағдай ушықты. 1956 жылы қазанда Насер, Сирия және иорданиялық ортақ командованиенің құрылғанын жариялады.

Информация о работе АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі