Ежелгі дүние тарихының терминдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:06, реферат

Описание работы

Авеста – ежелгі парсылардың діни кітабы.
Агора – (грек сөзі, базар, алаң) қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Ол трапеция етіліп қоршалған. Оның айналасына қоғамдық үйлер мен ғибадатханалар салынған.

Файлы: 1 файл

Дүние тарихы терминдер.doc

— 150.50 Кб (Скачать файл)

Феодализм - өндірістік қатынастардың негізін феодалдар тобының жерге жеке меншігі құрайтын қоғамдық – экономикалық формация. Феодалдар шаруаларды жерді пайдаланғаны үшін міндеткерліктер өтеуге, яғни еріксіз жұмыс істеуге мәжбүр етті.

Феодалдық рента (француздың «қайтарып беру» деген сөзінен шыққан) – феодалдың жалға берген жерінен жинап отыратын салығы.

Флот – теңіз кемелерінің жиынтығы.

Халиф – Мұхаммед пайғамбар өлгеннен кейін арабтар мемлекетінің басшысы болған оның орынбасарлары.

Халифат – халифтер басқарған исламдық Араб мемлекеті, оның құрамына кірген елдер.

Харадж – ислан дінін қабылдаған елдердегі жер салығы.

Цехтар – феодалдық қаладағы қолөнершілердің бірлестігі, экономикалық саяси және соғыс одағы. Негізгі мақсаты-қолөнершілердің мүддесін қорғау. Цехтардың өз жарғысы, таңбасы, туы болды.

Чомпилер – Орта ғасырлардағы Италияның Флоренция қаласындағы тоқыма кәсіпорындарының жұмысшылары. 1378 жылы маусым айында олар көтеріліске шығып, қала басшыларының алдына жағдайларын жақсарту талаптарын қойды. Көтеріліс жеңіліп, жұмысшылар талаптары орындалмай қалды.

Інжу – Шыңғысхан әулетінен шыққан билеушілерге бөлініп берілген жер үлесі.

Юстиниан заңдары  – Византия императоры ІЮстинианның (527-565) заңдар жинағы, Заңдар императордың шексіз билігін, құл иеленушілік құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді.

Янычар – сұлтандық Түркиядағы полицейлік және жазалаушылық қызметтерін жауынгерлік қызметімен қоса атқарған, артықшылық жағдайдағы (1826 жылға дейін) жаяу әскер. Алғаш құлдыққа айдап әкелінген жастардан құрылды.

«Яса» - Шыңғысханның 1206 ж. Ұлы хан болып сайланған езінде жарияланған заңдар мен ережелер жиынтығы.

 

 

 

Жаңа заман  тарихының терминдері

Аборигендер – елдің немесе бір жердің ежелден мекендеп келе жатқан жергілікті тұрғындары. Мысалы, американ құрлығының байырғы тұрғындары – аборигендер болып саналады.

Абсолютизм – шексіз монархия, жоғарғы билік тек бір адамның – монархтың қолында шоғырланатын басқару түрі.

Автономия - өзін-өзі басқару, мемлекеттің кейбір бөлігінің (көбінесе ұлттық негізінде) ішкі істерін өзін-өзі  шешу құқы.

Ажиотаж (франц. Aqiotage) – саудадағы алыпсатарлық желік. Қатты толқу, бір мәселенің төңірегіндегі күрес.

  Акция – белгілі бір компанияның шығарған, оның иесіне осы компанияның табыстарының белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құнды қағаз.

Анабаптистер (қайта шоғырғандар) – Реформация тұсындағы діни сектаның мүшелері. Адамдарды есейген кезде шоқындыруды, мүлік ортақтығын талап еткен; шіркеу иерархиясы мен иконаларға қарсы шыққан.

Азаматтық қоғам – мемлекеттің араласуынсыз және оның шеңберінен тыс іске асырылатын азаматтардың өзара қатынастарының жиынтығы.

Англикан шіркеуі – Англияның мемлекеттік шіркеуі, протестанттық шіркеулердің бірі, әдет – ғұрыптары жағынан католиктік шіркеуге жақын, бірақ оның басшысы Рим папасы емес Ағылшын королі.

Антикалық – ежелгі гректер мен римдіктердің тарихы мен мәдениетіне қатысты деген ұғымды білдіреді.

Арендатор – ірі жер иеленушіден уақытша жерді жалға алушы және ол үшін жер иесіне жал ақысын төлеп тұрушы шаруа.

Армада – көп кемелер тобы, ірі әскери флот. Мысалы, 1588 жылы ағылшындар Испанияның «Жеңілмейтін армадасын» тас-талқан еткен болатын.

Атеизм – Құдайдың бар екендігін жоққа шығару, Құдайға, дінге сенбеушілік.

Барокко – XVIIғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Еуропада қалыптасқан стиль. Өзінің сәнді, салтанатты, талғампаз әсемдігімен ерекшеленетін көркемдік стиль.

Бастилия – Париждегі монархияның қарсыластарын, саяси тұтқындарды қамайтын қапас түрме-бекініс. Халық бұқарасы үшін Бастилия король тирандығының рәмізі болып саналған. 1789 жылы 14 шілдеде халық көтерілісі барысында қиратылған.

Басыбайлылық – XVIII ғасырда Ресейде басыбайлылық құқық пен шаруаларды аяусыз қанауға негізделген қоғамдық құрылыс. Помещик шаруаны, оның балаларын құл сияқты сатуға да құқылы болды.

 Баж салығы - әкелінетін жіне шығарылатын тауарларға салынатын салық.

Билль – Англия мен АҚШ-та маңызды заңдарды осылай атаған.

Брюмер – революциялық күнтізбе бойынша ай аты (22. ІХ – 22.Х)

Буржуазия, буржуа – орта ғасырларда қала тұрғындарын осылай атаған; кейінірек-жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланушы мануфактуралар, капиталистік кәсіпорныдар иелерінің аты.

Бюргерлер – Батыс Еуропадағы қала тұрғындары.

Бюрократия – жоғары шенеуніктер тобы, жоғары шенеунік әкімшілігі.

Варварлар – ежелгі гректер мен римдіктер жатжерліктерді осылай атаған.

Вассал – ірі жер иесі феодалдан жер иелігін (феод) таған, сол үшін оған қызмет етуге міндетті феодал.

Вигтер – Стюарттардың қалпына келтірілгеннен кейін корольдің парламенттегі қарсыластары.

Гегемония –үстемдік, бастамашылық.

Гильдия  - өз мүшелерінің мүдделерін қорғайтын саудагерлер мен қолөнершілердің бірлестігі.

Гильотина – Ұлы француз революциясы жылдарында өлім жазасына кесілгендердің бастарын кесетін жазалау құралы.

Гравитация (лат. Gravitas – салмақ) – материяның бір-бірін тарту заңдылығы.

Гугеноттар – Франциядағы кальвинизмнің жақтастары.

Гуманизм – адамды құрметтеп, сүюді насихаттап, оның өмірін ең жоғарғы құндылық деп жариялаушы идеялар мен көзқарастардың жиынтығы. Гуманистер адамды әлемнің орталық тұлғасы діп біліп, оның жасампаздық даналығын мадақтаған.

Ғылыми революция – ғылыми жетістіктердің негізінде адамдардың дүниеге көзқарастарының өзгеруі.

Даймё – Жапонияда ірі ықпалды князьдерді осылай атауы.

Джингоизм (ағыл. By jingo – құдай атымен ант етемін) – сол кездегі шовинистік, ұлтаралық араздық пен отарлаудың етек алуын жақтайтын өлең қайырмасы.

Демократиялық цезаризм – бұл атау 1852 жылы Франциядағы бонапартистік режімге берілді. Оған императорлық билікті жалпыға бірдей сайлау құқығы және анда-санда өтіп тұратын плебицит – халықтық сауал жүргізумен қатар еңгізу тән.

Диван – түрік сұлтанының маңындағы уәзірлер мен ірі шенеуніктерден құралған кеңес.

Диггерлер – Ағылшын буржуазиялық революциясы кезінде ауыл және қала кедейлерінің араларындағы қозғалысқа қатысушылар. Жерге жеке меншіктің жойылуын және мүіктік теңдікті талап етушілер.

Дипломатия – сыртқы саясат саласындағы әрекеттер.

Еуроцентризм – Еуропа – басқа халықтар еліктейтін үлгі дейтін түсінік.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы – заңда белгіленген жасқа жеткен барлық азаматтардың мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы.

Изоляционизм  - оқшаулану.

Иезуиттер – «Иисус ордені» деп аталатын католиктік діни бірлестіктің мүшелері.

Индепенденттер – шіркеу қауымдастықтарының толық өздерін-өздері басқаруын, діни шыдамдылық идеяларын жақтаушы пуритандар.

Инквизиция – католиктік шіркеуде еретиктермен, шіркеудің басқа да қарсыластарымен күресу үшін құрылған діни сот.

Йомендер – Англияда XIV-XVII ғасырларда өздерінің мұрагерлік иеліктерін болып табылатын жерлерде дербес шаруашылық жүргізуші шаруалар.

Кальвинизм – Реформация кезінде Ж.Кальвин негізін салған протестантизмнің бір ағымы.

Капиталистік кәсіпорын – қосымша пайда табу мақсатымен жеке кәсіпкер құрған және жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын кәсіпорын.

Каста – белгілі бір кәсіп немесе шығу тектері біріктіретін адамдардың томаға тұйық тобы.

Классицизм – XVII ғасыр мен ХІХ ғасыр басындағы еуропалық әдебиет пен өнердегі бағыт. Оның негізіне антикалық өнердің үлгілері алынды; оның көркем формаларына қатаң байсалдық, анықтылық, пластика мен үйлесімділік тән болды.

Коалиция – жалпы саяси, экономикалық немесе әскери мақсаттарға жету үшін құрылғанмемемлкеттердің бірлестігі, одағы, келісімі.

Кодекс – заңдарды жүйеге салушы біртұтас құқықтық акт; ережелердің, қалыптардың, нанымдадың жиынтығы.

Коммуна - өзін-өзі басқару үшін күресуші қалалық қауымдастық.

Конгресс – съезд, жиналыс. АҚШ-та – заң шығарушы орган (парламент).

Конкистадорлар – Жаңа дүниені жаулап алуға қатысқан испан әскерлері.

Конституция – мемлекеттің органдарының құрылысы мен қызметінің принциптерін белгілейтін оның Негізгі заңы. Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары белгіленеді.

Контрреформация – Реформация жылдарында католицизмнің шептерін қалпына келтіруді мақсат етіп қойған, Рим папасы басқарған католиктік шіркеудің қарсы шабуылы.

Креолдар – Латын Америкасының тұрғындары, Испаниядан қоныс аударғандардың ұрпақтары.

Құқықтық мемлекет - әрбір азаматтың өмір сүру, жеке меншік иелену және жеке басының құқықтарына заңмен кепілдік берілген және қорғалатын мемлекет. Құқықтық мемлектке барлығы заңға бағынады, заң алдында тең, заңды орындауға барлығы да міндетті. Мұндай мемлкетке өкіметті зорлық-зомбылық және бұрмалаушылықтан тежейтін механизмдер жолға қойылған.

Лендлордтар – Англиядағы ірі жер иеленушілер.

Лига – одақ, бірлестік.

Люмпен (нем. Lumpen – алба – жұлба) – қоғамның ең төмен сатысына түскен, барлық ауқатты және бай адамдарына өш адамдар тобы.

Лютерандық – Реформация кезінде неміс діншілі М.Лютердің ілімінің негізінде қалыптасқан протестантизмнің бір ағымы.

Маврлар – Пиреней түбегінде мекендеген мұсылмандардың жалпы аты.

Мануфактура – қол еңбегіне негізделген (бірақ техникалық жаңалықтар қолданылған) және жұмысшылардың арасында еңбек бөлінісі болған кәсіпорын.

Маргиналдар – корпорациялардан тыс, аралық жағдайлардағы адамдар.

Материалистер – табиғаттан тыс күштерді мойындамайтын және табиғат адам санасынан тәуелсіз өмір сүреді деп есептейтін ойшылдар.

Метистер – ақ нәсілдер мен үндістерден туған ұрпақ.

Меркантилизм – елден ақша шығаруға тыйым салған еуропа мемлекеттерінің саясаты, шетелдіктердің өз тауарлары үшін алған ақшалары жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалынуы тиіс деген қағида.

Миссионерлер – христиан дінін тарату мақсатымен басқа елдер мен жерлерге жіберілетін діни уағыздаушылар.

Монархия – мемлекеттік билік атадан балаға мирас болатын басқару жүйесі.

Монополия – бір нәрсені шығаруға, сатуға, пайдалануға ерекше құқықтық.

Морискілер – Испаниядағы шоқындырылған мұсылмандар (маврлар).

Муниципалитет – жергілікті сайланатын басқару органы.

Мулаттар – ақ нәсілділер мен негрлерден туған ұрпақ.

Отаршылдық – еуропалықтардың алыс жерлер мен елдерді басып алу мен олардың байлықтарын тонауға бағытталған саясаты.

Өнеркәсіп төңкерісі – қол еңбегінен машинаға, мануфактурадан фабрикаға өту. Өнеркәсіп төңкерісінің барысында индустриалы буржуазиялық қоғамның негізгі өкі табы – буржуазия мен пролетариат қалыптасты.

Парламент – сайланатын ең жоғары өкілетті заң шығарушы орган.

Плантация – қант қамысын, мақты, шай, кофе егетін ірі жер шаруашылығы.

Пресвитериандар – шіркеуді священниктердің пресвитериандық жиналысы басқару керек деп есептейтін протестанттар. Олар кергіштерге, алтарларға, иконалар мен балауыздарға қарсы шығып, құдайға құлшылық етудегі басты нәрсе дұға оқу емес, пресвитердің уағызы деп есептеген.

Пролетарилар – капиталистік кәсіпорындарда еңбек етуші жалдамалы жұмысшылар.

Протекторат – Англиядағы 1653-1659 жылдардағы мемлекетті басқару түрі, республиканы осы кезде лорд-протектор (қорғаушы) О.Кромвель басқарды.

Протекционизм – мемлкеттің өз өнеркәсібін қорғауға бағытталған саясаты.

Протестанттар – реформацияның жақтастары.

Революция – қоғам өміріндегі түпкілікті бетбұрыс, түбегейлі өзгеріс. Революция әр түрлі салада: қоғамдық қатынастарда, техникада, ғылымда, мәдениетте, санада орын алады. Қоғамдық қатынастар саласындағы революциялар әлеуметтік деп аталады.

Реформа - өзгерістер, қайта құрулар.

Рококо – XVIII ғасырдың басындағы пайда болған және әсіресе Францияда дамыған көркемдік стиль.

Роялистер – монархияшылдар, король билігінің жақтастары.

Самбо – негрлер мен үндістерден туған ұрпақ.

Самурайлар – Жапониядағы әскери дворяндар.

Санкюлоттар – француз революциясы езіндегі ұзын шалбар киген қала кедейлері.

Сегун - әскербасы, ХІІ – ХІХ ғасырлардағы Жапонияның іс жүзінде билеушісі.

Секта – діни қауымдастық, үстемдік құрушы шіркеуден бөлінген топ.

Синьхай – жыл аты (қытай күнтізбесі бойынша ол 1911 жылдың 30 қаңтарынан 1912 жылдың 12 ақпанына дейін созылды).

Сипайлар – еуропалық офицерлер басқарған әскер қатарында қызмет етуге үйретілген және қаруланған үнділіктер.

Собор – 1)қаланың немесе монастырьдің басты храмы; 2) маңызды шіркеу және діни мәселелерді талқылау үшін шақырылатын жоғары діни юасшылардың жиналысы.

Сословие – мемлекеттік заңдардың негізінде белгілі құқықтармен пайдаланушы және міндеттер жүктелінген қоғамның әлеуметтік топтары.

Суверениет – 1)мемлекеттің, монархтың толық тәуелсіздігі; 2) халықтың саяси құрылысы таңдауға, аумақтық тұтастыққа, экономикалық тәуелсіздікке құқығы. 

Торилар – 1) Стюапттардың қолына келтірілгеннен кейінгі Англиядағы корольдің жақтастары; 2) XVII ғасырдың 70-80 жылдарының тоғысында пайда болған ағылышын саяси партиясы.

Трактат – баяндау түріндегі ғылыми шығарма.

Уния – одақ.

Утопия – жер бетіндегі жоқ, идеалдық қоғамды суреттеу; орындалмайтын, іске аспайтын арман. Әлеуметтік утопия - өмірде жоқ, бірақ автордың ойынша, ең әділетті, ең жақсы қоғамдық құрылыс.

Фактория – көпестердің отарларда ұйымдастырған сауда кеңсесі және қонысы.

Федерация – белгілі бір дербестікпен пайдаланатын бөліктерден тұратын одақтық мемлекет.

Феод – сеньордың өз бағыныштысына әскери қызметі атқарғаны үшін берген мұрагерлік жер иелігі.

Филантроп – адамдарды, әлемді сүйетін, жұртқа қайырымдылық жасау, көмек берумен айналысушы кісі.

Философ – дүниеге және ондағы адамның орнына өзқарас жүйесін жасаушы, дүниетаным проблемаларын зерттеуші ғалым – ойшыл.  

Информация о работе Ежелгі дүние тарихының терминдері