Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:06, реферат
Авеста – ежелгі парсылардың діни кітабы.
Агора – (грек сөзі, базар, алаң) қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Ол трапеция етіліп қоршалған. Оның айналасына қоғамдық үйлер мен ғибадатханалар салынған.
Фронда – Франциядағы абсолютизмге қарсы дворяндар мен шенеуніктер қозғалысы (1648 – 1653). Бұл сөз өкіметке жеке басараздық, өкпе негізінде тұрақсыз қарсы шығудың синониміне айналды.
Шовинизм – ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі, ұлттық артықшылықты уағыздау. Шовинизм басқыншылық соғыстарды, ұлтаралық алауыздықтарды ақтайды.
Шіркеулік ондық – жылдық табыстың 10%-ын міндетті түрде шіркеу пайдасына салық есебінде өткізіп отыру.
Ымыра – мүмкіндігінше мүдделі жақтардың барлығына тиімді шешім.
Эдикт – корольдің, императордың ерекше маңызды жарлығы.
Эмигранттар – бұл жерде: революция кезінде оған жаулықпен қараған және Францияны тастап кеткендер.
Энциклопедия – ғылымның барлық салалары бойынша мақалаларды біріктірген ғылыми – анықтамалық басылам.
Эскадрон – жаяу әскер ротасына барабар атты әскер бөлімі.
Этика – қоғамға, адамдарға сыпайылықпен қатынас жасаудағы мінез-құлық, әдеп қалыптарының жүйесі.
Юнкер – Пруссиядағыдворян-жер иелеуші, помещик.
Якобшілер – француз буржуазиясының ең солшыл революциялық қанатына жататын саяси топ. Алғашқыда бұл саяси клую мүшелері өздерінің мәжілістерін Әулие Якоб шіркеуінің кітапханасында өткізідіп келген. Бұл аттың шығу тарихы осыған байланысты.
Янычарлар – Түркияның жалақы төлейтін, жүйелі әскері.