Халыкка білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 15:26, реферат

Описание работы

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қазақ жеріндегі білім беру
2 XIX — XX ғасырдағы қазақ оқу орындар,халыққа білім беру
3 Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі
4 Жаңа білім беру жүйесі
5 12 жылдық білім беру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

0429 Ракымова 19-20 ғас халыққа білім беру Р15 ГОТОВО.docx

— 147.15 Кб (Скачать файл)

 

                                               Мазмұны:

 

Кіріспе

 

1 Қазақ жеріндегі білім  беру

2 XIX — XX ғасырдағы қазақ оқу орындар,халыққа білім беру 

 

3 Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі

4 Жаңа білім беру жүйесі

5   12 жылдық білім беру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Білім беру жүйесінің басты  міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:

1) қадим мектептері —  мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;

2) орыс-қазақ мектептері;

3) жәдит мектептері —  әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.

Қазақстанда 19 ғ-дың 50 — 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдад, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді.

 

 

 

Қазақ жеріндегі  білім беру

Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушы миссионерлердің түпкі мақсаты Ресей үкіметіне қызмет ететін кеңсе қызметкерлерін даярлау болатын. Бұл мектептер Ресей үкіметінің шығыс халықтарын орыстандыру саясатының құралы болды. Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана” халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар молдаларын Білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. Сондай-ақ, олар “ислам дінінің ықпалынан мектеп оқулықтарын қорғау”, араб әліпбиін орыс графикасына ауыстыру, т.б. мәселелермен айналысты. Мысалы, Қазан қаласындағы Діни академияның (1842) “Аудармашылар комитеті” (1847) православие шіркеуінің 307 діни кітабын шығыс халықтарының тіліне аударып, бастырып шығарды (қ. Миссионерлік). Қазақстандағы Б.б. жүйесінің жолға қойылуына, жалпыға бірдей Білім беру саласының дамуына Ы.Алтынсарин зор еңбек сіңірді. Ол мектептердің бірыңғай жүйесін жасап, оны халықтық принциптің негізінде құрды (қ. Алтынсарин мектептері). Бұл жүйе Білім беру саласына 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап енгізілді. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептерінің миссионерлік саясаттан тысқары болуы жөніндегі талабы үкімет орындары тарапынан ескерілмеді. Оның басшылығымен 1889 ж. Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылып, ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлайтын орталыққа айналды (қ. Орынбор мұғалімдер семинариясы). Мұғалімдер семинариясы 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбе, Верный, Орал қалаларында да құрылды. 19 ғ-дың аяғында Қазақстандағы Білім беру саласында жәдит мектептері маңызды рөл атқарды. Онда дінді, оның тарихын ғана оқытып қоймай, тарих, логика, шешендік өнер негіздері, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер оқытылды. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырды. Оқуды бітірген шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Жәдитшілдік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі Білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді.

Қамқорлық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері — қамқорлыққа  алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.

Халықаралық Сот мемл-тер  арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша консультативті ұйғарым  шығаратын ең басты халықар. ұйым болып саналады.

Хатшылық БҰҰ-ның органы міндетін атқарады. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынбасы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды. БҰҰ құрамында үш: әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі (ЮНИДО), т.б.), сондай-ақ Халықар. құқық комиссиясы, Халықар. сауда құқығы жөніндегі комиссия бар. Қазақстан БҰҰ-на (1992) және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше болды.[3]

Жалпы білім беру

Жалпы білім беру – бұл  жеке тұлғаның, ғылыми дүние танымы мен маңызды қасиеттерін қалыптастыру үшін, қоғамдық және еңбек іс-әрекетіне қатысуға әзірлеу үшін, кәсіби білім алуы үшін қажетті ғылым негіздерін оқушылардың меңгеру процесі мен нәтижесі.

Ашық білім беру

Ашық білім беру - ашық жүйелер құру арқылы қол жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XIX — XX ғасырдағы қазақ  оқу орындар 

Медреселер

Практикалық қызмет нәтижесінде  «Ғалия» медресесінің шәкірттері қазақ  балаларына арнап «Әліппе немесе женілдетілген оқыту» құралын шығарды.1913 жылдың қаңтарында «Қазақ» газетінде «Ғалия» медресесінің қазақ оқушыларының хаты жарияланды, онда олардың өз қаражатымен кітаптар шығарғаны және тілек білдірушілердің оларды «Қазақ» газетінің баспасынан сатып алуына болатыны атап өтілген. М. Дулатов отандастарын, білімді және дәулетті адамдарды өзі өмір сүрген уақыт ішінде көптеген қазақ жастарына білім берген «Ғалия» медресесіне материалдық көмек көрсетуге шақырды. «Хусаиния» медресесінін қазақ шәкірттері оқытушылардың қатысуымен «Қазақ тілін үйрену жөніндегі қоғам» құрды, оның мақсаты қазақ әдебиеті мұраларын басып шығару, қазақ тілінде мектептерге арналған оқулықтар мен кітаптар құрастыру, болашақта қазақ тілінде газеттер шығаруға жәрдемдесу болатын. Патша өкіметі мұндай оқу орындарын орыс мемлекетінің жауы деп бағалады және олардың түркі тілдес халықтарға ықпалын шектеуге бар күшін салып ұмтылды. Ішкі істер министрі облыс губернаторына 1911 жылғы 12 желтоқсандағы құпия хатында былай деп атап өтті: «Ресейдегі кейбір мұсылман діни-оқу орындары, мысалы, Қазан қаласындағы жаңа әдістемелі Галеев медресесі, Орынбордағы Хусаинов медресесі және Уфа қаласындағы Ғалия медресесі, тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, осы училищелерде қалыптасқан жалпы бағыттың арқасында жеткілікті дәрежеде сенімді деп санауға болмайтын молдалар оқытып шығаратынына Сіздің назарыңызды аудару қажет деп есептеймін». Патша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Орыс әкімшілігінің қазақ балаларын бастауыш оқу орындарына тарту ниетін осымен түсіндіруге болады.

Қалалық училищелер, орта мектептер

XIX ғасырдың екінші жартысында  дамып келе жатқан капиталистік  шаруашылық жағдайында Халық  ағарту министрлігінің бастауыш  орыс-қазақ және орыс мектептері елдің шаруашылык өмірінің қажеттерін қанағаттандыра ал- мады. Ел өмірінде йеғұрлым жоғары деңгейдегі оқу орындарын құру қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған байланысты өлкеде қалалық училищелер, орта мектептер (гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырыла бастады. Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтын қолы жетпейтін етті. Олкеде мектептердін үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ окушыларына арналған интернаттар ашылды, олардын мақсаты тәрбиеленушілерді отырықшы орыс адамының тұрмысы мен өмір салтына және орыс тілін неғұрлым ойдағыдай оқуға үйрету еді. Алайда орыс өкімет орындарының қатты өкінішіне қарай, мұндай интернаттар үмітті ақтамады. Төменгі ауыл шаруашылық мектептерінің негізгі мақсаты — көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ санасына отырықшы тұрмыстын көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс болатын. Патша өкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды. Оқу бағдарламаларының мазмұны да қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуы мүдделерін негізге алмай, отаршыл әкімшіліктін қажеттері мен талап-тілектеріне бейімделді. Орыс өкімет орындарының мұндай кертартпа саясаты бүкіл отарлау кезенінде Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орнының ашылмауына әкеп соқты. Отаршыл әкімшіліктің қазақ балаларын орта және оның үстіне жоғары білім алуға жібермеу ниеті ұлттық сана-сезімнін өсуінен, қазақ халқының отаршылдық режимге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуінен қорқу, сондай-ақ ұлт зиялыларының пайда болуына жол бермеушілік туғызған еді.

Орыс оқу орындары

Революцияға дейінгі Қазақстанда  ұлттық орта оқу орындарының болмауы  қазақтарды өз балаларын орыс оқу  орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінің орыс оқу орындарында білім алғаның ұмытуға болмайды. Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді.141 Кадет корпусынын алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі сұлтан М. Тэукин, Орынбор өлкесінің бұратаналарға арналған мұғалімдер мектептерін құру туралы ережелер әзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды. «Этнография бөліміне енбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш. Уәлихановтан кейінгі алғашқы мүшелерінін бірі М.С. Бабажанов та кадет корпусының түлегі болатын. Қазақтар оқыған оқу орындарынын бірі Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардың ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. Орынбор гимназиясының көптеген түлектері өз білімдерін Қазан университетінде жалғастырды. Мәселен, Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы - Орынбор гимназиясын бітіріп келгендер. XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін Қазан университетінде оқыған қазақтар бірлі-жарым болатын. 1863 жылы университет Жарғысының кабылдануына байланысты гимназияларда курс бітірген мұсылмандар Қазан университетіне түсу құқығын алды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі

Оқушылар

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды. 
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді. 
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.

Жаңа әдістемелік мектептер

XX ғасырдың бас кезінде  дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды. 
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын. 
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.

Информация о работе Халыкка білім беру