Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 15:26, реферат
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Кіріспе
1 Қазақ жеріндегі білім беру
2 XIX — XX ғасырдағы қазақ оқу орындар,халыққа білім беру
3 Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі
4 Жаңа білім беру жүйесі
5 12 жылдық білім беру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі
кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді
шешу үшін қажетті білімді немесе
әрекетті көрсете білу қабілеті, білім
мен өмірлік ситуация арасындағы
байланысты орнату мүмкіндігі ретінде,
ал құзырлылықты адамның өзіндік
деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей
байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық
өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген
құрылым ретінде қарастыру
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің
өзін қазіргі заман талабына сай
педагог қауымының өзін -өзі өзгерте
алу қабілеттілігі деп түсінуге
болады. Білім саясатындағы түбегейлі
өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде
берілетін тапсырмалардан бастау қажет
екендігі айқын көрсетілген. Студенттер
оқытушы қауымнан тек білімге
ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті
қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз
осы ақпараттық қоғамнан қалыспай:
жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше
ұйымдастырушылық қабілетті: нақты
бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл
қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік
қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ
мұғалім - қазіргі студенттердің
шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып
ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің
жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне
білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге
үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы
күтілетін нәтижелер болып
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Психологтер де, педагогтер де адамның
рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен
өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде
әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы
педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко
,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті
адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі
, рухани әлеміне бойлай алу өнері
дей отырып, педагогикалық шеберліктің
дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан
алып қарағанда педагогикалық
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің
өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік
тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары
еңбек көрсеткіші,әртүрлі
Субьективті критерийлер. Адамның
мамандығы қаншалықты оның табиғатына,
қабілеттері мен қызығушыларына
сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат
табатындығымен байланысты. Мұғалім
еңбегіндегі субьективті
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім
өз ісіне қоғам талап етіп отырған
нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма
деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер
нәтиже ретінде оқушылардың
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы
маман иесіне жеткен деп мамандығы
бойынша өз пәнін жетік білетін,
оқушының шығармашылығы мен
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Өз бетінше жұмыс қазіргі
жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде,
білім берудің приоритетін
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
Жаңа педагогикалық
Қазіргі оқушы:
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы
ролін, ата-анамен бала арасындағы өзара
қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер
ететін жанұяның мақсатты адамгершілік
бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын
іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың
тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін
пайдалана алу қабілеттерін, баланың
белсенділігінің дәрежесін
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен
бала арасындағы, балалардың арасындағы
өзара қатынас педагогикалық
процестің тәрбиелік
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса
күрделі жағдайларды бастан кешірді.
Өтпелі кезеңге тән өмірдің