Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 15:26, реферат
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Кіріспе
1 Қазақ жеріндегі білім беру
2 XIX — XX ғасырдағы қазақ оқу орындар,халыққа білім беру
3 Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі
4 Жаңа білім беру жүйесі
5 12 жылдық білім беру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы
Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір
және Орынбор Неплюев кадет корпустарына
айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын
қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ
кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып
үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын
белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты.
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы
қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары
орыс тілін, математиканы, географияны,
бірқатар шығыс халықтарының тілдерін,
сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып
үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның
өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп
жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды
ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына
оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында,
бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және
казактардың балалары оқитын мектептер
болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен
еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала
сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік
міндетін өтеген солдаттар мен казактар
құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім
беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық
болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер
өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді.
Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты
жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын
болды.
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына
байланысты сауатты да білімді адамдарға
деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да
1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық
жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен
хатшылар мен аудармашылар даярланды,
орыс тарихы, математика, география, геометрия,
сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы
осындай мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік
реформалары енгізілгеннен кейін және
қоныс аударып келуші шаруалар қатарының
арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің
қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын
генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық
ағарту министрлігімен келісіп алып отырды.
Қазақтардың балалары орыс поселкелері
мен казак станицалары жанындағы мектептерде
тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға
құқықты болды.
1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты
ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы
екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда
болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған
мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды.
Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің
қосқан үлесі орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл
шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ
өлкесінде білім және қолөнер түрлерін
дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық
жерде бірдей болыстық орыс мектептері
пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай,
Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда
қыз балаларға арналған бастауыш мектептер
ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары
үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап
Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа
білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы
орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың
пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы
халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда,
халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге
болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы,
ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды.
Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша
оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны
өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының
сауатты екеңдігі халық санағын өткізу
кезінде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтардың орта және
жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты.
Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын
олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады
деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда
орыс мектептерін ашудың басты идеологта-
рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық
жазған болатын: «Бізге тиімді болатын
бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың
әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып,
қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша
жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар
қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Олар губернаторлардың алдында ғана емес,
сонымен қатар кез келген бастықтардың
алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек».
XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері
ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер
мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда
бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.
Дала өлкесінде ауыл мектептерінің пайда болуы
1901 жылғы маусым айында Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және Семей
облыстарының әскери губернаторларына
орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасады.
Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауіптеніп сақтыкпен қарады.
Балаларын орыстандырумен қатар шоқындырып
жібереді деп қауіптенді. Қазақтардың
және бір қорыққан нәрсесі — орыс-қазақ
мектептері арқылы балаларды орыс шаруаларына
айналдырып жіберер, содан соң әскер қатарында
міндетті қызмет атқаруға мәжбүр етер
деп шошынды.
Сондықтан Акмола облысындағы Халық училищесінің
директоры А.Е. Алекторов ел арасында жаңа
мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін
түсіндірді. Орыс-қазақ мектептерінің
материалдық базасын қамтамасыз етуге
баса назар аударды. Ол ауыл мектептеріне арналған «Ақмола
және Семей облыстарындағы ауыл мектептерінде
сабақ берудің тәсілдері мен оқулықтары»,
«Қырғыз хрестоматиясы» әдістемелік оқу құралдарын
құрастырды. Оқудың қазақтардың ана тілінде
жүргізілуі туралы айтты. Сонымен қатар
ол қазақ өлкесін шоқындыруға бағытталған
діни миссионерлік қызметін де белсенді
түрде өрістете түсті. 1902 жылы Далалық
өлкеде осындай 14 мектеп ашылған болатын.
Олардағы оқу мерзімі екі жыл еді. Оқушылар
қазақ және орыс тілдерін, арифметиканы
оқыды. Кейінірек ислам дінінің негіздерін
оқытуға да рұқсат етілді. Бірақ бұл ретте
жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан
төлеуге тиісті болды.
1904 жылы болыстық жерлерде бір сыныптық
және екі сыныптық училищелер жұмыс істей
бастады. Бір сыныптық училищелерде балалар
төрт жыл оқыды. Олар онда орыс тілін, дін
оқуын, қазақ тілін, арифметиканы, ән сабағын
оқып үйренді. Ал екі сыныптық училищелердегі
оқу мерзімі алты жыл болды. Олар әлгі
пәндерден тыс географияны, жаратылыстануды,
сызуды, геометрияны және орыс тарихын
оқыды. Оқу алғашқыда екі жылда қазақ тілінде,
содан соң орыс тілінде жүргізілді. Алайда
орыс-қазақ мектептерінде мұғалімдер
жетіспеді. Өйткені олардың жалақы мөлшері
төмен болды. Оның үстіне, ол мектептердің
материалдық-техникалық базасы да қанағаттанарлық
дәрежеде қамтамасыз етілмеді.
Омбы — Далалық өлкенің ірі білім орталығы
«Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің бірі С. Сәдуақасовтың пікірі бойынша, Ақмола облысының
Омбы уезі Қазақстанның ең ірі ағартушы
аймақтарының бірі болды. Ал Омбы қаласы
іс жүзінде бүкіл Қазақстан үшін ең әйгілі
білім орталықтарының біріне айналды.
1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. Ол
отаршыл аппарат үшін шенеунік кадрлар
даярлаумен айналысты. XIX ғасырдың бас
кезінде қазақ ақсүйектері өздерінің
балаларын Омбыдағы оқу орындарына жібере бастады.
Мәселен, 1827 жылы Уәли ханның ұлы Шыңғыс Сұлтан казак әскерлерінің Сібір шебіндегі
училищесіне түсті.
1865 жылы Қазақ өлкесін шаруашылық тұрғысынан
игеру қажеттігінің тууына байланысты
жергілікті әкімшілік алғашқы қазақ мектебін
ашты. Онда Ақмола мен Семей облыстарынан
20 бала оқыды, 1872 жылы Омбыда мұғалімдер
семинариясы ашылды. Ол іс жүзінде бүкіл
Қазақстан үшін мұғалім кадрларын даярлайтын
орталыққа айналды. Онда бастауыш училищелер
үшін мұғалімдер даярланды.
1877 жылы Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен
Ақмолада қазақ балалары үшін жатып оқитын
интернаттар ашылды. Оларға жұмсалатын
шығынды қазақтар қайырымдылық көмек
есебінен өздері төлейтін болды. Әр қазақ
болысынан оқуға жылына 2 баладан жіберіп
түру келісілді. 1882 жылы Омбыда техникалық
училище ашылды. Ол зауыттар мен фабрикалар үшін, сондай-ақ
көлік саласындағы қызмет үшін орта білімді
басшы маман кадрлар даярлауға тиісті
болды. Атап айтқанда, осы училищені Қарқаралы
уезінің түлегі, болашақ көрнекті қоғам
қайраткері Әлихан Бөкейханов бітіріп
шықты. 1852 жылы негізі қаланған Омбы мал-дәрігерлік-фельдшерлік
мектебінде көптеген қазақ балалары оқыды.
Бұл мектеп осы салада бүкіл Қазақстан
үшін маман кадрлар даярлайтын бірден-бір
арнаулы оқу орны болды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде
Омбының оқу орындарында қазақ халқының
көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Айдархан
Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Жақып Ақбаев,
Райымжан Мәрсеков. Ережеп Итбаев, Сейілбек
Жанайдаров, Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек
Сейітовтер, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дінше Әділов,
Смағүл Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат
Шанин, Әбілқайыр Досов, Бекмұхамед Серкебаев,
Бірмұхамед Айбасұлы, Әміре Исин, Мұхтар
Саматұлы, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов,
Нығмет Нұрмақов, Шәймерден Әлжанов сияқты
көптеген азаматтар оқып бітіріп шықты.
Олардың бәрі де халық ағарту ісіне, Қазақ
өлкесіндегі Ұлттық-демократиялық қозғалысқа,
сондай-ақ туып-өскен өлкені ғылыми тұрғыдан
зерттеуге лайықты үлес қосты. Басым көпшілігі
кейінірек, Кеңес өкіметі кезінде, саяси
қуғын-сүргінге ұшырады, атылып кетті.
Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері
Қазанда оқитын қазақ жастары. 1896 жыл.
Бірінші орыс революциясының
ықпалымен қазақтардың Ұлттық сана-сезімі
елеулі түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап,
көре білетін қазақтар өздерінің балаларын
Ресей мен шетелдердің орта және жоғары
оқу орындарына оқуға жіберетін болды.
Олар білім алуды өздерінің тапталып,
аяққа басылып келген құқықтарын бұдан
былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі
деп білді. Қазақ жастарының елеулі бөлігінің
заң факультеттерін тандауы тіпті де тегін
емес болатын. XIX—XX ғасырлар тоғысында
тек Қазан қаласының өзінде ғана (императорлық
Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік
институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында)
100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген
қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу,
Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей,
Стамбұл және Варшава университеттерінде
оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің
заң факультетін М. Шоқай мен A. Тұрлыбаев алтын медальмен
бітіріп шықты. Ал Ә. Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын,
С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери
медицина академиясын, А. Сейітов Томск
университетінің медицина факультетін,
Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің
заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир
университетін, 0. Тұрмағанбетов Бомбей
университетін, X. Нұржанов Киев университетінің
заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген
қазақ студенттері болды.
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмухамед
Сұлтанғазин (1867—1918) өте сирек кездесетін
талантты студент болды. Ол 1890 жылы Томск
университетінің медицина факультетін,
ал 1895 жылы Санкт-Петербург университетінің
шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін
бітіріп шықты. 1908 жылы Петербург әйелдер
медицина институтын Асфендиярова Гүлсім
Жағыпарқызы (1880— 1941), одан кейін Асфендиярова
Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887—1937) бітірді.
Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі
олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық
қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына
автономия алуға ұмтылысына жеткізді.[1]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай,
қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім,
өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды
сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай
инновациялық технологияларды өз сабақтарында
күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды
да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұл жөнінде Қазақстан
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде
педагогтардың оқу
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге
бағытталған үлгіге беталуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген
нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен
меңгерген зерттеу біліктері
мен дағдылары нәтижесінде
Қазақстандағы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында Қазақстанда
оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз
етіп, халықаралық рейтингілердегі
білім көрсеткішінің жақсаруы мен
қазақстандық білім беру жүйесінің
тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,
олардың бүкіл қызметі бойына
мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету,
сондай- ақ педагогтердің еңбегін
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды
арттыру мәселелеріне үлкен мән
берілген. Осыған байланысты қазіргі
таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен сыңдарлы саясаттар,
өзгерістер мен жаңалықтар әрбір
педагог қауымының ойлауына, өткені
мен бүгіні, келешегі мен болашағы
жайлы толғануына, жаңа идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз
болары анық. Олай болса, білімнің сапалы
да саналы түрде берілуі білім
беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар
қауымының деңгейіне