Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 15:26, реферат
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Кіріспе
1 Қазақ жеріндегі білім беру
2 XIX — XX ғасырдағы қазақ оқу орындар,халыққа білім беру
3 Қазақтардың дәстүрлі білім жүйесі
4 Жаңа білім беру жүйесі
5 12 жылдық білім беру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай, жан-жақты дамыған
жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің
бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең
мағыналы әрі көркем жеткізе білетін,
шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша
сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін,
сөз құдіретін игерген