Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 04:06, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу. І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған. ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.

Содержание работы

Кіріспе
І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
3.3. Жайықтың оң жақ жағасындағы Сарайшық қаласы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

улы жибек жолы.DOC

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Ходжа Ахмед Яссави бейіті түрған мешіт қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бес бұрыш төбе, оның оңтүстік-шығыс жағы-13м, солтүстік-шығысы-80м., солтүстігі-90м., солтүстік батысы – 130м., оңтүстік батысы-200м.

Мешітті қоршай шикі кірпіштен  мұнаралары бар бекініс қабырға  салынған. Жақсы сақталып қалған қаланың  тек батыс қабырғасы, оның ұзындығы 350м., мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай.ХҮІІІ ғасырдың бас шеніндегі сурет бойынша,  қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700м қашық. Қайта жасау жобасы бойынша көне қаланың алып отырған орны 35га-дан кем емес. Қақпалардың санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3 негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және оның қасында қала қабырғасының сырт жағында-базар. Бұзылған ескі қала  өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен монғол басқыншыларына дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық жерінде ІХ-ХІІ ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі ХІХ ғасырға дейін өмір сүрген.

Түркістан қаласында өзінің атауын әлі күнге дейін сақтап келген Иқан қаласы болған. Түркістанға қарасты жер ретінде Иқан Хафиз Таныштың шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы жазған жерінде аталған.

Сол сияқты, Сури туралы да Хафиз Таныш шығармаларынан белгілі. Ол Абдолла хан әскерлері «Түркістанның қарамағындағы жер-Суриға келіп лагерь болып орналасты», - деп мәлімдейді.

Сури Түркістанның шығысқа  қарай 15 шақырым жерде орналасқан және ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Материалдарын  берген Сортөбе атты бұзылған ескі қаламен тепе-теңдестіріледі.

Жазбаша деректер Хғ. авторы Аль-Макдиси Испиджат аймағындағы қалалардың тізіміне кіргізген алқаптың тағы бір қаласы – Шагильджаны атайды. Зерттеушілердің пікірі бойынша Шагильджан Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жердегі өзіне аттас селоның шетінде жатқан Шаға атты бұзылған ескі қалаға сәйкес келеді.

Мұнда бір-біріне жақын  жерде біздің дәуірдің бірінші ғасырларындағы қоныстардан бастап, ҮІ-ХҮІІІғғ. қаласына дейінгі қалалық өмірдің біртіндеп дамуын беретін Шаға І, Шаға ІІ және Шаға ІІІ деген үш төбе жатыр. Қаланың қалыптасуының басы ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жатады. Осы кезеңге науыстармен жерленген зираттар да жатады. ҮІ-ҮІІІ ғасырларға материалдарын берген олардың біразы, оның ішінде тиындар да қазылып алынған.

Түркістан алқабының  қалалары мен қоныстары туралы бұл  қысқаша баяндаманың өзінен де, оның Ұлы ЖІбек Жолы бойындағы зор  мәдени және экономикалық орталық болғаны айқын.

4. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы мен Оғыз және және Қыпшақ қалалары

Сауранның жеті қабырғасы. Сырдария белінде белгілі қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер Х ғасырдан әйгілі. Х ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс қамал».

ХҮ ғасырдың бірінші  жартысында джучидтер кезінде Сауран тіпті Ақ-Орданың астаналық ортасы болған.Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың патшасы Сасы-бұқа жерленген. Оның ұлы Эрзен Сауран және басқа қалаларда медресе, хапака, мешіттер салған. Аcтаналық орталық ролін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. ХҮ ғ. 80-ші жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші-сұлтан билеген. ХҮІ ғасырлық Сауранды Рузбихан толық сипаттаған. Ол оны «аса жайлы» тамаша қала, өте сауықшыл, жарқын, жанға шипа болып, бойды сергітетін жұмсақ ауасы бар ... бүкіл аймағында әр түрлі әдемі ағаштар өскен және көрінген. Қаланың өзі биік қабырғамен қоршалған... ал оның айналасында - ор».

Сауран-төбе атты ескі қала қалдығы жатыр. Онда әлденеше рет зерттеушілер болып, қаланы б.д. бірінші-ҮІғғ. - мен кезеңделген.

Алайда жаңа зерттеулер Қаратөбе өмірі кезеңін қайта  қарастырып, оны б.д. бірінші ХІІ  ғасырларына жатқызуға мүмкіндік  берді.

Көне қала орнына ақ ангобаның  үстінде ХІ-ХІІ ғасырларға тән  мөлдір жалатпасы бар және жасыл, қызыл, қоңыр бояулармен көркем суреттелген су құятын тостаған сынақтарының бай коллекциясы жиналып алынған.

Сонымен, ҮІ-ХІІ ғасырлардың  Саураны Қаратөбе көне қалашығының орнында болған, ал ХІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Сауран жаңа жерде орналасқан және оған өзіне аттас ескерткіш сәйкес.

Сауран қалдықтары жобасында құлап шөккен бөліктері 3-тен 6м., дейінгі биіктігінде сақталған қабырғамен қоршалған сопақ алаң. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 800м және солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550м-ге созылған. Қала ауданы төңірегіндегі жерлерден 2-2,5м көтеріңкі. Қала қабырғасы биіктігі 2-3м, стилобаттың үстіне тұрғызылған. Оның сыртқы бөлігі берма болып келген. Қабырға шикі кірпіш пен пахсадан жасалған, оның бойында екі қабатты, дөңгелек, қабырғадан жуандау 4 мұнара орналасқан. Жоғарғы қабаты күмбезбен жабылған, Ал күмбездің тіректерінің қалдығы осы күнге дейін сақталған. Мұнараның жазықтығында зеңбірек атуға арналған жіңішке саңыраулар ойылған. Қаланың 2 қақапасы болған. Бас қақпасы қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және ол екі жағынан сыртқа қарай шығыңқы тұрғызылған 2 қабатты қорғаныс мұнараларымен бекітілген мықты фортификациялық бина болған. Кіретін жері – қабырғаның шығып тұрған кесінділерінен құралған 20-метрлік коридор тәріздес өткел. Екінші қақпасы қала қабырғасының оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған. Шығыс жағында мұнараның ішінде тағы да бір қалаға кіретін, құпия болу керек, ені 1,2м биіктігі 1,7 м есік болған.

Қабырғаның сыртын айналдыра  тереңдігі 1-3м дейін, ені 15-20м ор қазылған. Одан шығарылып тасталған топырақтан биіктігі 1-1,5м, ені 5м үйінді-дуал қалған. Солтүстік-шығыстағы қақпадан басталған орталық көше қала территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қақ бөлген. Қабырғаның оңтүстік батыс бөлігіне 150м жетпей ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған төте көшеге келіп тіреледі. Бұл көшенің бір бөлігі оңтүстік-шығыс қақпасына шығады. Екі үлкен орталық көшеден басқа көне қала топографиясында шиеленісе тармақталған жол торабын құрайтын көптеген кішігірім көшелер мен мұқалмалар байқалады. Солтүстік-шығыс жағындағы қақпадан 210м жерде орталық көшенің сол жағында күйдірілген кірпіштен жасалған үлкен бина қалдықтары жатыр. Бұл үстін күйдірілген кірпіш пен қыр сынықтары жауып қалған төбе қалдықтары. Төбе жобасында өлшемдері 100х100 м үшбұрыш формалы, ал көптеген глазурь жалатқан сылақтың бөлшектеріне қарағанда, дәл осы жерде жазбаша деректер мәлімдейтін медресе тұрған.

Орталық қаусырықтардың радиусы 1400-1600м айналасында тығыздығы  әртүрлі болып салынған қора-жайлы, бау-бақшалы жеке қоныс қалдықтары жатыр.

Әр-бір қоныстың үй-жайы мен жері айнала қабырғамен қоршалған. Жерінде бақша дақылдары, жүзім, жеміс –жидек және дәнді дақылдары өсірілген. Әсіресе бақша дақылдары егілген жерлер анық байқалады.

Ұқсас ортасында суаты  бар квадраттағы бөлінген тік бұрышты төртбұрыш болып келген бау-бақша отырғызу жобасы Шаһарлық төңіректерінде және Сол жағадағы Хорезмдегі Дэвкескенде кездеседі. Ал бақшалардың молдығы Жаңадариядағы ХҮІІІ-ХІХғ.ғ. түркімендер тұрған жерлерде байқалады. Жеке қоныс аудандары әртүрлі. Ішіндегі ең ірілерінің өлшемдері 150-110, 180-90м. және алатын орны 1,5-1,8га. Орташа қоныстың ауданы 1га-ға дейін, ал кішілері 0,5ға-дан аспаған. Орташа қоныстар саны басымырақ. Барлығы – Сауранның ауыл шаруашылық аймақтарының аэрофотосуреттері негізінде жасалған болжалды есеп бойынша – 350 қоныс шамасында.

Көтерім материал – керамика, тиындар Сауран маңайындағы жеке қоныстардың өмір сүрген уақытын  ХІІІ-ХІҮ және ХҮ-ХҮІІІ ғасырлармен  кезеңдеуге мүмкіндік береді.

5. Оғыз және қыпшақ қалалары

Оғыздар державасы Орта Азия мен Европаның саяси және соғыс тарихында маңызды роль атқарған. Оғыздар Орта Азияға шапқыншылық жасаған, Хорезм және құдыретті Хазариямен бақталас болған. Тарихи дәректер оғыз патшасы мен Киев князі Святослав арасында 965 жылы хазарларға қарсы әскери келісім жасалу фактісін мәлімдейді. Олар да, бұлар да нақты саяси мақсаттар мен экономикалық пайда көздеген.

Назар аударарлық мәселе – қыпшақтардың ХІ-ХІІІ ғғ. Орта Азияның ең құдіретті мемлекеттерінің бірі болған Хорезммен ара қатынастары. Хорезм мен қыпшақтардың әскери соқтығыстары бітім жасаумен және қыпшақ хандарының хорезмшах вассалдары болуымен аяқталған. Алайда көп кешікпей қыпшақ ақсүйектері өз қолдарына шешуші әскери мансаптарды шоғырландыру арқылы сарайдағы ең күшті топқа айналады. Оның үстіне, қыпшақтың бір қожасының қызы Тұрқанхатун соңғы хорезмшах Мұхаммедтің анасы болған.

ХІІІ ғасырдың басында  Хорезмшах Мухаммед қыпшақтарды  әбден бағындырып алды.

Жанкент атауымен белгілі  Яншкент қаусырықтары Сырдарияның  оң жағалауында Қазалы қаласынан  алыс емес жерде жатыр. Көне қаланың сыртқы пішіні өлшемдері 375х255м. тік бұрышты төртбұрышқа ұқсас болып келген. Солтсүтік-батыс бұрышында өлшемдері 100х100м, және биіктігі 7-8м, ішкі қамал орналасқан. Қаусырықтардың топографиясында шығыс және батыс қабырғаларындағы қақпаларды байланыстыратын негізгі үлкен және кіші бағыты оқылады. Мұнда б.д.д. бірінші ғасырлардан ХҮІІІ ғасырларға дейін жерлеу жүргізілген. Бір уақыттарда майолик плиткалар және кірпіштер мен қапталған тозығы жеткен ХІІІ-ХІҮ ғғ. Мавзолейлері назар аударарлық, Жанкенттің Сырдариядағы бұзылған ескі қала қалдықтарының ең ірілерінің бірі және археологиялық зерттеулер үшін перспективалы екендігі даусыз. Бұны Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеушілері де өте жақсы түсінген. Жанкентке П.И. Лерх, суретші В.В.Верещагин назарларын аударған. Верещагин бұл жерде тіпті кішігірім қазба жұмыстарын да жүргізген. Белгілі орыс ғалымы В.В.Стасов: «...Неліктен Жанкенттің жанындағы көне қалаға біздің Помпей болмасқа!» - деп жазған.

Ескерткіштің маңыздылығын қала қалдықтарына 1867 жылы күзет ұйымдастырған, қаусықтардың арасынан күйдірген кірпіштерді талан – таражға түсіріп тасымалдаумен күрескен орыс офицерлері де түсінген. Жанкент б.д. бірінші – ХІІІғғ. даталанған.

Оғыз және қыпшақ қалаларына Жент-Жаңқала жатады. Оның қаусырықтары Жаңадрияның оңтүстік жағасында, Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 300 шақырымдай жерде орналасқан. Көне қала бекініс қабырғасымен қоршалған және ауданы 40 га шамасында. Қаланың солтүстік батыс бұрышында квадрат төбе ұсқынды ішкі қамал орналасқан. Қала айналасындағы бекініс қабырға кейбір жерлерінде 8м биіктігінде сақталған. Женттің айналасында каналдар арналары, ирригациялық тораб, бау-бақша қалдықтары, құрылыс іздері сақталған. Қала І-ХҮІІІғғ.-мен кезеңделген, алайда көтерме материалдарға қарағанда, қала әсіресе интенсивті түрде Х-ХІІІғғ.-да өмір сүрген. ХІІІ ғ. Жент қыпшақ мемлекетінің астанасы болған.

Қалада осы уақытта  тиын соғылған деген деректер бар, қалай  болғанда да «Жент» деген жазуы бар  күміс дөңгелек бір қазнаның құрамында  табылған.

Сығанақ қаласы туралы алғашқы  рет Хғ. жазбаша деректерінде айтылған, ал ІХ ғ. оны Махмұт Қашқари оғыз қалаларының ішінде атап өткен.

ХІІ ғасырда Сығанақ  қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің  астанасы болады.

6. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары

Ұлы Жібек жолының  қазақстандық бөлігіндегі бірегей  ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы  облыстардың барлық жер-суы –  шығыста Талас-Шуға дейін, солтүстік-батыста  Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.

Испиджаб жазба деректерде сонау ҮІІ ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань-Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған. Өзге емес дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам-деп жазды ол, - Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың /Ал-Мединат ал-Байда/ атауы. Оны Сайрам деп те атайды». Испиджаб атауы соғды тілінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала» - «Испиджаб» «Сайрам» деген атауларының түп – төркіні бір екендігіне осының өзі айғақ бола алады.

Орта ғасыр дәуіріндегі  Испиджаб – Сайрам Х ғасырмен ХІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның Оңтүстігіндегі ең ірі қалаға айналды.

Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен  Янгикент қалаларын, Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын: Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки /Мерке/, Суяб қалаларын қамтыды.

Х ғасырдың географы Ибн  Хаукаль былай жазды: «Испиджаб  – шамамен Бинкеттің үштен  екісіне тең қала. Ол мединадан /орталықтан/, қамал мен рабадтан тұрады. Камал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтан өз бағы мен суы бар. Ол  тегіс жерде жатыр». Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж /салық/ төлемейтін бірде-бір қала жоқ.

Қалада сауда құрылыстары  – керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар /рабаттар/ Нахшеб, Бұхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде ХІ-ХІІ ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді – одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.

Испиджаб төңірегінде  көптеген қалалар мен қыстақтар  болған, ол туралы Х ғасырда ал-Истархи  былай жазады: «Оның құрылыстары  саз балшықтан жасалған. Оның базарлары жеміс-жидекке тұнып тұр, онда түрлі өнім көл-көсір және сан-алуан пайдалы заттар да көп. Оның айналасы толған қалалар мен қыстақтар». Жазба деректер олардың ішінде Макент, Джумишлаг, Газгерт, Харлуг атауларын атайды.

Өз округі мен іргелес  қалаларды қосып алғанда Испиджаб – Сайрам халқы өте тығыз орналасқан аудандардың бірінен саналатын. Археологтардың есептеуінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған. Қала халқының саны көшпенді жұртшылықтың тұрақты түрде отырықшылана бастауы есебінен өсіп отырады.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары