Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 04:06, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу. І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған. ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.

Содержание работы

Кіріспе
І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
3.3. Жайықтың оң жақ жағасындағы Сарайшық қаласы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

улы жибек жолы.DOC

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Сарайшықтың тарихи қабатында  жатып, бүгінгі күнге жетіп, көз  алдымызға өткен мыңжылдықты елестеткен жәдігерлер шынында да таңғаларлық. Нумизматикалық түрлі теңгелермен қатар Сарайшық тұрғындарының күнделікті өмірлерінде пайдаланған қыштан жасалған бұйымдар (құман, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб әріпімен жазылған бедерлі бұйымдар, сонымен бірге, Трапезунд және Қырым амфораларының бөлшектері, Қытай фарфорынан жасалған табақ, әйелдердің әшекей заттары, бала бесікте жатқанда пайдаланылатын шүмек, асықтар, тіпті екі ортасына ауа қалдырылған сол кездің термостары –сфера конустар дейсіз бе, толып жатқан экспонаттар қала мәдениетінің қандай деңгейге өскенін, оның сол кездегі астаналық мәртебеге лайық озық қала болғанын танытқандай.

1935 жылдан бері Сарайшық  түбінде осы Атырау өңірін алмамен қамтыған 70-80 гектар жерде бақ болатын. Жекешелендіру тұсында дұрыс ие табылмай бақ жайына қалды да қурады.

«Қасиетті бір орман өсіріпсіңдер, соның рахатын көріпсіңдер, бірақ сол орманды жазықсыздан-жазықсыз өздерің құртыпсыңдар, халық игілігін көрген заттың киесі болады, соның есесін иесі сендерден алып отыр. Сол жердегі ең ескі ағашты қазып алып, жұрт зиярат ететін жерлеріңе апарып егесіңдер. Сонда жергілікті жердегі өзіне-өзі қол салу тыйылады, ал әйтпесе ол тағы да 7 жылға созылады, – деді. Ол ағашты мен қалай табамын, – дегенде оның белгісі болады. Сол белгі бойынша осы ағашты қалай әкеліп қойдық, солай асылып өлу тыйылды, – деген аңыз бар.

Қонақүйді қазғанда 7 метрдей тереңдіктен шыққан құмыраның қасиеті – таңертеңгі бояуы бір бөлек, түстегі түрі бір басқа, кешке мүлде басқа реңкте. Құбылмалы құмыраның бүйірінде: «Бұған адамның көз жасы құйылмасын», деген арабша жазу бар. Дүние жүзі бойынша мұндай құмыра екеу ғана, соның бірі Сарайшықтан табылып отыр. Ал кесенің қасиеті сонда, ішіне біреу аярлықпен лас нәрсе салып жіберсе, кесенің түсі сол сәтте өзгеріп сала береді». Сарайшық қышының құпиясы-ұстап тұрып, бір парақ қағаз құрлы салмағының жоқтығы қайран қалдырады. Сенің ұғымыңда әбден қалыптасқан қыш ыдыстың ауырлығы тас-талқан болады. Қолыңа қыш емес, қағаз ұстағандайсың.

Сарайшық туралы алғашқы  жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ –ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол, «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу деп аталатын» үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен». Сарай-жүк монғолша кіші Сарай деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы 6 Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон. Ол 1558-1559 жылдары Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғады. «Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүлденген Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен Батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен» деп жазған.

Республика ғылым академиясының 1950 жылы Батыс Қазақстанға жүргізген  археологиялық экспедициясының  қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич « Сарайшықтағы XI ғасырдағы араб тарихшылары еңбектерінде аталатын, орта ғасырда өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала. Саксин X-XI ғасырларында Хорезм тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойынша салынған еді» дейді де Сарайшықтың өмір сүру дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі:  
1.X-XI ғасырларда қала іргесінің қаланып бой көтеруі.  
2.XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда өмір сүрген кезеңдегі Еуропаны, Орта Азия, Қазақстанда, монғолдар және Қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы болуы, яғнғи қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі.  
3.XV-XVI ғасырлар Ноғай ордасының орталығы болуы, қазақстар шабуылын күйреп, қирауы. 

Қазақ археологиясының  атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 жылы жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала XII ғасырда салынған» деп еш бұлтаңсыз дәл айтады.  

Бұл пікірді, соңғы жылдары  қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары дәлелдеп отыр. 

Тарихи – мемориалдық кешен құрылысы 1999 жылы 2 мамыр күні басталып, сол жылы 3 қыркүйекте ашылу салтанаты болды. Құрылыс бүкілхалықтық құрылыс болып саналды. Құрылыс жұмысына жергілікті халық түгелге жуық қатынасып , облыс, аудан әкімшілігі құрылыс жұмысына тікелей араласып, басшылық жасады. Кешен құрамына:  
1. Хандар Пантеоны кіреді. Архитекторы, сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов.  
Бұның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға, қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған. Бұл хандар: 

 
1.Мөңке темір (1266-1282ж.ж) 
2.Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312ж.ж.) 
3.Жәнібек (1343-1353 ж.ж.) 
4.Әмір Оқас (14 -1447ж.ж) 
5.Қасым Хан (1511-1518 ж.ж) 
6. Ших Мамай (1549-1554 ж.ж) 
7.Жүсіп Хан ( 1549-1554 ж.ж)  

 
2. Мешіт. Мешіттің ұзындығы 13 метр, ені 6метр 50см. Мешіттің іші толықтай  жасақталып Михраб, Мінбарлар қойылған. Мешіт ішінде Құран, тағы басқа  діни кітаптар қойылған. 
Әрбір жұма намазы өтіледі. Келушілер әуелі мешіт үйіне кіріп Құран оқытып, дұға етеді. Мешітке азан шақырылатын техникалық құралдар қойылған. 
3.Мұражай. 
Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған. 14 ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. 
Музейдегі естелік кітабына жазып қалдырған қоғам қайраткерлері, алымдар,өнер шеберлері , шет ел азаматтары мен қарапайым халықтың ой-пікірінің түрін оқуға болады. 

Атырау облысы бойынша барлығы 1168 ескерткіш бар. Оның төртеу республикалық  дәрежеге ие болған. Атақты ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының мазары. Жұбан мавзолейі, Ақмешіт, Дүйсеке мешіті, Аралтөбе қорымы, Асалы - Көкетай, Құдайберген кесенесі, Мұрат Мөңкеұлының мазары тағы-тағы көптеген ескерткіштер бар. Бұлардың барлығы да мемлекет қарауында. Қаладағы мұнайшылар қалашығында революционерлер аллеясы ашылды. Облыс бойынша барлық аудандарда ескерткіштердің орналасқан картасы жасақталып, зерттелмей жатқан тарихи орындарға экспедиция ұйымдастырылуда.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жеңіл де шапшаң жүріп тұруға, кең ауқымды байланыстар жасауға дағдыланған ХХ ғасырдың адамдары өткен дәуірлердегі қарым – қатынастарды толық түсіне бермейді, я болмаса болымсыз ғана нәрсе деп қабылдайды. Және де ғасырлар тізбегінің тереңіне қарай жылжыған сайын адамға тән байланыстар да қиындай түсетін сияқты көрінеді.

Дегенмен, бүгіндегі саяхат жасау, сауда қылу, дипломатиялық  сапарлар, адамдардың алыс-қиырларға  қоныс аударуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын  айқындай түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуына қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмтылған. Солардың бір айғағы - «Ұлы Жібек Жолы» болып табылады. Мұнда оның Қазақ даласын, шөлді өлкелері мен тау асуларын басып өтетін бір саласы туралы сөз болды. Онда ең негізгі сауда желілерінің және де шалғайда жатқан аудандарды аса ірі мәдени және экономикалық орталықтармен жалғастырған орасан мол тармақтарының бағыттары жайында әңгімелейді.

Сан тарау жолдар Сырдария мен Таластың, Арыс пен Ертістің жағасында, тау шатқалдарына кіре берісте, асулар мен өткелдер маңында, таулар мен далаларда қоныс тепкен үлкенді-кішілі қалаларға барып тіреліп жатты. Бұл қалалардың кейбіреулерінің аттары барлық өлкелерге әйгілі болды, олар туралы еңбектерде, сөз болады, аңыздар сыр ақтарады. Олар – Отырар мен Тараз, Түркістан мен Баласағұн, Испиджаб пен Суяб. Өзгелері түгелдей халықаралық сауда-саттық ісіне тәуелді аралық  сауда бекеттері ретінде белгілі болды. Далалық өлкелермен шектес аймақта орналасып, шекаралық сауда-саттық байланыстары арқылы байып, гүлденген Сауран немесе Дех Нуджикес сияқты қалалар да болды. Дегенмен қалай болған күнде де қалалардың қай-қайсысы да сан қырлы, алуан үнді және олардың мұндай қасиеттерінде шек жоқ. Олар белгілі бір дәрежеде халықтың қозғаушысы, көптеген оқиғалардың кейіпкері әрі куәгері болып табылады. Кейбір қалалар тұтас дәуірлер мен мемлекеттерден де ұзақ өмір сүрді, жойылып кетіп, қайта жанданды, енді біреулерін соғыстар мен жойқын шабуылдар тып-типыл етіп, жер бетінен жойып жібереді, олардың ізін табу да қиын. «Ең қиын нәрсе - өзің тұратын қала болса да әйтеуір бір қала туралы әңгіме қозғау. Әрдайым өзің қалаған нәрселеріңнің жүзден бірін көре алмайтыныңды сезіп тұрасың. Қалалар – біздің планетамыздағы кішкентай әлемдер, қалалар - әрі сонау көне дәуірлер, әрі бүгінгі өмір, әрі ертеңгі болашақ».

Сонымен қорыта келгенде Ұлы Жібек жолы – Еуразия құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы, біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан ХҮІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда ашылды. «Ұлы Жібек жолы» Сианьнан Ланьчжоу арқылы Дунхуанға апарады, бұл жерден жол екі торапқа бөлінеді: солтүстік жол Тұрфан, Қашқар, Самарқан, Ферғана алабын, ал оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх  және Мервті басып өтіп, Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, сондай-ақ, Таяу Шығысқа апарады. Мервте оңтүстік және солтүстік жолдар қосылып, одан әрі батыстағы «Ұлы Жібек жолы» Ниса, Гекатомпил, Экбатана, Бағдад арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антиохияға дейін созылып жатыр. Қытай жібегі негізгі сауда тауары болды. «Ұлы Жібек жолы» І – ІІ ғасырлар аралығында жақсы дамыды. 97 жылы қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы шығанағына дейін, ал македониялық Май Тициан 100 жылы Ланьчжоуға дейін жеткенімен, жол қатынасының қиындығы Қытай мен Рим арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік бермеді. ҮІІ – Х ғасырларда «Ұлы Жібек жолының» халықаралық маңызы арта түсті. ХҮ ғасырдан Алдыңғы Азия мен Орталық Азия және Қытай халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда «Ұлы Жібек жолының» рөлі зор болды. «Ұлы Жібек жолының» ұзындығы 7 мың шақырымнан асты». ХХ ғасырда «Ұлы Жібек жолы» Шығыс пен Батыс халықатарының арасындағы қалыптасқан бейбіт қарым-қатынасты әрі қарай дамытуда маңызды роль атқаруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың  орта ғасырдағы қалалық мәдениеті.-Алматы:1986,9-92б.
  2. Байпақов К.М. Ерте Орта ғасырдағы Отырар қаласының кейбір тарихи этнографиялық мәселелері. 1985 68-65б.
  3. Алтын Орда тарихына жататын материалдардың жинағы, ІІт., М-Л,1941ж. 129б.
  4. Пищулина К.А. СЫРДАРИЯ өңіріндегі қалалар және олардың қазақ хандықтары тарихындағы маңызы. Алматы,1969, 17б.
  5. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфагани. Михман-наме-йн Бухара. Аудармасы алғысөз және ескертулері Р.П. Джалалилованікі М.,1976, 116б.
  6. Лерх П.И. Түркістан өлкесіне 1867 жылғы археологиялық сапар. СПб,1870,14,21,31б.
  7. Бернштам А.Н. Ертедегі тарих және оңтүстік Қазақстан халықтарының шығу проблемалары, ҚазССР ҒА хабарлары,  археолог.сериясы, 1950ж. 82б.
  8. Андрианов Б. Арал өңіріндегі ежелгі суарту жүйесі. М.,1969, 41-б. 10-сурет
  9. Акишев К.А. Байпақов К.М. Сауранның кариздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
  10. Акишев К.А. Сауранның кяриздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
  11. Балдырев А.Н. Зайнаддин Васифи. 335-б.253-ескерту

            Қазақ ССР тарихы. ІІт. Алматы, 1979, 64-68бб.

  1. Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э., 1947, 58-62бб.
  2. Каллаур В.Әулие атадан батысқа қарай Шымкент уезінің шекарасына жүрген ескі Керуен жолындағы Әулие-ата уезінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮ том, 1899, 53б.
  3. Сенигова Т. Орта ғасырлық Тараз. Алматы, 1972, 71-76бб.
  4. Ежелгі Қазақстан А.Сәрсенбаев «Аруна» баспасы, Алматы,2002
  5. Қазақстан тарихы ССР, Алма-ата, 1977 Іт. 287-291бб.
  6. Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э.1947 №3, 58-62бб.
  7. ҚазақССр тарихы ІІт.  Алматы,1979, 64-68бб.
  8. Каллаур В. Уәлие атадан батысқа қарай Шымкент уездінің шекарасына жүрген ескі керуен жолындағы Әулиеата уездінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮт. 1899,53б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

 

 

                                                Кафедра «Қазақстан тарихы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Ұлы Жібек жолы бойындағы  Қазақстан қалалары мен қоныстары

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Тлегенова  А.А.

Шетел тілі: екі шетел тілі

Тексерген: т.ғ.к., профессор

Каленова Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

Атырау-2013


Информация о работе Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары