Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 04:06, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу. І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған. ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.

Содержание работы

Кіріспе
І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
3.3. Жайықтың оң жақ жағасындағы Сарайшық қаласы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

улы жибек жолы.DOC

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Жазба деректерде сақталған  естеліктерге қарағанда Мұхаммед Сайрам бекінісінде шағын жауынгерлер тобын қалдырған тәрізді, өйткені «Сайлан /Сайрам/» бекінісін қоршауға алған монғолдардың қабырға бұзғышты қолдануларына тура келген». Дегенмен, басқа қалаларға жасалған шабуылдар нәтижесін қарағанда, бұл қала қатты қирамаған тәрізді, өйткені 1221 жылы Сайрам арқылы өткен даос сопысы Чань-Чунь қаланы жақсы күйінде тапқан және шәкірттерімен бірге бұл жерде бірнеше күн болған. Қайтар жолында Чань-Чунь 1223 жылы тағы да Сайрамның үстімен өтеді және оны  «Үлкен қала» деп атайды.

Қала деп аталатын қалдықтары Сайрам селосының орталығында  сақталған күйреген ескі Сайрам қаласының  жұрты қазір де көргеннің көңілінде  таңданыс әсерін қалдырады. Мұның өзі тік бұрыш кескінді биік оба, оның биіктігі 6,5-11 метр, көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 метр, ал шығыстан батысқа қарай 500 метр. Барлық қабырғаларымен жарыса созылып жатқан биік жал бар – бұл бұрынғы қамал дуалдары, оның сыртында батпақты шұңқырға айналған ордың үздік-үздік қалдықтары сақталған. Жұмыр өркешті қабырғалардың кей жерлеріндегі қалдықтары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келген. Қамал шығыс беттегі бұрышта болған. Күні кешеге дейін дерлік Қала бекініс ролін атқарады және орта ғасырлық шығыс қаласына тән құрылыс жобасын сақтады. Жазба деректер бойынша, ескі қаланың бір-біріне қарама-қарсы салынып, қаланы көктей өтетін тура көшелермен жалғасып тұрған төрт қақпасы болған.

Сайрам халқының этникалық  құрамы әр түрлі болатын. Қалалықтар құрамында иранша да, түрікше де сөйлей алатын ежелгі қалалық тұрғындар әулеті де сондай-ақ қалада тұрақты отырықшылана бастаған көшпенділер де бар еді. Көшпенді малшылардың кедейленіп қалған топтары отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысты. Ал 1598 жылғы грамоталардың бірінде Сайрам уәляй-атының тұрғындары құрамында отырықшылар-«қышлақништер» және одан көшіп жүргендер-«сахаранишндер» атаулары болған. Қаладағы қазақтар саны тұрақты түрде өсіп отырды.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда Сайрамға жақын  маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады да Қазақстанның оңтүстігіндегі бас қала ролі бірте-бірте соған ауыса берді.

Шымкент – елді мекенінің атауы  алғаш рет 1425 жылы Шарафад-дин Али  Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында ауызға алынады. Темірдің жорықтарына байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада Шымкент, Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ғана еске алынады. Алайда қала тарихы мыңдаған жылдар тереңінде бойлап кетеді.

Орта ғасыр дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстанның ең ірі қаласы Сайрам болғаны мәлім. Оның айналасында бірнеше қалалар мен қалашықтар қалыптасты.

Монғол дәуірінен кейін Шымкент  одан әрі өсіп, өркендеп, жоғарыда келтірілген  деректерде жазылғандай, бірте –  бірте ірі қалаларға айнала берді. Оның қалдықтары Шымкенттің орталығында, қаланың қазіргі келбетіне көмескі көрінісімен өзіндік рең беретін, ескі қаланың қамалы жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді иіліп, айналасындағы жер бедерінен 25 метр биікке созып тұр. Төбесіндегі тегіс алаңқайы бойынша есептегенде доға көлемі 30-45м. Бұрыш-бұрыштарынан мұнаралар байқалады, кіреберіс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Қамалға жапсарласа шахристан салынған, бірақ қазіргі замандық құрылыстар салынып кеткендіктен оның көлемі шекарасын ажырату қиын. Ескі қаланың қазіргі топографиясын тек қана бөлекше Сібір корпусының тәжімашысы Филипп Назаровтың осы бекініс жөніндегі сипаттамасы арқылы түсінуге болады. Қоқандыққа барар жолында ол бірқатар қалаларға, оның ішінде Шымкентке де сипаттама жазған. Оның айтуынша «Бадам өзені бойындағы биік дөңес басына салынып жорғабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр. Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға арналарды толтырады, бірқатарына су-диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз салынған, неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсіру үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады».

Қамал тұрған жерді қазғанда екі  құрылыс сұлбасы ашылды, бірі ХІХ  ғасырға, екіншісіХҮІІ-ХҮІІІ ғасырға  жатады. Қазба кезінде қыш ыдыстар  санаты, оның ішінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырға жатқызылуы мүмкін құйма қыш бұйымы табылды.

Осы күнгі Шымкенттің нақ орталығында жатқан ежелгі қала қалдықтарын зерттелуге тиіс деп ойлаймын. Жібек жолымен сапар шегуші туристер өлкенің алыстағы өткенімен дидарлассын деген ниетпен қазылған құрылыстардан алынған қалдықтар консервіленіп, музейлендіріліп қойылды.

7. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы

Тараз Қазақстан қалаларының  ішіндегі ең ежелгілерінің бірі.

ҮІІ ғасырда Тараз Ұлы Жібек  Жолы трассасында маңызды роль атқаратын  ірі қалаға айналады.  Осы уақыттан бастап оның атағы кең жайыла бастайды. Ол туралы мағлұматтар жол бағдарламаларында, ежелгі шежірелерде және географиялық шығармаларда бар.

Макдиси, Хғ. географы, былай деп жазған: «Тараз бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабады бар үлкен бекітілген қала. Медина қақпасының түбінде үлкен өзен аққан, оның арғы жағында қаланың бір бөлігі жатыр, үстінде өткелі бар. Алқалы мешіті базарлардың арасында».

ҮІ-ҮІІІғғ. Қабаттары назар аударарлық, олар барлық стратиграфиялық қазбалардан  табылған. Олардың қалыңдығы 1,5-2,5м.

Қабаттан алынған керамика әртүрлілігімен және өзгеше сәнділігімен ерекшеленеді. Едендері күйдірілген кірпіштен жасалған ғимарат қалдықтары (кірпіштің өлшемдері – 0,22х0,22х,0,05м), жұмыр тас төсеніштердің қолданылуы құрылыс техникасының өзгергендігін көрсетеді.

Керамиканың екі түрлі  тобы табылған: глазурь жалатпаған және глазурь жалатқан. Жалатпағанының ішінде көбінесе қызылжылтыр сапытаяқтар кездеседі. Ал екінші тобында-ақ, мөлдір, жасыл және қоңыр глазурь жалатқан ыдыс. Оюлары өсімдік әуендерінде жасалған өрнектерден құралған.

Тараз моншасы Каср-ал Хайр ал-Гарбидағы таяу шығыс моншасын еске түсіреді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, моншалар Орта Азия қалаларында ҮІІІғ. пайда болған, олар Жерорта теңізі алқабынан шығып, Таяу және Орта Шығыс арқылы Орта Азияға жеткенге ұқсайды.

Монша салынатын кезеңге қазбалау кезінде табылған қала жарау-жабдықтарының қалдықтары да жатады. Ең алдымен ол – қаланың сутартқыш жебелері. Ол 12,8м ұзындықта байқалған. Оның құрылыс техникасы зерттеліп, қалпына келтірілді.

Қала территориясындағы  қазбалаулармен үй – жайлар және қорғаныс қабырғасын ішінен бір-біріне жапсыра салу принципіне негізделген құрылыс-салымдар ашылған. Олардың сипаттамасы мынандай: «Бірінші бөлме жобасында квадрат тәріздес, өлшемдері 4х3,4м. Солтүстік – шығыс қабырғасы қорғаныс қабырға болып келген. Бөлменің оңтүстік – шығыс қабырғасының ортасына тіркеп биіктігі 0,4м пеш салынған. Оның өлшемдері 0,25 тереңдігі – 0,36. Іші толы ақшыл – қызғылт күл, жағатын ауызы солтүстік жағында. Ошақтың алдында өлшемдері 1х0,9 тікбұрыш формалы, еденнен 8см. тереңделген жазықтық орналасқан. Бөлменің оңтүстік-шығыс қабырғасында, ошақтан оңға қарай, еден деңгейінен 2 қуыс жасалып шығарылған. Олардың биіктігі 20см, ені 15см, тереңдігі 15см. Бөлменің едені тегіс емес, еденнің бетін күйіп кеткен қамыс пен ағаштың қалыңдығы 3см қабаты басып қалған.

1а бөлмесі – коридор,  өлшемдері 4х0,9м. Бөлменің едені  тегіс емес, саз-балшықпен сыланған.

2а бөлмесі 2-бөлмеден  ені 20 см., қысқа қабырғалармен  бөлінген. Араларындағы өткелдің  ені 1,8м. Оңтүстік-шығыс қабырғасының  ортасында өлшемдері 80х25см, тікбұрышты жазықтық түріндегі қуысы жарты шеңбер формалы, қабырғаға тіркеле салынған ошақ табылған. Ошақтың оңтүстік-батыс маңайындағы еденде қыш құмыра табылған. Құмыра соғып жасалған, кең ауызды, тұтқалары бар, өсімдік тәріздес өрнекпен әшекейленген. Қазбалау жұмыстарының нәтижесінде табылған материалдардың көпшілігі керамика. Орындалу техникасы жағынан ол негізінде станокты. Өңдеу тәсілі жағынан оны жалатқан және жалатпаған деп, ал қолдану қажетіне қарай оны ас ішетін, ас пісіретін және зат салатын деп бөлуге болады. Қазан әсіресе көп кездесетін ыдыстың түрі. Бұл топқа үнемі отқа қойылатын ыдыстар біріктірілген. Олардың формасы стандартты, жаншылған шар тәріздес, тұлғасы жалпайтылған, дөңгеленген, кей-кезде түбі қатты жуандалған. Ернеулері тіп-тік немесе сыртқа қарай қайырылған, тұтқалары құйылып жасалған немесе ілгек тәріздес.

Құмыралар күзеші дөңгелегінде және соғып жасалған. Корпус өлшемдері, мойындарының формасы, өрнектер бойынша  олардың екі түрі ерекшеленеді. Бірінші  түрі – бір тұтқалы, жіңішке мойынды, созыңқы науа тәріздес шүмекті және жұмыртқа тәріздес тұлғалы. Ыдыстың мойындары мен иықтары көбінесе өсімдік әуендерімен безендірілген. Өрнектер тырналып жасалған.

Кейбір ыдыстардың суреттемесіне  тоқталайық. Үлкен соғып жасалған құмған, биіктігі 48см-ге жақын, мойнының ұзындығы 18см-дей, түп диаметрі 14см. Қою балшықтан жасалған, түсі қызыл-қоңыр. Тұтқаларында жапсырма түйіншіктері бар, мойнында бірнеше сызықтар, екіден біріккен жеке сызықтар және үшеуден біріккен нүктелерден құрастырылып жасалған сопақ фигуралардың композициясы орналасқан.

Екінші түріне жұмыртқа тәріздес тұлғалы, жіңішке мойынды, бірақ құйылатын шүмегі жоқ ыдыстар  жатады. Олардың көлемі ықшамды, биіктігі 30см. Олар жақсы иілген қызғылт-сазқамырдан  жасалған. Ыдыстардың сыртқы-әшекейлері-қоңыр ангобтан иықтарына ағылтып жасалған жол.

Төрткөлде табылған керамиканың  жартысына жақыны жалатқан ыдыс-аяқтан тұрады. Бұл топтан табылғандардың көбісі аяқ-табақ, тостағандар. Әдетте ангоб үстіне жағу үшін күңгірт те, мөлдір де глазурь қолданылған. Ыдыстардың беті жасыл бояу қосылған мөлдір глазурь мен жағылған – ойылған өрнек және жазулармен безендірілген.

Керамикалық материал Төрткөл  қонысының өмір сүрген кезеңінің  ХІғ. басы-ХІІІғ. екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Тараз керуен жолдарының түйіскен жері және Талас аңғарының негізгі қаласы болған. Испиджабтан Таразға жүретін жібек жолы Шараб, Будухкет, Тамтадж, Абарджадж және Джувикат арқылы өткен. Соңғысы Тараздан батысқа қарай 2 фарсах кейін орналасқан. Джувикаттың орналасқан жері дәл тауып көрсетілген: ол-ежелгі Тараз қалдықтарынан 17 шақырым шығыстау орналасқан Бектөбе атты көне қала, яғни екі қала аралығы деректерде аталған екі фарсахқа тең болып отыр.

Ол үлкен Бурылтай жотасының оңтүстік баурайында орналасқан. Қаланың Орталық бөлігі жобасында өлшемдері 100х120м., биіктігі 5-7м. болып келген тікбұрыш төбе. Оның жалауында бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралары бар қабырға іздері байқалады. Оның солтүстік-батыс бұрышында жобасында сопақ төбе ұсқынды, үсті жазық ішкі қамал қалдығы орналасқан. Оның түп кенересінің өлшемдері 30х20м., ал үстіндегі жазық алаңның өлшемдері – 20х15м.

Орталық қаусырықтарға  ұзын қабырғамен қоршалған ауыл шаруашылық аймақ жанасады. Көне қала ҮІ-ХІІ  ғасырлармен даталанған, бұл Джувикат қаласының өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді және Бектөбе-Джувикат тепе-теңдігін дәлелдейді.

Алқаптың ірі қалаларының  бірі Атлах болған. Ал Максиди оны  былай деп сипаттаған: «Атлах-үлкен  қала, ауданы жағынан негізгі қалаға жақын, айналасы қабырғамен қоршалған. Үлкен бөлігі бау-бақша, ал рустагінде көбінесе жүзім егісі. Алқалы мешіт мединеде, ал сауда орталығы рабадтың ішінде». Қаланың Тараздан мұндай қашықтығы Қашқарлық Махмұдтың мәліметтерін анықталады.

Атлах Тараздан 12 шақырым  оңтүстіктеу жерде орналасқан Жуан-төбе атты ескі қала қалдығымен тепе-теңдестірілген. Соңғы жылдардың археологиялық зерттеулері бұл пікірге дәлел болатын жаңа материалдар берді. Жуан-төбе Талас алқабының ең ірі қала қалдықтарының бірі деп табылған. Ол ҮІ-ХІІғғ. даталанады.

Жалпақ-төбе ескі қала қалдығы  жобасында түп-кенересінің өлшемдері 90-95м және биіктігі 3-4м, тік бұрыш болып келген төбе. Шығыс бөлігінде биіктігі 4,5м дейін және диаметрі 30м төбешік түрінде сақталған ішкі қамал орналасқан. Төбе айналасында тереңдігі 0,5м-ге дейін, ені 10м-ге дейін ордың іздері әлі күнге дейін байқалады. Қаланың үлкен қақпасы оңтүстік қабырғаның ортасында орналасқан және екі жағынан екі дөңгелек формалы мұнарамен бекітілген. Қазіргі кезде қалаға кіретін жердің орны сай тәріздес. 1986 жылғы зерттеулер кезінде орталық қаусырықтардан 1-1,5 шақырым жерде қабырға табылған.

Қала территориясындағы  қазбалау жұмыстары кезінде ҮІ-ІХғғ. деңгейіндегі үй-жай құрылысының ерекшеліктері анықталған. Ол тұтас құрылыс болған, барлық үй, қора-жай, бөлмелер бір-біріне жалғастырыла салынған. Тұрғын бөлмелерде ашық типті ошақтар мен софылар болған. Софылар қабырғалар бойында орналасқан.

Жалпақ-төбедегі құрылыс  комплексін тюргеш тиындары ҮІІ-ІХ ғасырлармен  даталайды.

Көне қаланың жоғарғы  құрылыс қабаты, жалатпа керамиканың  сынақтарына қарағанда, Х-ХІІғғ. жатады.

Қазбалаулар қаланың  бекініс құрылымы сипатын анықтауға  мүмкіндік береді. Қабырғалары  4м-ге дейінгі биіктікте сақталған. Олардың түп ені 5м, жоғары қарай жіңішкеленген. Қабырғалардың ең астыңғы қабатында өлшемдері 80х80х60см пахстан жасалған блоктар қойылған, олардың үстіне өлшемдері 35х25х10см шикі кірпіш қаланған. Қабырғалар бұрыштарында дөңгелек мұнаралар орналасқан. Солтүстік қабырғасының бермасы болған – ені 4м, шығыңқы жері.

Тараздан солтүстікке  қарай жүретін жолдың ең ыңғайлысы  Талас жағалауларымен өткен. Сондықтан Кевакиб жерін, екі қаласымен бірге, Талас аңғарынан іздеу орынды. Тараздан солтүстікке қарай тұрған Орта ғасырлық көне қалалардың ішіндегі ең ірілері Тоймакент пен Оххум.

Тараз бен көне қала қалдықтарының  арасындағы қашықтық 50-55 шақырым, ал бұл деректерге сәйкес келеді.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары