Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 04:06, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу. І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған. ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.

Содержание работы

Кіріспе
І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
3.3. Жайықтың оң жақ жағасындағы Сарайшық қаласы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

улы жибек жолы.DOC

— 204.50 Кб (Скачать файл)

 «Кенджак-Сеңгір – Тараздың жанындағы қала»,- деп бірінші рет Қашқарлық Махмұд атаған. ХІІІ ғасырда қала Кенджақ атауымен әлі өмір сүрген. Деректердің мәлімдеуінше: «Янгі-ол төрт қала. Олардың әр қайсысының бір-бірінен ара қашықтығы бір фарсах, әр қайсысының өз атауы бар. Біреуі – Янгі, екіншісі-Янгі-Балық, үшіншісі-Кенджак, соңғысы-Тараз». ХҮ ғасырдың бірінші жартысының авторы Арабшахта Испиджабқа төрт күндік жол қашықтығында орналасқан Янгі-Талас қаласы аталған.

1253 жылы Рубрук саяхатының  суреттемесінде Кинчат атты қала  аталған, ал бұдан Кенждақ атауын  оңай тануға болады. Қаратаудан  асқан соң Рубрук былай деп  жазған: «...Жетінші күні біздің  оңтүстік жағымыздан өте биік  таулар көріне бастады да, біз  бау-бақша сияқты суарылатын жазыққа шығып, өңделген жерлерді таптық. БІз Кинчат атты сары-үйсін қаласына кірдік... Таудан сол жердің бәрін суғарып жатқан үлкен өзен аққан... Ол ешбір теңізге құйылмайды да, жерге сіңіп, шалшық су, батпақтарға айналады екен... Мен Буридің неміс құлдары бар Талас қаласы туралы сұрадым».

Тараздың солтүстік-батыс  жағында Хатухчин және Берукет қалалары болған. Біріншісі Х ғасырдан белгілі. Армян патшасы Гетумның жол бағдарламасында Берукет Пергант ретінде белгілі. Тараздан шығып, Гетум Хуттухчин, пергантты басып өтеді де, Сүгулханға жүріп кетеді.

Хуттухчин Майтөбе атты ескі қала қалдығының орнында болған, ал Беркент – Тамды атты көне қала қалдығының орнында. Бұлар Тараздан Қартаудың солтүстік баурайындағы қалаларға жүретін ескі керуен жолында орналасқан. Бұл жол Билікөлдің тұсынан өтіп, Сүгұл – хан қоныс тепкен қазіргі Байқадамға қарай созылып жатқан.

Жібек жолы трассасында  шығыс бағыттағы келесі қала ретінде  деректер Төменгі Барсханды атайды. Ибн Хордадбех пен Құдаманың жол бағдарламалары бойынша Төменгі Барсхан Тараздан 3фарсах жерде орналасқан. Ол туралы былай делінген: «Барсхан – Тараздан шығысқа қарай екі адам дауыс қашықтықтағы қала, оның айналасында қабырға, ол қирап та қалыпты. Алқалы мешіт базарлардың ішінде».

Төменгі Барсхан Талас теміржол станциясы жанындағы Тараз қаусырықтарынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Төрткөл-төбе атты ескі қала қалдығымен тепе-теңдестіріледі. Қала топографиясында ішкі қамал мен шахристан ажыратылады. Көне қаланың жобасындағы түрі екі қабатты, жақтарымен жердің бөлімдеріне бет қойған тік бұрыш төбе. Төбенің түп кенересінің өлшемдері 140х140м., биіктігі 4-5м. Солтүстік-батыс бұрышында ішкі қамал орналасқан. Оның орнындағы төбенің биіктігі 10м., өлшемдері 30х30м. Шахристан барлық жағынан бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралардан қалған төбешіктері бар шөккен дуалмен қоршалған. Ішкі қамалмен ұласып жатқан ең биік қабырғасы солтүстік жақта-8м. Шахристан территориясына кіретін жерлері екеу, орнында шығыс пен батыс жақтарында байқалады. Кіретін жерлері екі жағынан мұнаралармен мықталған. Қала қақпалары тұрған жақтарына екі алаң жанасқан – шығыс жағында, өлшемдері 70х70м. Және батыс жағында, өлшемдері 100х100м. Бұл рабад қалдықтары. Алаңдарынан территориясында ойдым жерлердің ізі байқалады – хауздардың қалдықтары.

Ішкі қамалда жасалған қазбалардың нәтижесінде жобасында  тікбұрыш және шаршы болып келген бөлмелер тобы ашылды. Едендеріндегі  жер-ошақтар мен олардың жанындағы  тас төселген орындар тазартылды. Бөлмелердің бірінде күлгін қырдан жасалған өлшемдері 2,5х3,7 м. кішкене алаң болған. Оның жанында жерге қазып орнатылған биіктігі 1м., тұлғасының диаметрі 70см., хум табылған. Бұл құрылыс шарап жасайтын жердің қалдықтары болып шықты.

Ішкі қамалдың жоғарғы  құрылыс қабаты Х-ХІІ ғасырлармен  даталанған. Шахристанда жасалған қазбалар ошақтары мен тандырлары бар бірнеше үй-жай қора-қопсы құрылыстарды ашқан. Олар ҮІІІ-ІХ ғасырлармен даталанады.

Пахса қабаттарынан таспа  техникасымен жасалған бекініс қабырғасының бір бөлігін тазалай алдық. Қабырғаның түп қалыңдығы 5,5м сақталған биіктігі 5м.

8. Сарайшық қаласы

Атырау қаласынан 55 шақырым  жерде, Жайықтың оң жақ жағасында  бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі-Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Мамай қанша жерден Жәнібек  ханның баласы Бердібектің күйеу  баласы болса да Шыңғысханның тікелей  ұрпағы еместігінен хандық билікке  жетпегені, ал осы билеушінің көзі тірісінде Литва князьдерімен одақтасқаны да мәлім. 1380 жылы Мамай баласы Мансұр-Қият кейбір деректерде Мансұр-Хасан Днепр бойында Глинитца қаласының негізін салып, оның билеушілері Глинский князьдері деп аталады. Осы Глинский әулетінің қызы Елена Глинская орыстың Ұлы князі Василий III-ге ұзатылып, бұл некеден әйгілі Қаһарлы Иванның дүниеге келгені тарихтан белгілі.

1580 жылы Иван жиен  Сарайшыққа келіп, оны қиратып, Ұлы Жібек Жолының тармағындағы гүл жайнаған қаланы жермен жексен етеді. Даланың жиендері турасындағы әңгімеге алда тағы да оралармыз, әзірге Сарайшықта мәңгілік тыныс тапқан жеті ханның бірі Жүсіп хан ұрпақтарына қатысты тарихты қозғап көрейік.

Ұлы билеуші Шыңғысхан  дүние салғаннан кейін Алтын  Орданың басына қонған бағы ұшып, бұрынғы  алып империя әлденешеге бөлінгенде туған орданың бірі Ноғай Ордасы болатын. Олар Еділ мен Ертіс арасында, Каспий мен Арал теңіздерінен Сібірге дейінгі аралықты мекен етеді. Орданың орталығы Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болып, рулық құрамы маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, қаңлы, кеңгерес, алшын, тама сияқты түркі тайпаларынан тұрған бұл ордаға Едіге би мен оның ұрпақтары билік етеді. Бірақ ел іштен ірісе, ұлтанды жұрттың бөлінуі ары қарай жалғаса бермей ме. Ақырында сол алауыздықты тиімді пайдаланған орыс патшасы Еділге келіп қол салған. Ағайындылар бірімен бірі алысып, ақыры Жүніс ханды інісі Исмайыл өлтіріп тынады. Ол аздай оның ұлдары Елмырза мен Ыбырайымды 1565 жылы орыс патшасына адалдығымыздың кепілі боласыңдар деп аманатқа жібереді. Ал осы Жүсіп ханның қызы Сүйінбике соның алдында, 1520 жылы Қазан ханы Еналыға ұзатылған еді. Бұл татар халқының тарихындағы басқыншылыққа қарсы күресте аты аңызға айналған атақты «Сүйінбике мұнарасы» салынатын Сүйінбике ханым.

Ресей патшалығына алғаш аманат ретінде келген Жүсіп әулеті осы елдің тарихында белгілі орын алатын князь Юсуповтар әулетінің негізін салады.

Алғашында Жүсіп балалары орыс патшасына қызмет еткенімен  өздерінің салт-дәстүрлерін ұстап, мұсылман қыздарына үйленіп, діндерін таза сақтайды. Алайда, бірде Жүсіп немересі Абдул мырза өз иелігіне берілген Романов қыстағында патриарх Иоаким әкейді қонақ етеді. Орыстардың діни рәсім бойынша ет өнімдерін жеуге тыйым салынатын уақыты болса керек. Иоаким әкейге дастарқанға қойылған балық керемет ұнап, үй иесінен тағамның қандай балықтан жасалғанын сұрайды. Сонда Абдул мырза отырып: «Менің аспазым керемет шебер, тіпті қаздың етінен балық жасайды», дейді. Дінбасы ашуға булығып: «Сен маған ет жегізіп күнәға батырдың», деп қатты ренжіп, шапанын сілкіп шығып кетеді. Бұл оқиға патша Федор Алексеевичке жетіп, қаһарына мінген ол Абдул мырзаны бар байлығынан айырады. Қатты қамыққан Жүсіп немересі үш күн ойланып барып: «Қой, Ресейде шоқынбасаң, өзіңе де, ұрпағыңа да қиын екен», деп православиені қабылдап, Дмитрий Сюеушович Юсупов болып шыға келеді.

Дінін өзгертіп, азан шақырылған атын өзгертіп, ұйқыға кеткен Дмитрий  таңертең тұрғанда түнде өзіне елестің  келіп дауыстап: «Сен дініңнен бездің, енді сенің ұрпағыңның әр бұтағында  тек бір ғана ер бала болады, ал екеу болса, онда 26 жастан аспайды», дегенін естігенін айтады. Артынша Сүйеуішұлы Дмитрий князь қызы Татьяна Федоровнаға үйленеді. Осы некеден Григорий есімді жалғыз ұл туады. Григорийден де жалғыз Петр дүниеге келеді. Петрден де жалғыз Борис туып, ол кейін Мәскеу губернаторы болады. Борис баласы Николай Эрмитаждың ең алғашқы директоры, Италиядағы патша өкілі, Кремль экспедициясы мен Қарулар палатасын басқарып, Мәскеу түбіндегі «Мәскеу Версалі» атанған Архангельское имениесін салдырып, негізінен Петербургте тұрып, көз жұмғанында оның да артында жалғыз ұл Николай қалған болатын. Ал осы Николай Жүсіп ұрпағының еркек кіндікті соңғысы еді. Алайда, Ресей тағына Жүсіпхан ұрпағы еткен адал еңбекті ұмытпаған ақ патша Николайдың жалғыз қызы Зинаиданы Кутузовтың шөпшегі, прусс королінің немересі, орыс графы Феликс Сумароков-Эльстонға ұзатылғанында графқа Юсупов фамилиясын қатар алып жүруге әмір етіп, бұдан былай осы әулеттің тұңғыш ұлы осы фамилияны иеленетінін айтады.

Бұл некеден Николай  және Феликс атты екі ұл дүниеге келіп, елдің бәрі баяғы қарғыс күшін жойды-ау деп қуанып жүргенде, 26 жасқа толайын деп тұрған Николай күйеуі бар әйелді жақсы көріп қалады. Оны біліп қалған күйеуі князь Юсуповты дуэльге шақырып, Николай 26-ға толуына шамалы күн қалғанда көз жұмады. Енді Юсупов тегі кіші ұл Феликске ауысады.

Феликс Юсупов, граф Сумароков-Эльстон  Николай II-шінің апасы Ирина Александровнаға  үйленіп, патша отбасымен туысады. Ал осы Феликс Юсупов, қайнағасы  Ұлы князь Дмитрий Павлович және Владимир Пуришкевич үшеуі тақ мұрагерінің гемофилия ауруына байланысты көмек көрсетіп, аяғында мемлекетті басқару ісіне араласқан шала сауатты Григорий Распутин ісіне тосқауыл қоямыз деп оны өлтірмек болады. Распутин өз өлімін алдын ала болжап: «Егер мен династия өкілдері қолынан ажал құшсам, мен өлген соң династия құриды», деген. 1916 жылдың 30 желтоқсанында жоғарыда аты аталған үшеу Распутинді өлтіреді. Одан кейінгі оқиға жалпыға мәлім. Тарих дөңгелегі, тағдыр дөңгелегі бір сәтте шыр айналып, дүние астаң-кестең болған.

Осылайша Сарайшықты даланың жиені Қаһарлы Иван құлатса, Жүсіп патшаның жиені Феликс Юсупов жанама түрде болса да патша тағының  опырыла құлауына атсалысты. (Юсуповтар  әулетінен қазір де еркек кіндікті азамат жоқ.)

Сарайшық жайындағы  алғашқы жазба деректерді қалдырған араб саяхатшысы Ибн Батута болыпты. Шаһар жөнінде ол: «Біз ат жегкен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдадтан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен» деп 1334 жылғы саяхатының жазбасында келтірген дейді. Ал Сарайшықтың картаға түсірілуі ағылшын көпесі Энтони Дженкинсонның 1558-1560 жылдары Орта Азияға жасаған сапары барысында жүзеге асырылған. «Бетімізді оңтүстік-шығысқа беріп жүріп отырып, Жайық деген Каспий теңізіне құятын бастауын Сібірден алатын үлкен өзеннің жағасымен жүрдік. Осы өзеннің бойымен жоғарыға бір күн жүргенде орыс патшасымен достас Исмаил мырзаның билігіндегі Сарайшық атты қалаға келдік», деп жазып, картаға түсіреді.

Қалаға жүргізілген  археологиялық қазба жұмыстары  оның негізінің Шыңғысханның немересі Батудан бұрын қаланғанынан да дәйек береді. Сарайшық жайындағы деректерді іздестірушінің бірі Ж.Ғизатов орта ғасырлық кезеңде үш жарым ғасырдай өмір сүрген тарихи қаланың үш түрлі мемлекет кезінде өмір сүріп, оның басты ордасы болғанына тоқталады. Олар: ХІІІ-ХІV ғасырларда дәуірлеген Алтын Орда мемлекеті, ХV-ХVІ ғасырларда дәуірлеген Ноғай Ордасы және ХVІ ғасырдың бас кезінде осы қаланы астана еткен Қазақ хандығы десе, республика Ғылым академиясының 1950 жылы Батыс Қазақстанға жүргізген археологиялық экспедициясының қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич: «Сарайшық XI ғасырдағы араб тарихшылары еңбектерінде аталатын, орта ғасырда өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала. Саксин X-XI ғасырларда Хорезм тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойына салынған еді», дейді де Сарайшықтың өмір сүру дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі: 1.X-XI ғасырларда қала іргесінің қаланып бой көтеруі. 2.XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда өмір сүрген кезеңдегі Еуропаны, Орта Азия, Қазақстанда, моңғолдар және Қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы болуы, яғни қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі еді дейді. Қалай дегенде де қаланың даму тарихының түрлі кезеңдерді бастан кешкені хақ.

1580 жылы жазда Ноғай  Ордасының астанасы Сарайшыққа орыс казактары тұтқиылдан шабуыл жасайды. «Атаманы же Митя Бритоус, Иван Юрьев, Иван Кольцо и Барбоша спустились к Каспийскому морю, где ходили в морские походы «за зипунами», т.е. грабить купцов и послов захаживали в Яик, где объектом их частых нападений стали ногайские улусы». Ноғай бекзадасы Орыс (бұл да орыс тарихындағы князь Урусовтар династиясының негізін қалаушы) қаланы қорғай алмай, тастап қашып, Сарайшықтың халқын қырып, қазына іздеген казактар молаларды тонайды. Ол туралы Н.М.Карамзин былай дейді: «Даже столицу Ногайскую, город Сарайчик, не оставили там камня на камне и вышли с знатною добычей, раскопав сами могилы, обнажив мертвых». Сарайшықты Жайық казактарының осы тонауынан соң, қала қайта бұрынғы дәрежесіне көтеріле алмайды.

Сарайшықтың шырақшысы

Сарайшық қазақ даласындағы  ең киелі орындардың бірі болып саналады. Бұл жерге кезінде қазақтың үш жүзі толықтай мойындаған 12 әулие жерленген. Кезінде Сарайшықта 100-ден астам хан хандық құрған. Мына 17 метр биіктікте қойылып отырған ескерткіш сол хандардың рухына кейінгі ұрпақ тағзым етсін деген ойдан туған. Осында жеті ханның сүйегі, бір ханның басы жатыр. Сол себептен мұнда Мөңке темір (1266-1282 ж.ж), Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 ж.ж.), Жәнібек (1343-1353 ж.ж.), Әмір Оқас (14…-1447 ж.ж), Қасым хан (1511-1518 ж.ж), Шейх Мамай (1549-1554 ж.ж), Жүсіп хандарға (1549-1554 ж.ж) арналып 7 құлпытас қойылған. Алдыңғы үш хан Алтын Орданың хандары, яғни Шыңғысханның Жошыдан тараған бұтағынан, ал көрсетілген жылдары хандық дәуір сүрген кезеңдері.

Сарайшыққа 1334 жылы келген Ибн Батута содан кейін жазылған «Өмірлік саяхат» атты кітабында  өзінің жер-жиһанды аралағанын, сонда Сарайшық қаласының Бағдадтан кейінгі үлкен қала екенін жазып, мұндағы көпірді, хан сарайын, мешіт пен көптеген қонақүйлерді көргенін жазады. «Бірақ мен оларға таңданбадым, ал мені таң қалдырғаны, мұнда су әрбір үйге өзі барады екен», дейді. Өйткені Сарайшықта су құбырлары болған. Қаланың орнына қазба жұмыстарын жүргізгенде 1999 жылы 45 бөлмелі қонақүйдің екінші қабаты қазылды, ал келер жылы бірінші қабатын қазғанда оның қасынан ХІІІ ғасырдағы монша табылды. Табанына қазіргі кафель тәрізді тас төселген, бояулары сол қалпындағы кәріздік жолдары мен кәдімгідей септигі де бар болып шықты.

ХVІІ ғасырдың аяғында  батыс өңірде қатты су тасқыны болып, Жайықтың арнасы бұзылуына байланысты қаланың 6/5 бөлігі судың астында қалған. Сарайшықты 1937 жылы алғаш қазған Н.Арзютов деген орыс ғалымы, ал 1950 жылы мұнда Ә.Марғұлан экспедициямен келеді. Кейінірек З.Самашев та қазба жұмыстарын жүргізді. Арзютов қазба жұмыстарын жүргізгенде қаланың 100 бен 80 метрдей бөлігінің судың астында қалғанын жазады. Оның үстіне жылда көктемде су тасыған сайын 5-10 метрдейі құлап, кертіліп жатыр. Бұл жайында Үкімет алдына мәселе қойылып, қазір жағаны бекіту мәселесінің шаруасы қарастырылды. Егер оңынан жүргізіліп кетсе, ашық аспан астындағы мұражай ісін қолға алмақпыз. 1996 жылдан бергі табылған артефактілер бар. Ал бұған дейінгілері бізде жоқ, Саратов музейіндегі Сарайшықтан қазылып алынған жәдігерлерді сұратылғанмен, жоқ, ол кезіндегі одақтың қаражатына қазылып алынған дүниелер, қайтара алмаймыз деп жуықтатпады,– дейді Молдаш аға.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары мен қоныстары