Шпаргалка по "Истории"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 14:55, реферат

Описание работы

1. Қазақстан тарихы ғылым және оқу пәні ретінде. Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы. Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Tarih_1.doc

— 206.50 Кб (Скачать файл)

           20.Араптардын Отустік Казак  жерін жаулап алуы.

VII ғ-ң басында Арабия түбегіндегі араб халқы қалыптасып,ісләм дінінің негізінде Араб мем-ті құрылды. 633 жылы арабтардың «Дін үшін соғыс» деген ұранмен басқа жерлерді басып алу жорықтарыбасталды. Олар аз уақыттың ішінде Иран,Сирия, Палестина, Египет пен Иракты басып алып, Орта Азияның оңтүстік обл-на жақындады. Арабтар 709 жылы Мәуеренахрға тағы аттанып, Бұқардың маңына таяп келді.714 жылы арабтар Шашты бағындырып, әскерлерін Испиджапқа аттандырды.723 жылы қарлұқтар мен түріктер шаштықтармен одақ жасап, күш біріктіріп, арабтарға күйрете соққы берді.724 жылы араб әскерлері Ферғанаға кіріп, оның астанасы Қасанды қоршап алды. Арабтар 737-748 жылдары Қаз-ның оңт-не бірнеше рет басқыншылық жорықтар жасады. 748 жылы қытайлардың Қ-н жеріне басқыншылық жорығы басталды.751 жылы Таразға жақынг жердегі Атлах қаласының түбінде арабтар мен қыт-ң арасында қанды шайқас басталды. 766 ж-ы Жетісуды билеп отырған қарлұқтар арабтарға қарсы күресті басқаруды өз қолына алады.806 ж-ы бесталған бүлікке Шаштың әмірі өзінің түріктерімен, қарлұқтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер қатысты. 812 жылы арабтар Отырар аймағына басып кіреді.ІХ ғ-да араб халифатының саяси жағдайда намарлац басталды. Арабтардың басқыншылық  әрекеті Қ-н тұрғындарының әлеум-экон-қ, саяси және мәдени өміріне, ондағы этникалық және тілдік процестерге өзгеріс енгізді.

21. Қимақ қағанаты(9-11ғғбасы).

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы  жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.

22. Оғыз мемл-ті. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды   сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.

23-24.Қарахан  мемлекеті және ерекшелігі

 Қарахан әулетінің мемл-ті. Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан(915-955) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 1942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемл-ң өз тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуымен оның ерте тарихында басты рөлді қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға шігіл мен яғма да кірген еді. 10ғ-да яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуді, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек 11ғ-да яғмалар Қиян теріскейде, Іле алқабында тұрды. Ыстықкөлдің солт.жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемл-ң құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, шігілдердің, яғмалардың саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қаз-н аумағының оңт-мен оңт-шығ-ғы түрік тайпалары тобының этникалық саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960ж қағанаттың мемл-к діні ислам деп жариялайды. Оның астанасы – Қашғар болды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемл-к дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемл-ті, Бат.Түрік, Түргеш, қарлұқ мемл-ң терең ықпалы болды. 12ғ-ң 2-ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығ.Қараханның қалған иеліктерін басып алады да, оның батыс тармағына қауіп төндіреді. 1141ж Қарахан Салжұқтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемл-ті екі хандығының билігі де қарақытай қолына көшті. 1210ж Шығ.Қарахандар әулеті наймандармен қиғаш келіп соқтығысып қалады. Ал 1212ж Хорезмшах Мұхаммед Бат.Қағанаттың соңғы қағаны Самарқанттық Османды өлтіреді. Ұзамай қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады.

25. Қарақытай мемл-ті. Қарақытайдың құрылуы Орт.Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар б.з. 4ғ-ғы жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солт.жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің терр-сын мекендеген. 924ж Алтайдан бастап, тынық мұхитқа дейінгі аса кең жер қидан мемл-ң(Ляо имп) қоластына өтеді.

1125ж Сунь Қытайы мен Чжурчжень  мемл-ң біріккен күші Ляо имп-сын  құлатады. 1128ж қарахандар әулетінен  шыққан Баласағұнды иемденуші  өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы аттануға шақырады. Қарақытай көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға өз мемл-н орнатады. Қарақытай мемл-ң басшысы горхан д.а. Баласағұн оның иеліктерінің орталығы болып қала береді. әскерде тәртіп өте қатал болады, ел ішінде аула басынан салық жинау жүйесі енгізіледі - әр үйден 1 динардан салық алып отырды. 1143ж 1-горхан қайтыс болды. 1208ж қарақытайларға Моңғолиядан Шыңғыс хан тықсырып қуып шыққан күшлік бастаған наймандар қашып келеді.

        

26)Қыпшақтардың  мемлекеті: құрылуы саяси құрлысы  және шаруашылығы

11ғ-дың басында Қимақ қағанаты  құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы  әскери саяси басымдылық қыпшақ  тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.

 

27. Қыпшық мем.ң териториясы және  этникалық құрылымы

Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто  аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде  Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а.  13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяақ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.

28.12ғ. керейттер(керейлер) мен меркіттер қосылған наймандар конфедерациясы орт. Азиядағы ірі мем-к құрылым болды. Ал наймандардың шығу  тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман » терминінің мәні монғол тілі тұрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңестіреді. VIIIғ-да оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғарғы Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Керей конфедерациясының этникалық құрамы біртекті бомаған. Ол түрік тілді және монғол тілді жұрттан құралады. Керейіттер батысында – наймандар, солт. – меркіттер, шығ. – татарлар, оңт. – таңғұттармен шектесті.

Керейіт тайпасының екі ордасы болған:

          1. Орхон өзеніндегі – Қатынбалық;
          2. Хуанхэ өзенінің иірімінде.

ХІІғ-дың 2-жарт-нда Тоғырыл хан тұсында Керейіттер ұлысы солт-те Селенганың жоғарғы бойынан, оңт-те Хуанхэге дейінгі, бат-та Ханғай таунынан, шығ-та Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Оның сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері, мәселен, Тимучин мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болды. Наймандар мен Керейіттерде іс-қазғаздарды жүргізу өте үлкен қарқынмен дамыды. Әсіресе, алым-салық жинау мен қызмет адамдарын тағайындау құжаттарына мөр басылатын болған. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керейіттердің христиан дініне енуі олардың әлеуметтік және мәдени дамудың жоғары деңгейде тұрғанын көрсетеді.Керейіт тайпаларының ыдырауына себепкер болған 1203 жылғы Шыңғыс хан шабуылы бұл тайпаның шашырауына әсер етті.

29 билет    Х-ХІІІ ғ. Қазақстан  мәдениеті.

Орта  ғасырлардағы  қазақ  халқының   мәдениеті

Орта  ғасырлардағы   Қазақстан  аумағын   мекендеген   халықтардың   материалдық және  рухани  мәдениетінен  заттай   және  жазбаша   деректер   көп  сақталған. Бұл  деректер  сол кездегі   мәдениеттің   қаншалықты  дәрежеде  дамығанын  көрсетеді. Ең  алдымен  мұны  біз   жерлеу ескерткізтерінен  білеміз. Мысалы: көптеген   молаларда  адамдар   соғыс қаруларымен,  аттарымен бірге  жерленген. Орта  ғасырларда   әйел   адамдарды  тұрмыс заттарымен, ал  ер  адамдарды   қару  жарағымен  бірге  жерлеу  кең  тараған. Сәулет өнері.Сәулет өнері   орта  ғасырларда ғы   түріктер   дәуірінде   жақсы  өркендеген. Қалаларда, қоныстарда  архитектуралық құрылыстар, мазарлар, мешітттер  көптеп  салынған. Мұның  барлығы  археологиялық   зерттеулерден  белгілі  болып  отыр. Сәулет  өнерінің   өркендеуіне  Х-ХII  ғасырларда ислам  дінінің   кең  қанат жаюы  үлкен  әсер  етті. Діни  құрылыстар салынды.Бабаша  хатун кесенесі.Бұл кесене- X-XI  ғасырларда   салынған  аса  қадірлі  сәулет  өнерінің   туындысы. Кесене  Тараз  қаласының  маңында  орналасқан.  Кесененің  маңдайшасында «Бұл  мазар  Бабаша  хатун  деп  аталады» деген  араб   әрпімен    жазылған  жазу  бар. Шатыр  тәріздес   16 қырлы  күмбезі   бар   кесене   күйдірілген   кірпіштен  салынған.Айша  Бибі  кесенесі.XI-XII  ғасырларда  тұрғызылған.  Тараз  қаласына   жақын  жерде  орналасқан. Төбесі  күмбезделген,  әсем   ою-өрнектермен   безендірілген   бағаналары  бар. Айша  Бибі  кесенесі – Қарахан  мемле   сәулет  өнерінің  туындысы.Қарахан  кесенесі.Тараз  қаласының   маңында   қарахандықтар   сәулет  өнерінің   туындысы  Қарахан  кесенесі  орналасхан. ХХ  ғасырдың  басында   бұл  кесенеге жөндеу   жұмыстары  жүргізілген. Нәтижесінде  кесененің  бұрынғы   жобасы, ою-өрнектер   өшіп  кеткен.Сырлытам  кесенесі.XI-XII  ғасырларда   салынған   сәулет  өнерінің  туындысы.  Кесене   Сырдария  өзенінің  төменгі   ағысында  орналасқан.  Ғимараттың  күйдірілген  кірпештен  салынған  күмбезі бар.Тараз, Отырар, Баласұғын  қалаларындағы   моншалар   да  ірі  сәулет  ескерткіштеріне  жатады. Мысалы: Отырар  моншасы – XI  ғасырда  салынған   ірі  ескерткіштер. 

30. Шетелдік саяхатшылардың жазбаларындағы  қазақ жері\Марко Поло,Коперний,Рубрук.\1245-1247 ж – Патша IV Иннокентийдің Күйік ханға жіберген елшісі Плано Карпини Оңт.,оңт-шығыс Қазақстандағы шапқыншылық зардаптары туралы жазды.1253-1255 ж –Француз королі IX Людовиктің Мөңке ханға жіберген елшісі Вильгельм Рубрук егіншілік мәдениеттің күйрегені және Іле алқабындағы қалалардың қирағаны туралы мәлімет қалдырды. Монғол шапқыншылығы жаулап алынған елдердң экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды.Зардаптары;

- халық шаппай қырылып,өндіргіш  күштер әлсіреді.

- оңт.Қазақстан мен Жетісудің  гулденген қалалары және қала  мәдениәті жойылды.

- шаруашылық құлдырады.

- егіншілік мәдениеті жойылып,көшпелі мал шаруашылығы басым бола бастады.

- қазақ халқының қалыптасуы  процесін тежеді.

31. 1 VIII-XII ғасырлардағы ғылым және мәдениет. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. 1  Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік  билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.Жүсіп БаласағұнЖүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәге

Информация о работе Шпаргалка по "Истории"