Тест по дисциплине "Казахский язык"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 19:32, тест

Описание работы

Работа содержит тестовые задания по дисциплине "Казахский язык".

Файлы: 1 файл

8.doc

— 737.00 Кб (Скачать файл)

22. Тәуелдік  жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Досы.    В) Олар.    С) Біздер.    Д) Сабағың.     Е) Біреу.

23. Сөйлемде  септік жалғаулы сөзді табыңыз:  Қарағанды жерінде темір, көмір көп.

А) Қарағанды.     В) Жерінде.     С) Темір.    Д) Көмір.     Е) Көп.

24. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.

А) Әжеге.     В) Әжесіне.      С) Әжелер.     Д) Әжетай.      Е) Әженіні.

25. Көптік  жалғау жалғанған сөздерді табыңыз.

А) Өнердің, халыққа.    В) Үйірмелер, әншілер.    С) Әртісті, театрды.    Д) Шымылдығым, қалам. 

Е) Үйірмесі, әнші.

 

 

 

Сын есім

1-нұсқа

1. Заттың  дәмін білдіретін сөзді атаңыз.

А) Алыс     В) Ақылды     С) Үлкен     Д) Қара     Е) Тәтті

2. Сын есімді  табыңыз.

А) Доп.     В) Аспан.     С) Қарлығаш.     Д) Көрпе.     Е) Қызыл.

3. Сын есім болмайтын сөзді табыңыз.

А) Көз.     В) Ұзын.     С) Кең.     Д) Ақымақ.     Е) Көк.

4.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.

А) Кішкене төбешік.   В) Малды ауыл.   С) Биіктеу адам.   Д) Сыпайы бала.   Е) Баспахана үйі.

5. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Қызыл ала.     В) Көкшіл.     С) Қара.     Д) Қызылдау.     Е) Әдемі.

6. Сапалық  сын есімді көрсетіңіз.

А) Ынталы.     В) Киелі.     С) Тамаша.     Д) Білімді.     Е) Атақты.

7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.

А) Биік.     В) Көк.     С) Таза.     Д) Ширақ.     Е) Ашық.

8. Сын есім  нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Заттың атын      В) Заттың іс-қимылының мекенін     С) Заттың іс-қимылының мезгілін             Д) Заттың қимылын     Е) Заттың түр-түсін

9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

А) Пырақ.     В) Алтын.     С) Жаңбырлы.     Д) Қос.     Е) Бейне.

10.Туынды  сын есімді табыңыз.

А) Тауың.     В) Таумын.     С) Таулы.     Д) Тауға.     Е) Таулар.

11. Дұрыс  тіркескен сөзді табыңыз.

А) Семіз өзен.   В) Тәртіпті ой.   С) Жуас кітап.   Д) Әдеби тіл.   Е) Тәтті ауыл.

12. Сын есімді  сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Адамды қуанту.   В) Адамның өмірі.   С) Алты адам.   Д) Адал адам.   Е) Адам үшін.

13. Күрделі  сын есімді табыңыз.

А) Көк.     В) Сары ала.     С) Қызық.     Д) Жасыл.     Е) Сұлу.

14. Қатаң  дауыссыз дыбыстан тұратын сын  есімді көрсетіңіз.

А) Үлкен.     В) Әдемі.    С) Жабайы.     Д) Қысқыш.     Е) Дәмді.

15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді  табыңыз.

А) Рәміз.     В) Тағдыр.     С) Арман.     Д) Мерекелік.     Е) Дастарқан.

16. Сын есімді  табыңыз.

А) Қайық.     В) Бұрын.     С) Ырық.     Д) Бұйрық.     Е) Жарық.

17. Күрделі  сын есімді табыңыз.

А) Таза.     В) Тұнық.     С) Шыдамды.     Д) Ұзақ.     Е) Орта бойлы.

18. Сын есімді табыңыз.

А) Келді.     В) Тәтті.     С) Айтты.     Д) Көшті.     Е) Көкті.

19. Досыңның  мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.

А) Түзу.     В) Жуан.     С) Жіңішке.     Д) Биік.     Е) Мейірімді.

20. Негізгі  сын есімді табыңыз.

А) Ақылды.     В) Жарық.     С) Жібектей.     Д) Салмақты.     Е) Судай.

21. Туынды  сын есімді табыңыз.

А) Терең.     В) Қызыл.     С) Қызық.     Д) Таулы.     Е) Әдемі.

22. Күрделі  сын есімді көрсетіңіз.

А) Қызыл қоңыр.     В) Қаралау.     С) Ақшылтым.     Д) Көгілдір.     Е) Аппақ.

23. Әлияның  бойы қандай екенін белгілеңіз.

А) Қоңыр.     В) Ақшыл.      С) Жалғыз.     Д) Сарғылт.     Е) Ұзын.

24. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары арқылы қай  сөз табы жасалатынын көрсетіңіз.

А) Есімдік.     В) Етістік.     С) Сан есім.    Д) Зат есім.     Е) Сын есім.

25. «Арық ...»  сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.

А) Қалам.    В) Аспан.    С) Ағаш.    Д) Қой.     Е) Төсек.

 

 

 

Сын есім

2-нұсқа

1.Күрделі  сын есімді табыңыз.

А) Жақсырақ.   В) Қызғылт.   С) Көгілдір.   Д) Биіктеу.   Е) Тұп-тұнық..

2. Заттың  түсін білдіретін сын есімді  көрсетіңіз.

А) Зейінді, ынталы.     В) Жас, кәрі.     С) Қара, көк.     Д) Үлкен, биік .     Е) Жақсы, ақылды.

3. Сын есімді  табыңыз.

А) Жаңбырлы.     В) Дәптер.     С) Терезе.    Д) Кілем.     Е) Орындық. 

4. Зат есімнен  жасалған сын есімді көрсетіңіз.

А) Адамның мінезі.   В) Ұзын ағаш.   С) Биіктеу адам.   Д) Таулы жер.   Е) Кішкене төбешік. 

5. Адамның  шашы қандай болатынын көрсетіңіз.

А) Үлкен.     В) Арық.     С) Биік.     Д) Қысқа.     Е) Қатал.

6. Сын есімді  табыңыз.

А) Естігенді.     В) Әйелді.     С) Дәптерді.     Д) Кеткенді.     Е) Дәмді.

7. Сын есім  қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.

    Еркін- сабағын жақсы оқитын бала.

А) Бастауыш.     В) Пысықтауыш.     С) Анықтауыш.     Д) Баяндауыш.     Е) Толықтауыш.

8. Сын есімі  бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Анау бала.     В) Сұлу әйел.     С) Алты адам.     Д) Бес қыз.     Е) Менің атам.

9. Қыста  ауа райы қандай болатынын  табыңыз.

А) Ыстық.     В) Жылы.      С) Қарлы.     Д) Жаңбырлы.     Е) Жауынды.

10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

      Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ...

А) Жұмсақ.     В) Кіші.     С) Көк.     Д) Ұзын.    Е) Қысқа.

11. Күрделі  сын есімді табыңыз.

А) Әп-әдемі.     В) Кемдеу.     С) Аласалау.     Д) Сарғылт.     Е) Көкшіл.

12. Сын есімнің  сұрақтарын табыңыз.

А) Кімнің? ненің?    В) Қандай? қай?   С) Қанша? неше?   Д) Қайда? қалай?    Е) Не істеді? қайтты?

13. Сын есімді  табыңыз.

А) Бөлме.    В) Төсек.     С) Кілем.      Д) Жайлы.     Е) Төсеніш.

14 Сын есімі  бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Менің апам.    В) Алты ұл.    С) Сұлу жігіт.   Д) Жеті ата.     Е) Анау бала.

15. Толықтырыңыз:   «Менің отбасым ... тұрады»

А) Бауырмал.    В) Тату-тәтті.   С) Үлкен.    Д) Ақылды.    Е) Дәстүр.

16. Жұрнақ  арқылы жасалған сын есімді  табыңыз.

А) Жылдам.    В) Ұлттық.     С) Шешім.    Д) Ойынды.   Е) Күндер.

17. Тәуелденген сын есімді табыңыз.

А) Айтарың бар ма?     В) Сенің балаң.    С) Ешкімің жоқ.    Д) Жақсың қайсы?    Е) Біреуің кел.

18. Сын есім  мағынасына қарай нешеге бөлінетінін  анықтаңыз.

А) 2       В) 6      С) 4     Д) 5     Е) 3

19. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.

А) Ауылдық.     В) Ауыспалы.     С) Әдемілеу.     Д) Күзгі.    Е) Тәжірибесіз.

20. Жұрнақ  арқылы жасалған туынды сын  есімді табыңыз.

А) Жасыл, қып-қызыл.     В) Ал қызыл, сұрша.     С) Көк, қызыл.    Д) Өзекті, ұстамды.

Е) Жабық, ағарып.

21. Күшейткіш  буын арқылы жасалған күшейтпелі  шырайды табыңыз.

А) Өте әдемі.    В) Ең әдемі.    С) Тым әдемі.   Д) Әп-әдемі.     Е) Аса әдемі.

22. Сын есімді табыңыз.

А) Кесу.     В) Турау.     С) Майлы.      Д) Шырын.     Е) Оқу.

23. Туынды  сын есімді табыңыз.

А) Бөлме.     В) Төсек.     С) Кілем.     Д) Таулы.     Е) Төсеніш.

24. «Қой аузынан шөп алмас» фразиологизмі қандай мінезді білдіретінін табыңыз.

А) Қатал.    В) Момын.    С) Тентек.    Д) Сараң.     Е) Жалқау.

25. Сын есімді табыңыз.

А) Ана.     В) Төмен.     С) Мен.     Д) Қара.     Е) Аурухана.

 

Сан есім

1-нұсқа

1. Сан есімнің  қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

     Таңертең сағат жетіде тұрамын.

А) Ілік септік.   В) Барыс септік.   С) Көмектес септік.   Д) Жатыс септік.   Е) Атау септік.

2. «2» санынан  жинақтық сан есім жасайтын  жұрнақты көрсетіңіз.

А) –дан.     В) –тен.     С) –нші.     Д) –еу.     Е) –ні.

3. Бөлшектік  сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Не істеді?     В) Кімнің?     С) Қай?     Д) Кім?     Е) Қанша?

4. Күрделі  сан есімді табыңыз.

А) Бесінші.     В) Екі.     С) Алты.     Д) Үш жүз жетпіс.     Е) Төртеу.

5. Соңғы  дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.

А) –нші.     В)-нші, -інші.     С) –ншы.     Д) –інші.     Е) –ншы, -ыншы.

6. Күрделі  реттік сан есімді табыңыз.

А) Он-он бес.   В) Екі бүтін оннан үш.   С) Он бір.   Д) Он бірінші.   Е) Отыз тоғыздан.

7. Тиісті  сан есімді қойыңыз.

    Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.

А) Екі бүтін үш ондық.     В) Екінші.     С) Екі-екіден.     Д) Екі.      Е) Екеу.

8. Күрделі  есептік сан есімді көрсетіңіз.

А) Отыз бесінші.     В) Екі кітап.     С) Жүз алты.     Д) Жиырма.     Е) Оннан төрт.

9. Көмектес  септігінде тұрған сан есімді  табыңыз.

А) Екіде.     В) Екіден.     С) Екіні.     Д) Екімен.     Е) Екінің.

10. Соңғы  дыбысы дауыссыз жуан түбірлі  сөзге қай жұрнақ жалғанатынын  табыңыз.

А) –ншы, -нші.     В) –нші, -ыншы.     С) –інші, -нші.     Д) –ыншы, -ншы.     Е) –ыншы.

11. Сан есімге  керекті тыныс белгісін анықтаңыз.

Атам 70 тен асты.

А) Нүкте.     В) Қос нүкте.     С) Дефис.     Д) Жақша.     Е) Үтір.

12. Құрамында  үнді дауыссыз дыбысы бар сан  есімді табыңыз.

А) Жеті.     В) Он.    С) Отыз тоғыз.     Д) Жүз бес.     Е) Сегіз.

13. Қайсысы  реттік сан есім екенін белгілеңіз.

А) Екіден.     В) Мың.     С) Он.     Д) Тоғызыншы.     Е) Біреу.

14. Реттік  сан есім қосымшасын табыңыз.

А) –ау, -еу     В) –ау, -тан     С) –еу, -інші   Д) –ау, -ыншы     Е) –інші, -ыншы

15. Сан есімді  белгілеңіз.

А) Тиісті.     В) Қызыл.     С) Елу бір.     Д) Ішті.    Е) Өрік.

16. Реттік  сан есімнің сұрақтарын табыңыз.

А)Қандай? Қай?  В)Неше?Қанша?  С)Нешінші? Қаншасыншы?  Д)Нешеден? Қаншадан? Е)Нешеу?

17. Күрделі  сан есімді табыңыз.

А) Үшеу.     В) Екінші.     С) Сегіз.     Д) Он екі.     Е) Бес.

18. Дара  сан есімді көрсетіңіз.

А) Екі жүз сегіз.   В) Жиырма.   С) Он төрт.   Д) Жиырма бес.   Е) Бестен үш.

19 Білім  күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.

А) Сегізінші.     В) Жетінші.     С) Он бірінші.     Д) Тоғызыншы.     Е) Оныншы.

20. «Он бес»  сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.

А) Дара.     В) Толық.     С) Күрделі.     Д) Жай.     Е) Көптік.

21. Бір жылда  неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.

А) Бір.     В) Төрт.     С) Он тоғыз.     Д) Үш.     Е) Алты.

22. Сан есімді  сөз тіркесін табыңыз.

А) Күміс қасық.     В) Алтын сағат.      С) Ағаш күрек.      Д) Екі жолдас.     Е) Жібек жолы.

23. Бір айда  неше апта барын табыңыз.

А) екі     В) алты     С) бес     Д) үш     Е) төрт

24. Жинақтық  сан есімді белгілеңіз.

А) Жетеу.     В) Белбеу.     С) Белгілеу.     Д) Істеу.     Е) Нешеу.

25. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

А) Екі.     В) Жеті.     С) Тоғыз.     Д) Жиырма бір.     Е) Бес.

 

  Сан есім.                                                     2-нұсқа.

1. Реттік  сан есімді атаңыз.

А) Жетеу.     В) Үш-үштен.     С) Тоғызыншы.     Д) Төрт.     Е) Он екі.

2. Бірінші  қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.

А) 5 қыркүйекте     В) 23 қарашада     С) 1 қыркүйекте     Д) 25 қазанда     Е) 22 қыркүйекте

3. Бір тәулікте  неше сағат барын белгілеңіз.

А) 26      В) 23      С) 18      Д) 24      Е) 35

4. «1989-ый»  сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы.      В) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз.   

С) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы.      Д) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз.  

Е) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыздай.

5. Дұрыс  жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші  сыныпта оқисың?

А) Тоғызыншы     В) Сегізінші     С) Он бірінші     Д) Жетінші     Е) Оныншы

6. Реттік  сан есім нені білдіретінін  көрсетіңіз.

А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.   В) Заттың реттік санын білдіреді.   С) Заттың санын топтап көрсетеді.     Д) Заттың дәл нақты санын білдіреді.    Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.

7. Болжалдық  сан есімді табыңыз.

А) Бес-бестен.    В) Беске таман.   С) Бесінші орын.   Д) Бес адам.   Е) Сағат бесте.

8. Бөлшектік  сан есімді атаңыз.

А) Жеті.    В) Үштен бір.     С) Біреу.     Д) Төрт.     Е) Бесінші.

9. Жинақтың  сан есімді табыңыз.

А) Төрттен бір.     В) Бір.     С) Жетеу.      Д) Үшінші.     Е) Сегіз.

10. Реттік  сан есімді көрсетіңіз.

А) Он-оннан.   В) Оннан.     С) Он екі.    Д) Оныншы.    Е) Ондаған.

11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.

А) Кім? Не? Кімдер? Нелер?    В) Не істеді? Не қылды?    С) Қанша? Неше? Нешінші?     Д) Қалай? Неге?    Е) Қайтіп? Неістеп отыр? 

12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.

А) Қырықыншы.   В) Елу мың.     С) Жеті жүз.    Д) Біреу.   Е) Жетіден бес.

13. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Жетпіс тоғыз.    В) Алтау.    С) Жүздеген.    Д) Қырықыншы.   Е) Мың.

14. Реттік  сан есімді табыңыз.

А) Бесеу.       В) Жетінші.       С) Он бестен.      Д) Он жеті.      Е) Сегіз.

15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

А) Тоғыз жүз.    В) Бір жарым.    С) Екі жүз елу.     Д) Он мың.   Е) Алтыншы.

16. Дара сан есімді анықтаңыз.

А) Он бес.     В) Жетпіс бес.     С) Бес-алты.     Д) Жиырма.     Е) Бір жүз отыз.

17. Болжалдық сан есімді табыңыз.

А) Жүз бір.    В) Жүзден.    С) Жүзінші.     Д) Жүздей.    Е) Жүз.

18.Реттік  сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.

А) Еңбек адамның екінші анасы.    В) Қырықтың бірі қыдыр.   С) Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.    Д) Жеті рет піш, бір рет кес.     Е) Мың қосшыға бір басшы.

19. Жинақтық  сан есімді анықтаңыз.

А) Он бес.    В) Бестік.     С) Төрт.   Д) Үшеу.   Е) Үштен екі.

20. Есептік  сан есімді табыңыз.

А) Жетпісінші.    В) Жетіден үш.     С) Жетпістей.    Д) Жетеу.     Е) Жетпіс.

21. Сан есімнің  мағыналық  топтарын көрсетіңіз.

А)Негізгі,туынды.  В)Есептік,реттік.   С)Сапалық ,қатыстық .   Д)Жалпы,жалқы.   Е)Жіктеу, сілтеу.

22. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) Екінің.    В) Екімен.     С) Екіден.    Д) Екіні.     Е) Екіде.

23. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) –ыншы, -інші.   В) қосымшасыз.    С) –ау, -еу.    Д) –дай, -дей.     Е) –дан, -ден.

24. Күрделі  есептік сан есімді көрсетіңіз.

А) Екінші.     В) Төртеу.      С) Он-оннан.     Д) Жетпіс бес.      Е) Жиырма екінші.

25. Топтау сан есімді көрсетіңіз.

А) Әркім.      В) Туып-өскен.      С) Әйгілі.      Д) Үш-үштен.      Е) Бәйтерек.

                                                                           Есімдік

Информация о работе Тест по дисциплине "Казахский язык"