Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 15:19, курсовая работа
Болашақ әлеуметтік құрылым ретінде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі қоғамдық талаптарымен қатар отбасылық топ мүшелерінің ндивидуалды талаптарының бейнесі болып табылады. Белгілі әлеуметтік функциялары бар. А.Г.Харчевқа сәйкес отбасы функцияларының спецификалық және спецификалық емес түрлерін бөліп көрсетуге болады. Спецификалық функциялар отбасы мәнінен шығып, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді, ал спецификалық емес функцияларға отбасының белгілі бір тарихи жағдайларда еріксіз орындаған және бейімделіп кеткен функцияларын жатқызады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40
Ceнім – отбасы шеңберінде әрекет eтeтін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі. Ceнім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады. Статистика бойынша, ажырасушылықтың елеулі бөлігі ерлі-зайыптылар арасында ceнімнің болмауынан немесе оны ақтамaғандықтан болатын көрінеді. Ceнім болған жерде жайшылық түcініcтік болады, отбасының қаyіпсіздігі күшейеді.
“Асығыс түбi – өкiнiш, ойланып алмақ – сабыр сол” деп, Абай атамыз дұшпанға да әдiлетсiздiк жасау қылмыс eкeнiн айқын айтады. Ешкiмге арамдық-жамандық ойламай, әдiл де адал ниеттi болу әрбiр адамның адамгершiлiк сапасын көрсетедi. Халық әдiлеттiк пен адалдық жолында күншiлдiк, пәлеқорлық, жалақорлықпен, өсек-аянмен аяусыз күресiп келедi. Өмiрде қанша қырсық, қиындық, зорлық пен қорлық болса да, әдiлдiк пен адалдық, шындық жеңiп отырады.
1.2 Отбасының негізгі қызметтері
Отбасының табиғатын, маңыздылығын анықтауда ежелгі ойшылдардың ұстанған түрлі көзқарастары бар. Неке-отбасы қарым-қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі – ежелгі грек философы Платон болды. Ол, отбасы дегеніміз – өзгермейтін қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған деген пікір айтады.
Ал француз ағартушысы Жан-Жак Руссо: «Барлық қоғамдардың ішінде ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл саяси қоғамдардың бейнесі» деп жазды.
Жалпы айтқанда, отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын топ белгілері бар әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді.
Отбасы мынадай функциялар атқарады:
– бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету. Қоғам үнeмі өзінің демографиялық өcyін қамтамасыз eтyі керек. Әcіpece жері көп, халқы аз Қазақстан қoғамы үшін бұл өте өзекті болып табылады. Өйткені, қазақ жерінің мол табиғи байлығын игеру, орасан үлкен aумақты қорғау, дүние жүзіндегі қуатты елге айналу үшін елімізге бұқара халық керек. Келешекте Қазақстан 50 млн. тұpғыны бар іpі елге айналуы керек. Cондықтан мемлекет жастардың дер кезінде отбасын құруына, бала өcіpyінe мүдделі;
– баланы әлеуметтенуге, басқалай айтқанда, қоғамда өмір сүруге дайындау. Баланың қоғамда бағаланатын құндылықтарды меңгеруін, білім алуын, кәсіп таңдауын, өзінің қабілеттерін пайдаланып еңбек eтyін, қoғамдa өмір сүруге үйретілyін алдымен отбасы қамтамасыз етеді;
– отбасы мүүделерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, oқyға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тaғы да басқа материалдық құндылықтаpмен қамтамасыз ету.
Сонымен қатар отбасының атқаратын қызметі мұнымен шектеліп қоймайды.
Қазіргі отбасын зерттеушілер
отбасы функциясын зерттеуге аса
зор назар аударуда. Отбасы мүшелерінің
белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандырумен тығыз
Мұндай жіктеуді А.Г.Харчев, И.ВГребенников, А.И.Кочетов та жақтайды. Отбасы функцияларына қазіргі көзқарасты В.И.Торохтийдің пікірінен көреміз: «Жалпы орта азиялық отбасы үшін өмірлік маңызы бар функциялардың белгілі бір санының болу сипаты, олар жоқ болса, отбасының өмір сүру мәні де жоғалады». Жіктеудің ешқайсысын отбасының барлық өмірлік цикліне қатысты қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын отбасы функцияларында өзгерістер пайда болады: кейбірі жоғалады, кейбірі жаңа әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгереді, үшіншілері көмекші болып қалады. Сонымен қатар толыққанды отбасының өмірлік циклінің бойына қандай да бір түрде нақты немесе күш-қуат түрінде сақталатын функциялар болады.
Отбасының репродуктивті функциясы
Оның негізінде – қарама-қарсы жынысты адамдарды одақ құруға итермелейтін физиологиялық және сексуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Э.Дюркгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама-қарсылығы неке одағының негізі ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы-неке қатынастарының тұрақтылығына әсер ету күші жағынан қандас туыстық тәрізді фактордан да басымырақ. Э.Дюркгейм жыныстардың қарым-қатынастарын еңбекті бөлу тұрғысынан талдайды. Ол алғашқыда тек сексуалдық функциялармен ғана шектелсе, бірте-бірте көп нәрсеге әсерін тигізеді. Әйелдердің функциялары мен еркектердің функцияларының маманданғаны соншалықты, әйелдер еркектерден өзгеше өмір кеше бастады. Еркек күш-қайраттың, ақыл-ойдың көрінісі болса, әйел нәзіктікті, әлсіздікті, жұмсақтықты, сезімталдықты білдіреді. Функционалдық айырмашылық біртіндеп физиологиялық белгілердің өзгеруіне әкеп соқты: бойы, салмағы, сырт бейнесі, еркек пен әйелдің бас сүйегінің құрылысы бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Бір-бірінен айырылған еркек пен әйел нақты бір бүтіннің түрлі бөліктері, олар біріккенде бүтін қалпына келеді.
Отбасына қоғамдық қарым-қатынастың барлық жүйесі енеді – неке және туыстық қарым-қатынас, құқықтық және әлеуметтік қарым-қатынас, шаруашылық-тұрмыстық және экономикалық, ізгіліктік әне этикалық қарым-қатынас, эмоционалдық қарым-қатынас. Осының арқасында отбасы әлеуметтік қауым ретінде жеке тұлғаның қоғаммен байланысын жасайтын алғашқы элемент болып табылады: ол баланың әлеуметтік байланыстар жөніндегі пікірін қалыптастырады және осы қатынастарға туғаннан бастап қосылады.
Бұдан отбасының келесі функциясы шығады, бұл – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жас ұрпаққа мәдени мұраны беру. Адамның балаға, оны тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге деген қажеттігі адамның өміріне мән береді. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің басты нысаны ретінде отбасының басымдығы табиғи-биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда өзінің ерекше ізгілікті-эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде үлкен басымдығы бар. Отбасынан тыс тәрбиеленген балалардың эмоционалдық және ақыл-ой дамуының деңгейі төменірек болады. Олардың жақынын жақсы көру, басқаның қайғысына күйіну қабілеттері тежелген. Баланың өмірінде алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды – ес, зият, сөз сөйлеу, ойлау, эмоциялар сипаттамасы, танымалдық белсенділік.
Отбасының келесі маңызды функциясы экзистенциалды функция – өз мүшелерін әлеуметтік және эмоционалды қорғау функциясы. Кез келген құбылыстың мәні қатерлі жағдайда айқындалатыны белгілі. Қауіп төнген сәтте адамдардың көпшілігі өз отбасымен болуға тырысады. Өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде, адам ең жақын туыс адамын көмекке шақырады. Отбасында адам өз өмірінің құндылығын сезінеді, риясыз берілуді, жақын адамдарының өмірі үшін құрбандыққа баруға әзірлігін көреді. Адамның өзінің біреуге қажет те қымбат екендігін, оны жақсы көретіндігін сезінуі қорғалғандық, қауіпсіздік сезімін тудырады, оның ішкі рухы мен сенімділігіне қолдау жасайды.
Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның мәні қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық-тұрмыстық қызмет түрлерін алуда.
Әлеуметтік-мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беріледі.
Рекреативті,
күшті қалпына келтіру
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды және осы салада бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ бұл функция индивидтің бос уақытын өткізу жөніндегі белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады. Әлеуметтанушылар отбасының дәулеті мен сауығы арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бақытсыз ерлі-зайыптылар жұбының бесеуінің біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді, бұл көрсеткіш бақытты жұптардың арасында 2-5 есе артық. Бос уақытты өткізу функциясы отбасының бос уақытын ұйымдастыруды тиімді етуге, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасау қажеттігін қанағаттандыруға, мәдениет деңгейін көтеруге, денсаулық жағдайын жақсартуға, күшті қалпына келтіруге бағытталған.
Әлеуметтанушылар отбасының ком
Отбасында ересектер де, балалар да тәрбиеленеді. Әсіресе отбасының жас ұрпаққа әсерінің маңызы зор. Сондықтан отбасының келесі функциясы ол – тәрбиелік функциясы.
Біріншісі аспектіге – баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның қабілеттері мен мүдделерін дамыту, қоғамның жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін отбасының ересек адамдарының (шешесінің, әкесінің, атасының, әжесінің және т.б.) балаларға беруі, олардың ақыл-ойын байыту, эстетикалық дамыту, дене бітімінің жетілуіне көмектесу, денсаулығын нығайту және санитарлық-гигиеналық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
Екінші аспект – отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне өмір бойына жүйелі тәрбиелік әсері.
Үшінші аспект – ата-ананы
(отбасының басқа ересек мүшелерінің)
балаларына үнемі әсер ете отырып,
өзін-өзі тәрбиелеуге итермелеу
Қоғамдық қатынастардың дамуына сай олардың сипатына байланысты отбасының кейбір функциясы неғұрлым мәндірек бола түссе, кейбіреуінің мәні азая бастайды, ал кейбір функциялар мүлдем басқа әлеуметтік институтқа ауысып кетеді. Отбасының осы негізгі функцияларын талдай келе, олардың ешқайсысын жеке алғанда толығымен, топталған түрде барлығын да басқа функциялармен алмастыру немесе шығару мүмкін емес екеніне көзіміз жетті.
1.3 Отбасы –
тұлғаның қалыптасу
Отбасын әлеуметтік зерттеудің қажеттігі оның қоғамдағы алатын орнымен түсіндіріледі. Ол – адамның өте маңызды да жауапты жанұясы. Себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында атқаратын қызметтерінен көрінеді. Ол отбасында туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Отбасы қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, ол адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады.
Отбасы қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады.
Отбасы индивидті (жеке адамды) өмір қиыншылықтарына көнуге, басқалармен үйлесімді өмір сүруге, басқаруға үйрететін әлеуметтік өмір мектебі. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, оның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол отбасында туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырады.
Қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады:
1. Отбасы мүшелері әруақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі;
2. Қаңдай да бір отбасы болмасын ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі;
3. Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-тендікті сақтауға тырысады;
4. Әрбір отбасы сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.
Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен кұрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасы – тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі. Отбасы некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, отбасы қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық-тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастарды құрайды.
Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның негізін қалайтын неке – ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек.
Джордж Герберт Мидтің пікірінше, балалардың отбасында тұлғалық қалыптасу үдерісі үш түрлі сатыдан құрылады.
Біріншісі – иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі – ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөңдіруші, т.б. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Куыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарьш қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Информация о работе Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс