Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 15:19, курсовая работа

Описание работы

Болашақ әлеуметтік құрылым ретінде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі қоғамдық талаптарымен қатар отбасылық топ мүшелерінің ндивидуалды талаптарының бейнесі болып табылады. Белгілі әлеуметтік функциялары бар. А.Г.Харчевқа сәйкес отбасы функцияларының спецификалық және спецификалық емес түрлерін бөліп көрсетуге болады. Спецификалық функциялар отбасы мәнінен шығып, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді, ал спецификалық емес функцияларға отбасының белгілі бір тарихи жағдайларда еріксіз орындаған және бейімделіп кеткен функцияларын жатқызады.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40

Файлы: 1 файл

Отбасымен СР+.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

Бұл процесс жеткілікті деңгейде еліктіреді – өзінің туысқандық ағашын бейнелеу адамның тереңдегі  қажеттіліктерінің бірі бір нәрсеге  тиістілігін, өзінің шығу тегін білуді қанағаттандырады. Сонымен қатар  отбасы терапевтімен бірге, оның қатысуымен геннограмманы жасау барысында іс жүзінде айлар бойы қатынаспауы мүмкін отбасы мүшелері ортақ іс-әрекетке тартылады, бірге отбасы тарихын еске түсіреді, бір-бірін толықтырады. Сонымен, соңғы қорытынды картина маңызды ақпараттармен қаруланған болады: шығыс және бүйір бұтақтардағы шамадан тыс көп ажырасулар мен жесір қалушылық негативті биологиялық бейімділікті немесе тума тұлғалық мәселелерді көрсетуі мүмкін.

Диагностикалық іс-әрекет клиенттердің отбасылық өзара қарым-қатынастарын өзгерту, өз-өзін өзгертуге, өзінің нашар стереотиптерін жеңуге бағытталған ұзақ, шыдамды және күрделі жұмыс үшін мотивацияны нығайту қажеттілігін түсінуі мен мойындатуына алып келуі тиіс.

«Отбасылық келісім» әдістемесі барынша тең құқықты  қарым-қатынасты қарастырады. Оны жүзеге асыру ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген субьективті шағымдарын шығару мен эмоционалды қалыпты түсіруден басталады.

Қорытынды келісім-шарт дайындау процесінде мазмұнсыз кінәулаулар  нақты дұрыс емес іс-әрекеттер  қатарымен алмастыруы тиіс. Нәтижесінде минималды өзара қабылданатын 2 жақтың да жүріс-тұрысын өзгертетін міндеттемелер тізімі шығады. Оған орташа уақыт беріледі, 1 айдан жарты жылға дейін (өте аз уақытта өзгеріс енгізу мүмкін емес, өте ұзақ уақыт қорытынды шығаруға мүмкіндік бермейді, процеске қызығушылық басылып қалады). Бұл тізім 2 жақ келісімімен рәсімделеді және ерлі-зайыптылардың екеуі қол қояды. Мұндай келісімнің заңдық күші жоқ, оны бұзу үшін санкцияның болуы мүмкін емес, алайда мұндай құжаттың моральдық-психологиялық беделін бағаламауға болмайды. Ерлі-зайыптылардың алған міндеттемелері нақты, әрі тексеруге болатындай болу керек.

Келісімді орындаудың орташа уақыты біткенде ерлі-зайыптылар әлеуметтік терапевтпен бірге келісімді  орындаудың шарттарын, жалпы орындалуын талдайды, қажет болған жағдайда, мүмкін жаңа, алдыңғыдан көп талаптармен келесі кезеңге келісім жасайды. Уақыт өте келе ерлі-зайыптылар өздері осы әдісті өткізу дағдыларын үйренеді де әлеуметтік жұмыскердің қатысу керек болмай қалады.

Отбасылық қарым-қатынасты коррекциялау технологиялары көп. Олардың көбі психологиялық немесе педагогикалық ғылымдарға кіреді. Оларды таңдау нақты әлеуметтік ситуациялармен жағдайларымен анықталады, оған клиенттің мінез ерекшеліктері, отбасылық терапия бойынша маманның тұлғалық сапалары, талғамы және ұстанымдары да әсер етеді. Уақыт өте әр тәжірбиелі маман әдістемелерді өзінше трансформациялайды, бірнеше қолайлы жұмыс формаларынан өзінің контаминациясын құрайды.

Барлық қолданылған  құралдардың маңызы отбасыны тілеулі  тұрақтылыққа алып келетін өзгерістерді болғызу және оларды бекіту, нығайту болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың немесе ата-аналармен балалар арасындағы қарым-қатынасты коррекциялау техногиялары мен әдістемелері туралы білімдер әлі  жеткіліксіз. Сондықтан ішкі мәселелерін шешу үшін әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, отбасы терапевттердің, консультанттардың көмегі қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Отбасы ер мен әйелдің  некемен біріккен, олардың балалары мен туыстары қандастығымен байланысқан  адамдар бірлігінің формасы болып  табылады. Сонымен қатар, А.Г.Харчев анықтамасы бойынша, отбасы – мүшелері некелік және туысқандық қатынастарымен, тұрмыстық бірлігімен және өзара моральдық жауапкершілікпен және халық өндірісінде физикалық және қоғам талаптарымен байланыстырған тарихи нақты қарым-қатынастар жүйесі [2, 18-21бб.].

Қандай отбасы болмасын жас па, әлде орта немесе егде отбасы болмасын отбасы саясаты ең алдымен  отбасының және оның әрбір мүшесінің  экономикалық және рухани күш-қайраты  мен мүмкіндіктерін іске асыруына қолайлы  жағдайларды ұдайы жетілдіруге, олардың қоғамдық еңбек бөлінісіне тиімді тартылуына бағытталуы тиіс. Мұндай саясаттың ең басты мақсаты – қоғамдық қайырымдылыққа, жәрдемақы, жеңілдіктер мен ақысыз және тағы басқа қызмет түрлеріне мейлінше аз мұқтаж отбасы санын барынша көбейтуге қол жеткізу.

Отбасы саясаты –  бір-бірімен өзара әрекеттестіктегі көптеген инстиуттардың бірі ретіндегі  отбасының өзіндік мүдделерін және де әлеуметтік рөлдермен қатар отбасылық  рөлді де атқарушы ретіндегі адамның  өзіндік мүдделерін қорғайтын қоғамның жалпы саясатының бір бөлігі. Бұған қоса, баршаға белгілі отбасы саясатын жүргізбей, оны жария түрде талқыламай, отбасы саясатында аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескермей, жоғарыда аталған мүдделердің дұрыс, оң түсінілуі мүмкін емес. Және де бүгінгі таңда ол мүдделердің орындалуы үшін отбасы іс қызметі тиімділігін арттыруға, қандай қайраткерліктің ғылыми негіздерін белгілеуге бағытталған әлеуметтік-отбасылық белсенді саясатының жүргізілуі талап етілетіндігін де естен шығармауымыз керек.

Бұған қоса, біздің пікірімізше, отбасы турасында орын алған көзқарас қатынастар мен отбасы іс қызметіне байланысты саяси-әлеуметтік институттарға мақсатты бағытталған ықпал әсерлер жиынтығы да осы отбасы саясатына кіреді.

Отбасы саясатының субъектісі ретіндегі ғалымдардың көзқарасы халықтың, әртүрлі бұқаралық топтар мен жіктердің мүдделері мен көзқарас пікірлерін жеткізуші саяси-әлеуметтік инстиуттар, түрлі саяси-қоғамдық ұйымдар мен мемлекет және оның органдары табыла алады.

Мемлекеттің отбасы саясаты  саяси билікпен, құқықтық саясатпен, этносаясатпен, демографиялық саясатпен және саяси процестермен институттардың басқа да механизмдерімен тығыз байланыстары жан-жақты қарастырылады. Олардың өзара әрекеттігінің негізі болып табылатын ортақ объект – нақты көрінісінің көп қырлылығымен алғандағы қоғамның отбасылық өмірі.

Мемлекеттің отбасы саясатының саяси процестер мен институттар  жүйесіндегі орны мен атқаратын  міндеті сол отбасы орындайтын қызметтерде  де өз көрінісін табады. Ал мемлекеттің  отбасы саясаты, өз кезегінде көптеген қызметтерді атқарады. Отбасы саясатының негізгі бағыттары мен принциптері:

  • отбасының тәуелсіздігі;
  • отбасын әлеуметтік қорғау;
  • әлеуметтік серіктестік;
  • отбасының негізгі таңдау еркіндігі;
  • отбасы саясатын аймақтандыру.

Некелік-отбасылық заңдар тек тіркелген некеге ғана маңыз береді. Соңғы кезде көптеген жұптар бірге тұруды, тиісті некеге тіркеуден өтпей, ортақ шаруасын жүргізе беруді мақұл көреді. Мұны шын мәнінде некелік қарым-қатынастар немесе азаматтық неке деп атауға болады. Сонымен қатар, бүгінде көптеген діндар адамдар арасында неке қиюды немес ұлттық дәстүрге сәйкес некеге тұруды қажет деп есептейді. Алайда, мұндай әдет-ғұрыптардың құқықтық негізі жоқ. Бірақта, діни неке тіркелген некемен бірдей саналатын елдер де бар. Олар Англия, Италия, Канада, АҚШ-тың бірқатар шаттары және тағы басқалар. Сондай-ақ діни некені ғана мойындайтын елдер бар. Олар: Иран, Ирак. Израиль, тағы басқа да елдер. 

Қазақстан Республикасында неке-отбасы қатынастары реттеледі, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктері белгіленген, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оны құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Мемлекетіміздің отбасы саясатының қажеттілігі артып, оны жан-жақты талдап, жете зерттеу кезеңі келді. Бұл қоғамдық дамудың кез келген басқа мүмкіндіктері мен экономикалық, саяси және демографиялық процестердің өзара байланысын жан-жақты қысқа мерзімді болжамдар артықшылығына ерекше көңіл қоюмен бірге жалпы адамзат құндылығының айрықша артықшылығынан туындауы керек. Мемлекеттік саясаттың ерекше бағытына табиғи емес себептерден болатын өлім деңгейін төмендету, халық денсаулығын сақтауға байланысты арнайы шараларды талдап жатқызуымыз керек. Қазақстан халқының денсаулығын сақтауды зерттегенде денсаулықты сақтау тиімсіз әрекеттерді жою мәселесімен қатар жүргізуді қамтамасыз ету керектігін атап атап кеткен жөн. Адам саяси өмірге белсене араласа қоймайтыны белгілі. Ол бірте-бірте әлеуметтеніп, саяси субъектіге айналады. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, саяси ұйым сияқты өмірдің сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Саяси әлеуметтену жалпы тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі ретінде отбасында басталады.

Менің ойымша, АҚШ, Батыс  елдеріне еліктеудің қажеті жоқ. Бізге  өз әдет-ғұрпымызды сақтауға тырысуымыз қажет. Алдымен «отбасы – шағын мемлекет». Ал сол кішігірім тұрақты мемлекеттерден, мықты үлкен өркениетті ел құруымыз керек. Дәстүрлі қоғамдағы отбасының тұрақтылығы, бала санының көбеюі.

Халқымыздың келешегі – жастарды жағымсыз, жаман ықпалдан сақтап, әдепті етіп өсіру, оларды бақытты отбасы құруға даярлау дегеніміз елеміздің ертеңгі тағдырын ойлау

Отбасылық қарым-қатынасты  коррекциялау технологиялары көп. Олардың  көбі психологиялық немесе педагогикалық  ғылымдарға кіреді. Оларды таңдау нақты әлеуметтік ситуациялармен жағдайларымен анықталады, оған клиенттің мінез ерекшеліктері, отбасылық терапия бойынша маманның тұлғалық сапалары, талғамы және ұстанымдары да әсер етеді. Уақыт өте әр тәжірбиелі маман әдістемелерді өзінше трансформациялайды, бірнеше қолайлы жұмыс формаларынан өзінің контаминациясын құрайды.

Барлық қолданылған  құралдардың маңызы отбасыны тілеулі  тұрақтылыққа алып келетін өзгерістерді болғызу және оларды бекіту, нығайту  болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың немесе ата-аналармен балалар арасындағы қарым-қатынасты коррекциялау техногиялары мен әдістемелері туралы білімдер әлі жеткіліксіз. Сондықтан ішкі мәселелерін шешу үшін әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, отбасы терапевттердің, консультанттардың көмегі қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Абдуллаев А.К. Семья и общество. Ташкент, 2001г.
  2. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы отбасы мен неке // А., 1983 ж.
  3. Әкімтаев Т. “Отбасындағы бала тәрбиесі”. Қазақстан мектебі 1994ж. №11, №12.  29-33 бет.
  4. Әлеуметтік саясат мұраты - әлеуметтік әділдікте // Ақиқат.-2007.- №11.- 20-23б.
  5. Басты басымдық - әлеуметтік сала // Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсеткен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды бағыттарын жүзеге асыру міндеттері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары  24 сәуір 2007. -Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ.-2007.-527-530б.
  6. Бозханова к., Жұмаханов Ә., Айтманбетова Б. “Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері”. Алматы “Мектеп” 1985жыл.
  7. Ғаббасов  С.  Ізгілік   әліппесі  / С.  Ғаббасов  - А.: Ғылым, 1991
  8. Дегтярев А.А. «Социальная защита населения». Москва, 1998.
  9. Есмағанбетова, Шаханова Р. “Адамгершілік тәрбиесін   қалыптастыру жолдары”. Ізденіс 1997ж. №6. 131-134 бет.
  10. Казахстанская семья – как объект социально-политических иследований // А., 2001г.
  11. Каракулова К. Статистика браков и разводов в Казахстане // Человек и право. – 2000г. №4.
  12. Майғаранова Ш. “Рухани адамгершілік тәрбиесінің негіздері”. Бастауыш мектеп. 1997ж. №1,2. 12-17 бет.
  13. Отбасы саясатының мәні // Ақиқат, 2009 ж. №6.
  14. Поиски новых подходов к семейной политике // Мысль, 2010. №11.
  15. Берікбаев С. Баланың бас ұстазы –ата-анасы. Тәрбие құралы №3,

         2004.

  1. Галиев Е. Мектептің отбасымен байланысы. Тәрбие құралы. №6,                             2003.
  2. Мұсырманов А. Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы. Қазақстан мектебі. №11, 2004 .
  3. "Методы семейной диагностики и психотерапии." Москва & Санкт-Петербург: "Фолиум", 1996.
  4. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В. - "Семейная психотерапия" Л.: 1990.
  5.   Фромм Э. "Азбука для родителей"  Л., 1991.
  6.   Хоментскаус Г.Т.  "Семья глазами ребенка". 1990.
  7.   "Учителям и родителям о психологии подростка" ' Под ред. Г.Г.Аракелова М.: "Высшая школа", 1990 г.
  8. Сатир В. "Как строить себя и свою семью." М.: "Педагогика - Пресс", 1992г.
  9. Соколова В.И., Юзефович Г.Я.  "Отцы и дети в меняющемсяя мире" М.: "Просвещение", 1991.
  10. Спиваковская А.С. "Как быть родителями: (о психологии родительскойлюбви)" М.: "Педагогика", 1986.
  11. Спок Б. "Разговор с матерью" СПб: Лениздат, 1992.
  12. Макаренко А.С. Работа воспитателей. Сочинения, 5 том, 88-бет.
  13. Оразбекова К. Отбасы психологиясы. Алматы. 2000.
  14. Пинт А.О. Ата-аналар, сіздер үшін. Алматы, 1972.
  15. Сагындыкұлы Е. Педагогика. Алматы. 1999.
  16. Сухомлинский В.А. Ата-ана педагогикасы. Алматы,1983.
  17. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. Алматы. 1976.
  18. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жетекшілер тәрбиесі.         Алматы, 1990.
  19. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. Алматы, 1995.
  20. Азаров Ю.П. Отбасы педагогикасы. М. 1985.

 

 


Информация о работе Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс