Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 15:19, курсовая работа
Болашақ әлеуметтік құрылым ретінде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі қоғамдық талаптарымен қатар отбасылық топ мүшелерінің ндивидуалды талаптарының бейнесі болып табылады. Белгілі әлеуметтік функциялары бар. А.Г.Харчевқа сәйкес отбасы функцияларының спецификалық және спецификалық емес түрлерін бөліп көрсетуге болады. Спецификалық функциялар отбасы мәнінен шығып, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді, ал спецификалық емес функцияларға отбасының белгілі бір тарихи жағдайларда еріксіз орындаған және бейімделіп кеткен функцияларын жатқызады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасының кұрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден, жұбайлар мен балалар, екіншіден, балалары мен жұбайлары, әйелдің болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере-шөберелерден тұрады. Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады:
1. көп балалы (үш бала, одан көп); 2. орташа (екі балалы);
3. бір баласы бар; 4. баласыз отбасылар.
Отбасындағы билік құрылымы демократиялық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынатын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасыңдағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократиялық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда бір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орыңдап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасыңдағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасы басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты әртүрлі. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына, табысына қарай да отбасы үш түрге – жоғары, орта және төменгі болып бөлінеді.
Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді. Отбасының ұрпақ жалғастыруы барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның кай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де солай. Қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам әкелу қызметіне әсер етпейді деуге болмайды. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына итермелейді. Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді.
Қазір біздің республикамызда жаңа ұрпақтың көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси-экономикалық проблемаға айналды.
Қазақстан Республикасының табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар өмірге келеді, онда білімді адамдар жұмыс істеуі керек. Қандай жаңа техника, технология енгізілсе де, оның тетігі адам қолында.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту. Балаларын қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінін, әсіресе, естияр ұрпақтың беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», - дейді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық тәрбиемен ұштас отбасындағы бала тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Отбасы өміріндегі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Ата-аналардың жақсы үлгісі баланың сана-сезім, ой дүниесінің өсуіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтпаған. Отбасы тәрбиесі бала дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Баланың өсуіне қарай, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талап та арта түседі. Баланың ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру бірінші қатарға қойылады, оның негізі мектепке дейінгі жаста қаланады. Балалар отбасында еңбекшілдікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, жинақылыққа, тәртіп мәдениетіне үйретіледі. Бала үй шаруашылығыңдағы жұмыстарға қатысу арқылы еңбек етуге үйренеді. Мектеп жасындағы баланы оқу еңбегіне үйретудің маңызы зор. Баланы оқу материалымен өз бетінше жұмыс істеуге, білім меңгеруде табандылыққа, жігерлілікке үйрету, мамандыққа баулу отбасының басты міндеті. Отбасы тәрбиесі ата-аналардың оқытушы, жұртшылықпен бірлескен тәрбие жұмысының нәтижесінде жүзеге асады.
Тәрбиеде көп мағына жатыр. Баланың өсуіне, олардың рухани түрде жетілуіне, адамгершіліктің қалыптасуына көңіл бөлмеген соң олар тасбауыр, қайырымсыз боп өседі. Атақты кеңестік педогог Василий Александрович Сухаменнский осы тәрбие туралы былай деді: «Тасбауыршылық адамдарға немқұрайды, ол немқұрайлық – мен-мендікті, мен-мендек – қатыгездікті тудырады».
Ал енді балаларды, жастарды қай халық баласын ерекше сүйіп, құрметпен, мәпелеп өсіруге тырысады. Мұнда да адамгершілікке байланысты көптеген жайлар бар. Алдымен жастарды, балаларды еркелетіп, мәпелеп «құлыным», «ботам», «шырыным» деп отырып, оларға қатал да болып, тәртіпке шақырып, жаман әдет-ғұрыптардан жирендіріп отыру керек. Баяғыда ананың ақ сүтіне аузы тиген балаға, «ешкімнің ала жібін аттап басушы болма» деп үйреткен. Айталық Тәукенің Жеті жарғысында осы ұрпаққа қарсы, адамгершілікті тәрбиелеу мәселелер туралы көп айтылады.
Адамгершілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл – адамның бала жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
– адамның қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру;
– адамдарды адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру;
– балардың санасына және мінезіне педогогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету;
– отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жоғары адамгершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру, біріншіден, тәрбие процесінің обьективті және субьективті жақтарын бірлігіне, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі. Екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты. Үлкендерді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Отбасыны нығайту – қоғамның әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты, қоғам оған тікелей мүдделі: экономакалық, әлеуметтік, рухани дағдарыс отбасы дағдарысын да туғызады. Ал оның тұрақтылығы отбасы мазмұнын байытып, атқаратын қызметін іске асыруға да жағдай жасайды. Отбасы адамгершілік тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізгі факторлары.
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен
әлеуметтік-педагогикалық
Отбасы бірқатар көкейкесті мәселелерге тап болады, олардың белгілі бір бөлігін әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың көмегінсіз шеше алмайды. Көмекті қажет ететіндерге көмек беру бойынша барлық функцияларды әлеуметтік жұмыс субьектісі, яғни әлеуметтік жұмыс процесіне қатысатын адамдар мен ұйымдар атқарады. Бұл әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы бүкіл бір мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, конфессиялар, жергілікті жерді басқару органдары, т.б. болуы мүмкін.
Әлеуметтік жұмыс органдары қоғамға, оның мүшелерінің әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне көп әсер етеді. Отбасымен әлеуметтік жұмысты құрайтын негізгі компонент ұйымдастырушылық-басқарушылық болып табылады, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы отбасымен әлеуметтік жұмыстың мақсаттарына, міндеттеріне, функцияларына неғұрлым адекватты сәйкес келсе, соғұрлым қоғамның әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне әсер етеді.
Соңғы он жылда мамандар отбасымен әлеуметтік жұмысты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыруға байланысты белсенді ізденіс үстінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымның астарында басқару органдары элементтерінің жиынтығы және олардың арасындағы тұрақты байланыс түсіндіріледі. Ол әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде негізгі қасиеттерді сақтап қалуды, толыққандылықты қамтамасыз етеді.
Отбасымен әлеуметтік жұмысты басқару органдарының негізгі бағыты әлеуметтік жұмысты басқару органдарының қызмет жүйесі арқылы отбасының толыққанды өмір сүруін жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі кезде басқарудың 3 деңгейін бөліп көретеді:
1. жоғарғы институтционалды деңгей, бұл Қазақстан Республикасы, яғни республикалық органдар;
2. орташа, басқарушылық деңгей, бұл облыстардың, қалалардың, аудандардың әлеуметтік қорғау органдары;
3. төменгі деңгей, бұл әлеуметтік ұйымдар, әр түрлі мемлекеттік емес (қайырымдылық) қоғамдық ұйымдар.
Институтционалды деңгейді қарастырсақ, мемлекеттік деңгейдегі басқарудың құрылымдық ұйымдарының позитивті өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін транформациясының тарихын қарасақ, отбасымен әлеуметтік жұмыстың дамуына 1990 жылы министрлер кеңесінде құрылған отбасы істері жөніндегі және демографиялық саясат комитеттің айналысуы тарихи қалыптасуы үлкен әсер етті. Осы уақыттан бастап мемлекет комитет атынан әлеуметтік жұмысты кәсіби іс-әрекеттің жеке бір түрі ретінде дамыту керектігіне көңіл бөлді.
Комитеттің негізгі міндетті республикадағы демографиялық ситуацияны жақсарту, отбасыға әлеуметтік-экономикалық, медико-әлеуметтік және құқықтық көмек беретін мемлекеттік жүйелер құру.
Комитетте отбасымен жұмыс келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
Комитет мемлекет билігіне өзінің отбасыға әлеуметтік көмек көрсететін комитеттер (бөлімшелер) қалыптастыру туралы ұсынысын енгізді. Оларға практикалық көмек ұйымдастыру мақсатында комитет отбасыға әлеуметтік көмек көрсететін комитеттер (бөлімшелер) туралы жоба жасап шығарды, екі аймақтық саяси семинар жиналыс өткізді, екі уақытша ғылыми зерттеу ұжымын құрды, сонымен қатар отбасыға әлеуметтік көмек көрсетудің ғылыми зерттеу орталығын құрды.
1991 жылдың қаңтарында отбасы істері жөніндегі және демографиялық саясат комитеті отбасыға және балаларға әлеуметтік көмек комитеті болып қайта құрылды. Призиденттің басқарушылық құрылымдарында отбасымен әлеуметтік жұмысты басқару органдарымен қалыптастыру шаралары 1992 жылы жүзеге асты. Жұмыстары ана мен бала, отбасының экономикалық және психологиялық қорғауымен жоғарылату, отбасы институтын нығайтуға бағытталған мемлекеттік органдардың, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдарының өзара әрекеттері мен күштерін біріктіру мақсатында отбасы, ана мен бала сұрақтары бойынша Президент жанынан координациялы комитет құрылды.
Координациялы комитет жұмысының негізгі бағыттары:
Осы кезде облыстардың халық депутаттары кеңесінің және атқарушы органдар деңгейінде сәйкес басқарушылық құрылымдарды қалыптастыру процесі басталған. Бірақ, отбасымен әлеуметтік жұмысты басқарудың орталық құрылымы оптималды болмады, себебі субьективті жағдайлардың қысымымен қалыптасты да, отбасыны әлеуметтік қолдау міндеттерін нәтижелі шешуге әсер етпеді. Сондықтан басқару органдарының қайта ұйымдастырылуы жалғасты.
Отбасыға және балаларға әлеуметтік көмек Комитетінің базасында 1992 жылы әлеуметтік сала министрлігінде отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша Департамент құрылды. Үкіметтің 1992 жылғы 28 қарашадағы қаулысына сәйкес Департаменттің негізгі әрекеттерінің бағыты:
Информация о работе Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс