Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 15:19, курсовая работа
Болашақ әлеуметтік құрылым ретінде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі қоғамдық талаптарымен қатар отбасылық топ мүшелерінің ндивидуалды талаптарының бейнесі болып табылады. Белгілі әлеуметтік функциялары бар. А.Г.Харчевқа сәйкес отбасы функцияларының спецификалық және спецификалық емес түрлерін бөліп көрсетуге болады. Спецификалық функциялар отбасы мәнінен шығып, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін бейнелейді, ал спецификалық емес функцияларға отбасының белгілі бір тарихи жағдайларда еріксіз орындаған және бейімделіп кеткен функцияларын жатқызады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
і отбасыН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы әлеуметтік топ ..................................................................................6
1.2 Отбасының негізгі қызметтері..............………….............................................10
1.3 Отбасы – тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі басты әлеуметтік институт...........................……………………………………………………...........16
ІІ ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ
2.1 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру негіздері......................................................................................................................23
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы.............................27
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері.............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................40
Басқарудың облыстық органдарының практикалық тәжірбиесін және нәтижелерін талдай отырып, 2 функциялар тобын бөліп көрсетуге болады:
– стратегиялық;
Бірінші топқа мақсатты таңдау мен қою, ақпаратты талдау, отбасымен әлеуметтік жұмысты басқарудың барлық сатысын мамандармен қамтамасыз ету және жоспарлау.
Ал тактикалық функцияларға қабылданған шешімдерді, координацияны, есеппен бақылауды жатқызамыз.
Іс жүзінде барлық
қоғамның ұйымдастырушылық құрылымдары,
мен мемлекеттік билік
2.2 Отбасылық кеңес берудің жалпы принциптері мен дамуы
«Отбасы – қоғамның бір бөлігі (кіші әлеуметтік топ), ерлі-зайыпты одақ пен туыстық байланыстарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни күйеуі мен әйелі, ата-ана мен баласы, аға-қарындас пен басқа да бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы қарым-қатынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы» - деп Э.Г.Эдимиллер отбасына анықтама береді. Отбасы – бұл отбасы мүшелері оның элементі болып табылатын жүйе, олар бір-бірімен белгілі қарым-қатынас түрімен, ерлі -зайыптық, ата-аналық, балалық, туыстық және т.с.с. қатынастарымен байланысқан.
Отбасына деген қызығушылықтың пайда болу датасын белгілі емес, бірақ ХХ ғасырда екені анық. Психиатрлар клиникалық және әлеуметтік психологтар отбасын жуйелі зерттей бастады. Бұл зерттеулер отбасы құрлымын, тәрбие процесін, оның мүшелері арасындағы өзара байланыс, лидерлік, отбасылық конфликт пен оларды шешудің жолдарын қарастырады. Отбасылық кеңес беру отбасы психотерапиясының бір түрі ретінде өзінің айрықша белгісіне, іске араласудың көлемі мен шегіне иеленеді. Ол отбасы психотерапиясымен параллель бұл екі түрі бір-бірін өзара толықтырып отырады.
Отбасылық кеңес берудің
негізгі міндеті кеңес
Психологиялық кеңес
берудің психотерапиядан
Отбасылық кеңес берудің
әдіс-тәсілдерінің әртүрлілігі түрлі
теориялық концепциялармен
Жоғарыда айтылған мектептің өкілдерінің отбасылық кеңес беруді өткіздің практикалық тәсілдерін тұжырымдап, Э.Г.Эйдемиллер, Н.В.Александрова, Н.Л.Васильева, А.И.Вовк сияқты психотерапевтер өздерінің көп жылдық отбасылық кеңес берудегі тәжірбиесін қолдана отырып, отбасылық кеңсе берудің принциптері мен ережелерін қалыптастырды:
а) Кеңес беруге қатысушылармен
қалыптасқан жүріс-тұрыс
ә) Жүріс-тұрыстың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу – «шешімдер желпеуіші».
1958 жылы Н.Аккерман
«Отбасының психикалық
Отбасылық терапияда түрлі бағыттар айқындалады, мысалы келесі:
Отбасылық терапевтердің ішіндегі ең атақтылары Т.Лидз, М.Боуэн, Ф.Форм-Ричман, Л.Уайнн, Н.Аккерман, К.Витакер, Д.Джексон, Э.Шострум, Дж.Хейли, В.Сатир, Д.Фрамо, С.Минухин, Г.Зак. Терминологиядағы әр алуандылыққа қарамастан, терапевтердің әртүрлі теориялары мен көзқарасына қарамастан, олардың бәрі отбасын тұтас, бүтін ағза ретінде қарайды.
Қазіргі шетелдік отбасы психотрапевтерінің ішіндегі көп айтылатындары К.Витакер, В.Сатир, С.Минухин. Карл Витакер отбасылық психотерапия саласында өз жұмысын психоаналитикалық дәстүрде бастады. Ол көбіне санадан тыс процестерге назар аударды. Вирджения Сатир – гуманистік бағдардағы танымал отбасылық терапевт. Отбасылармен жұмыс жасай отырып, ол өз қызметін отбасының ішкі қарым-қатынас стилін, отбасының барлық мүшелерінің өзін-өзі құрметтеуін көтеруді түсіндіруге бағыттаған. Сатир өзін-өзі бағалау – адам дамуының негізгі қозғаушы механизмі дейді. Сатир терапиясы көбіне оқумен айналысады, ол көптеген жаттығулар мен техника, отбасылық терапия үшін ойындар ұсынады. Оның терапиясы – тәжірибе терапиясы, мұнда ол клиенттерді жүріс-тұрыстың жаңа рөлдері мен стиліне үйретеді. Қазіргі уақытта отбасылық кеңес беру психотерапиялық көмек түрі ретінде кең сұранысқа ие. Денсаулық сақтау министрлігімен қатар, отбасылық кеңес берушілер білім беру жүйесінде – психологиялық орталықтарда, мектептерде, сонымен қатар әлеуметтік қорғау министрлігі шеңберіндегі мекемелер мен балаларды қорғау комитеттерінде пайда болды.
2.3 Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты дамыту ерекшеліктері
Отбасы барынша әмбебап, бәрін қамтитын әлеуметтік институт бола отырып, іс жүзінде барлық әлеуметтік мәселелерді бейнелейді. Олар:
Әлеуметтік жұмыскердің міндеті – осындай отбасыларға көмек көрсету. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерді отбасылардың әр түрлі типтерімен, әр түрлі этникалық және діни дәстүрлері бар мәдени ұқсас емес қабаттарымен, клиенттердің максималды шиеленіскен мәселелерімен, әлеуметтік қысым көрген, фрустрацияланған адамдармен жұмыс күтіп тұрғандығын ұмытпау керек.
Кез келген отбасымен, әсіресе
эмоционалды климаты
Мұндай отбасылармен әлеуметтік жұмыс отбасылық мәселені мұқият зерттеуден, ерлі-зайыпты тұлғалармен және олардың отбасылық және некелік ұстанымдарымен жақынырақ танысудан басталады.
Истерия, психоастения сияқты тұлғаның негативті ерекшеліктері өзара қарым-қатынасты бұзуға себепші болуы мүмкін. Отбасы-некелік ұстанымдардағы маңызды айырмашылықтар ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін, алайда өзгеріс сәттерінде ерлі-зайыптылар отбасының әр түрлі модельдерін ұстанатындығы, бала тәрбиесінде эмоционалдық, тұрмыстық, қаржылық және т.б. өзара қарым-қатынастарда әр түрлі көзқараста екендігі белгілі болды. Сәйкесінше мұндай ситуацияларда отбасылық терапия мәдени-мағыналық сферада компромисс табуды, әлеуметтік-психологиялық стереотиптерді коррекциялауды, конфликтке жол бермейтін жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуі тиіс.
Отбасындағы күш көрсету – ол жиілігі арта түсіп, қайталанып отыратын цикл. Оған бақылау мақсатындағы тәндік, ауызша, рухани және экономикалық жәбірлеулер, қорқыту, үрей сезімінің билеп алуы жатады. Мұнда біреудің өзге адамның жүріс-тұрысы мен сезімін бақылауы немесе бақылауға ұмтылуы деген сөз. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жәбірлеуші мен жәбір көруші арасындағы табиғи қарым-қатынасты анықтайтын арнаулы категориядан, сондай-ақ олардың өмір сүру жағдайларынан тұрады. Мысалы: балаларға қатал қарау, жұбайына немесе құрбысына қарсы бағытталған зорлық-зомбылық қарсы күш көрсету.
Үй-ішілік күш көрсету – бұл тәндік қатыгездік пен жыныстық зорлық-зомбылық, отбасы бюджетін бөлудегі әйел құқықтарының қысымшылыққа ұшырауы, репродуктивті құқықтарынан қысым көруі деген сөз. Үй ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайлары жалпы үй шаруашылығын жүргізуші отбасылық ортада немесе адамдар арасындағы орын алады. Бір адам өзге біреулерді моральдық немесе тәндік мәжбүрлеу жолымен өзіне бағындырып алады.
Отбасылық зорлық-зомбылықтың шегі болмайды. Ондай жағдайлар ері мен әйелі арасында, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында, отбасының ересек мүшелері мен балалар арасында, балалар мен олардың биологиялық ата-аналарының бірінің жаңа жұбайлар арасында, ата-аналар мен асырап алған балалар арасында, бір ауыз сөзбен айтқанда кез келген отбасылық ортада бола береді. Алайда, әйел құқықтары саласында халықаралық құқықтардың ажырамас бір бөлігі болып саналады. Әйелдерге қатысты күш көрсету адам құқықтарының бұзылуы деген сөз, сондықтан да зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін, тіпті отбасылық ортада болса да үкімет пен мемлекеттік органдар тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Мұндай жұмыс индивидуалды әңгіме немесе интервью жолымен, топтық психотерапия немесе ойын терапиясы арқылы жүргізіледі. Белсенді қолданатын әдістемелер қатарына «иә терапиясы» деп аталатын – аутодиагностикалық және психокоррекциялық әдістеме жатады. Оның көмегімен конфликттегі ерлі-зайыптылар бір-біріне деген эмоционалды-психикалық негативті қарым-қатынасын рационализациялайды. Оны жүзеге асыру барысында ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қарым-қатынасының әр түрлі жақтарына қатысты нақты қалыптастырылған сұрақтарға «ия» немесе «жоқ», деп жауап беру ұсынылады. Оңды немесе кері жауаптарды баланстау нәтижесінде жауап беруші ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін кінәлаудан бас тартуымен қатар, оған қатысты шынымен қатынасын жақсартқысы келеді ме, әлде ситуация ажырасуға, қарым-қатынастың үзілуіне алып келе жатыр ма деген сауалдарға өзінің шынайы жауабын, тілегін анықтайды.
Диагностикалық әдістемелердің біреуіне батыста кеңінен қолданатын әдіс болып табылатын «мүсіндік топ» әдісі жатады. Мұнда отбасы мүшелері композиция жасау кезінде өздерінің отбасылық қарым-қатынас туралы елестетулерін көрсетеді. Және де осы мүсіндік топтағы отбасы мүшелерінің орнын талқылағанда әр отбасы мүшесіне өзінің позициясына және олардың сәйкес келмеуіне шынайы баға береді.
Отбасылық мәселені сезінудің диагностикалық қана емес, терапиялық та маңызы бар. Сондай көп жақты әдістемелердің бірі отбасының генограммасын құру болып табылады. Генограмма – бұл отбасы тарихының схемасы, ол белгілі бір тәртіппен құрылады және ата-бабалардан зерттелуші отбасыға дейін келе жатқан отбасылық өзара қарым-қатынасты зерттейді.
Информация о работе Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс