Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 21:52, реферат
Тарихи және саяси қатынастары ұғымдары.
2. Әлеуметтік және саяси философияда тарихы түсіну.
3. Тарих философиясы мәні мен жүйесі.
Дәрістер
Саяси философия және тарих философиясы
Тақырыбы: Саяси философия және тарих философиясының пайда
болуы және дамуы
2. Әлеуметтік және саяси философияда тарихы түсіну.
3. Тарих философиясы мәні мен жүйесі.
«Тарих философиясы» термині туралы алуан анықтамалар болғанымен, ол тек тарихи процесті тудыратын, себептері туралы, оның алуан өркениеттегі, діндегі рөлі мен орны, қоғам мен тұлғаның өзара қарым-қатынасы туралы айтылады. Тарих философиясының басты сұрақтарының бірі – ол тарихи процестің және оның аяқталу мүмкіндігі болып табылады. Ол ХХ ғасырда тарихттың соңы туралы пікірталастар адамзат баласын толғандырған мәселе болды.
Саяси, тарихты философиялық тұрғыдан түсіну антикалық философия тарихнамаларында кездеседі. Орта ғасырда тарих философиясының тарихнамасы теологиялық тұрғыдан қарастырылды. Философияның ерекше бөлімі ретінде тарих философиясы тек ХVІІІ-ғасырда қалыптасты. «Тарих философиясы» терминін Ф.А.Вольтер 1765 жылы енгізді, тарихтың жалпы салмақты көрінісін жасау үшін. Ағартушылық кезеңінің өкілдері Тюрго мен Кондорсе «прогресс» тарихтың мәні деген концепция жасады. Гердердің тұжырымдауынша, адамзаттың тарихи даму принциптерін біріктіре отырып, әлемдік тарихты біртұтас процесс ретінде сипаттама жасады. И.Г.Гердердің еңбегінде тарих философиясы автономды пән секілді құрастырылады. Бүл ғылымның Оның елеулі дамуына әсер еткендер Г.В.Гегель, К.Маркс, О.Конт, Н.Я.Данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Поппер, П.А.Сорокин, К.Ясперс және т.б. Гегельдің концепциясы бойынша – классикалық тарих философиясының жоғарғы жетістігі – тарихи процесті провиденциалды ақылмен көрсетеді.
Саяси,тарих философиясының мазмұны мен проблематикасы уақыт ағымымен өзгеріске ұшырады. Қазіргі тарих философиясының міндеттеріне кіреді:
- Адамзаттың даму тарихын зерттеу, эпохаларға, өркениеттерге, мәдениеттерге бөлінеді және оның ортақ сызбасын көрсетеді;
- Тарихи процесті
талдаудың ортақ формалары, өткен
мен қазіргі, болашақ арасындағы
қатынас сипаттамасын
- Басты тарихи эволюцияның факторларын зерттеу;
- Тарихтың мәнін зерттеу,
оның бағыттары мен мақсаттары,
егер мәні деген не
- Адамзаттың бірдей қалыптасуы процесін зерттеу, сәйкесінше, әлемдік тарихты;
- Болашақ дамудың
ортақ тұстарын немесе
- Тарих ғылымының пәнін
талдау және тарихи пәндерді
байланыстыратын факторларды
Бұл міндеттерді шешуде тарих философиясы мен «тарих» ғылымы тығыз байланыста болуы тиіс. Сирек пайда болатын арасындағы полемика мен өзара түсіністік екеуіне де қиын деген күдік туғызады, егер жалпы болса, бірін-бірінсіз мүмкін. Белгілі пікірді айта отырып, тарих философиясы тарих ғылымынсыз бос, ал «тарих» ғылымы тарих философиясыз мүмкін емес. «Тарих» ғылымы мен тарих философиясы шынайы тарихқа байланысты өз көзқарастарында ерекшеленеді. Тарихшы тек өткен және өткенмен айналысуға тырысады. Ол болашаққа болжам жасап, көз салмайды.
Ол тек орын алған
оқиғаларды қарастырады және
тарихи ойлау экспериментіне, сонымен
қатар оқиғаның мүмкін жолына
қарсы болады. Тарихшы өткенге
қазіргі арқылы қарайды, ол оның
көруінің жетістігін
Қазіргі және болашақ туралы көріністерді анықтау тарихи-философиялық тұжырымдардың ортақ шегарасын анықтайды. Тарих философиясы сонымен қатар қарастыратыны тарихи дамудың болуы мүмкін нұсқаларды қарастырады. Тарих секілді, тарих философиясы қазіргіден, яғни тарихшының қазіргі туралы пікірінен анағұрлым ауқымда қарастырады. Тарихшы қазіргі туралы пікірін вербализациялауға тырыспайды, одан алыстауға тырысады, ал тарих философиясы қазіргі туралы өткен мен болашақтың арасы деп пікірін ашық білдіреді. «Тарих» ғылымы, айтылса, ол ешнәрсе оқытпайды, нақтылай келгенде, замандастарын үйретуге тырыспайды. Тарих философиясы өткен мен болашақ арасындағы қазіргі кезді байланысты көре отырып, осы байланысты тереңнен қарастырады.
Тарих философиясының өзектілігі,Марксистік «тоталды-философиялық синтезі» құрдымға кеткен соң, посткеңістік интелектуалдылық фармацияға әсері мол болды. Тоталды синтезге ұмтылу қазіргі кезеңде тоталитарлық искушение көрінісін тудырып, әлемнің жабық бейнесін жасауға әкеп соғады.
Тоталитарлық тәжірбиеден өтпеген елдерде философиялық теоретизировалауды жөн көрмейді. Бұл әлемнің біртұтас болып бейне ретінде жинақталатын метафизикалық еріктің жоғалуына әкеп соқтырады. Бұған тарих философиясы да кіреді. Бүгінде тарих философиясын ғылымға дейінгі білім ретінде бағаланып, тәжірбиеден тыс және жаңа ұрпақтың тарихты жасау еркіндігіне кедергі болады. Тарих философиясына «тыйым» салу жалпы постмодернистік ұстанымға сай, адамның тәжірбиені мәселе ретінде қабылдау емес, оны «нақта факт», яғни оған ойлау қабілетіміз бен моралды бейімдеуіміз қажет. Оның негізінде «ашық қоғам» және «ашық тарих» ұғымы түсіндіріледі. Сұрақ туындайды: постмодернистік өнер бізді нормасы анықталмаған, мақсаты мен мәні жоқ, ашақ емес, жабық тарихқа итермелеп, «после нас хоть попот» жағдайына әкелмейді ме. Тарихи болмыс өзінің кумулятивті сипаттамасымен ерекшеленеді: ол өз бойына тәжірбие мен материалды, рухани құндылық жинақтайды. Тотолитарлы қоғамды «үлкен мақсаттар» үшін сынайды, ол тұрмыстағы адамның қажеттіліктеріне сай келмейді. Бұл үлкен мақсаттың зияндығын көрсетпейді. Белгілі жүйеден тыс мақсаттардың кезеңдері мен иерерхизациясы болмайды. Индивидуалды биография да осыған сай құрылыды: алдымен адамдар білім алуға ұмтылады, білімін жинақтайды, бір сәттік мақсаттарға күш жұмсамайды, бұл капиталды болашаққа жинақтайды.
Тұрақты эпохада сабақтастық жаңа ұрпақтардың импровизациясынан үстем болғанда, адамның тәртібінің бағдарламалануы жоғары болады. Бірақ, өзгермелі эпохада, сабақтастық механизмі дұрыс болмай, тұлғалық моралды фактор күшейеді. Тарихи сананың гуманитаризациялануы басты міндет, оны шешу мүмкін емес, егерде тарихтағы «лапластық» детерминизмнен арылмасақ. Бүгінде адамзат баласына тарихқа сенімін қайтара отырып, болашаққа инвестиция жасау мен емес, кеңістіктік ортаға оралуы қажет.
Тақырыбы: Антикалық және ортағасырлық саясат және тарих философиясының қалыптасуы.
1. Антикалық және ортағасырлық саясат философиясы
2. Ортағасырлық саясат және тарих философиясының қалыптасуы.
3. Тарих философиясының даму ерекшеліктері.
Алғашқы антика ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық ізденістерінде, өз күретамырын еуропалық рационалисттік дәстүрлерден қалайтын қоғамдық өмірдің алғашқы рухани бастауларын түсінуге деген құштарлық байқалады. Ежелгі грек философиясының категориялық аппаратын ассимиляцияландыра отырып, патристика және орта ғасырлар кезеңінің христиан авторлары, ал кейінірек Жаңа кезеңнің теориялық негіздері өз назарларын тарихтың даму схемасына аударады. Тек кейінірек қана адамның өткенді үйрене білу, қабілеті күрделі талдауға салынады. Өйткені, өткен уақыт осы күн мен келешекпен тығыз сабақтасады. Тарихтың мағынасын түсінуде, туған сұрақтардан ғана, гносеологиялық және құндылықтар проблемасы толық мәнінде өзіндік философиялық қарқынын XIX ғ-дың екінші жартысында және XX ғ-да жаңғыртады.
Тарихтың тұтас мағынасы бар деп, қарау бірден қабылданған жоқ. Карл Левит былай деп жазады: «Гректер және римдіктер біз жекеше түрде атайтын «тарихты», олар «тарихтар» («historiae») деп, тек көпше түрде білген. Бұл Геродот, Фукидид, Татцит, Святоний және т.б. сияқты антика тарихшыларына әділ келеді. Тек Полибийдің шығармаларында тарихтың барлығына бір, яғни жалпы тарих атты жаңа тип пайда болады. Тарихтың бүкіләлемдік екендігі туралы идея, әртүрлі аудандар, елдер мен халықтар арасындағы байланыстың универсализациясымен бірге қалыптасты.
Антика философтары үшін «қоршаған орта тарихтың моделі болып табылады, керісінше, тарих – қоршаған ортаға модель бола алмайды».
(Лосев А.Ф.М., 1977). Антиканың
натуралистік тарихы
Христиандық түсініктеме бойынша, тарих – тұтастық, бірлік ретінде қаралады. Оның ішінде әлеуметтік дамудың диалектикасы провиденциальды-эсхатологиялық түсінік басым, тарихтың имманентті мақсаттың ізденуі басым, тарихтың «телосы» бар. «Киелі» тарихтың басты оқиғасы деп христиан философтары мен құдайға табынушылары Христостың дүниеге келуі деп санайды, сол оқиға барлық адамзаттың шығу тарихының мәнін түсіндіре біледі. Эсхатологиялық мифология – адамзат тарихындағы оқиғалардың жанжақтылығына толы бірқалыпты фон ретінде келеді. Шiркеудiң әкелерi адамның пайда болу уақытынан, ақырғы құтқаруға дейiн тарихтың теологиясын, әлеуметтiк өмiрдiң болжайтын көрiнулерiн құрады. Августин, Аквинат, Иоахим Флорский, ортағасырлық хронистер тарихты дәл осындай тұрғыда түсіндіреді. Тарихтың мағынасын христиандық аясында оның мазмұнына «субстанциальды» жол туылады.
Белгілі бір финалға
бағыт алған оның тұтастығын
қарастыруда, қоғамдық өмірдің уақытпен
бірге ашылатын біртұтастығын
табудағы ізденіс жатыр. Жалпы, тарихты
кезектес даму кезеңдеріне
Уақыт құдайдың жасау актімен бірге мәңгіліктен туады, ары қарай үш уақытқа бөлінетін сияқты, ал дәлірек болатын болсақ, өткені, бүгіні және келешек. Өткен күн – еске түсіру, келешек – үміт, шындық тек қана осы күн. Бұл дегеніміз, тарихта адам негізі болмыс ретінде өтеді, ал өткені мен келешекке ой ретінде аттанып отыру заңды нәрсе деп түсінілуі тиіс. Ең басты байқар нәрсе, Августинның тарихы «Град Божийдегі» (шіркеу мен оның идеалдары) күнәшілдер мен тақуалылардың бөлінуімен аяқталады, демек эсхатологиялық мінез қабылдайды (грек тіл. eshaton – соңғы, logos – сөз, білім), былай айтқанда, ол міндетті түрде аяқталады. Егер уақыт басталса, ең соңында аяқталады ол.
Қорытындыда жақсылықтың жамандықты жеңуіне қарай отырып, тарих және оның дамуы христиандық-теологиялық формадағы ерекше моральды мағына алады деуге болады.
Тап христиандық ортағасырлық философия әлемдік тарихты рухани мағынамен толтырады, оның ішіндегі бүкіләлемдік мақсатты көрсетеді, әлемдік-тарихи процестердің жалпылығын түсіну үшін методологиялық алғышарттарды жасайды. Тарихтың жалпылығы теологиялық тұрғыда Құдай мен адамның рухани және әлеуметтік даму толықтылық түріндегі біріктілігінде көрінеді. Патристика дәуірінде алдыңғы қатарға Аврелий Августиннің «Град Божий» (Шіркеудің) мен «Град Земной» (Мемлекеттің) эсхатологиялық диалектикасы шығады, схоластика дәуірінде теофания (Құдайдың келуі) идеясы кең мағына алады.
Бұл жерде тарихтың субстанциалистік концепцияларының бастауларын Жаңа кезең батыс-еуропа историософиясында іздеген жөн.
Барлық жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды көне әлемде саяси феномендер тұтастай қоғамдық құбылыстардан алынғанын байқаймыз. Әлеуметтік әлемдегі барлық білімдер, соның ішіндегі полистің қоғамдық-мемлекеттік болып біртұтас болуы – тұтас және ажырамас болды. Саясидің қоғамдық құбылыстардан ажырамайтындай өзіндік әмбебаптық орын алды. Антика адамының өмір аспектілерінің негізі мемлекет пен азаматтық, айғақтар мен құндылықтар, реалды мен идеалды т.б. білімдер тұтас-синкреттік сипатта болды. Сондықтан да адамдардың дүниені тануы жеке сфераларға бөлінбейтін және біртұтас болды.
Өздеріне дейінгі шыққан қорытындылардан жаңа дәуір ғалымдары өздерін бір саладағы білімнің маманы ретінде қарамады, керісінше адам өмірінің барлық тұстарын қамтитын даналық пен білімді ізденуші болды. Осыдан келіп шығатын философия (үнділік мағынада даршана), т.б. даналыққа құштарлық. Фалес күн мен айдың тұтылуын түсіндіре келе олардың жарығы Ай немесе Жермен қалқаланады деп, мұны философия деп атайды. «Менің айналысамын деп шешкен география жайлы ғылым, тағы да сол секілді өзге де ғылымдар философия жаттығуларына жатады деп есептеймін», - деп, көненің ұлы географы Страбон өз сөзін бастайды. Ол бұл тезисті айтудағы негізігі мақсаты мұндай іспен айналысатындардың барлығы философтар болған дейді. Страбон оларды Гомер, Анаксимандр, Демокрит, Динеарх, Полибия т.б. деп атайды. Страбонның тағы да бір пайымдауы қызығушылықты танытады, «поэзия жайлы жазған даналарды... ең алғашқы философияның түрі деп атайды».3
Ежелгі және ортағасырлық метафизикалық жүйелер философия тарихы жайында хабардар болмады. О.Шпенглер былай жазды: «Гректердің «космос» деп айтқандары қалыптасып келе жатқан емес, келе жатқан әлем көрінісі. Демек, гректің өзі қалыптасатын емес, келетін адам еді». Үндістер мен эллиндерге қалыптасып келе жатқан әлем көрінісі жат еді. «Бүкіл дүниежүзілік тарихы» - бұл бүкіл «адамзатқа» емес, батыс-еуропалық мәдениеттің адамдарына тән әлем көрінісі, Р.Х.1 –тен кейін 1000 және 2000 жылдар арасындағы уақыт аралығымен шектелген құбылыс (сәйкесінше гректер «философия тарихының» түсінігін де білмеді). V ғасырдың аяғына жуық арифметика, геометрия, астрономия және музыка секілді білім саласының белгілі бір жіктелімі орын алды. Көне дәуірдің соңында Карфагеннен шыққан Марциан Капелланың «Сатирикон» атты энциклопедиясында жеті еркін өнер жайында айтылған. Кейін грамматика, риторика және диалектика оқу тәжірибесінде (trivium) атауымен біріктіріліп, ал геометрия, арифметика, астрономия және музыка оқу тәжірибесінде (quadrivium) атауымен біріктірілді. Алайда, Аристотельдің физика, логика, физиология, этика, саясат, риторика және т.б. бойынша трактаттары көптеген ғасырлар бойы философияның ерекше бірыңғай энциклопедияның бөлігі ретінде қарастырылғанын естен шығармаған жөн.