Саяси философия және тарих философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 21:52, реферат

Описание работы

Тарихи және саяси қатынастары ұғымдары.
2. Әлеуметтік және саяси философияда тарихы түсіну.
3. Тарих философиясы мәні мен жүйесі.

Файлы: 1 файл

777.docx

— 90.49 Кб (Скачать файл)

Алғашқы антика ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық ізденістерінде, өз күретамырын еуропалық рационалисттік дәстүрлерден қалайтын қоғамдық өмірдің алғашқы рухани бастауларын түсінуге деген құштарлық байқалады. Ежелгі грек философиясының категориялық аппаратын ассимиляцияландыра отырып, патристика және орта ғасырлар кезеңінің христиан авторлары, ал кейінірек Жаңа кезеңнің теориялық негіздері  өз назарларын тарихтың даму схемасына аударады. Тек кейінірек қана адамның өткенді үйрене білу, қабілеті күрделі талдауға салынады. Өйткені,  өткен уақыт осы күн мен келешекпен тығыз сабақтасады. Тарихтың мағынасын түсінуде, туған сұрақтардан ғана, гносеологиялық және құндылықтар проблемасы толық мәнінде өзіндік философиялық қарқынын XIX ғ-дың екінші жартысында және XX ғ-да жаңғыртады.

Тарихтың тұтас мағынасы бар деп, қарау бірден қабылданған жоқ. Карл Левит былай деп жазады: «Гректер және римдіктер біз жекеше түрде атайтын «тарихты», олар «тарихтар» («historiae») деп, тек көпше түрде білген. Бұл Геродот,  Фукидид, Татцит, Святоний және т.б. сияқты антика тарихшыларына әділ келеді. Тек Полибийдің шығармаларында тарихтың барлығына бір, яғни жалпы тарих атты жаңа тип пайда болады. Тарихтың бүкіләлемдік екендігі туралы идея, әртүрлі аудандар, елдер мен халықтар арасындағы байланыстың универсализациясымен бірге қалыптасты.

Антика философтары үшін «қоршаған орта тарихтың моделі болып табылады, керісінше, тарих – қоршаған ортаға модель бола алмайды».

(Лосев А.Ф.М., 1977). Антиканың  натуралистік тарихы адамзаттың  шығу тарихы проблемаларын қарастырмайды, оның орнына толығымен ағымдылықты  (циклизмді) қолдайды, бірақ, оның шекарасында  да тарихи жайлы  кезең  тоқтамастан  жылжып келетін уақыттың қарама-қайшылықтары  туады, яғни «хронос» пен «кайрос» - тарихи жайлы кезеңділіктің  соңында християндық ойлаудың  үлгісі болады. Тарих мағынасын  христиандық тұрғыда қарастыру, оны әдейі бір тұтастық, біріктілік  түрінде түсіндіреді.

Христиандық түсініктеме бойынша, тарих – тұтастық, бірлік ретінде қаралады. Оның ішінде әлеуметтік дамудың диалектикасы провиденциальды-эсхатологиялық түсінік басым, тарихтың имманентті мақсаттың     ізденуі басым, тарихтың «телосы» бар. «Киелі» тарихтың басты оқиғасы  деп христиан философтары мен құдайға табынушылары Христостың   дүниеге  келуі  деп санайды, сол оқиға барлық адамзаттың шығу тарихының мәнін түсіндіре біледі. Эсхатологиялық мифология – адамзат тарихындағы оқиғалардың жанжақтылығына толы бірқалыпты фон ретінде келеді. Шiркеудiң әкелерi адамның пайда болу уақытынан, ақырғы құтқаруға дейiн тарихтың теологиясын, әлеуметтiк өмiрдiң болжайтын көрiнулерiн құрады. Августин, Аквинат, Иоахим Флорский, ортағасырлық хронистер тарихты дәл осындай тұрғыда түсіндіреді. Тарихтың мағынасын христиандық аясында оның мазмұнына «субстанциальды» жол туылады.

 Белгілі бір финалға  бағыт алған оның тұтастығын  қарастыруда, қоғамдық өмірдің  уақытпен  бірге  ашылатын біртұтастығын  табудағы ізденіс жатыр. Жалпы, тарихты  кезектес даму кезеңдеріне бөліп  таныстыру өз  түбірін  терең  ортағасырлардан алады. Алғашқылардың  бірі болып, осыны түсінген және  оны концептуальды түрде көрсете  білген, Августин Аврелий еді (б.з. 354-439 ғғ.), христиандық дін ілімінің  негізін салушылардың. бірі. Оның  «Град Божий» еңбегінде, біз адамзат  өзінің дамуында белгілі кезеңдерден  өтетіні туралы қарастырылады, олар  осы кезеңдердің бастамасы ретінде  алынған Інжіл оқиғаларымен тығыз  байланыстырады.  Августин  бұл  кезеңдерді адамның сәби кезінен   қартайған  шағына  дейінгі даму  кезеңдерімен байланыстырады. Дәл  сол  еңбегінде,  біз автордың  уақыт жайлы қызықты ойларын  айтады.

 

Тақырыбы:  Саяси   және тарихи  әлем  онтологиясы .

 

Саяси философияның не екені туралы сұраққа жауап іздеу үшін, саяси философиялық рефлесияның объектісі не екенін және саяси философияның зерттеу пәні не екенін анықтау керек. Әлбетте, бұл саяси әлем оның дүниетанымдық және парадигмалық өлшемдерінде. Бірақ бұл өлшемдердің өзін біздің әлем және саяси жүйе туралы түсінігімізсіз анықтау мүмкін емес. Кез-келген түсініктің мазмұны мен мәнін анықтаудың бір жолы – бұл оның негізгі сұлбасы, параметрлері мен құрамдас элементтерін анықтап алу. Саяси әлемді анықтау мәселесі өзі мен адам өмірінің басқа жүйелері арасында шек қою мәселесі ретінде нақтыланады. Атақты неміс философы К.Шмитт айтқандай саяси «адам ойы мен әрекетінің әртүрлі өзіндік пәндік салаларына қатысты, әсіресе моралдық, эстетикалық, экономикалыққа қарсы өзіне тән әрекет ете бастайтын» өзіндік критерилерге ие [1].

Саяси әлем адам қоғамдыстығының негізгі жүйесінің бірі бола отырып, күрделі және көпқабатты құбылыстар, институттар, қатынастар, процесстер және т.б. кешенін білдіреді. Саяси әлемнің маңызды құрылымдық философиялық құрамы -  саяси қатынастар. Егер қатынастар туралы айтар болсақ, әрине, осы қатынастардың субъектілері де болады.

 

 

--------------------------------------------------------------------------------

1. Шмитт К. Понятие политического //Вопросы социологии. 1992. №1. 39 бет.

 

К.Маркстің саясаттың және саяси қатынастардың субъектісі ретінде класстарды, В.Парето және Г.Моска – элиталарды, А.Бентли, Д.Трумен және басқалар – мүдделі топтарды қарастырды. Дегенмен, саяси қатынастардың әр түрлі саяси институттар, әлеуметтік саяси күштер арасында жүзеге асатынын білеміз. Басқаша айтқанда басқалар да саяси қатынастардың субъектілері ретінде бола алады.

Сондықтан, саяси шындық пен феномендерді, қоғамдық сана, әлеуметтік мәдени және саяси мәдени, саяси әлем саласымен байланысты болған, саяси қарым қатынас механизмдері және құралдары, қатынас жүйесін есепке алмай түсіну мүмкін емес. Жоғарыда көрсетілгендей саяси оның субъективтік инфрақұрылымын қамтамасыз ететін, идеология мен әртүрлі идеялық саяси ағымдар маңызды орын алатын, әлемдік көзқарасты безендіреді. Біз саяси әлем туралы айтқан кезде ең алдымен олардың қалыпты қызмет етуі, бір бірімен қарым қатынасы үшін әр нақты жағдайда болған, тұрып қалған, статикалық жағдайлар, функциялар, құрамдас элементтер, феномендерді айтамыз. Бірақ саяси мұнымен шектеліп қалмайды, өйткені саясидың маңызды сипаттарының бірі динамика, яғни, бұл сала әрқашан өзгеріп отырады. Сонымен қатар саясидың құрамына теориялық және әлеуметтік философиялық интегралдық бөліктер кіреді. Бұл контексте саяси философия саяси білімдердің және дәстүрлердің, саяси жүйелер мен идеялық саяси парадигмалардың және ағымдардың және т.б. тарихын қамтиды.

Бұл жерде саяси әлемнің орталығында мемлекет, билік және билік қатынастары орналасады. Олар саяси философия мен саяси ғылымның негізін қалаушы категорияларды құрайды және саясаттың, саяси институттардың және барлық саяси әлемнің мақсаты мен мәнін түсінуге жол ашады. Тек билік пен мемлекет табиғаты туралы мәселені ашқанда ғана, саясатты барлық қоғамдық жүйеден және қоғамдық қатынастар кешенінен бөліп алуға болады.

Мемлекетке дейінгі кезеңде, мысалы алғашқы қауымдық дәуірдегі саяси туралы айту құқыққа сай екендігі туралы мәселе көп талқыланады. Ежелгі әлемде және ортағасырда мемлекет пен билік саясидың бір бөлігін құрады, ол өз кезегінде біртұтас адам қауымынан өзіндік жүйе ретінде әлі бөлініп шықпаған. Жоғарыда көрсетілгендей антикалық Грецияда полис өзіндік саяси институттар және қатынастармен қоса, адам өмірінің басқа да саласына қатысты, институттар, нормалар, құндылықтар, ұйымдық формаларды қамтыды. Бұл ежелгі әлем мен орта ғасырлық мемлекеттердің барлық формаларына тәжірибе жүзінлде қолдану мүмкін және дұрыс болды. Мемлекет саясат бар жерде болады, бірақ саясат өзі мемлекеттен тыс бола алады. Мысалы – әр түрлі халықаралық ұйымдарда, мемлекет әрқашан анықтаушы роль атқара бермейді. Қалай болғанда да, «мемлекет» және «саясат», «мемлекет» және «саяси» түсініктерінің тығыз байланысты екені айтпаса да белгілі. К.Шмитт «мемлекет түсінігі саяси түсінігін білдіреді» деп әділ атап өткен. Оның сөзіне сәйкес, «мемлекет аумақтық тұйықтықта ұйымдастырылған, халықтың саяси мәртебесі. Мемлекет сөздік мағынасы және тарихи көрінісі бойынша халықтың ерекше жағдайы ... бұл – тек қана мәртебе». Шмиттің айтуынша, бұл екі белгі де – мәртебе және халық – үлкен белгінің, яғни, саясидың арқасында мәнге ие болды [1].

Кейбір авторлар билікке сондай үлкен мән бергені сонша, оны жалпы саяси әлеммен теңестіреді. Мысалы американ саясаткері Дж.Кетлиннің ойынша «саяси ғылым биліктің қоғамдағы зерттелуіне, яғни, билік туралы ғылымға айнала бастады. Бұл билікке деген щынайы ерік туралы және қоғамдағы тиімді үйлесім туралы ғылым». Бұл жерде саяси ғылым тек қана билік феноменін зерттейтін пән ретінде сипатталады. Билік 6 тарауда көрсетілгендей, мемлекет пайда болғанға дейін өмір сүрген, ол адамның үйірлік жағдайдан шығуымен бірге пайда болды. Соған қарамастан сол кезге қатысты билік институттарының институтталуы, мемлекеттік және саяси биліктің табу, тыйымдар жүйесінен алғашқы қауымның барлық көрінісінде өмір қызметін реттеу формасынан бөлінуі туралы айтуға болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен және мемлекеттің пайда болуымен қауым бастығының беделінің орнына жария билік беделі келді. Мемлекет атынан қоғам үстінен қарайтын, ерекше мәжбүрлеу мекемелері, билік аппараты пада болды. Басқаша айтқанда мемлекет те билік те бірін-бірі толықтырып, күшейтіп тұрады. Мемлекет – билік пен билік қатынастарының басты немесе жалғыз субъектісі. Осы сапасымен олар саяси әлемнің орталық немесе осьтік элементін құрайды.

Әдетте саяси салада мемлекеттің немесе үкіметтің, қоғамдық саяси құрылымдардың әрекеттері мен шаралары ғана, мәнге ие болмайды, сонымен қатар олардың бағалануы және қабылдануы, олардың қандай контексте берілуі және т.б. маңызды. Қоғамдағы үстемдікке ие болған нормалар мен ережелер, жүріп-тұру стереотиптері, вербалды реакциялар, саяси символика және белгілер жүйесі және ұлттық мәдениеттің басқа да компоненттері маңыздылыққа ие. Мәдениет адамның өмірін және оның әлеуметтік-тарихи өмір сүру ортасын, негізгі инфрақұрылымын білдіреді. Әр халықтың ұлттық санасының массивінде осы халықтың рухын, мінезін, ментаитетін анықтайтын базистік, туа біткен элементтері болады және олар оның саяси жүйесіне туа біткен мөр қоя алмайды.

Сондай-ақ адам табиғаты өзін белгілі бір мәдениетпен, дәстүрмен, ол өзі мақтан тұтатын, өзінің тілінің, белгісінің бар болғандығымен, адамды адам ететіндігімен теңестіре алмайды. Ұлттық мәдениетте адам өзінің бейнесін іздейді, онда ол өзін өзіне ұқсастарға теңестіреді, басқаша айтқанда өзін таниды. Адамның өмір сүру формасы бола тұра, мәдениет адамның бар болкына және мәніне де қатысты. Мәдениет – адамның егеменді өмір сүруінің негізі десе де болады.

Бұл мәселенің жекелеген аспектілері біздің әдебиетте көрініс тапқан. Бұл жерде саяси философия мен адамдардың әлемге деген саяси көзқарасының бірқатар маңызды аспектілері аздап өзгерген формада көрініс тапқан, саяси мәдениет туралы мәселе қарастырылғанымен шектелейік.

------------------------------------------------------------------------------

1. Қара.: Шмитт К. Понятие политического//Вопросы социологии. 1992. №1. 37 бет.

Саяси мәдениет – ұлттық және әлеуметтік саяси қоғамның саяси әлем, заңдар және олардың жүзеге асу ережелері туралы көріністер кешені. Оның құрамына көп уақыт бойы қалыптасқан, саяси дәстүрлер, әрекет етуші саяси тәжірибе нормалары, идеялар, концепциялар және әр түрлі қоғамдық саяси институттар арасындағы қатынастар туралы пікірлер, адамдардың жалпы жүйеге қатысты, оның құрамдас институттары мен саяси ойынның маңызды ережелері кіреді.

Оларды жүзеге асыру формалары, оларды халықтың көпшілігімен қабылдау немесе қабылдамауға көбіне саяси мәдениеттің негізгі белгілері себеп болады. Мәдениет өмірдің әртүрлі салаларындағы және өмірлік жағдайлардағы жүріп тұру ережелері мен формаларды анықтайтын сияқты, жалпыұлттық мәдениет жалпы қоғамдық өмірге жалпылық және интеграцияланғандық сипатын береді, саяси мәдениет саяси саладағы ойындардың ережелері мен жүріп тұру нормаларын, олардың бірлігін, жалпылығын және интеграцияланғандығын қамтамасыз ете отырып анықтайды. Бұл жерде саяси мәдениеттің құрамына формалды саяси институттарды жігерлендіретін этнос, рух кіреді.

 

Тақырыбы:  Геосаясат және тарихи  кеңiстiк және саяси уакыт

 

Геосаясат – бәсекелестердің аумақтық жақындығымен анықталатын, іргелес мемлекеттердің мүдделері арасында туындайтын байланысты жасайтын сыртқы саясаттың бір түрі.

Геосаясат ғылымы (геосаясаттық теория) әлемнің кез-келген өңірлерінің кеңістік және функционалды-саяси сипаттамаларының арасындағы байланысты зерттейді. «Аймақ» деген сөздің жалпылама мағынасын ашу үшін екі белгіні атап өту жеткілікті – халықаралық қатынастардың жекелеген қауымдастығының болуы және белгілі бір географиялық аймақ шеңберінде бұл қауымдастықтың шектелуі.

Қазіргі таңда геосаясаттың маңызы белгілі бір себептерге байланысты ұлғайды. Халықаралық саяси жағдайдың стратегиялық анықтамасы бізге әлемнің бейнесін береді. Бүл әлем ескі биополярлы модельдің мәжбүрлі унифоризмінен сапалы жаңа интеграцияға алмасады.  Оған жетудің өзі оңай іс емес.

Сол себепті біз әлемді басқарушы екі орталықтың орнына күшті және әлсіз басқарылмалы аймақтық әралуандылылықты көреміз. Саяси ғылым бар күшін ұзақ уақыт бойына екі дүниежүзілік одақ арасындағы қатынаспен анықталатын әмбебап қауіпсіздік мәселелеріне жұмылдырды да, дәл қазір әмбебап және аймақтық қауіпсіздіктің қалайша бірігетіндігіне жауап беруге дайын емес. Дәл осы сауал геосаясаттың маңызды мәселесі. Саясат философиясын суперэтникалық бірлестіктердің табиғатына қатысты мәселелер қызықтырады. Әрқилы халықтарды байланыстырушы не, геосаяси өрістің бірлігін құрайтын күшті (экономикалық, әскери-саяси) және шебер әлеуметтік-мәдени әрекеттестіктің байланысы қандай деген сұрақтар туындауы мүмкін. Тұрақсыздық кеселіне ұшырататын геосаяси өзгерістер мықты әрекеттестікпен дәйектелетін әскери-саяси өзгерістерге қарағанда әлдеқайда ертерек болуы мүмкін. Оның өткір мысалы – КСРО-ның ыдырауы. Мүмкін КСРО ыдырамас бұрын, геосаяси өрістің бірлігін бұзатын әлеуметтік-мәдени өзгерістер пайда болған шығар. 

Информация о работе Саяси философия және тарих философиясы