Саяси философия және тарих философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 21:52, реферат

Описание работы

Тарихи және саяси қатынастары ұғымдары.
2. Әлеуметтік және саяси философияда тарихы түсіну.
3. Тарих философиясы мәні мен жүйесі.

Файлы: 1 файл

777.docx

— 90.49 Кб (Скачать файл)

Осы дәлелдермен келісе отырып, саясат философиясын және саяси ғылым (бізге және Батысқа тән) көнелігі (ортағасырға да қатысты) туралы Аристотельдің (Zoon politikon)-да жазғандай айтқанымыз бәлкім дұрыс болар еді. Ежелгі грек ойшылы үшін (Zoon politikon) өзінің қазіргі таңдағы түсінігі бойынша жай ғана «саяси жануар немесе жан» емес,  оның кең және терең түсінігінде «қоғамдық жануарды» білдіреді. Осыған орай бүкіл көне философия саяси, яғни қоғамдық болып табылады. Басқаша айтқанда, саясат философиясы мен саяси ғылым туралы емес, саясат тұрғысында қоғам мен мемлекет туралы философия мен ғылымы жайында сөз қозғалуы мүмкін, бірақ бұлар бірдей нәрсе емес.

Бұл дәлелдердің дәлелді және дәлелді еместігіне қарай, көне философияның негізін салған  «Мемлекет», «Заңдар», «Саясат» және т.б. шығармалардың атаулары бізді жаңылыстырмауы қажет.  Себебі оларда өзінің осы күнгі мағынасында мемлекет және саяси әлем жайында айтылмайды. Платон мен Аристотель саясатты этиканың тармағы деп санады. Осыған сәйкес, Платонның «Полития» (бізде бұл «Мемлекет» атымен танымал) еңбегінің кейде «Әділдік туралы» деп аударылуы жайдан жай емес. Шынымен де, талдау нәтижесі көрсеткеніндей, бұл еңбекте этика мен әділдік мәселесіне көп көңіл бөлген. Бұл еңбектердің мәнін Т.Гоббс нақты анықтаған. Ол негізінен енді пайда болған шағында Сократтың, онан соң Платон, Аристотель, Цицеронның және грек пен латын философтарының қызығушылығын туғызған «азаматтық ғылым» (scientia civilis) жайында сөз қозғады1. Гоббс көне ой классиктеріне тән «саяси ғылым», «саясат философиясы» және тіпті «мемлекет туралы ғылым» емес, «азаматтық ғылым» туралы айтады.

Шынымен де, олардың еңбектері  - бұл қандай да бір өмірдің бөлек салаларын ажыратпай, жалпы саясатты зерттеу болып табылады. Аристотельдің «Саясат» еңбегін саяси социология ретінде қарастыра отырып, Р. Арон «оның негізін саяси құрылымның талдауы, ұжымдық өмірдің барлық деңгейлерін басқару ұйымдары құрайтынын»2 айтып өтті. Басқаша айтқанда, тақырыптарына сәйкес бұл – жеке өмір салалары ретінде емес, жалпы тұтас бірлікте социология, саяси социология, саясаттану, саяси экономика, мәдениеттану, философия және т.б. ғылымдардың зерттеу объектілерін әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жіктелімінің үлгісі бойынша қарастыратын  қоғамтану жұмыстары болып табылады.

Бұған көз жеткізу үшін Платонның «Мемлекет», «Саясаткер» және «Заңдар», ал Аристотельдің «Саясат», «Риторика» және «Никомах этикасы» атты еңбектерін қарап шығу жеткілікті.  Солай болғанда көне идея классиктерін «саяси философтар» мен «саяси ғалымдар», сонымен қатар «социологтар», «саяси социологтар», «саяси экономистер», «мәдениеттанушы» және т.б. деп атауға болар еді.

 

Тақырыбы:  Ағартушылық кезеңнің саяси және тарихи бағыттары

      1.   Антикалық және ортағасырлық саясат философиясы

      2.   Ортағасырлық саясат және тарих философиясының   қалыптасуы.

      3.   Тарих философиясының даму ерекшеліктері.

 

Гегель  Жаңа кезеңді: «рух – өзін ерікті сезінеді, өйткені ол ішіндегі өзі үшін және жалпы толық сыртқы өзі үшін шындыққа, мәңгілікке ұмтылады», деген дәуір ретінде қарастырады. Универсумның жалпы рациональды бастауын түсінуге, еркін ойдың қуатына деген сенім, классикалық батыс-еуропалық сол кезеңгі ойлаудың нәтижесі квинтэссенциясы болып табылады. Ю. Хабермас оны субъектив философиясы деп текке айтпаған. Жаңа кезең историософиясының өкілдерінің ойынша, рационалистік орнатуларды бөле  отырып, адамзаттың бастауларының динамикасы мен бастауын түсінуге болады. Олардың ойынша, тарихтың біртұтастығы гуманизмге бағытталған белгілі бір өрлеп келе жатқан рухани бастаумен бағытталған, және бұған деген сенім постренессансты кезеңде нық орнығады. Глобальды тарихи конструкциялар заң бойынша, көбінесе утопиялық ұқсастықтармен белгіленген келешектің жете жасалған идеалдарымен серіктеседі.

Табиғат әлемі мен мәдениет әлемдерінің қарсыластығын белгілей отырып,  Жаңа  кезең  философтары  адамды универсум қатарына кіре алатын және өз қалауымен қауымдық өмірін ойдың канондарына сай бақылай алатын тіршілік ретінде қарастырады. Олардың құруларындағы маңызды мүлкі болып «адамдардың тарихи істерін бағыттайтын табиғи заң»  болып табылады. (Т. Гоббс, Дж. Локк және т.б.). Тіпті XVII жүзжылдықтағы «Жаңа және ескі» кезеңдер туралы дауларда өрлеудің мәселелері қарастырылды, кейінірек олар Ағартушылық дәуірдің ойшылдары Л. Р. Тюрго, Ж. Л. Кондорсэ және де басқа ойшылдардың еңбектерінде нақтылай жазылған.  Қоғам  прогрессінің,  адам өмірінің гуманистік басталу қарқынына  сену, біржақты  кемітілген дыбыс алды: олардың толық жеңісі ағартушыларға ең  басынан,  жоба бойынша сызылған дайын «көріпкелділік» ретінде көрінді.  Бұл  құрылымдардың  әлсіздігін алғашқы болып Ж.-Ж. Руссо түсінді, ол өркениеттің жетістіктерінің адамға деген маңызды еместілігін айтады, кейін И. Г. Гердер, мәдениеттің көп бағытты екенін және процестің автоматты түрде  қалданысқа енбейді реализациялан байтынын белгілейді, кейін, роматикалық дәстүрлердің қолдаушыларының байсалды сынау құралына айналады.

Адамзаттың қарқынды даму идеясы XVIII жүзжылдықта таралады, өйткені сол кезде, ой мен ақыл ғасырында, көбі өрлеуді ғылыми білімнің дамуымен, атеизм идеясы мен адамгершіліктік ойдың дамуымен байланыстырған еді; келешек оларға еркін, тепе-тең  және көздері ашық адамдардың әділ бірлестік ретінде көрінді. Алғашқы болып бұл идеяны сипаттаған Тюрго еді: адамзат тарихы, оның біртіндеп даму тарихы ретінде және бұл дамудағы басты рөлді атқаратын нәрсе – адам ойы. Бұл ойды XVIII ғ-да өзінің танымал «Адам ойының жетістіктерінің тарихи жедел суреттерінде» керемет қылып дамытқан Кондорсе. Олар адамзаттың алғашқы қауымдағы өмір қалпынан жоғары қарай өрбу логикасын қолдады. Тарих тек қана табиғи заңдылықтармен түсіндірілді, оның діни түсініктері мүлдем алынып тастады. Ағартушылық тенденциямен И. Кантта келісті (1724-1804). Оның «К вечному миру» трактаты келешек дүниенің реттерін өркениет позициясының құқығы , адамгершілік мораль және дұрыс маңыздың классикалық көзқарастарын көрсетеді. «Адам ойының даму» идеясында Ортағасырлық объективистік историософияда дүниежүзілік тарихқа  ішкі, субъективтік айқындық жетіспейді деген ой басым. Ағартушы-философтар  Ф.А. Вольтер,  Ш. Л. Монтескье,  А. Р. Тюрго,  Ж. А. Кондорсье, И. Г. Гердер және т.б. сипаттаған адам ойының өркендеу концепциясын  тарихи  процестердің  ішкі және сыртқы айқындылықтары мен моменттерінің тұтас түсіну шарттарын анықтады.

Өзін танымал еткен Виконың «Жаңа ғылымында» мынадай теорияны дамыталы: оның ойынша, барлық халықтар өздерінің тарихи өмірлерінде бірдей жол жүреді, және дүниежүзілік тарих бірдей айналымдардың мәңгі қайталамасы ретінде келеді. Рим тарихы бойынша Шығармалар мен Монтескьенің «заңдар Рухы» да историология мен соиологияның дамуында зор рөл атқарды; олар ғылымға қоғамдық құбылыстардың заңдылықтары мен «тарихи өмірдің белгілі бағыты» (allure principale)деген түсініктерді  тудырды,  жеке алғанда, ауа райының тарихи өмірге деген әсерін анықтады.

Алайда абстрактты-метафизикалық және натуралисттік ырғақтың болуы Ағартушылық дәуірінің философтарына тарихи процестердің жалпы логико-дәрежелі суретін сызғызбады. Бұл теоретикалық мәселенің шешуі дүниежүзі тарихының спекулятивті-диалектикалық, «субъективті-объективтік» түсініктілігі жетілген,  және оны жаңа сатыға көтерген идеясы бар неміс классикалық философиясымен байланысты. Тарих еркіндік принципі  ретінен көрінеді, ондағы адамзаттың басты мақсаты – Бүкіләлемдік, заңға сүйенген мемлекет.

 

Француз ағартушылық тарих философия мектебі туралы

 

XVIII ғасыр тарихқа ағартушылар  дәуірі болып кірді. Оның отаны  Англия, одан кейін Франция; Германия  және Ресей болды. Бұл ағартушылық  дәуірдің ұраны: «Барлығы да ақыл  сотының алдынан өтуі тиіс»!

Бұл дәуірдің рухани атмосферасы – жоғары ойлауға лайықты адамның ғылымның дамуына үлкен серпін беруі. Ой толғаудың мұндай түрі XVII ғасырдың аяғында пайда болды. Философтар Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Р. Декарт, Дж. Локк – ағартушылық идеяның бастаушылары еді. Ағартушылық дәуірдің негізгі идеялары – ғылымға культ және адамзаттың дамуы. Ағарнтушылық дәуірдегі барлық қайраткерлердің еңбегі мұнар мен хаостан шыққан сәулеге ие ақылдың апологиялық идеясынан туындаған.

Ағартушылықтың үндуі – «Өздігіңнен ойлауға табанды бол»!

XVIII ғасыр Францияны идеялық  ізденістердің саны ғылыми өнерлікті  суреттеп, мінездейтін еді. Жалпы  ел сілкінген феодалдық құрылымнан  экономикалық және саяси тербелістен  кейін қалушылықтан шығып, алғашқы  капиталистік құрылу периодына  тап болды.

Ағартушылар өзінің атауынан шығып отырғандай бұқара халықтың арасына ағарту білімін таратуға себеп болды. Олар әсем өмір сүру арман болған кедейлер мен қарапайым адамдар арасында бөгет болмауы үшін күресті. Идеал ретінде олар теңдік принципін ақыл-ойға қажеттілік ретінде көтерді. Француз революциясының «рационалдық абайламаушылығының» идеологиялық негізін және Россиядағы большивизмнің «антұрған күндер» идеологиясының негізін қалаушы француз ағартушылығы болды.

Философия тарихы жағынан қарағанда француз ағартушылығын кезекті антропологиялық өзін-өзі ақтау немесе спецификалық антропология деп атауға болады. Үлкен тарихи  контексте ағартушылық  азаматтық  қоғамда оның негізгі атрибуты – адамды өзінің тағдырының иесі, өзінің жекелігі мен құқығының иесінің интелектуалды құрылуын шектеді. Тұлғаның суверинизациясы, оның  құқықпен бөлінуі өзінің ақыл-ойын жігерлі қолдануы Европа ағарушылығынан айырмашылық сызбасы. Оның француздық варианты ең алдымен Европа адамын ойлау дәрежесін жоғарлату арқылы дүниетанымдық деңгейге активті позициялық бағытын көтеретін өте маңыздылыққа ие болды. Француз ағартушылары дүниетанымдық процедураны ойлаушы операцияға дейін қысқартып және ақыл-ойдың  имманенттік  қасиетін табу арқылы болмысты ақтауға тырысты.

Француз ағартушылары адамның моральды-рационалистік статусын жекелік деңгейіне дейін көтеруге тырысты, сонымен қатар оған эстетикалық ерекшелігін және өзіндік индивидуальдығын қайтаруға тырысты. Бұл моральды және әлемнің эстетикалық образындағы драматикалық қарама-қайшылықта, дүниетанымдық және эстетикалыұ ойлау адамгершілігінде Европа өркениетінің тағдырын алдын-ала тарихи анықталуы Француз ағартушылығының антрорологиялық ерекшклігін ашады. Француз революциясының ерекшеленетін сызбасын Токвил:

 

Тақырыбы:  Тарихи әлем саяси-философиялық рефлексияның объектісі ретінде.

 

Тарихтың мәні туралы көзқарастар дүниетанымдық көзқарасына байланысты қалыптасады. Нәтижесінде дүниетаным шынайылыққа деген практикалық көзқарас. Бұл тарих мәніне байланысты көқараста айқын көрінеді.

Адамзат баласының тарихының біртұтастығы мәдениеттің өзара қатынасы арқылы және ол кеңістік пен уақытта көрінеді .

Философия ежелден бері тарихтың бағыты мен гуманистік мазмұны туралы сұрақтармен айналысты. Тарихи айналымда прогресс теориясы мен адамзат баласының кемелденуі теріс жақтары бар.

Бүгінде, тарихтағы циклдық концепциялардың кемшіліктерімен қатар, оларды жасаушылар көбіне мәдениеттегі эволюциялардың қайталануына мән берген. Прогресс идеясы еуропалық ойшылдарды Жаңа заманнан бастап ойландыра бастатды. Бұл кезеңнің философтарының шығармасында адамзат баласы үшін  прогресс идеясы  қажет процес ретінде көрсетіледі. Ақылдың абсолютті күшіне  және оның қоғамның дамуына мүмкіндіктер беретінін ағартушылық кезеңінің философтары мен неміс классикалық философиясының өкілдері және марксизмді жасағандар сенген. Маркс тарихты қоғамдық-экономикалық фармацияларды прогресивті фармациялармен алмастыра отырып, оның бейнесін жасады. Қазіргі батыс тарих философиясы адам баласының ортақ қоғамдық «ядролық ғасырдан» алыстау синдромдарын байқап, әлеуметтік прогресс идеясын алға тартты. Батыстық авторлар ұсынған ағартушылық прогрессизм идясын сынауда көптеген рационалды сіттер бар, ол тарих даму  туралы ой салады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында прогреске линеарлы көзқарас анық байқалды. Тарихпен бірге болады: адамның табиғатқа үстемдік жасау мен өндіріс күштерін жақсарту, экономикалық және әлеуметтік қатынастар, жаңа мәдени құндылықтарды жасау, дегенмен оның барысын алдын-ала болжамдалмаған, ол поливариантты, альтернативке толы, субъектілерден белсенді әрекетті талап етеді.

Бүгін, қоғамның гуманитаризациялық жағы туралы сұрақ прогрестің көрсеткіші ретінде тұр. Бұл критерий басты орынға шығады: өндіріс күштерін жоғары дамытуға, техниканың кереметтерін көрсетуге, қоғамдық өмірдің барлық салаларын ұлттандыруға, дегенмен адам бұдан кейін де вакуумде қалып қояды. Әлеуметтік прогресті  бүгінде жаңа ойлау құндылықтарымен бірге қоюға болады, соның қатарында басты орында – адам тұрады.

Сонымен бірге, философ өз мақсатын жіберіп алмайды, ол тарихты біртұтас ретінде түсіну мен оның мағынасын түсіну керек.

Маркстің сипаттамасына сай философия «мәдениеттің тірі жаны». Ол теориялық  тұрғыда рухани-практикалық және әлеуметтік ортада, белгілі бір кезеңнің шынайылыққа деген ойшылдың  көзқарасын көрсетеді. Бұл тарих философиясында анық байқалады және көбіне қоғамдық даму туралы сұрақтармен айналысады. Тарихты адам тек объективті процес ретінде емес, құндылық рөлінде  қарастырады.

Адам тұрақты түрде ұрпақтан ұрпаққа берілетін  мәдениеттің объективті формаларына өз күшін салады. Адамның әсерінен тіпті табиғат құндылықтық сипаттамаға ие. Әлбетте, адам үшін құндылықтар тек осы шақта қана болмайды. Олар уақыттың динамикасында өмір сүреді және өткен мен болашақты көрсетеді. Тарихтың өзгешелігі де осында болады. Адам құндылыққа тек шығармашылық тұрғыда қарамайды, ол өткенге оралады және өзінің мұрасынның мазмұнын толықтырып, өзінің тарихи-мәдени әлемін болашақтағы бейнесі жасайды. Тарихтың  мәнін философиялық-дүниетанымдық іздеу, белгілі бір мөлшерде аксиологиялық боялған болады.

Тарихтың мәні туралы сұрақты адам – әлеуметтік ұстанымдары мен дүниетанымдық және құндылықтарына байланысты көрсетеді. Ол қоғамдық ортадан тыс, қазіргі, өткен және болашақсыз мүмкін болмайды.

Қазіргі және классикалық батыстың көзқарсы бойынша тарихтың мәні туралы мәселеге салыстырмалы талдау жасау арқылы қазіргі кезде бізге қажетті позитивті ортаны қарастыра  аламыз. Қазіргі кезде Жаңа заманның тарих туралы көзқарасын теріске шығара алмаймыз, оның да бойына жинақтаған мұрасы бар. Тарихи санаға жаңаша көзқарас керек. Прогресс және оның гуманистік мәніне назар аудара отырып, болашақтың альтернативасын бүгін ашу қажет. Жаңаша ойлауды қабылдау арқылы марксизм мен догматтық формулалардан алыстаймыз және ол тарихтың мәні туралы продуктивті көзқарасқа келеміз.

Информация о работе Саяси философия және тарих философиясы