Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 15:04, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................. 3

І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...5
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері...................................................................................... 8
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі............................... 12

ІІ БӨЛІМ. «МЕТАЛ ПРОМ ЭКСПОРТ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 «МеталПромЭкспорт» ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы...................................................................................... 22
2.2 Кәсіпорынның металл өндіруі мен өткізуін талдау..................... 30
2.3 «МеталПромЭкспорт»ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау........................................................................... 33


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................... 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................... 35

Файлы: 1 файл

Асылмурат. КУРСОВОЙ.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

Ақшалай түрдегі металл өндіру жоспары келесі көрсеткіштерді қамтиды. Өткізілген өнім(жалпы табыс), тауарлық өнім, жалпы өнімдер. Бұл бөлімнің негізгі бағалық көрсеткіші болып сатылған металл табылады. Өткізілген металл болып құны тұтынушымен немесе өткізуші ұйыммен төленген металл болып табылады. Оның көлемі жоспарлау бойынша жабдықтауға арналған өнімдер бағасының соммасымен тапсырыс берушімен төлеуге арналған дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарларға, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқа келісім – шарт бойынша өткізіліп жатқан өнімдер бағасы болып табылады.

Өткізілген өнімнің  жоспарлы көлемі (Пр) ақшалай түрде келесі формуламен есептеледі.

                                             n

Пр=∑(ПTi ± ∆Оnni ± ∆Oni)           (1)

                                                       i=1

Мұндағы: ПTi – і-лік металл түрінің тауарлық көлемі, кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша; ∆Onni – жоспарлы жылдың басы мен аяғына кәсіпорынның қоймасында і – лік дайын өнімнің қалдығының өзгерісі; ∆Oni – жоспарланған жылдың басы мен аяғына қарай і – лік дайын өнімнің жөнелтілген, бірақ тапсырыс берушімен әлі төленбеген қалдығының өзгерісі; n – тауарлық өнімнің түрлер саны (і =1,2,3,…,n).

  Өткізілген металл жоспарлы жылғы кәсіпорынның жалпы табысын (Дв) сипаттайды. Осы сатылған металл бірлігінің санын бағасына көбейткенге тең.

                                                                 n

Дв=Пр=∑Дві;         Дві=Ці*Oni;      (2)

                                                     i=1

Мұндағы: Дві – і –лік металл түрін сатқаннан түскен кәсіпорынның жалпы табысы.

Ці-і –лік- металл түрінің бірлік бағасы (көтерме,келісім бойынша), Oni – натуралды түрдегі і – лік металл түрінің сатылуы қажет металл көлемі.(i=1,2,3,…,n).

Жоспарда жалпы  табыстан басқа орташа табыста ескерілуі  қажет. Бұл кәсіпорынмен өнімнің  бір данасын сатқаннан түсетін  табыстың сатылған металл бірлігіне қатынасымен анықталады.

 

Дсі=Двi/Оni;                 (3)

Жоспарлы кезеңде  өткізу бағасын өзгерту жағдайы  болғанда орташа табыс еріксіз орташа бағаға айналады.

                                         

   Дсі=Ці                                (4)

Тауарлық өнімдер  өз құрамына: өндіруге жоспарланған дайын металл (техникалық бақылау бөлімімен қабылданып, комплектіленіп дайын өнімдер қоймасына өткізілген), жартылай фабрикаттар, комплектілік бөлшектер мен қосалқы бөлшектер, кооперацияланған жабдықтар бойынша басқа жаққа жіберілуге арналған тауарлар, толықтай жөндеуге, құрал – жабдықтар мен құрылғылар құнының қосындысынан тұрады. Ол көтерме бағамен және салыстырмалы бағалармен сипатталады. Алғашқысы қаржылық жоспармен қатыстыру үшін қолданылса, екіншісі өндіріс құрылымының өзгерісін, өсу қарқынын, динамикасын есептеу үшін қолданылады.

Тауарлық өнімнің  жоспарлық көлемі (Пт) келесі формуламен есептеледі:

                                             n                               m

Пт=∑(Ani х Ці) + ∑Yi;             (5)

                                                       i=1                            j=1

Мұндағы: Ani – натуралды түрдегі і – лік металл түрінің өндіру жоспары;

Ці – і  –лік металл түрінің қазіргі бағасы; n – тауарлық металл түрлер саны.(i=1,2,3,…,n); m - өндірістік сипаттағы жұмыстар түрлер саны.

Тауарлық металл өндірілген дайын металл көлемін сипаттайды және ол, өндіріс шығындарын, қаржылық жетістіктерді, рентабелділікті және басқа өндіріс тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады.

Жалпы металл – барлық шығарылған дайын металл мен көрсетілген қызметтер құнының қосындысынан тұрады, соның ішінде аяқталмаған өндіріс. Ол әдетте салыстырмалы бағамен анықталады.

Жалпы металл көлемі (Пв) келесі формуламен анықталады.

 

Пв=Пт+(Нк-Нн)+(Ик-Ин)        (6)

 

Мұндағы: Нк,Нн – жоспарлы кезеңдегі жылдың басы мен аяғына аяқталмаған өндірістің қалдықтары ақшалай түрде. Ик, Ин – жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына өздері жасаған құрылғылар мен құрал – жабдықтар қалдықтары.

Жоспарлы кезеңде  есепті жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі қомақты өзгергенде, бөлек тауар түрлерін өндірістен алып тастағанда, тауардың жаңа түрлерін өндіретін болса, жалпы өнімнің құрамындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтарының өзгеруі жоспарланады.

Ішкі шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндірісі жоқ кейбір кәсіпорындарда, мысалға тамақ өнеркәсібінде өзіндік құрамы бойынша жалпы өнімдер тауарлықпен сәйкес келеді. Жалпы өнімді жалпы айналымнан ажырата білу қажет, оның мазмұны – барлық бірліктегі өнімдердің соммасы ретінде түсіндіріледі. Тауарлық және жалпы өнімнің көрсеткіштері кәсіпорынның іс- әрекетінде кең өріс алғанымен бір үлкен кемшілігі бар. Олар кәсіпорынның соңғы жетістіктеріне қосқан өзіндік үлесіне қате мәлімет береді. Ол кейбір кәсіпорындарда кездесетін шығындар құнымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Өндірістік  бағдарламаны әзірлеу әдістемесі.

 

Кәсіпорынның  өндірістік бағдарламасы жоспарлы кезеңде  өндіріс қуатына сәйкес металл шығаруға байланысты қалыптасады. Мұндағы мәселе кәсіпорынның өндірістік қуаты, өндіруге жоспарланған көлемнен көп немесе аз болуы мүмкін. Кәсіпорынның мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор ретінде өндіріс қуаты табылады. Сондықтан да кәсіпорынның өндіріс қуаты өткізу көлемінен жоғары болса, өндіріс шығындары біршама көп болады. Ал қарама – қарсы болғанда металл көлемі өндіріс қуатынан жоғары болса, мұндай жағдайда өндіріс жоспары орындалмайды. Бұл орайда өндірістік бағдарлама өндіріс қуаты мен өндіріс көлемі арасындағы ортақ шешімге келтіруші рөлін атқарады. Өндірістік бағдарлама металл көлемін белгілеп қана қоймай кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің жоспарларын есептеудің негізі болып табылады. Құрылымдық бөлімдердегі өндірістік жоспарды жасағанда тек қана тауарлық өнімдер ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге аяқталмаған өндірісті есептеу қажет. Соңғы өнімді өндіру әдетте өндірістік бағдарламамен белгіленеді. Цехтар бойынша өндіріс көлемі өнімнің жоспарлы өзіндік құнына сәйкес немесе есепті ішкі өндірісті бағамен есептейді. Кіші – гірім кәсіпорында цехтардың өндірістік бағдарламасы натуралды және шартты натуралды түрде есептеледі, ал үлкен кәсіпорындар құнды және натуралды көрсеткіштермен есептелінеді. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы бір жылға есептелінеді және ол кварталдарға бөлінеді, ал кварталдар айлар бойынша көрсетіледі. Құрылымдық бөлімдерде өндірістік бағдарламаның кішірек кезеңдерге бөлуге болады. Өндірістік бағдарламаны жасау күрделі процесс болып табылады, өйткені онда әртүрлі факторлар ескерілуі қажет. Бағдарламаның қалыптасуының типтік алгоритімі.[4]

Жоспарлы немесе есепті кезеңдерде, жоспардың орындалуының негізгі міндеттері болып:

  • құндық және натуралды көрсеткіштер бойынша өнімді шығару мен өткізу жоспарының орындалуын тексеру;
  • жоспарлы көрсеткіштердің оң немесе теріс орындалуын әсері мен себептерін талдау;
  • келешектегі өсу қорын анықтау және өндірістің тиімділігін көтеру;
  • талдау барысында анықталған қорларды пайдаланудағы іс шараларды жасау мен металл көлемін және оның сапасын арттыру;
  • жеке шараларды енгізудің күнтізбелік мерзімін белгілеу, өндірістік қызметкерлер мен жұмыстардың орындалуына жауаптыларды белгілеу, сонымен қатар іс - әрекеттердің тиімділігін анықтау.

Өндіріс көлемін  талдау тауарлық және жалпы өнімнің  динамикасын зерттеуден, базисті  және үзілісті өсу мен өсім қарқынын есептеуден басталады. Номенклатура бойынша жоспарды талдау нақты және жоспарлық металл шығаруды салыстырумен сипатталады.

Мемлекеттік тапсырысты қамтитын өнімдерге көңілді  ерекше бөлу қажет. Ассортимент бойынша  жоспардың орындалуын бағалау келесі түрде жүре алады:

  • ең кіші пайыздық әдістеме бойынша (жоспардың ең кіші пайыздық орындалуын қамтитын номенклатура қалпы);
  • тауардың жалпы тізімінде үлес салмағы бойынша;
  • орташа пайыздың көмегімен, ал ол өз кезегінде нақты өндірілген өнімнің өндіріс көлеміне қатынасымен анықталады (жоспардан тыс немесе өндірістік бағдарламада қарастырылмаған өнімдерді өндіру ассортименті бойынша жоспарға кірмейді).

Мұнда сонымен  қатар ассортимент бойынша жоспардың  орындалуына сыртқы және ішкі себептер анықталу қажет. Жеке номенклатуралық ұстанымнан қиыс кету өндірістік бағдарламада өзгерістер туғызады. Өндіріс құрылымындағы өзгеріс барлық экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.

 Шығарған металл құнының өзгерісі өндіріс құрылымының әсерін орташа бағам әдісімен анықтауға болады. Бұл үшін ең бірінші өнімнің нақты құрылымындағы өнімнің орташа бағамын анықтау одан соң, жоспарлы кезеңдегісін анықтайды. Екеуінің айырмасы нақты шығарылған металл көлемімен көбейтіледі.(натуралдық түрде)

Дәл осындай  жетістікке қарапайым түрде жетуге болады. Металл өндіру жоспарындағы құндық және натуралдық түрлерінің айырмасын жоспарланған металл өндіруге көбейту керек (құндық түрде). Өндірістік бағдарламаның орындалуын талдағанда басты орындарының бірін өндірістің ырғақтылығына беруге болады. Өндіріс ырғақтылығы - өндіріс жоспарымен белгіленген өнімді өндірумен сипатталады. Өнімді шығару ырғақтылығын есептеу үшін ырғақтылық коэффициенті қолданылады. Ол нақты шығарылған металл көлемі соммасының талдап отырған уақыт кезегіндегі жоспарлы металл шығаруға қатынасымен анықталады. Сонымен бірге ырғақтылық бойынша жоспарды орындағанда нақты өндірілген металл көлемі есептеледі, бірақ ол жоспардың көлемінен артық болмауы қажет.

Ырғақтылықты  бағалау үшін ырғақсыздық коэффициентін  есептеуге болады, ол жоспар бойынша  өндірістегі оңтайлы және теріс  ауытқуларының соңғысы ретінде анықталады. Ырғақсыздық коэффициенті – ырғақтылық коэффициентіне қарсы көрсеткіш. Кәсіпорын неғұрлым ырғақты жұмыс істесе, соғұрлым ырғақсыздық коэффициенті төмен болады.

Кәсіпорын ырғақтылық коэффициентін есептеу металл өндірудің бірқалыптылығын анықтаумен қатар, кәсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктерін есептеуге де мүмкіндік береді. Ырғақтылықтың жоғарлауына негізделген өндіріс көлемі қорының өсуін әртүрлі әдіспен есептеуге болады. Оның ең қарапайым талданып отырған кезеңде жоспарлы және есепті кезеңдердегі металл шығарулардың айырмасы ретінде анықталады. Берілген кезеңдегі талдау металл сапасын бағалаумен аяқталады. Металл сапасын талдау келесі көрсеткіштер жүйесі бойынша жасалуы мүмкін:

  • жалпылама көрсеткіштер(жалпы өндірістегі жаңа өнімнің үлес салмағы, сертификацияланған өнімнің үлес салмағы, бәсеке қабілетті өнімнің үлес салмағы);
  • өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бірретті және кешенді көрсеткіштер (пайдалылық, сенімділік, технологиялық, эстетикалық);
  • жанама көрсеткіштер (ақаудан болған шығындар, сапасыз өнімдер үшін пеня мен штрафтар, рекламацияны жою үшін шығындар).

Талдау барысында  жоғарыдағы көрсеткіштердің динамикасын  зерттеу керек, олардың деңгейі  бойынша жоспардың орындалуын, олардың  өзгерісінің себебін анықтап, сапаның  бағалық көрсеткіштерінің әсерін анықтау. Өнімнің сапасын жалпылама бағалау үшін келесі әртүрлі әдістер қолданылады.[5]

Баллдық әдіс: оның мәні металл сапасының орташа есептелген баллын анықтау. Сапа бойынша проценттік жоспардың орындалуы

нақты және жоспарлы деңгейін салыстыру арқылы есептелінеді. Біздің зерттеп отырған кәсіпорында сапаны тексеру өте қарапайым жүреді.Өнімді өндіру жоспарының орындалуын жалпылама талдау өндіріс көлемі қорын өсуін анықтауға септігін тигізеді және оның келесі бөлімдерге топталады:

  • өндірілген өнімнің сапасын жоғарлату, жаңа өнімді игеру, жасау;
  • прогрессивті технологияны енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматтизациялау;
  • басқаруды жетілдіру, жоспарлау мен өндірісті ұйымдастыру;
  • еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
  • түпкілікті жөндеу және негізгі қорларды модернизациялау;
  • шикізат, материалдар, отын мен энергияны үнемдеу іс шаралары;
  • ғылыми зерттеушілік және тәжірибе құрастырушылық жұмыстар;
  • шығарылған металл мен өндірістің техникалық – экономикалық деңгейлері;
  • іс шараларды енгізуді техникалық – экономикалық қорытындылары.

Сатуды жоспарлау  жұмыстары тапсырыстар қоржынының қалыптасуымен немесе сату жоспарының құрылуымен анықталады. Сату жоспары  бұл деңгейде өндірістік қуатты алдын  ала қарастырмай нарықтың сыйымдылығына  негіз етіп жасалады. Сондықтан да өндірістік бағдарламаны құру кезінде тапсырыстыр қоржынын тыңғылықты зерттеуді талап етеді. Талдауға негізінен өзіндік сауда жүйесі арқылы өтетін тұтынушылар сұранысы, тұтынушылардың жеке тапсырыстары, диллерлер тапсырыстары, көтерме сатып алушылардың тапсырысы. Тапсырыс қоржынына өтінімдер мен жасалған келісім шарттар негізінде тапсырыс портфелінің номенклатурасы менассортименті қалыптасып талданады.[7]

 



 

 



 









 


 

 


 


 

                                                      



                                         




 

 

 

 

 

           Сурет 1. Өндірістік бағдарламаны жоспарлау

 

Соңынан жабдықтауға  арналған өнімнің жалпы көлемі, өнімнің әртүрінің жалпы металл көлеміндегі үлесі, өнімнің тұтынушыларға жеткізу кестесі жаңа және өндірістен алынып тасталынған өнімдердің үлес салмағы, экспорттық өнімнің үлес салмағы, қоймадағы дайын өнімдердің қорлары, тапсырыс берушілерге жеткізілген бірақ әлі төленбеген металл көлемі, жоспардан тыс қалдықтар мен тұтынушылардан алынған  тауарға дер кезінде төлемеу себептері, тапсырыс портфелінің қаржылық көрсеткіштері, жоспарланған табыс, рентабелділік, салықтық төлемдер мен түсімдер көлемін және басқа да сату тиімділігіне әсер ететін факторларды қалыптастырады.

    Маркетинг қызметінің жасаған талдауына сүйеніп барлық қызығушылығы бар мамандар қоржынды өткізу жөнінде қорытынды жасайды және ол кейіннен өндірістік бағдарламаның қалыптасуына септігін тигізеді. Тапсырыстар қоржыны бойынша нақты тиімді шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынның басты мамандарынан әртүрлі талдау зерттеу бөлімдерін құрған жөн.

Өндіріс қуатын есептеу өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда үлкен орын алады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде келесі факторлар  анықталады: өндіріс өсуінің ішкі өндірістік қорлары, өндіріс көлемі, техникалық қайта қарулану қажеттілігі анықталады.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері