Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 15:04, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................. 3

І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны...5
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері...................................................................................... 8
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі............................... 12

ІІ БӨЛІМ. «МЕТАЛ ПРОМ ЭКСПОРТ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 «МеталПромЭкспорт» ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы...................................................................................... 22
2.2 Кәсіпорынның металл өндіруі мен өткізуін талдау..................... 30
2.3 «МеталПромЭкспорт»ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау........................................................................... 33


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................... 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................... 35

Файлы: 1 файл

Асылмурат. КУРСОВОЙ.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар  өндірілетін өнімнің сапасының  жоғары деңгейге жетуінің тағы бір  себебі ол өндірісте ешбір химиялық және өзгеде қосындыларсыз тек қана экологиялық таза өнімді пайдалану болып табылады. Сондықтан, рынокта өнімге деген сұраныс өсуде, оның ішінде Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Байқоныр қалаларын мысалға келтірсек болады. Талмай-қажымай атқарған жұмыстың нәтижесі өндіріліп жатқан металл құбырының сапасының артуына септігін тигізді. «Food Экспо - 2005» атты халықаралық көрмеде алты бірдей алқамен және жоғарғы сапалы, «Полиэтилен», мыс, металлды өнімдері атты дипломды иеленді. Осы тектес жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысудың нәтижесінде көпшілік компаниялар мен фирмалар бізді танып, одан әрі бізбен қатынасуға ерік білдірді.  

Соған сәйкес халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақырды, ал  олар өз кезегінде барлық сапа көрсеткіштерін түпкілікті тексеріп, құбыр өндірісін халықаралық деңгейге шығаруды растайтын USO-9001-2000 атты сертификатымен куәландырды.

Яғни, бұл халықаралық  нарықта сауда жасауға толық  құқықтарға ие екенімізді растайтын  куәлік  USO сертификаты біздің мақсатымыздың орындалуының алғы шарты еді.

Зауытта жұмысшылардың  кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырады  және өзінің біліктілігін шет елдерде  арттыруға мүмкіншіліктері бар.

Зауыт басшылығы  аудандағы ең бірінші болып жалақыны көтеріп, ай сайынғы жалақының  үстінен берілетін сыйақының мөлшерін белгіледі. Зауыттың аумағында асхана жұмыс жасайды.

Онда зауыт  жұмысшыларына қандай болмысын тағам 50% жеңілдікпен беріледі. Жыл сайын  жұмысшылардың балаларын жазғы  демалыстарда Тараз, Бішкек қалаларына, оның ішінде аквопарктерге кәсіпорынның қаражаты есебінен жіберіп отырады. Келесі кезекте дене сауықтыру шаралары тұр. Қазір «МеталПромЭкспорт» барлық жарыстарда зауыттың атын қорғап жүрген өзіміздің команда бар. Құлмағамбетов Мұраттың бастамашылығындағы командасын мақтанышпен айта аламыз.

 Зауыттың  тарихына және жұмысына өте  үлкен үлестерін қосқан аяулы  да ардақты ардагерлеріміздің  құрметіне жыл сайынғы қарттар  күні мерекесінде ардагерлерге  үлкен дастархан жайылып, арнаулы  сыйлықтар беріліп тұрады. Қазіргі таңдағы «МеталПромЭкспорт» қол жеткізген табыстарын оның президенті Айтуленов Дастан мырзамен байланыстыруға болады.

Биыл металл шығаратын өндіріс цехын іске қостық. Құбыр өнеркәсібіне кеңінен қолданылады (металл, мыс). Құбыр өндірудің жылдық көлемін 50 тоннаға жеткізіп, 15 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі кездегі  зауыттың алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі – қазіргі  заманның талаптарына сай келетін  жаңа құрал-жабдықтарды лизинг тәртібімен алу. Сондықтан бүгінгі таңда  осындай мақсаттарға жету үшін «МеталПромЭкспорт» зауытының ұжымы талмай қызмет етуде.

«МеталПромЭкспорт» негізгі өндіріс процесі металл өндіру болып табылады. Құбыр тек цехта ғана өндіріледі және олар тазалығын дәлелдейтін ыдыстарға құйылады. Соңынан арнайы қондырғыларда салқындатылып ыдыстарға құйылады.Осы жағдайлар оның таза болуына ықпал жасайды.

Тоңазытқыштарға, ыдыстарға және тағы басқаны пайдалана отырып,одан да жоғары қысымды қолданумен сипатталады.

 

1. Негізгі  технологиялық цехтар

      - Цехтар – кешенді құю қондырғысы.

- құбыр пісіру цехы.  

- салқындату бойынша – салқындату цехы.

2. Көмекші  цехтар

Кез келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен  басталады.

Кәсіпорындағы өндіріс процессі дегеніміз- металды құбыр өңдеп,тұтынуға дайын металл өндіруге бағытталған іс-қимылдар.

Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық  процесс деп аталады. Технологиялық  операция – бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын процесінің бөлігі.

Көмекші процесс  кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету  процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы  бөлшектер, бумен жабдықтау, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.).

Басқару процесі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Белгілі бір  деңгейдегі негізгі процестердің дер  кезінде және сапалы орындалуы –  көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамсыз етуді талап етеді.

Өндірістік  процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

        • Жекелеген цехтарды белгілі бір металл металл түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандыруды тереңдету – еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
        • Үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
        • Қатар даму - өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат – еңбек аясын кеңейту;
        • Аралас даму принципі – бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни металл өңдеуден бастап, дайын металл шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
        • Үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;
        • Ырғақтылық – технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы.

    

«МеталПромЭкспорт» басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымына сипаттама беретін болсақ, басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде, ол өзінің осы ісіне лайық әрекет етеді.

Күрделі және металл өнімнің еңбек сиымдылығы жоғары өндіріске маманданған іріленген кәсіпорындар, әдетте, ондаған цехтардан, лаборатория мен бөлімдерден тұрады. Олардың қызметін үйлестіре жүргізу үшін басқарудың күрделі иерархиялық құрылым құрылады.

Кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымы төмен  тұрған органның жоғары органға бағыну принциптерін сақтау негізінде жасалады. Мысалы, цехтық зертхана немесе цехтық бугалтерия жетекшілері зауыттың орталық  зертханасына немесе кәсіпорынның бас бухгалтеріне бағынады.

Еңбек бөлінісі атқарушылық белгілері бойынша  кәсіпорындар:

      -материалды-техникалық қаитамасыз  ету;

      - маркетинг және өнімді өткізу;

      - қаржы;

      - жоспарлау;

      - бухгалтерлік есеп және есеп  беру;

      - өндірісті техникалық дамыту;

      - басқару бөлімдерінен тұрады.

Ірі және әр тараптандырылған кәсіпорындарда  бұдан басқа жекелеген металл түрлері  өндірісін басқару үшін арнайы органдар немесе мамандандырылған цехтарды басқару бөлімдері жасақталады.

Кәсіпорында басқару органының  осындай екі  бағыттағы қызмет түрі бірдей шамада қолданылады.Олар жеке тұлғалар мен  органдарға кәсіпорынның жарғысы немесе аталған тұлғалар мен органдардың  нақтылы  қызметтері жөніндегі ережелер негізінде  бекітіліп беріледі.

Кәсіпорын  әкімшілігіне директор басшылық етеді.Оны  кәсіпорын иесі тағайындайды.

Директор  өкілеттілігінің  белгілі бір  бөлігін өзінің орынбасарларына  жүктейді:

  • өндіріс бойынша;
  • коммерция және қаржы жөнінде;
  • инженерлік –техникалық салада;
  • кадр және басқада.

Көбінесе кәсіпорында  директор орынбасарларының қызметін қандай мәселелер болмасын 2-3 адам атқарады.

 Орта және  шағын кәсіпорындарда , керісінше,  директордың бір ғана орынбасары  болады. Директор немесе оның  орынбасарлары өздеріне жүктелген  міндеттерді жеке өздері ғана емес:

  • арнайы бөлім;
  • цех;
  • лаборатория;
  • бюро  топтарындағы мамандардың көмегімен атқарады.

Директордың инженерлік-техникалық мәселелер жөніндегі  орынбасарына:

- жобалау –конструкторлық  бөлімі;

- технологиялық  бөлімі;

- техникалық  бақылау бөлімі;

- бас механик;

- бас энергетик;

- зертханалар  бөлімі бағынады.

Көрсетілген техникалық  бөлім және  зертхананың  шартты түрде басқару органдарына  жатқызуға болады , олардың міндеттеріне негізінен инженерлік – техникалық қамтамасыз ету кіреді.

Технологиялық бөлім:

- жаңа  бұйымдарды  өндіру технологиясын жете зерттейді  және оның  жетілдірілген түрін  өндіріске енгізеді;

- цехтарда  технологиялық тәртіптің сақталуын  бақылайды;

- өңделген  бұйымдардың сапасын жоғарлатуға  және өңдеуге кеткен шығын  мөлшерін неғұрлым азайтуға тиісті амалдар қолдану жұмыстарын ұйымдастырады, атқарады.

 Техникалық  бақылау бөлімі:

- өндірілген  өнімдердің сапасына жаппай бақылау  жасауды жүзеге асырады;

  • жұмыс орындарына металл сапасын күнделікті жедел бақылайды;
  • кәсіпорында келіп түскен материалдар мен басқа да бұйымдардың сапа жағынан кірістік бақылауын ұйымдастырады;
  • жобалау- конструкторлы және  технологиялық бөлімдермен  бірлесе отырып, кәсіпорындарда шығарылған өнімдерге куәлік  береді.

Бас механик  пен бас энергетик қызметі:

  • кәсіпорын  ауқымында түрлі қызмет көрсетеді;
  • жөндеу, технология, энергетика, жылу жабдықтары мен бір қалыпты қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • кәсіпорында электр мен жылу энегриясын таратуды жолға қояды ;

Кадрлар бөлімі, әдетте, директордың бір орынбасарына немесе директордың өзіне бағынады.Оған:

  • қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан босату тәртібін сақтау тапсырылады;
  • қызметкерлердің жұмысқа тіркейді;
  • кадрларды  оқытады және қайта даярлайды;
  • еңбектің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулар береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Кесте 1- Кәсіпорынның техника – экономикалық

            көрсеткіштерін талдау.

 

Көрсеткіш

өлшем

бірлік

2010

   

2011

 

Ауытқуы

+/-

өсуі

кемуі %

1

өнімді өткізуден  түскен табыс

 тг

189267494

193946690

+4679196

102.5

2

өнімнің өзіндік  құны

 тг

169782066

177635625

+7853559

104.6

3

Жалпы табыс

 тг

19485428

17486593

-1998835

89.7

4

Кезең шығындары

 тг

16465612

22753373

+6287

138.1

5

Негізгі қызметтен  түскен табыс

 тг

3019816

-5266780

-2246964

174.4

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

 тг

120119

937491

817372

780.4

7

Салық салғанға дейінгі табыс

 тг

3139935

-4329289

-1189

137.8

8

Корпоративтік салық бойынша шығындар

 тг

10842

-

10842

-

9

Салық салғаннан  кейінгі табыс

 тг

3129093

4329289

1200

138.4

10

Төтенше жағдайдағы табыс 

тг

522001

-

-522001

 

11

Таза табыс

 тг

2607092

-4329289

-1722197

166.0

12

Қызметкерлердің орташа тізімі

адам

120

135

+15

112.5

13

Еңбекақы қоры

Тг

13472640

17010000

15662736

126.2

14

Орташа айлық  еңбекақының мөлшері

Тг 

9356

10500

+1144

112.2

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері