Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 10:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

3
І
КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

6
1.1
Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны

6
1.2
Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері

9
1.3
Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері

12
ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

16
2.1
Кеден органдарында қызметті қызметті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі

16
2.2
Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен мақсаттары

19
2.3
Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі

25

ҚОРЫТЫНДЫ

33

Қолданылған әдебиеттер тізімі

36

Файлы: 1 файл

даурен курс.docx

— 73.81 Кб (Скачать файл)

Басқарудың “ұйымдастыру” функциясы кеден органдарында мынандай басқару жұмыстары (операциялары) арқылы жүзеге асырылады: шешімдерді және құрылған жоспарларды орындау бойынша мақсаттарды қою; қарым-қатынасты ұйымдастыру; атқарушыларды дайындау, соның ішінде оларды оқыту; сондай-ақ басқа да жоспарлардың орындалуын қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру.

Басқарудың “реттеу” функциясы кеден органдарында мынандай басқару жұмыстары (операциялары) арқылы жүзеге асырылады: бақылаудың нәтижесін талдау; реттеу үшін шешім қабылдау; мақсаттар түріндегі шешімдерді атқарушыларға дейін жеткізу; реттеуді ұйымдастыру; реттеуді жүргізу; реттеудің барысына тексеру жүргізу.

Бақылаудың нақты мақсаттары мен тәсілдері жедел-қызметтік жағдайға байланысты болады.

Бақылау мынандай екі бағытта жасалады: бір жағынан, кеден органы бастығы өзінің орынбасарлары мен тікелей бағынышты бөлімдердің, кеден бекеттері мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтарын бақылау жасайды, ал екінші жағынан – олармен біріге отырып жоспарға сай құрылымдық бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

Басқарудың арнайы (нақты) функциялары

Кеден органдарындағы басқарудың арнайы функцияларына төмендегідей функциялар жатады:

    • кеден қызметін басқарудың функциялары (кеден ресімдеуін және кеден бақылауын, құқыққорғау қызметін, экономикалық қызметті, құқықтық реттеу және ғылыми-техникалық даму жөніндегі басқару);
    • қаржы-экономикалық қызметті басқарудың функциялары (қаржылық қызметті және бухгалтерлік қызметті басқару);
    • әлеуметтік қызметті басқарудың функциялары (кадр, еңбек және психолого-педагогтық қызметтерді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамассыз етуді басқару);
    • әкімшілік-шаруашылық қызметті басқарудың функциялары (әкімшілік қызметті, кеден инфрақұрылымын және құрылысты, жанжақты материалды-техникалық қамтамассыз етуді басқару).

Басқарудың әдістері дегеніміз қойылған мақсаттарға жету үшін бағытталған, басқарудың объектілеріне әсер ету жолдарының, әдістерінің, тәсілдерінің және формаларының жиынтығы.

Басқарудың әдістерін зерттеу кезінде олардың әсер ету бағыттары нақты мақсаттардың болуымен сипатталады. Мұндай мақсат нақты ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік және техникалық мақсаттардың шешілуін талап етеді, ал ол мақсаттар өз кезегінде басқарудың сәйкес әдістерін қолдануды талап етеді.

Басқарудың әлеуметтік әдістері мынандай әдістерден құралады: әлеуметтік нормалау, әлеуметтік реттеу, әлеуметтік жаңалықтар енгізу және моральдік ынталандыру.

Әлеуметтік әсер ету әдістері кеден органдары ұжымының әлеуметтік даму жоспарларынан көрініс табады. Ол мынандай шаралардан құралады: қызметкерлердің мәдени-тәрбие және біліктілігін арттыру, кадрлардың кетуімен күрес жүргізу, еңбек және тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

Басқарудың экономикалық әдістері дегеніміз – экономиклық мүдделерді пайдалану негізінде басқару объектісіне әсер ету тәсілдерінің жүйесі. Кеден органдарындағы басқарудың экономикалық әдістеріне жататындар: орталықтандырылған жоспарланған және экономиклық ынталандыру әдістері.

Басқарудың экономикалық әдістерінің ерекшелігі мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделер жүйесінің бірлігін қамтамассыз етуге бағытталғандығында. Аталғандар кеден органдарында екі түрлі аспект арқылы жүзеге асады: біріншісі – Қазақстан Республикасы бюджетінің кіріс бөлігін директивті жоспарлар құру арқылы белгілеу, ал екіншісі – кеден жүйесін құру негізінде және аталған қорды пайдалану негізінде басқару.

Басқарудың экономика-математикалық әдістері. Басқарудың шешілетін мақсаттар ерекшелігіне байланысты кеден органдарында экономика-математикалық әдістердің формаланбаған, әлсіз формаланған және формаланған түрлері қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ  ҚЫЗМЕТТІ  БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Кеден органдарында қызметті қызметті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі

 

Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі “Zoll”, яғни көне грек тіліндегі “teloneion” - төлем төлеу сөзінен келіп шыққан. Европа және Германияда болып жатқан кейінгі өзгерістер кезінде Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі жаңа талаптарға сай өзгерістерге ұшыраған. Бұрындары Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер шекарасында жасалатын тауарлар мен жолаушыларға бақылау қысқартылған, және тек таңдамалы түрде ғана жедел бақылау жүргізіледі. Бұл өзгерістер Еуропаның бірігуі мақсатында жасалып жатқан шаралар. Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінің ерекше өзгерістерге ұшырауы 1990 жылдан басталады. Өйткені осы тұстан бастап герман мемлекетінің бірігуіне байланысты кеден қызметінің ыңғайлануы кезек алады. Қазіргі таңда Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі ЕуроОдақтың сыртқы кеден шекарасын қорғай отырып, қауымдастықтың бүкіл мүдделерін қорғайды.

Еуропалық Одақ қауымдастығының “Кеден 2000” аталатын кеден қызметінің жаңа бағдарламасына сәйкес Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі төмендегідей бағыттарда қызметті жүзеге асыруда:

    • оңтайландырылған кеден процедураларын пайдаланудың әдістерін дамыту және кеңінен пайдалану, кеден процедураларының ақпараттандыру жұмыстарын бағдарлау;
    • ЕуроОдақтың құқықтарын қолдана отырып кеден бақылауының жергілікті жерлерде жүзеге асуына қадағалау жасауды қамтамассыз ету;
    • қызметкерлерді дайындау және олардың біліктілігін жақсартуда біріккен шараларды өткізу;
    • экономикалық субъектілермен әрдайым диалогтар өткізіп отыру;
    • үшінші мемлекеттермен ынтымақтастық орнату;

Федералды үкімет кеден ісі аясында ЕуроОдақтың ұлттық кеден қызметтерімен келісілген кеден қызметін ұйымдастыру және оның жүзеге асу әдістерін пайдалануға ықылас танытып отырады. Оның ұстанатын негізгі ұстанымы барлық үшінші мемлекеттермен шекаралас ЕуроОдақтың кеден бекеттерінде, кеден бақылауы мен кеден процедураларының тиімді әдістерін қолдану болып табылады. Бұл, өз кезегінде түрлі алаяқтық әрекеттеге жол бермеудің кепілі болады.

Кеден қызметі өзінің түрлі функциялары мен атқаратын қызметтерінің көптүрлігіне байланысты тек, жақсы жолға қойылған және мықты әкімшілік басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асыра алады.

Қазіргі таңда Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі саласында 40.000 жуық адам қызмет етеді. Олар түрлі деңгейлердегі 600 бөлімдерінде әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады. Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі үш сатыға бөлінген схема түрінде өзінің негізгі қызметін жүзеге асырады. Оның ең жоғарғы федералды инстанциясына Федералды қаржы министрлігі жатады. Федералды қаржы министрлігі кеден қызметіне басшылық жасаушы негізгі орталық орган болып табылады. Федералды қаржы министрлігінде кеден төлемдері мен акциздеріне жауап беретін арнайы салалық департамент бар, ол әдетте Департамент III деп аталады.

Кеден қызметінің жергілікті жерлердегі өз қызметі 99 бас кедендер арқылы жүзеге асырылады. Оларда 412 кедендер мен 54 кеден комиссариаты бекітілген. Бұлар бүкіл кеден қызметімен байланысты функцияларды асырып қана қоймайды, сонымен қатар үшінші мемлекеттермен тауар айналымына бақылау жасап, акциздерді жинаумен айналысады. Жергілікті кеден бөлімшелеріне жедел-іздестіру кедендері де жатады. Олардың негізгі қызметі кеден ережелерін бұзушылық күрес жүргізіп, олардың алдын алу.

Бас кедендерді қызметкерлердің 80 процентке жуық қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың негізгі фукнцияларына мыналар кіреді: үшінші мелекеттерден немесе керісінше тауарлар мен тұлғалардың енуімен шығуына кедендік ресімдеулерді жасау, осылармен байланысты кеден төлемдері мен акциздерді алу, кеден ісінде адам құқықтарын, табиғат пен экономика қауіпсіздігін қорғау. Бас кедендер жоғарғы орган болғандықтан, кедендік ресімдеумен қатар, кеден ережелерімен күрес жүргізу қызметтерін жүзеге асырады. Осы себепті олар арыздарды қарастыру, рұқсаттар мен лицензиялар беру сияқты қызметтерді де атқарады. Бас кеден құрамына қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу, кәсіпорындарда сыртқы тексеру жүргізу, заңсыз қызметтер атқарумен және жедел бақылау топтары бөлімшелері кіреді.

Кәсіпорындарда тексеру жүргізу бөлімінің мақсатына кәсіпорынның кеден ісіне қатысты есепке алу және есеп беру қызметтеріне қадағалау жасау кіреді. Дәлірек айтар болсақ, кеден төлемдерін дер кезінде төлеуге ықпал ететін акциздік және кеден құқықтық нормаларын сақтау.

Жедел бақылау топтары кеден қызметі заңы негізінде тауарлардың айналымына бақылау жасайды, яғни соның ішінде тиым салынған тауарлардың айналымына (мысалы: есірткі заттары, қару-жарақ, радиоактивті заттар, фауна және флора түрлерін қорғау сияқты). Олар тұлғаларды және көлік құралдарын ұстауғы, багаждарды, көлік құралдарын және жүктерді тексеру құқылы.

Кеден-техникалық лабораториялары және дайындау базалары құрамында түрлі саладағы 60 химик қызмет етеді. Мысалы айтар болсақ, азық-түлік өнімдерінің, органикалық және бейорганикалық химия. Сонымен қатар, олардың қатарында инженерлер, химиотехниктер, лаборанттар және басқа да арнайы маман иелері бар. Күн сайын шамамен 62.000 тауар үлгілері сараптан өткізіледі. Осы мақсатқа пайдалану үшін қажетті қазіргі заманғы приборлар мен құрал-жабдықтар бар және олар әрдайым заман талабына сай жаңа үлгілермен толықтырылып отырады.

Кеден-техникалық лабораториялары және дайындау базалары кеден қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мен қайта дайындауда түрлі курстар және семинарлар өткізу арқылы өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, аталған мекеменің 5 кеден-техникалық лабораториясы [ZPLA] мен 12 кедендік оқыту базалары [ZLA] бар.

Анықтау және қылмыстық ізін кесу қызметтерін жүзеге асыру саласында кеден-қылмыстық мекемесі, жедел-іздестіру және бас кеденнің қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу мекемелері жұмыс жасайды.

Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінде ақпараттандыру техникаларына сүйене отырып тікелей міндеттерді орындау кеңінен қолға алынған. Ақпараттық технологияларды пайдалану 7 есептеу орталықтарында пайдаланылады, яғни: Берлин, Дюссельдорф, Майндағы Франкфурт, Гамбург, Ганновер, Карлсруэ және Штутгарт қалаларында. Аталған ақпараттық технологиялар орталықтары тауарларды енгізу мен шығаруды кедендік ресімдеуде, жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетеді.

Кеден қызметінің кедендік ресімдеу мен жедел-іздестіру қызметтерін ақпараттандыруда Гармония (1995 жылдан бастап), Альбатрос (1996 жылдан бастап) және Атлас (1995 жылдан бастап) ақпараттық жүйелері қолданылады.

Гармония жүйесі бас кеден және кедендерде 1995 жылдан пайдаланыла бастады. Бұл жүйенің негізгі пайдалану мақсаты кеден қызметін жүзеге асыру процессінде, «клиент-сервер» архитектурасына сүйене отырып біртұтас ақпараттық жүйесін қалыптастыру және кеден қызметінің офистік жұмыстарында түрлі іс жүргізу бағдарламаларынмен қамтамассыз ету болып табылады.

 

Альбатрос жүйесі 1996 жылдан кеден қызметінің жедел-іздестіру бөлімшелерінде пайдалануға енгізілді. Бұл жүйені пайдалана отырып жедел-іздестіру кеден қызметі тиімді ақпараттарды, техникаларды кеден ережелерін бұзушылықтарының алдын алуда қолдана алады.

 

2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен мақсаттары

 

Кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының орталық кеден органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және ол өз құзыры шегiнде жұмыс iстейдi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 2-ші бөлімі 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары дегеніміз - Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін:

1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;

2) кеден ісі мәселелері  жөніндегі уәкілетті органның  облыстар (республикалық маңызы  бар қалалар, астана) бойынша аумақтық  бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі  мәселелері жөніндегі уәкілетті  органның аумақтық бөлімшелері);

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.

 

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі