Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 10:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

3
І
КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

6
1.1
Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны

6
1.2
Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері

9
1.3
Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері

12
ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

16
2.1
Кеден органдарында қызметті қызметті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі

16
2.2
Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен мақсаттары

19
2.3
Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі

25

ҚОРЫТЫНДЫ

33

Қолданылған әдебиеттер тізімі

36

Файлы: 1 файл

даурен курс.docx

— 73.81 Кб (Скачать файл)

1) 1 немесе 2 топ мүгедегiне - бес жылдық ақшалай табысы;

2) 3 топтың мүгедегiне - екi жылдық ақшалай табысы;

3) мүгедектiгi белгiленбестен  еңбек қабiлетін жоғалтудың тұрақтылығы  анықталған кезде - бiржарым жылдық ақшалай табысы.

Кеден органының лауазымды адамы қызметтік мiндеттерiн орындауы кезiнде мүгедектiкке душар етпеген ауыр мертiгу алған (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оған үш айлық ақшалай табысы, жеңiл-желпi мертiккен жағдайда - айлық табысы мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi. Егер белгiленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жаралануы (мертiгуi), ауыруға шалдығуы қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты емес жағдайларға байланысты болғаны дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы өзiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына есепке алған кезде болған негiздемелерде, бiрақ лауазымды адам қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей, тұрғын үй алаңын алу құқығы сақталады. Кеден органдарының қайтыс болған зейнеткерлерiн немесе қаза тапқан лауазымды адамдарын жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай табысы мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай өтемақы төленедi. Кеден органдарының лауазымды адамдары, соғысқа қатысушылар, соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, интернационалшы-жауынгерлер, сондай-ақ қаза тапқан лауазымды адамдардың немесе қызметтiк мiндетiн жүзеге асыруға байланысты алған жараның,

контузияның, мертiгудiң немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған лауазымды адамдардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың көлемдерiне қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi тұратын үй-жайларды меншiгiне алады. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж кеден органдарының лауазымды адамдарына жеке тұрғын үй салу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесi берiледi.

Кеден органдарында қызметтi тоқтату үшiн:

1) кеден органдарынан өз еркiмен жұмыстан босау;

2) келiсiм-шарт мерзiмiнiң  аяқталуы не заңнамада көзделген  негiздемелер бойынша келiсiм-шартты бұзу;

3) лауазымды адамның өзiнiң  табысы мен мүлкi туралы қасақана жалған мәлiметтер беруi;

4) заңнамада белгіленген  мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

5) меншiк құқығы мен  тиесiлi мүлiктi сенiмдi басқаруға бермеу;

6) Қазақстан Республикасының  азаматтығын жоғалту;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау;

8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

9) заңнамада көзделген  өзге де негіздемелер негiз болып табылады.

Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Кеден органдарының лауазымды адамдарына зейнеткерлікке шыққаннан кейiн олар есепте тұрған емдеу мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетiлу құқығы сақталады. Қызметтен денсаулық жағдайы және штат санының қысқаруы бойынша босатылатын кеден органдарының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы жәрдемақы төленедi. Кеден органдары лауазымды адамдарының соғыс уақытында және төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде қызмет өткеруiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Кеден органдарында қызмет өткерудiң тәртібiн және қызмет өткеру шарттарының сақталуын бақылауды Кеден комитетiнiң және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті органның басшылығы жүзеге асырады. Кеден органдарында қызмет өткерудi бұзғаны, оның iшiнде кеден органдары лауазымды адамдарының құқықтық және әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жауаптылықта болады.

 

Қорытынды

 

Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабандаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде. Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылау және фискалдық функцияларды орындайды.

1991 жылы республиканың  кеден органдарындағы адам саны 150-ден сәл асатын. Егемен мемлекет  ретiнде Қазақстан Республикасы  құрылғасын бұрынғы КСРО мемлекеттерiмен  шекараларда кеден бақылауын  жасау қажеттiлiгi туды, "ашық шекара" деп аталатынның ұзындығы 12760 км, бұдан басқа ҚХР-мен - 1560 км болды. Қазақстан Республикасының кеден  шекарасының бүкiл периметрi бойынша  кедендiк және шекаралық шарттылықтарды  орындау үшiн бiрде бiр жайластырылған  кедендiк өткiзу орны болған  жоқ. Қазіргі кезеде Қазақстан  кеден шекарасында 65 кеден бекеті, 62 авто өткізу бекеттері, 19 теміржол  өткізу бекеттері бар. Елдің ішінде 46 ресімдеу бекеттері бар, халықаралық  рейстерге 7 бақылау бекеті қадағалау жасайды.

Ресей Федерациясы кеден шекарасы арасында 46 кеден бекеті, 24 бақылау өткізу бекті (КПП) бар.

Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара ұзындығы 715 км. ОҚО облысы мен Өзбекстан Республикасы кеден шекарасы арасында 11 кеден бекеті мен 26 авто көлігін өткізу бекеттері бар. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында кеден органдары халықаралық мәнi бар 14, республикалық мәнi бар 73, 17 темiр жол магистралдарын, 13 әуежайды бақылайды, оларда:

121 автомобиль;28 темiр жол;12 авиациялық;1 теңiз ("Ақтау" теңiз порты) еткiзу пунктi жұмыс iстейдi.

Қазiр кеден органдарында бар 43 спутник станциясына қосымша Қазақстан Республикасының кеден шекарасында 65 станция комплектiсiн орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы кезеңдегi экономиканың дамуы және Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылықтар байланыстары жүйесiне бiрте-бiрте кiруiнiң қажеттiлiгi кеден қызметiн жетілдіруді талап етедi. Бұл жетілдірудің негізгі мақсаты сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң ұсыныстары құқықтық негiздерi ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасаған немесе қабылдаған халықаралық Шарттар мен Келiсiмдер талаптарына жауап береді.

ҚР Кеден қызметін жетілдірудің мынандай негізгі бағыттарын ұсынған болар едім:

1-ші Қазақстан Республикасы  сыртқы саудасының бiрыңғай автоматтандырылған  ақпараттық жүйесi мен кеден статистикасын қалыптастыру, яғни:

- кеден қызметiнiң ақпараттық  аясын Қазақстан Республикасының  және әлемдiк қоғамдастықтың бiрыңғай  ақпараттық кеңiстiгiмен интеграциялауды;

- ақпараттық ресурстарға  билiк ететiн ақпараттық қызметтер  мен құрылымдарды монополиясыздандыруды;

- шет мемлекеттердiң кеден  және өзге де құзыреттi органдарымен, кеден iсiмен айналысатын халықаралық  ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

2-ші. Кедендiк бақылау  мен кедендiк ресiмдеудiң тетiгiн  жетiлдiру

- Тиiмсiз немесе басы артық кедендiк рәсiмдердi жою;

- шекаралық темiр жол  станцияларын өткiзу пунктi ретiнде айқындау;

- кедендiк бақылаудың  заңдар мен халықаралық шарттардың  сақталуын қамтамасыз ету үшiн  жеткiлiктi болып табылатын нысандарын қолдану;

- кеден бекеттеріне кеден  мәртебесiн беру арқылы нығайтуға, кеңейтуге, жарақтандыруға кiрiсу;

- банктiк, брокерлiк және  басқа да қызмет көрсетулердi қалыптастыру;

3-ші. Кадр саясатын жетiлдiру:

- кадрларды iрiктеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу;

- кадрларды жаңартып-ауыстырып тұрудың жүйесiн қалыптастыру;

- кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлеу;

- ұйымдастыру құрылымдарын  оңтайландыру және кадрларды орналастыруды жетiлдiру;

- сыбайлас жемқорлықтық  құқық бұзушылықтардың алдын  алу және қорғау;

- қазiр кеден органдарында  қызмет етiп жүрген контингентке баға беру;

- кеден органдарында тиiмдi тәрбие жұмысын құру;

4-ші. Кеден органдарының  фискальдық-экономикалық қызметiн  жетiлдiру:

- мемлекеттiк бюджетке  кедендiк төлемдер мен салықтардың толық түсiмiн қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының  кеден және басқа да заңдарының  сақталуын, кеден ісiн жүзеге асыруда  азаматтар мен ұйымдардың заңды  құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету;

- кедендiк-тарифтiк саясатты  жетiлдiруге бағытталған нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу;

- кедендiк-тарифтiк реттеу  бөлiгiнде кедендiк төлемдер мен  салықтарды есепке алудың автоматтандырылған  жүйесiн құру негiзiнде мәлiметтер  қалыптастырудың бiрыңғай жүйесiне көшу;

- тарифтiк реттеудiң кешендi технологияларын әзiрлеу және енгiзу,

- есепке алудың толық  автоматтандырылған жүйесi мәлiметтерiне  негiзделген iшiнара таңдап бақылау  және тексеру технологияларын алу;

5-ші. Контрабандаға және  кеден ережелерiн бұзуға қарсы күрес:

- экономикалық кедендiк  құқық бұзушылықтарға қарсы күрес  нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;

- құқық бұзушылықты тергеу  әдiстерiн, прокуратура, ұлттық

қауiпсiздiк, iшкi iстер, қаржы полициясы органдарымен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара бiрлескен iс-қимыл тетiгiн әзiрлеудi қамтамасыз ету қажет;

- қару-жарақпен, арнаулы  құралдармен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ қазiргi заманғы iздестiру, криминалистикалық құралдармен  және аспаптармен, жедел және  арнаулы техникамен қамтамасыз ету;

6-шы. Қазақстан Республикасының  кеден органдары мен кеденге  қaтысты инфрақұрылымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту:

- кеден органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

- кеден бекетшілерi мен өту пункттерiн салу;

- металлдарды, тастарды, валютаны  және құжаттарды, есiрткi және жарылғыш  заттарды ажыратып-танитын техникалық құралдарымен жабдықтау қажет;

- кедендiк ресiмдеудiң  оңайлатылған тәртiбiн қолдана  отырып өткiзу пункттерiн, уақытша  сақтау қоймаларын және кеден  инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн ұйымдастыру қажет;

- автокөлiк ағындарына  талдау жүргiзу және жүк пен  жолаушылар тасымалдарының дамуын болжау;

- Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк және кеден шекарасын  нығайту.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;

2.Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. 2003 жылғы 1 мамыр;

3.Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;

4.Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;

5.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қаңтар N 133;

6.Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;

7.Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2001 жылғы 30 қаңтар N 155-II

8.Алибеков "Таможенное дело в Республике Казахстан" Алматы 1997 год.

9.Алибеков "Таможенное право" Алматы 1997 год.

10.Драганов В.Г. "Основы таможенного дела" Москва 1998 год.

11.Основы таможенного дела: учебное пособие. Выпуск III. Экономическая деятельность таможенных органов. М.: РИО РТА, 1995. С. 294-295.;

12.Основы таможенного дела: учебное пособие. Выпуск I. Развитие таможенного дела в России. М., 1995 г., С. 78.;

13.Российское таможенное право: учебник для вузов./руководитель авторского коллектива Б.Н. Габричидзе – М.: издательская группа ИНФА, 1997 год. С.1.;

14.Сәрсенбаев М.А. "Таможенное право" Алматы 1998 год.

15.Мадиярова Д.М. "Кеден iсiн ұйымдастыру және басқару" Алматы 2000 жыл.

16.Садықов Е. "Iшкi экономикалық қатер", Ақиқат журналы 1 1998 жыл.

17.М. Шабанбаев "Қауiпсiздiк бәрiнен де қымбат". Егемен Қазақстан/13 желтоқсан/2000 жыл.

18.Ү. Құланбай "Кеден-мемлекеттiң шекарадағы сенiмдi қалқаны" Егемен Қазақстан/16 ақпан/2000 жыл.

Информация о работе Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі