Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2015 в 10:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс кезінде жасалған талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына сәйкес келтірудің, кеден қызметінің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша қажеттігі пісіп жетілді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

3
І
КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

6
1.1
Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың мәні мен мазмұны

6
1.2
Кеден ісін басқарудың заңдылықтары мен принциптері

9
1.3
Кеден органдарындағы басқарудың функциялары мен әдістері

12
ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

16
2.1
Кеден органдарында қызметті қызметті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі

16
2.2
Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрамы мен мақсаттары

19
2.3
Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі

25

ҚОРЫТЫНДЫ

33

Қолданылған әдебиеттер тізімі

36

Файлы: 1 файл

даурен курс.docx

— 73.81 Кб (Скачать файл)

Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:

1) қызметке жарамдылығы  туралы медициналық қорытындының болуы;

2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;

3) кеден ісі мәселелері  жөніндегі уәкілетті орган белгілеген  біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.

Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.

Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызмет шыққан тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан, заңдылың, дара басшылық, қорғауға құқықтың қамтамасыз етiлуi, заң алдындағы теңдiк қағидаттарына құрылады.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден органдарында қызмет ететін, белгiленген тәртіппен арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады. Кiшi, орта және аға басшы құрамдарға арнаулы атақтар берудiң тәртiбi осы ережемен айқындалады.

Қазақстан Республикасында кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкiметі мен кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитеті жүзеге асырады. Кеден комитетiн Кеден комитетінiң төрағасы басқарады.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары өз қызметтерінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, кеден кодексі, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ жоғарыда аталған ережені басшылыққа алады.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Кішi, орта және аға басшы құрамдардың арнаулы атақтарын Кеден комитетiнiң төрағасы бередi. Кеден органдарында қызмет атқаратын лауазымды адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:

    • кішi басшы құрам:
    • кеден қызметінің прапорщигi;
    • кеден қызметінің аға прапорщигi;
    • орта басшы құрам:
    • кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
    • кеден қызметiнiң лейтенанты;
    • кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
    • кеден қызметiнiң капитаны;
    • аға басшы құрам:
    • кеден қызметiнiң майоры;
    • кеден қызметiнiң подполковнигi;
    • кеден қызметiнiң полковнигi;
    • жоғары басшы құрам:
    • кеден қызметiнiң генерал-майоры;
    • кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты.

Кеден органдары лауазымды адамдарының арнайы даярлықтан өткеннен кейiн белгiленген тәртiппен оқпен атылатын қару алып жүруге және сақтауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіне, әдетте, мiндеттi әскери қызметiн атқарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған, өзiнiң жеке басының моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындауға қабілеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

Қазақстан Республикасының кеден органдарына кіші басшы құрам лауазымдарына қызметке 30 жастан аспаған, кемiнде орта бiлiмi бар азаматтар қабылданады. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жоғары бiлiмi бар 35 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Нақты жағдайларда жас мөлшерi цензi Кеден комитетi төрағасының шешiмiмен өзгертiледi.

Кеден органдарының құрылымында лауазымды адамдардың орнын ауыстыру:

1) жоғары тұрған қызметке - жұмысын ескере отырып мамандығы  бойынша неғµрлым орынды пайдалану  үшiн, ұйымдастыру-штаттық iс-шаралар  өткiзуге байланысты тағайындау тәртiбiмен;

2) маңызы бiрдей қызметке - мамандығы бойынша және жұмысын  ескере отырып неғұрлым орынды  пайдалану үшiн, үйымдастыру-штаттық iс-шаралар өткiзуге байланысты, сондай-ақ  олардың тiкелей және тура бастықтарының  келiсiмiмен өтiнiштерi бойынша;

3) төмен тұрған қызметке - маңызы бiрдей қызметке ауыстыру  мүмкiн болмаған жағдайда, лауазымды  адамның келiсiмiмен, штат саны  қысқарған кезде немесе кеден  органын немесе бөлiмшесiн қайта  ұйымдастыруға байланысты, әскери-дәрiгерлiк  комиссияның қорытындысына сәйкес  денсаулық жағдайы бойынша жүргізiледi.

Оған қатысты қылмыстық iс қозғалған және аталған қылмыстық iс бойынша сот шешiм қабылдақанқа дейiн қамауға алу түрiнде жолын кесу шарасы қолданылмаған кеден органының лауазымды адамы қылмыстыє iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеу кезеңiнде қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетiледi. Лауазымды адамды қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету кезеңiне ақшалай ұстау сақталмайды.

Кеден органдарының лауазымды адамдары қызметi бойынша "мiндетiн атқарушы" болып тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте олардың өз мiндеттерiн үзбей орындау мерзiмi, әдетте, үш айдан аспайтын уақытты құрайды. Құрылым немесе штат саны өзгерген кезде кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамаға сәйкес шығару жәрдемақысы төлене отырып, бiр айдан аспайтын мерзiмге кеден органдарының кадрлары резервiне алынуы арқылы, атқаратын қызметiнен босатылуы мүмкiн. Кеден органдарының резервiндегi аталған адамдардың қызметінiң тәртібiн Кеден комитетi белгiлейдi. Аталған мерзiм аяқталғанға дейiн кеден органының лауазымды адамын қызметке орналастыру мәселесi шешiледi. Аталған мерзiм аяқталған кезде және қызметке орналастырылуына мүмкiндiк болмауына байланысты лауазымды адам

белгiленген тәртiппен босатылуға жатады. Лауазымды адамның уақытша еңбекке жарамсыздығы парағымен куәландырылған, емделуде болған уақыты, жыл сайынғы және қосымша демалыстарда болған уақыты кеден органы лауазымды адамының кадрлар резервiнде болу мерзiмiне есептелмейдi. Лауазымды адамды басқа жерге қызметке ауыстыру, тиiстi кеден органдары немесе бөлiмшелерi басшыларының жазбаша келiсiмi бойынша, маңызы бiрдей не жоғары тұрған қызметке жүзеге асырылады.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақ олардың бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметіне көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары, атқаратын штаттық қызметі ескерiле отырып, дәйектілiкпен жеке бөлек берiледi. Дәйектілiгіне қарай, арнаулы атақ беру алғашқы және кезектi болып бөлінедi. Егер аға басшы құрамның лауазымына алғаш рет қабылданған азаматтарға, егер олардың неғµрлым жоғары әскери атағы болмаса, әдетте, кеден қызметінiң майоры атағынан жоғары емес алғашқы арнаулы атақ берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұрған азаматқа, ол кеден органдары басшы құрамының лауазымына тағайындалғаннан кейiн онда бар әскери атақтан төмен емес атақ берiледi. Кiшi, орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары кезекті атақ - атқаратын штаттық қызметі бойынша көзделген атаққа сәйкес болған кезде және оның алдыңғы атақтағы еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы бойынша дәйекті тәртiппен берiледi. Кезекті арнаулы атақ берудiң ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.

Кеден органы кадрларының резервiнде тұрған, тәртіптік жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қызмет тәртiбiн бұзу фактiлерi бойынша қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан лауазымды адамдарды кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну тиiсiнше қызметке тағайындағанға, тәртiптік жаза алынып тасталғанға, ақтау негiздемелерi бойынша қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн жүргiзiлмейдi.

Кезектi арнаулы атақты берудi кешiктiрудiң себептерi Кеден комитетi айқындайтын тәртiппен жазбаша түрде баяндалады және кеден органының лауазымды адамына жеткiзiледi. Бағынысты адамды кезектi арнаулы атаққа ұсынуды негiзсiз кешiктiрген кеден органының бастығы тәртiптiк жауаптылықта болады. Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы қызметтік тәртiп кеден органдары лауазымды адамдарының өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттерiн орындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында, ережеде, Антта, қызмет туралы келiсiм-шартта, сондай-ақ Кеден комитетi төрағасының бұйрықтарында белгіленген өздерiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде тәртiп пен ережелерді сақтауын бiлдiредi.

 

Мiндеттерiн үлгілi орындағаны және қызметте қол жеткiзген жоғары нәтижелерi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеудің мынадай түрлерi:

1) бiр жолғы ақшалай сыйақы беру;

2) алғыс жариялау;

3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4) "Кеден органдарындағы  үздiк қызметi үшiн" өңiрлiк белгiсiмен марапаттау;

5) Құрмет грамотасымен марапаттау;

6) "Кеден қызметiнiң  еңбек сiңiрген қызметкерi" Құрмет белгiсiмен марапаттау;

7) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;

8) атқаратын штаттық лауазымы  бойынша көзделгеннен бiр саты  жоғары арнаулы атақ беру көзделедi.

Көтермелеу ретiнде бұрын салынған тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алу қолданылуы мүмкiн.

Қызметтік борышын орындау кезiнде көрсеткен қаhармандығы мен ерлiгi, басқа да ерекше еңбегi үшiн кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталуға ұсынылуы мүмкiн.

Қызметтік тәртiптi бұзғаны үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына жазаның мынадай түрлерi:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) қызметiне толық сәйкес  келмейтінi туралы ескерту жасау;

5) кеден органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.

Көтермелеу мен тәртiптiк жазалауды өздерiне берiлген құқықтардың шегiнде тiкелей бастықтар қолданады.

Көтермелеу мен тәртiптiк жаза бұйрықтармен жарияланады. Кеден органдарының лауазымды адамы

көтермелеу мен тәртіптiк жаза туралы қолы қойылып, жеке танысуы тиiс. Заңнамада көзделген жағдайларда, тәртіптiк жаза қолданғанға дейiн қызметтік тергеу жүргiзiледi. әрекет жасаған адамнан жазбаша түсiнiктеме талап етiлуi тиiс. Әрекет жасаған адамның түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшiн кедергі бола алмайды.

Тәртiптік жаза қолдану кезiнде:

1) әрекеттiң мазмұны мен сипаты;

2) әрекет жасалған кездегi жағдай;

3) жасалған әрекет әкеп  соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн жағымсыз зардаптар;

4) оны жасаған лауазымды  адамның бұдан бұрынғы мiнез-құлқы;

5) лауазымды адамның жеке  басын сипаттайтын өзге де жағдаяттар ескерiледi.

Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына тәртiптiк жаза заңнамада белгіленген жағдайда және шарттарда қолданылады. Егер кеден органының лауазымды адамына, бастықтың пiкiрiнше, оның құқықтарының шегінен тысқары көтермелеу шараларын немесе тәртiптiк жаза қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жоғары тұрған бастықтың алдында өтiнiш жасайды. Жоғары тұрған басшының, егер бұрын жарияланғаны жасалған әрекеттiң ауырлығына сәйкес келмесе, төмен тұрған бастық қолданған тәртiптік жазаны тоқтатуға, жеңiлдетуге немесе неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар. ¤зiне берiлген көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнiндегі құқықтарды асыра пайдаланған бастық ол үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады, ал көтермелеу және жаза қолдану туралы бұйрықтарды жоғары тұрған бастық жояды.

Кеден органының лауазымды адамы өзiне қолданған тәртiптiк жазаға жоғары тұрған кеден органына не сотқа шағымдануға құқылы. Кеден органы қызметiнiң тәртiбiн Кеден комитетi белгiлейдi. Қажет болған жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары заңнамада белгiленген тәртiппен белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi мезгiлде, демалыс және мереке күндерi қызметтік мiндеттерiн орындауға тартылуы мүмкiн.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына зейнетақы тағайындауға құқық беретiн жұмыс стажына қызметтегi үзiлiстерге қарамастан:

1) ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, прокуратура органдарында, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Күзет  қызметінде қызмет атқарған уақыты;

2) бұрынғы КСРО мен  Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштерiнде (Кеңес Армиясы мен  әскери-Теңiз Флотында), Республикалық  ұланда, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiнде және басқа да  арнаулы әскери құралымдарында  қызмет атқарған уақыты;

3) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi Қазақстан Республикасының партия, кеңес, кәсiподақ және комсомол  органдарында жұмыс iстеген уақыты;

4) егер лауазымды адамдар  белгiленген тәртiппен Қазақстан  Республикасының мемлекеттік үкiметiнiң  орталық органдарына қызметке  жiберiлген болса, олардың кеден  органдарының кадрларында болған уақыты есептеледi.

Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен мiндетті мемлекеттік жеке сақтандыруға жатады. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына кеден органының лауазымды адамына сақтандыру өтемi төленбеген жағдайда, мемлекеттік бюджеттің қаражатынан соңғы атқарған лауазымы бойынша бiр жолғы он жылдық ақшалай табысы төленедi. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты мертiгумен не денсаулығының өзге де зақымдануымен келтiрген зиян үшiн (қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – отбасы мүшелерiне) ай сайынғы өтем төлемi, денсаулығының зақымдануынан пайда болған қосымша шығындардың өтемақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, ол үшiн өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн, мертiккен не денсаулығы өзге де зақымданған кезде лауазымды адамға сақтандыру өтемi төленбейтін жағдайда мынадай мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi:

Информация о работе Қазақстан Республикасы кеден органы қызметінің құқықтық мәртебесі