Халықаралық қатынастардыжүк тасымалдау кезіндегі элактронды құжатайналымын енгізудің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Описание работы

Бұл дипломдық жұмыста халықаралық тасымалдағы тасымалдау құжаттарының мағлұматтарын электронды түрде аударып отыру мәселесі мен Қазақстан Республикасында электрондық наклонды ендіру мәселесі қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде халықаралық тасымалдардың маңызы мен оның ел экономикасындағы маңызды орнын көрсетілген. Сонымен қатар дипломдық жұмыстың жұмыс істеу бағыты қарастырылды.
Дипломдық жұмыс тұжырымдалынып, темір жол көлігінде тасымалдауда автоматты жұмыс орнын пайдалана отырып, электронды құжат айналымын енгізу көзделген.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3
1. Мәселені талдау және оны зерттеу....................................................................7
2. Мәселені шешу жолдарын зерттеу .................................................................. 8
2 Мәселені шешу жолдарын зерттеу Қазақстан Республикасындағы халықаралық тасымалдардың негізі мен халықаралық көлік дәліздері ......... 15
2.2 Көлiктi ақпараттандыру және логистика принциптерiн жүзеге асыру.......................................................................................................................20
2.3 ҰК «Қазақстан темір жолы» АҚның БЕОда жаңа ақпараттық технологияларды құру .........................................................................................21
2.4 Қағазсыз технологиясымен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру ........29
2.5 Темір жол бағытында JAR-файл версиялары мен автоматты жүйеде құжаттарды дайындап, әзірлеу жүйесінің қолданбалы модульдерін ендіру.32
2.5.1 Автоматты жүйеде құжаттарды дайындап, әзірлеу жүйесінде қолданбалы модулдің кезектегі JAR-файл версияларында генерацияларын шешу......................................................................................................................33
2.5.2 Жүйені қолданушылардың қызметі ..........................................................34
2.5.3 Саланың құрылымдық өзгерткен кездегі стансадағы жұмыс қызметі...37
3 Тәжірибелік бөлім. ЖОЛДЫҢ ДЕҢГЕЙІН ЖАҚСАРТУДА АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТАСЫМАЛДАУ ҮРДІСІНДЕ ШҰҒЫЛ БАСҚАРУ ...........................................................41
3.2 JAR-файл версияларын қолданбалы модульде ендіру арқылы экономикалық тиімділігін анықтау....................................................................49
Қорытынды...........................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................55

Файлы: 1 файл

Халықаралық қатынастардыжүк тасымалдау кезіндегі элактронды құжатайналымын енгізудің жұмысын ұйымдастыру.doc

— 407.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

Мазмұны.................................................................................................................. 1

Реферат ................................................................................................................... 2

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1. Мәселені талдау  және оны зерттеу....................................................................7

2. Мәселені шешу жолдарын зерттеу .................................................................. 8

2 Мәселені шешу жолдарын зерттеу Қазақстан Республикасындағы халықаралық тасымалдардың негізі мен халықаралық көлік дәліздері ......... 15

2.2 Көлiктi ақпараттандыру және логистика принциптерiн жүзеге асыру.......................................................................................................................20

2.3 ҰК «Қазақстан темір  жолы» АҚның БЕОда жаңа ақпараттық  технологияларды құру .........................................................................................21

2.4 Қағазсыз технологиясымен  жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру ........29

2.5 Темір жол бағытында JAR-файл  версиялары мен автоматты жүйеде  құжаттарды дайындап,  әзірлеу  жүйесінің қолданбалы модульдерін ендіру.32

2.5.1 Автоматты жүйеде құжаттарды  дайындап, әзірлеу жүйесінде қолданбалы  модулдің кезектегі JAR-файл версияларында  генерацияларын шешу......................................................................................................................33

2.5.2 Жүйені қолданушылардың  қызметі ..........................................................34

2.5.3 Саланың құрылымдық  өзгерткен кездегі стансадағы  жұмыс қызметі...37

3 Тәжірибелік бөлім. Жолдың деңгейін жақсартуда автоматты түрде  тасымалдау үрдісінде шұғыл басқару ...........................................................41

    1. JAR-файл версияларын қолданбалы модульде ендіру арқылы экономикалық тиімділігін анықтау....................................................................49

Қорытынды...........................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................55

 

Реферат  

 

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен 19 тұрады. Жұмыс мәтіні машина жазбасында 56 бет, онда 6 кесте, 8 суреттер сипатталған. 

Кіріспеде орындалатын  жұмыстың маңыздылығы, республикадағы көлік кешені экономика саласында алдыңғы орынды алады, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ете отырып, мемлекет аумағында тұрмыстық-экономиканың дамуы көрсетілген. Сондықтан, тасымалдау үрдісін көлік торабында теориялық негізінде оқытып және экономикалық тиімділігін көрсетеміз.

              Бірінші бөлімде мәселені талдау және оны зерттеу бойынша халықаралық тасымалдар жүргізілетін магистральді темір жол торабын дамытудың негізгі бағыттары қарастырылған. Дипломдық жұмыс бойынша зерттеу бағыттары аталды.

Екінші бөлімде ЦУП құру маңызы мен ол жүйеде құжаттарды дайындап әзірлеуде қолданбалы бағдарламаларды жеткізудің екі амалын қарастырылған, автоматы жүйеде құжаттарды дайындап, әзірлеуде тұтынушылардың жүйемен байланысуы Java Web Start бағдарламасымен қамтамасыз еткенде  JAR-файылы мен сервер жақтағы JAR-файылын қолданушылар версияларымен салыстырылады. 

Үшінші бөлімде  алгоритм құрастырып және «Дельфа» тілінде бағдарлама құрастырамыз, симплекс-әдісі негізінде көп шамадағы шұғыл есептерді шығаруда қолданады.

    Дипломдық  жұмыс тұжырымдалынып, темір жол  көлігінде тасымалдауда автоматты  жұмыс орнын пайдалана отырып, электронды құжат айналымын енгізу  көзделген.

 

Кіріспе

 

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайына айтарлықтай  әсер етуші фактор бұл көліктік –коммуникациялық кешенді және теміржол көлігін дамуы. Қазақстан шын мәнінде коммуникацияның даму дәрежесіне тәуелді. Өнімнің өзіндік құны құрылымында көліктік шығындар үлкен бөлікті алып тұрады және олардың төмендеуі қазақстандық тауардың әлемдік нарықта бәсекелестігін көтереді. Республиканың көліктік саласы белгілі бір қатынаста жеткілікті дамыған және ұзақ мерзімді ілгерілеуге шоғырландырылған өсу стратегиясына ілесуі керек, ол өз кезегінде Қазақстанның көлік және коммуникациялар қызметтерін пайдалану қабілеттілігіне және ұлттық диверсификацияға негізделеді. Бұл стратегия туризмнің, қызмет көрсету жүйесінің, жол құрылысы және ұлттық өнімнің көліктік құраушысының өзіндік құнының төмендеуінің үлкен қарқынмен дамуына септігін тигізеді.

     Қазақстан Республикасы Еуразияның ортасында орналасқан, ішкі теңізге, яғни Каспийге шыға алады, бірақ Әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ. Республикамыз солтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста – Ресей Федерациясымен, оңтүстікте – Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста – Қытай Халық Республикасымен, оңтүстік-батыста – Түркменстан және Өзбекстанмен шектеседі, сонымен қатар Азербайжан Республикасымен, Иран Ислам Республикасымен, Түркменстан және Ресей Федерациясымен теңіз арқылы шектеседі.

     Индустриалды дамыған Еуропа мен жедел қарқынмен дамып жатқан Азия, әсіресе Оңтүстік-Шығыс және Қытай, объективті түрде тауар және ақпарат алмасу мүмкіндіктерін іздейді.

Технология мен өндірістің одан әрі экономикалық дамуы үшін, сонымен қатар халықаралық қауымдастық үрдісіне белсенді түрде ену үшін Қазақстан өзінің географиялық орналасуы бойынша айқын басымдылығын пайдалану керек және барлық күш-жігерді тасымалдау үрдісінде интенсивті технологияларды құру мен дамытуға, сол арқылы транзиттік жүк тасымалының дамуына бағыттау қажет.

     Осыған  орай, темір жолдағы интеллектуалды сандық басқару жүйелері мен технологиялық байланыстар жүйесі күрделі дамуты талап етеді. 

     Темір жол  көлігінің бүгінгі таңдағы дамуы  автоматтық жүйелерге жедел ауысуымен  сипатталады, ал олар болса байланыс арналарының өткізу мүмкіндіктері мен сапасына аса жоғары талаптар қояды.

Бүгінгі жағдайда біртұтас цифрлік байланыс желісіне біріктірілген, өнімділігі жоғары есептеу орталықтарының жұмысына негізделген аса жаңа ақпараттық жүйелерді пайдаланусыз темір жол көлігі қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру мүмкін еместігін аталмыш саланы дамытудың дүниежүзілік тәжірибесі көрсетіп отыр.

Ақпараттандырудың бүгінгі  таңдағы деңгейі темір жол  көлігінің инфрақұрылымын, тасымалдау үрдісін басқару үшін озық ақпараттық технологияларды өндіріске ендіру мүмкіндігін бермейді.

Телекоммуникациялық желі мен басқарудың автоматтандырылған жүйесін дамыту жұмысына – тасымалдау үрдісін басқарудың жаңа, автоматтандырылған жүйесін құру және есептеу кешендерін біртұтас есептеу орталығына біріктіру; басқарудың автоматтандырылған диспетчерлік орталығын, осы заманғы корпоративтік телекоммуникациялық желісін құру; талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және т.с.с. жобалар кіреді.

Инвестицияның жоспарланып  отырған көлемі кәсіпорындағы телекоммуникациялық кешеннің – ақпараттарды желілік кәсіпорындарға енгізуден бастап, есептеу орталығында қорытындылау мен талдау жасайтын жүйесінің аяқталған үлгісін қалыптастыру мүмкіндігін береді. Жалпы алғанда аталмыш жоба базистік жаңартпалар санатына жатады.

Қазіргі уақытта деректерді табыстау желісінің жағдайы мынадай:

  • 2000 жылы құрылған жылдамдығы төмен АБЕ желісі (бухгалтерлік есепті автоматтандыру) желілік кәсіпорындар бухгалтериясының жекелеген жұмыс орындарын деректерді табыстау желісіне қосуға арналған, яғни, асинхронды біріктіруге арналған болатын. Осыған сәйкес АБЕ ДТЖ қосылу тораптары порттар санына қарай пайдаланушылардың мәлімдеген асинхронды қосылуына есептелген. АБЕ желісінің деректерді табыстау жылдамдығына байланыс арналарының сапасына байланысты 4800 бит/сек-тан 28800 бит/сек-қа дейін түрленеді. Бүгінде АБЕ жүйесінің талаптарын ұлғайту, «ҚТЖ» ҰК» АҚ деректерді табыстау желісіне желілік кәсіпорындардың жергілікті-есептеуіш желілеріне қосу қажет. Желілік кәсіпорындардың жергілікті есептеуіш желілерін қосу қажет. Желілік кәсіпорындардың жергілікті- есептеуіш желісінде бүкіл бухгалтерия, экономистер  қосылуы тиіс. Сөйтіп, желілік кәсіпорындар бухгалтерлік қосылу мәселесі мен АБЕ жүйесіндегі деректерді табыстау жылдамдығының сәйкессіздігі туынайды.
  • Қолданымдағы деректерді табыстау желілерінің бірқатар кемшіліктері бар, олардың ішінен мамандандырудың тарлығын, икемделінген және пайдаланушылар талаптарының өзгерісіне бейімделудің жоқтығын, сондай-ақ желілік қорларды пайдалану тиімділігінің төмендігін атап өту керек.
  • Қолданымдағы деректерді табыстау желісі қазіргі заманғы технология талаптарына сәйкес, ескірген сулетте құрылған, ақпарат алмасу үшін ғана емес, Аймақтық ақпараттық есептеу орталықтарының есептеуіш қорларын бірлесіп пайдалану үшін де өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмайды.
  • Қолданымдағы деректерді табыстау желісі жасампаз ақпараттық жүйелерге қажет деректерді  табыстау жылдамдықтарына қамтамасыз етпейді.

Сондықтан жүктердің  жылдам әрі үздіксіз тасымалдануының бір кепілі бұл үздік жаңа электрондық технологиялардың ендірілуі. Осыған орай дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселелері: халықаралық қатынастарда жүк тасымалдау кезінде электррнды құжатайналымды ендіру, темір жол бағытында JAR-файл версиялары мен автоматты жүйеде құжаттарды дайындап,  әзірлеу жүйесінің қолданбалы модульдерін ендіру; автоматты жүйеде құжаттарды дайындап, әзірлеу жүйесінде қолданбалы модулдің кезектегі JAR-файл версияларында генерацияларын шешу; мәліметтер беру желісін құру және ақпараттық жүйелерді ендіру; басқарудың диспетчерлік жүйесін ендіру; JAR-файл версияларын қолданбалы модульде ендіру арқылы экономикалық тиімділігін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мәселені талдау және оны зерттеу

 

Республикамыздың көліктік – транзит болашағын дамытуда және Азия-Еуропа арасында трансқұрылық бағыттарда жүк тасымалына арқау болып тұрған  Достық теміржол стансасының экономикалық маңызы зор. Станса арқылы жүк ағымының үздіксіз өсуіне Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әлеуметтік-экономикалық өрлеуі күшті әсер етуде.

Автономиялық аудан  үкіметі өткен жылы әлеуметтік және экономикалық дамудың басым бағыттары  ретінде өндіріс өсімін 9 пайызға, негізгі әлеуметтік қорға жұмсалатын инвестицияны 20 пайызға, сыртқы сауданың жалпы көлемін 15 пайызға өсірген, тұрғындардың баға шығынын 2,5 пайыз деңгейінде сақтап тұрғанын атап өтті. Алдағы уақытта Шыңжан өкіметі көмірді электрге айналдыратын көмір-химия, электрқуаты салаларын, отын және химия өнеркәсібі бұйымдарын жан-жақты дамытуды жоспарлауда. Ауданның ауыл шаруашылығын жетілдіруде, былтыр 8,8 млн. тонна астық, 1,8 млн. тонна мақта өндіру көзделген. Экономикасы гүлдеп келе жатқан мұндай аймақпен қоңсылас болу елімізге де жауапкершілік жүгін жүктейді. Сондықтан Достық-Алашаңқай халықаралық шекаралық өткелі арқылы темір жол көлігімен тасымал көлемін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында оның өткізу қабілеті барынша ұлғайтуға мүмкіндік беретін шаралардың барлығы іске асырылатын болады. Солардың бірі – Қтай тарапынан Алашаңқай және Үрімші стансаларының терминалдық сыйымдылығын кеңейту және 2011 жылға таман Ақтоғай-Достық телімінің жүк жіберу мүмкіндігін 25 млн. тоннаға дейін жеткізу.

Ақтоғай-Достық темір  жол желісінің құрылысын мемлекет пен жекеменшіктің әріптестер әдісімен салу жөнінде ұсынылған.

 

 

 

 

1.1 Магистральді темір жол торабын дамытудың негізгі бағыттары

    

     Көлік саласы әрі икемді, әрі тәуелді жүйе болып табылады, оның даму динамикасы толығымен жалғыз мақсатқа - экономиканың шығын деңгейі төмен және тиімділігі жоғары тасымалға деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

     Кеңес дәуіріндегі  темір жол саласының бірқатар  кемшіліктері болған:

     - Қазақстан  темір жол магистралінің тұйықталған  кескін пішіні болған жоқ;

     - Қазақстандағы  негізгі магистральдар арасында  жалғастырғыш желілер   болмаған;

    - Темір жол желісі Қазақстан аумағы бойынша біркелкі таралмаған (желінің орташа тығыздығы 5,3 км/1000 шаршы км бола отырып, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 4,1-7,5 км/1000 шаршы км болды);

     - Республика  орталығын оның аймақтарымен  немесе экономикалық аймақтарды бір-бірімен қысқа жолмен жалғастыратын темір жол желілерінің саны жеткіліксіз.

     Елімізде  жүргізілген нарықтық түрлендірулер  темір жол көлігін дамыту саласының  алдына да жаңа міндеттер қояды:

     - Магистральдарды  дамытудың артықшылығы бар бағыттарын, соның ішінде халықаралық көлік-транзиттік дәліздерді таңдау;

     - Темір  жолды басқару жүйесін жетілдіру.

     Темір жол  көлігін дамытудың осы заманғы  сатысы дүние жүзілік көлік  жүйесіне интеграциялану қарқынының  өрлеуімен, соған орай, Қазақстан темір жолының халықаралық трансконтинентальдік маршруттарды қалыптастыруға қатысуымен сипатталады. Халықаралық тасымалдау саласындағы күшті бәсекелестік ұлттық темір жол желісінің телімдеріндегі пайдаланымдық жұмыстың сапалық деңгейіне өте жоғары талаптар қояды.

Еліміздің экономикасына  тікелей, әрі жанама әсер ететін, Қазақстан  темір жолының тиімді сұлбасын қалыптастыру жүк тасымалдау қашықтығын қысқарту, жүк пен жолаушыларды жеткізу  жылдамдығын арттыру, еліміздің  транзиттік әлеуетін дамыту, саланың  бәсекелік қабілеттілігін арттыру мүмкіндігін береді.

Пайдаланымдық жағдайын жақсарту мақсатымен көлік желісін  қалпына келтіру және қайта салу, негізгі магистральдарға түсетін  салмақты азайтатын және тасымалдау қашықтығын қысқартатын жаңа, тікелей  желілердің құрылысын жүргізу, тасымалдау сапасы мен жүктің сақтанымдылығын арттыру үшін жылжымалы құрамды жаңарту және көлік кешенін жетілдіру жөніндегі басқа да шаралар республикамыздың транзиттік-көлік әлеуетіне тікелей әсер ететін болады.

Сондықтан, темір жол  көлігін жетілдірудегі негізгі бағыттардың бірі - оның негізгі магистральдарында, ең алдымен - негізгі көлік дәлізіндегі қозғалыс жылдамдығын, тасымалдық мүмкіндігін арттыру үшін темір жол желісін қалпына келтіру мен қайта жаңғырту болып табылады,

Информация о работе Халықаралық қатынастардыжүк тасымалдау кезіндегі элактронды құжатайналымын енгізудің жұмысын ұйымдастыру