Қонақүй шаруашылығына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады

Файлы: 1 файл

отчет.doc

— 496.00 Кб (Скачать файл)

     Қарағанды облысында 30-ға жуық қонақ үй бар. Ең халықаралық стандартпен жасалған «Созвездие»» отелі. "Созвездие" люкс отелі сәулеткерлік өнермен жасалған 8 қабатты ғимарат. Бүл отель экологиялық таза ауданда орналасқан және парк зонасында аквалендпен этнопаркпен қоршалған. Табалдырықтан аттай бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы қонақжайлылық күтіп түрады.

      «Люкс» отель әрбір жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады. Бүл жерде Қазақстандағы жалғыз бильярд спорт орталығы орналасқан. Сіздерді өте жоғары деңгейдегі әр түрлі асхана тағамдарымен қамтамасыз етеді. Сауна, джакузи ыңғайлы демалыс бөлмесі бар. Отельде VІР және люкс нөмірлер евро дизайнмен жасалған. Мұнда желдеткіш, мини бар, телефон, телевизор бар. Бұл отель осы уақытқа дейін 2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер, халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары келеді.

       Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. "Байқоңыр" - "5" жұлдызды қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда қонақ үй "Казақмыс корпорациясының" меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіліп 2000 - шы жылы іске қосылды. Қонақ үй - Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бүл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар. Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бүл жерде ұлттық жөне халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған.

     "Бизнес-центр" - "3" жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған.  Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан.Бұнда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.

     "Металлург" - қонақ үйі. Бүл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде   орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

Қонақ үй шаруашылығы  облысындағы басты түсініктер мен анықтамалар

 

     Қонақ үй индустриясы экономикалық қызмет түрі секілді өзіне қонақ үйде, мотельде, кемпингте, пансионаттарда және сыйақыға басқада орналастыру орындарында қысқа уақытта тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді қосады.

     Орналастыру түсінігінің астында адамдардың уақытша тұруға арналған кез – келген объектті жатқызуға болады.

     ГОСТ КР 50645 – 94 «Туристік  экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлер класификациясы»  жарлығына сәйкес қонақ үй дегеніміз  уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс.

      Басқа да нормативті құжаттарда – «ҚР – дағы қонақ үй қызметін көрсету ережелері» ҚР – ның қаулысында бекітілген қонақ үйге келесідей анықтамалар  береді: «қызмет көрсетуге арналған мүліктің комплекс (ғимарат, ғимарат бөлігі, басқа да мүлік немесе құрал - жабдық)».

     Қонақ үйлер келесідей белгілермен сипатталады:                                                                 

    •   берілген нақты саннан асатын номірлерден тұрады, біртұтас басшылыққа ие;
    •   түрлі қонақ үй қызметтерін ұсынады;
    •   елдің стандарттарына ие, көрсетілетін қызмет  түріне байланысты класқа және категорияларға топтастырылған;

      Қонақ үй кәсіп орындарын  сыйымдылығына, тұру орнының санына және номірлердің санына  байланысты  ажыратады.         

     Нөмір – қонақ үй категориясына сәйкес, талаптарға сай, бір немесе  бірнеше орыннан тұратын бөлме.

     Жатын орын – бір адам тұтынуға арналған, жатақ орналасқан алаң.

     Халықаралық іс – тәжірибеде Бүкіл Әлемдік Туристік ұйым эксперттерімен талқыланған, орналастыру құралдарының стандартты классификациясы қабылданған.

    Осыған сәйкес барлық орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.

    Ұжымдық орналастыру құралдары қонақ үй типтес және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.

     ГОСТ ҚР 51185 – 98 «Туристік қызметтер. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.» жарлығына сәйкес  қонақ үй типінің ұжымдық орналастыру құралдарына келесілер жатады:

  • қонақ үйлер;
  • мотельдер;
  • тұруға арналған клубтар;
  • пансионаттар;
  • жиһаздалған бөлмелер;
  • жатақханалар;

     Мамандандырылған  орналастыру құралдарына – орналастыру қызметін ғана емес, сонымен қатар арнайы бір мақсаттағы қызметті орындауға арналған объекттер жатады. Мұндай орналастыру құралдарына  келесілер жатады:

  • санаториялар;
  • профилакториялар;
  • демалыс үйлері;
  • туристік тұрақтар;
  • туристік, спорттық базалар, демалыс базалары;
  • аңшылар үйі;
  • конгресс  - орталықтар;
  • кемпингтер;
  • ботельдер;
  • флотелдер;
  • ротельдер;

     Жеке орналастыру құралдарына келесілер жатады: пәтерлерден бөлмелер; үйлер; котедждер; жалға берілетін үйлер.

     Сонымен орналастыру құралдарының кейбір атауларына анықтамалар бере кетсек:

     Мотель – автотуристерге  қызмет көрсетуге арналған қонақ үй түрі.

     Ботель –  судағы кішігірім қонақ үй.

     Флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес – турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда.

Ротель – қозғалмалы вагон – қонақ үй.

     Кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)

     Санаторий –  табиғи ландшафтты аймақта орналасқан, емдік – сауықтыру орталығы.

     Флайтель – Аэроқонақ үй немесе «ұшатын қонақ үй». Әдетте өте қымбат және қонақ үйдің мұндай түрі көп кездесе бермейді. Қону алаңымен және метео қызметтермен байланыста тұрады.

      Пансионат – қарапайым стандартарға және шектеулі қызмет спекторына жауап беретін кәсіпорын. Кәдімгі қонақ үйлерден айырмашылығы, мұнда таңғы ас, кешкі және түскі ас ұсынылады (яғни – «full board»). Дегенмен бұл қызмет тек тұрғындарға ғана көрсетіледі.

    Отель – гарни – клиенттерге тек қана шектеулі қызмет: орналастыру және таңғы ас ұсынатын кәсіпорын.

    Сонымен қатар қонақ үйде қолданылатын қонақ үй нөмірлеріне байланысты қосымша түсініктерді атап көрсетуге болады:

      double twin – бұл екі жатағы бар нөмір.

      king size – жанұялық жұптарға арналған үлкен жатағы бар бөлме.

      extra bed – екі орынды нөмірде қосымша жатақ.

      triple – екі жатағы және  диваны бар бөлме.

      single – бір орындық нөмір. Кейде жалғыз келген туристерді екі орынды бөлмеге орналастырады. Бұл нұсқа "double for single use" деп аталады.

      junior suite – екі орынды жақсартылып жасалынған нөмір.

      de luxe – дәл осындай бөлме, бірақ аса қымбат жасақталған.

     suite – жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған жатын және қонақ бөлмесі бар нөмір.

      business – жұмысқа арналған факспен және компьтермен жабдықталған үлкен нөмір.

     family studio – үлкен жанұяға арналған екі бөлмелі нөмір.

     president – қонақ үйдегі ең қымбат нөмірлердің бірі, бірнеше жатын бөлме, кабинет, екі – үш әжетхана орналасады.

     penthouse – онақ үйдегі ең жоғарғы қабатта орналасқан нөмір, әдетте жоғары ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

     фронтдеск – туристер тіркеуден өтетін орын.

     all inclusive – орналастыру және тамақтануға берілетін тариф.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу  және қонақ үй типологиясы 

 

     Қонақ үй – қызмет көрсетуге және өндіріске арналған (қонақ үй өнімін), аса ауыр шаруашылықтық және мүліктік коплекс (ғимарат немесе ғиматар бөлігі, құрал – жабдық және өзге мүлік).

    Қонақ үйді қонақ үй индустриясының кәсіпорны ретінде келесі белгілердің көмегімен сипаттауға болады:

  • нөмірлердің санымен (минималды санының болуы немесе  болмауы);
  • көрсетілетін қонақ үйлік қызметтердің түрлері;
  • елде қабылданған стандарттарға сәйкес көрсетілетін қызметтердің түріне

байланысты класқа және категорияға бөлу.

     Қонақ үйлер сыйымдылығына, бөлме саны және орынның санына  байланысты  ажыратылады.

     Қонақ үйлердің екі басты топқа бөлінеді: үнемі тұруға және уақытша тұруға арналған. Жоғарыда айтып кеткендей бұлардың өзін өз кезегінде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.

     Ұжымдық орналастыру құралдары. Ұжымдық орналастыру құралдары түсінігінің астында саны оннан кем емес, клиенттерге тұру және орналасу бойынша үнемі қызмет көрсетіп отыратын, бір билікке бағынатын кез – келген кәсіпорынды айтамыз.

     Ұжымдық орнластыру құралы орналасқан ғимарат, қажетінше таза  және талапқа сай жабдықталған болуы тиіс. Ғимарат жанындағы территория жабдықталған, жарықтандырылған, тазалығы сақталынған, автомобильдерді қысқа уақытқа қоюға арналған тұрақ алаңы болуы керек, сондай – ақ қонақ үйге кіре берісі жамылғымен жабылған және қонақ иүй атауы бар маңдайша болуы тиіс. Барлық қызмет көрсету ұйымдары әкімшілікпен немесе басқарушының қадағалауында болуы керек. Ұжымдық орналастыру құралының ғимараттары қызметтер атауы мен жұмыс уақыты көрсетілген визуалды ақпарат құралдарымен жабдықталуы тиіс.

     Персонал, өз кезегінде қонақтарды қабылдауда немесе қызмет көрсетуде үлкен рөль атқаратын тұлға.Оған қойылатын негізгі талаптар шет тілін меңгерген, профессионалдылығы жағынан дайын, сыпайы, қызмет этикеті ережелерін сақтауы, сырт келбеті сүйкімді және жеке бас тазалығын сақтауы керек, үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы керек.

     Нөмір немесе орынға келген турист виза және құжаттарын көрсете отырып немесе алдын ала брондалғандығы жөнінде құжаттарын көрсете отырып ие болады.

    Ұжымдық орналастыру құралдарының жұмыс уақыты – тәулік бойы.

    Бос орындар болған жағдайда келушінің тілек талабы бойынша  екі немесе үлкен бөлме беруге болады, әрине нөмірдің толық құнын өтегенде.

    Ұжымдық орналастыру орнында тұру құны жергілікті жердің сағаты бойынша есептелініп өткен тәуліктің 12 сағатына төленеді.Төлем құны турист кешігіп келуіне байланысты өзгермейді. Егер туристің ұшағы кешігіп жатса онда талабы бойынша сағат бойынша есептелініп алынады. 7 жасқа дейінгі балалардан төлем ақы алынбайды, егер ата – анасымен бір бөлмеде тұрса. Егер қосымша орын алатын болса 50% төленеді.

    Ұжымдық орналастыру орнында тұрақтаған туристерге жеке  заттарының сақталуы кепілді түрде, тұрғындардың ережелерді сақтағанына байланысты. Сонымен қатар туристер бөлмені босатқаннан кейін де жүк қойатын орынның бар болуы.

   Тұрғындардың сақтауға бермеген құнды заттар мен ақшасы үшін қонақ үй әкімшілігі жауапкершілік тұтпайды. Егер бөлмеден жоғалған заттар болса, жедел тұрде қонақ үй әкімшілігін хабардар ету керек.

    Барлық ұмытылып кеткен заттар, қонақ үй әкімшілігіне акт бойынша беріліп, сақтау камерасына қойылады және егесіне жеткізудің барлық амалын жасауы керек.Егер егесі табылмаса, онда 6 ай ішінде  (шет ел туристері үшін 1 жыл) ережеге сай таратылады.

     Сондай- ақ тіркеу орнында және ресторанда тілек – талаптар және арыз кітабы болуы керек.

     Қонақ үйдегі барлық тұрғындар, бірдей талптарға ие және келесідей міндеттерді сақтаулары тиіс:

  1. Қонақ үйде бекітілген тұру ережелерін;
  2. санитарлық және өрт қауіпсіздігін қатаң түрде сақтау;
  3. нөмірді босатқанда есікті жауып, кілтті өткізу;
  4. басқа тұрғындардың мазасын алмау және шуламау;
  5. заңарға сәйкес қонақ үй мүлкіне зақым келтіргенде құнын төлеу.

    Ұжымдық  орналастыру орнында кез – келген демалушы бүкіл қызметті кезектен тыс ала алады. Ал кейбір қызметтер  әкімшілік бекіткен бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

Информация о работе Қонақүй шаруашылығына сипаттама