Қонақүй шаруашылығына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады

Файлы: 1 файл

отчет.doc

— 496.00 Кб (Скачать файл)

     Ұжымдық орналастыру орнындағы қоғамдық орындағы және бөлмедегі тазалықты қонақ үй әкімшілігі қатаң түрде бақылап отырады.

     Қонақ үй кәсіпорындарын орналасуына, көрсетілетін қызметтің деңгейіне және қызметтердің ауқымына қарай  жүйеленеді. Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның жүйесіне сәйкес:

    орналастырған орнына қарай қонақ үйдің келесідей түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады:

     қала орталығында орналасқан қонақ үйлер;

     жол бойындағы, ережеге сай ашық автотұрақтарымен бірге аз қабатты қонақ үйлер;

     қала шетінде және әуежайларда орналасқан қонақ үйлер;

    Жүзбелі отельдер – бұл қонақ үй етіп жасалынған, теңіз, өзен немесе көл жағалауында орналасқан туристердің демалысы және орналастыруға арналған жүзбе құралдар. Қажет жағдйда мүндай қонақ үй  туристермен қоса суда келесі тұраққа ауыстырылуы мүмкін.

    деңгейіне, ассортиментіне және  қызмет құнына қарай қонақ үй  кәсіпорындары бірнеше типке бөлінеді:

    минимум қызмет көрсететін арзан қонақ үйлер немесе шектеулі қызмет көрсететін қонақ үйлер. Сонымен қатар тамақтану орындары болуы да болмауы да мүмкін.

    «люкс» қонақ үйлері – фешенебельді декормен көркемделген, жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған, жақсы жабдықталған қоғамдық бөлмелер және нөмір санына сәйкес персоналдың үлкен санына ие болуы тиіс.

     Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның қазіргі заманғы қонақ үй нарығында қонақ үй қызметін тұтынушыдан тәуелсіз қонақ үйлердің келесідей типтерін ерекшелеп көрсетуге болады:

     100 – 400 нөмірлік «люкс» қонақ үилер қала орталығында орналасқан өте жоғары бағаға, жоғарғы деңгейдегі тұрғындарға элитарлы қызмет түрлерін   ұсынуға бағытталған.

     Жоғарғы класты қонақа үйлер 400 – ден 2000 – ға дейінгі нөмірлерге ие, қала шетінде орналасқан және оқытылған персоналмен көрсетілетін қызметтің  кең ауқымын бизнесмендерге, конференция қатысушыларына, жеке туристерге ұсынады; ол қымбат жиһазбен және құрал – жабдықтармен жабдықталған. Тұру құны – орташадан жоғары.

     Орта деңгейлі қонақ үйлер тұтушылардың кең ауқымына бағытталған, нөмірлердің сан алуан түріне ие. Бағаның орташа деңгейін ұстана отырып, эксплуатациялық шығыстарды төмендете отырып, заманауи технологияны қолдануға  талпынады.

     Апарт – отель, әдетте 100 – 400 – ге дейінгі жағдайы жасалған, жиһазбен  жабдықталған нөмірлері болады. Бағасы маусымға және орналастыру шарттарына сәйкес өзгеріп отырады. Ұзақ мерзімге қалатын  туристер мен бизнесмендерге бағытталған.

      Мотель – авто көлікпен саяхаттап жүрген туристерге арналған нөмірлер саны 150 –ден 400 –ге дейін болуы мүмкін, автотрассаға жақын жерде орналасады, персоналдың кішігірім штатына ие және заманауи жақсы жабдықталған нөмірлері үшін қымбат емес, қолайлы бағаны ұсынады. Тамақтану қызметі болмайды.

     Бунгало – туристерді орналастыруға арналған, жеңіл материалдан тұрғызылған кішігірім құрылыс. Өзінің кең таралуын халықаралық жастар туристік орталықтарында алған.

     Акватель – стационарлы кеме.

     Курортты қонақ үйлер 100 – ден 500 – ге дейін нөмір санымен, қаладан оқшау орналасқан және су қоймаларының жанында, табиғи жерлерде орналасады, қызметтің толық жиынын ұсынады, көптеген спорттық құрылыстар, балаларға арналған алаңшалар  бар; бағалары  - орташадан жоғары, туристердің  түрлі категориясына бағытталған.

     Таймшер – 50 – ден 250-ге дейін нөмір санына ие, тіпті бөлек ғимараттары болуы мүмкін. Пәтер типтес  нөмірге  және курортты қонақ үй типтес жағдайға ие. Таймшердің бағасы маусымға тікелей байланысты. Көп сұранысқа ие маусымнан, тартымды уақыттарда тұру құны арзанырақ.

    Таймшерді сату ауқымы Еуропада 1991 жылы 3,74 млрд АҚШ долларын құрады.

     2002 жылы сату ауқымы 30 млрд долларға тең болған. Таймшердің егелері 157 елдің азаматтары болып табылады. Таймшерлік курорттар 75 елде бар.

     Транзиттік қонақ үйлер – қысқа уақытқа тұрақтау жағдайымен кез – келген контингентке қызмет көрсетеді. Ережеге сай, олар ірі транспорттық түйіндерде, темір жол вокзалдарында, әуежайда, теңіз және өзен вокзалдарында, автовокзалдарда орналасады. Қызмет көрсету және қызметтер ассортиманті минималды, тамақтану әдетте ұсынылмайды.

      Іскерлік мақсаттағы  қонақ үйлер іс – сапарларда немесе жұмыс бабымен жүрген адамдар үшін арналған. Іскерлік мақсаттағы қонақ үйлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Көгалдандырылған территориясыз қаладағы әкімшілік, қоғамдық және басқа да орталықтарға жақын жерлерге орналасуы тиіс.
  2. Нөмірлік қорында бір орындық нөмірдің болуы.
  3. Нөмірде міндетті түрде  жұмыс орнын жадбықтаулы болуы қажет. Яғни жұмыс үстелінің, жарықтандыру, жұмысорындығы, жазу құралдары және оргтехниканың болуы  қажет.
  4. Нөмірлерді сыртқы шудан оқшаулау.
  5. Келіссөздер, жиналыстар және семинарлар, т.б.  өткізетін орындардың болуы тиіс.
  6. Бизнес – орталық.
  7. Қаржылық қамтамасыз ету қызметі болуы керек.

     Демалуға арналған қонақ  үйлерге қойылатын талаптар:

  1. Қаланың шетінде, көгалдындаралған массивтерде орналасуы тиіс.
  2. Міндетті түрде көгалданған территориясы, спортпен шұғылданатын және демалыс үшін алаңдардың болуы керек.
  3. Нөмірлік қорда екі орынды нөмірлердің боуы керек.
  4. Ойын – сауық және көңіл көтеру үшін алаңдар, балалар алаңының болуы міндетті.

      Сонымен қатар әр бір қонақ үй өзіндік ерекшеліктергше ие болады.

      Курортты қонақ үйлер емдік-медициналық, сауықтыруға арналған жабдықтар мен бөлмелері, кейде тіпті диеталық тамақтану да қарастырылуы керек.

     Стационарлы қонақ үйлер көбіне отбасымен демалуға арналады, сондықтан олардың балалар үшін ойнайтын бөлмелері, спортты-сауықтыру дәрістері үшін бөлмелері болуы керек.

     Туристтік-экскурсилық қонақ үйлер өздеріндеэкскурсоводы, топты басқаратын, спорт нұсқаушылары, ал спорт туризмі үшін арналған қонақ үйлерде туристтік-спортты қызмет үшін бөлмелері болуы тиіс. Мұндай қонақ үйлер әдетте жабдықталған туристтік трассға жақын маңында орналасады.

     Арнайы қонақ үйлердің ішінде ерекше орынды мына қонақ үй типтері алады:

      кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)

      ротель – екі - немесе бір орынды нөмір ұсынатын, қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристер қалалармен және олардың құндылықтарымен таныса алады, ал түнде поезда түней алады.

      ботель –  судағы кішігірім қонақ үй.

      флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес – турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда.

      Флотелдер 1990 жылдары жойқын даму алды,  круиздік демалыс үшін пайдаланылған. Әлемде теңіздік туристердің саны өсуде, 1996 жылы саны 6,5 млн адамға жеткен. Ерекше назарды туризмнің арнайы  түріне аударуға болады – ауылдық туризм. Сонғы жылдары ауылдық туризм аса кірісті және ауқымды туризм түрі болып табылады. Дегенменде круиздік саяхатпен салыстыруға келмейді, бірақ маңызы жағынан туристік бизнестің зерттеуді және назар аудартуды қажет ететін, маңызды бағыты болып табылады.

      Қазақстанда мұндай туризм түрін дамытуға көптеген жағдайлар мен орындар жетерлік.

      Бүгінгі таңда мұндай туризмнің түрін таңдаудың бірнеше әдістері бар:

  • қымбат теңіз курорттарында демалу мүмкіндігінің жоқтығы;
  • ауылдық жердегі адамдардың қаражат көзінің жоқтығы;
  • табиғатқа жақындық, таза ауада, орманда және көлдердің жағалауында көп уақыт өткізу қажеттілігі.
  • экологиялық таза және табиғи өнімдерді пайдалану мүмкіндігі;
  • жергілікті жердің мәдениетімен, дәстүрімен және салтымен танысуға мүмкіндіктің көптігі;

     Финляндияда, Солтүстік Карелияда, көлдер көп жерде екі және сегіз адамдық кішігірім  котедждер отбасылар үшін, көп таралған. Үйшіктер барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, бағасы да  соған сай болады. Әдетте олар бірнеше жатын және қонақ бөлмеден тұрады.

     Коттеджде  су және ыстық су, кішігірім асхана, онда электрлі пеш, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, кофе қайнатқыш бар. Коттедждердің көпшілігі каминмен, саунамен жабдықталған. Туристерге жалға қайықтар, балық аулау құралдары, шаңғы жабдықтары  беріледі. Осы жағдайдың барлығы таза ауада, өзен бойында, оңаша демалыс өткізуге жеткілікті жағдай жасайды.

      Туризмнің бұл бағыты жақсы ұйымдастырылған индустрияны қажет етеді.

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

2 Орналастыру  құралдарының халықаралық классификациясы

     Халықаралық қонақ үйлер тізбектері

     Туристтерді орналастыру құралдары ретінде түнеу үшін орын болатын туристтерге ұсынылатын кез келеген объект (ғимарат, жай және т.б.) болып табылады. Олар келесі параметрлер (қасиеттер) бойынша сипатталады:

  • орналастыру объектінің орнының жалпы саны;
  • орналастыру объектісінде басшылық пен қызмет көрсету персоналы бар;
  • орналастыру объектісін басқару коммерциялық негізде құралады.

     ДТҰ-ның рекомендациясына сәйкес барлық туристтерді орналастыру құралдары 2 категория бойынша бөлінеді: ұжымдық және индивидуалды (1-кесте).

     Ұжымдық орналастыру құралдары құрамына қонақ үйлер және аналогиялық мекемелер, мамандандырылған орналастыру құралдары және т.б. ұжымдық орналастыру құралдары жатады.

     Қонақ үйлердің негізгі белгілеріне ең бастысы тұруы үшін нөмірлердің болуын жатқызуға болады. Қонақ үйлер тұрғындарға міндетті қызмет терімдерін ұсынады: нөмірді тазалау, күнделікті төсекті жинау, санитарлы узелдерді және қоғамдық қолданыстағы орындарды тазалау, сонымен қатар басқа да кең ауқымды қосымша қызметтер.

     Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді, туристтік жатақаналарды және т.б. жатқызады.

     Мамандандырылған мекемелер. Оларда нөмірлер емес, баспана, ұжымдық жатын бөлме, аула болады. Туристтерге түнеу үшін орын ұсынудан басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Мамандандырылған мекемелерге мысал ретінде сауықтыру мекемелері (курорттар, санаториилер, лагерлер), көпшілік транспорт түрінде орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтар бола алады.

     Мамандандырылған қонақ үйлерге:

     Кемпинг – қала сыртындағы жерлерде орналасатын, жазғы үйшіктермен, палаткалармен жабдықталған автотуристтерге арналған лагерь.

     Ротель – бір, екі орынды нөмірлерімен вагондарын ұсынатын қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристтер түрлі қалалармен, олардың көрікті жерлерімен танысады да, түнде поезде түнейді.

     Ботель – сәйкесінше жабдықталған кемені ұсынатын жүзгіш қонақ үй; туристтерге ыңғайлы нөмір-каюталар, белсенді демалыс қызметтері, келісімдер үшін залдар, байланыс қралдарын, көптеген барлар мен ресторандар ұсынылады. Флотельдерді 1990 жылы қарқынды дами бастаған круизді демалысты ұймдастыру үшін қолданады.

      Арнаулы орындардың жоғарлауы мен сегмент нарықтарының кеңеюінен круиз үшін демалыстың жаңа түрі дами түсті. Ол круиз және самолетпен ұшу. Мұнда әуе транспортының жылдамдығы мен романтикалық теңіз саяхаты тіркесімін табуда. Осында демалыс үшін орналастыру құралы флайтель деп аталады, бірақ бағаның жоғары болуынан қонақ үй нарығында ол шектеулі етіп ұсынылады.

      Қонақ үй нөмірлерін келесідей классификациялап бөліп қарастыруға болады:

  • орын санына байланысты. Бірорынды, екі орынды, үшорынды және т.б. деп бөледі. Қонақ үйде, мотельде бірорынды нөмір – келушіні орналастырудың  аса қымбат түрі. Екі орынды нөмір бір мезгілде екі бірдей тұрғынды орналастыруға арналған орын. Мұнда бөлек екі жатақ немесе үлкен жатақ болуы мүмкін; көп жағдайда мұндай нөмірлер ерлі – зайыптыларды орналастыруға арналған;
  • бөлме санына байланысты. Бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және т.б. болуы мүмкін;
  • тағайындалуына байланысты. Нөмірлерді әдетте  бизнес – класты, экономкласты, апартамент – нөмірлер және т.б. деп тағайындайды.

     Бизнес – класс нөмірлері іс – сапармен немесе жұмыс бабымен келген туристерді орналастыруға арналған. Бұл жағдайда нөмірде стандартты жағдайлардан басқа нөмірде жұмыс үшін жағдайлар жасалуы қажет (жұмыс үстелі, телефон, факс, компьютер). 

Информация о работе Қонақүй шаруашылығына сипаттама