Туристік –рекреациялық карталарды жобалау мен құрастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 10:28, реферат

Описание работы

Рекреациялы картографиялау- бұл тақырыптың картографияның аумақтық-рекреациялы жүйелерді (АРЖ)-олардың орналасуын, қасиеттерін, өзара байланыстары мен уақыттағы өзгерістерін бейнелеу және зерттеумен айналысатын жаңа бағыты. Көп жағдайда карта географиялық заңдылықтарды анықтауға, яғни кеңістікті орналастыруда, құбылыстардың қатынасы мен үйлесуіндегі заңдылықтарды анықтауға септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

лекции перевод 13,03.doc

— 45.50 Кб (Скачать файл)

Дәріс № 1. Туристік –рекреациялық карталарды жобалау мен құрастыру

Рекреациялы картографиялау- бұл тақырыптың картографияның аумақтық-рекреациялы жүйелерді (АРЖ)-олардың орналасуын, қасиеттерін, өзара байланыстары мен уақыттағы өзгерістерін бейнелеу және зерттеумен айналысатын жаңа бағыты.  Көп жағдайда карта географиялық заңдылықтарды анықтауға, яғни кеңістікті орналастыруда, құбылыстардың қатынасы мен үйлесуіндегі заңдылықтарды анықтауға септігін тигізеді.

Картаның қасиеті. Картаның анықтамасының өзінде оның негізгі белгілері көрсетілген:

1. құрастырудың математикалық заңы— Жердің сфералық қабатынан картаның тегістігіне өтуге мүмкіндік беретін арнайы карторафиялық проекцияларды пайдалану;

2.Бейненің таңбалылығы-картографиялық белгілердің ерекше шартты тілін пайдалану;

3. генерализация— бейнеленетін объектілердің таңдау және жалпыландыру.

Картаның  математикалық негізі-карта мен бейнеленетін қабаттың арасындағы математикалық байланысты анықтайтын картаның математикалық элементтерінің жиынтығынан құралады. Картаның математикалық элементтеріне оның масшатбы, картографиялық проекциясы, координаталық кестесі, сондай-ақ тұтастыру элементтері мен сызбалау жүйесі кіреді.

Картографиялық проекция — бұл эллипсод немесе шардың қабатының тегістікте математикалық анықталған бейнесі. Картада картографияланатын объектілердің қалпы мен кескіні, сондай-ақ меридиандар мен параллельдер кестесі де  беріледі.  Картографиялық проекцияны  анықтайтын заң теңдеулермен, графикалық түзілісін көрсетумен, координаталар кестесімен және өзге де әдістермен анықтала алады. Картографиялық проекциясының теңдеулері деп картадағы координаттар нүктелері мен эллипсоид не шар қабатындағы нүктелердің арасындағы байланысты анықтайтын екі теңдеуді атайды. Проекцияның негізгі 3 түрі бар: цилиндрлік, конустық және азимуттік. Әрбір проекциясының өзінің  қателіктері бар.

Координаттық кестелер — бұл картографиялық, тікбұрышты, километрлі және өзге де кестелер. Картографиялық кесте  бұл картада меридиандар мен параллельлерді белгілеу болып табылады. Картадағы тікбұрышты кесте- ағымдағы картографиялық проекциядағы тегіс тікбұрышты координаттар жүйесіндегі координатты кесте. Километрлік кесте-бұл сызықтары картада нақты километрге сәйкес интервал арқылы жүргізілген координатты кесте. Картадағы координаттық кестелердің сызықтарының түйісу нүктелерін түйіндік нүктелер деп атайды.

Картографиялық  жалпыландыру— картаға түсірілетін аумақтың мақсатты арналуы, масштабы, мазмұны мен ерекшеліктеріне сәйкес  картада бейнеленетін объектілерді таңдау және жалпыландыру. «Генерализация» (жалпыландыру) generalis латын түбірінен келіп шығады, ол ортақ, басты деген мағынаны білдіреді. Үдерістің мәні объектілердің негізгі, типтік қасиеттерін, тән ерекшеліктері мен өзара байланыстарын картада жеткізу болып табылады. 

Жалпыландыру барлық картографиялық бейнелердің, тіпті  ең ірі масштабтыларының да ажырамас қасиеті не сипаты болып есептеледі. Жалпыландыру факторлары болып карта масштабы, оның мақсатты арналуы, тақырыбы мен типі, картаға түсірілетін объектінің ерекшелігі мен зерттелуі, картаны графикалық безендіру тәсілдері табылады.факторлар жалпыландыруға ыңғайларды, олардың шарттары мен сипаттарын анықтайды.

Жалпыландырудың түрлері 

Сапалық сипаттамаларды жалпыландыру объектілердің айырмашылықтарын қысқарту арқылы жүзеге асырылады, бұл ылғи да  топтастыру белгілерін жалпыландыру және ірілендірумен, қарапайым түсініктерден күрделілеріне өтумен байланысты болады. Сапалық сипаттамаларды жалпыландыру шкалаларды ірілендіруде байқалады.

Объектілерді  таңдау (теру) карта мазмұнын оның мақсатты арналуына , масштабына, тақырыбына байланысты объектілермен ғана шектеу және едәуір маңыздылығы төмен объектілерді алып тастаумен байланысты болады. 

Таңдау шектелімі — жалпыландыру кезінде сақталатын объектілердің көлемі мен маңыздылығын көрсететін шектеуі параметр. Шектелімдерге мысалдар: «аумағы 10 кмасатын ормандарды картада сақтау», немесе «карта масштабында ұзындығы 1 см-ден асатын барлық өзендерді көрсету», немесе «жалпыландыру кезінде барлық аудандық әкімшілік орталықтарды қалдыру».

Кескіндерді жалпыландыру- бейнелеудің майда бөлшектерін алып тастауды, контурлардың кішігірім иілімдерінен бас тарту, шекараларды тегістеу және т.б.білдіреді. бейнені жалпыландыру міндетті түрде объектінің географиялық шындыққа жанасымды суретін сақтап қалуы тиіс. Негізінен алғанда, жалпыландыру кезінде геометриялық нақтылық ылғи да мазмұндық шындыққа жанасымдылықты сақтап қалу үшін бұзылып отырады.

 

Дәріс № 14  Карта құрастыруға қажетті графикалық редакторлар CorelDRAW 9 – векторлы графика принциптеріне негізделген, бейнелерді құру мен түзетуге арналған бағдарлама. Шын мәнінде, CorelDRAW – бұл кез келген шығармашылық идеяны көркем және мәтіндік графика амалдарымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама.

CorelDRAW бағдарламасында бар құралдар (функциялар) жоғары сапалы графиканы алуға мүмкіндік береді.

Бастапқы материалды компьютерлік өңдеудің бірінші сатысы болып монитор  экранында  редакциялық ұсыныс не макетке сай карторафиялық негізді құру болып табылады. Бейнені сканерлеу (цифрлық өңдеу әдісі ) арқылы  және оны аналогтық формадан екінші формаға ауыстыру. Заманауи кәсіпқойлық сканерлер 2-32 бит форматтағы нүктелі бейнелерді кейінгі кеңейту арқылы алуға мүмкіндік береді, бұл оның кейінгі өңделуін және  түрлі тасымалдаушыларға, оның ішінде фотоүлдірге шығаруды едәуір жеңілдетеді. Сканерлеу кезінде бейненің горизонталь бойынша дұрыс бағытын сақтау өте маңызды. Осылайша, монитор экранында бастапқы карталық материалдың нүктелік нұсқасы шығады. Сканерлеуден соң сканерленген бейнені  CorelDRAW суретінің құрамына өткізіп, кейіннен бейне көлемін атрибуттар панелік арқылы өзімізге қажетті өлшемге ауыстырып аламыз. CorelDRAW бағдарламасындағы нүктелік бейнені векторлық формаға түрлендіріп алу өте оңай. Мұндай түрлендіру нүктелік бейнелерді белгілеу деп аталады. Нүктелік бейнені белгілеу сканерленген бейнені векторлы объектіге айналдырады. «CorelDRAW» бағдарламасы нүктелік бейнелерді векторлыға ауыстыруға арналған арнайы құрылғыны қамтиды. CorelDRAW бағдарламасының көмегімен мәтін де құрылады және түзетіле береді. CorelDRAW бағдарламасында мәтінмен жұмыс істеуге арналған бір құрал ғана болса да, бұл әмбебап құрал фигуралы және қарапайым мәтіндерді құруға пайдаланыла береді.

Суреттермен жұмыс жасау барысында майда бөліктерді өңдеу, қарастыру үшін  үнемі суреттің масштабын үлкейту қажеттілігі туып отырады, немесе керісінше, жұмысты түгелдей қарап шығу үшін оны кішірейту қажеттілігі тауады. Құрылғылар панелінде «Масштаб» және «айналдыру» 2 тетігі бар. Егер де тышқанның сол бөлік тетігін басатын болсақ, бейне масштабы 2 есе ұлғаяды. Тышқанның оң жақ тетігін басатын болсақ, бұл масштабы екі есе азайтуға әкеледі. «айналдыру » құрылғысы пернетақта не тышқан көмегімен айналдыруды жүзеге асыруға көмектеседі.  

Картографиялық бейненің, шарты белгілердің  түстік гаммасы  CorelDRAW стандартты бояулары арқылы құйылады . Түстердің стандартты бояуы экранның оң жақ төмен бөлігінде орналасады және CMYK үлгісінің 89 түсті, 10 сұр түсті және ақ түсті –барлығы 100 түсті құрайды. CMYK – бұл  төрттүсті көпқабатты баспа: көгілдір (cyan), қарақошқыл(magenta), сары (yellow) және қара(black). CorelDRAW стандартты бояулары бар сызғыш ретінде бейнеленіп тұрады. Стандартты бояулар түсі «бояулар редакторы» диалогының терезесі арқылы өзгертіледі, Сервис-бояуларды өзгерту командасымен жасалады. Арнайы бояуларды құру түрлі түстік үлгілер көмегімен қажетті түстік реңктерді синтезі арқылы жүзеге асырылады.


Информация о работе Туристік –рекреациялық карталарды жобалау мен құрастыру