Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 17:59, реферат
Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды
Қ. Жұмалиев “Айман — Шолпан” жырының оқиғасы Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін туған , — дейді. Ал филология ғылымдарының кандидаты Ә. Қоңыратбаев “қазақ әдебиетінің тарихы” (I том, 1948 ж., 207-бет) жазған еңбегінде бұл жырдың XIX ғасырдың орта шенінде туғандығын айтады. М. Ақынжановтың дәлелдеуіне қарағанда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші жартысының бас шенінде, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталған кезде, туған . Бұлардың қайсысы болса да жырдың нақтылы шыққан мезгілін дәлелдеп көрсетпегенмен де, оқиғасы шындық өмірден алынғандығын анықтайды.
“Айман — Шолпан” жырына талдау берместен бұрын, оның мазмұнымен қысқаша таныса кетелік. Онда былай делінеді: Кіші жүз ішінде шөмекейдің өлген бір кісісіне үлкен ас беріледі. Оған таманың бай адамы Маман келеді, ол сән-салтанатымен, өңшең нарға артқан тоғыз саба қымызымен келеді. Шөмекейліктер Маман байды құрметпен қарсы алып, алтындаған ақ үйге енгізеді. Бұл асқа қант-шай алып тоғыз нарға тоқаш артып шектінің батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге көңілі толмайды да, Маман бай отырған үйді бер деп шіренеді. Шөмекейліктер сасады да, Көтібарға жауапты өзің бер деп Маман байға барады. Маман бай Көтібардың кедейлігін өзінің байлығын айтады. Осыдан кейін бай мен батыр ерегіседі, Көтібар күш көрсетеді: “Еліңді шауып аламын”,
— дейді. Көтібар өзінің інісі Арыстанның: “Арындама”,
— деген ақылына құлақ аспайды.
Аста ат шабысы болады. Бәйгеден Көтібардың күрең аты озып келеді. Бұған масаттанған Көтібар, Маманға алғашқы айтқан сөзін қайталайды да: “Еліңді шауып алам”,— деп аттанып кетеді. Айтқанындай-ақ, Көтібар жеті жүз жігіт алып Үрпекбас деген жерде отырған Маманды шауып алады. Маманның Айман, Шолпан атты екі қызын жайдақ нарға мінгізіп алыт кетеді. Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан ‘бір жорға сұрап алады да, оны Шолпанға береді. Екінші тұлпарды Арыстаннан алады. Айман Көтібардың жігіттерінен: “Шолпан екеуіміздің бірімізді елге қайырыңыздар”, — леп өтінеді. Бұған Көтібар үндемейді, Арыстан келісім білдіреді. Шолпанды еліне қайырады. Оны Арыстан бастаған жігіттер еліне шығарып салады, Және де Айман еліне қайтуға бара жатқан Шолпан арқылы өзінің атастырған күйеуі Әлібекке сәлем жолдайды: “Алпыс күннен қалмай, келіп жетемін ”, — дейді.
Көтібар еліне келеді. Оның Теңге деген тоқалы бар екен. Оны жігіттер әзіл араластырып ашуландырып: “Сені Айманның көрімдігіне береміз”, — дейді. Бұған намыстанған Теңге Айманмен қақтығысады және Айманның алдына ешбір адамды шығармаймын деп үйіне қайтады. Айтқандай-ақ Айманды қарсы алған адам болмайды, сонан соң ол Арыстанның ауылына барып түседі. Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып, оны бауырына тартады, балаға жақсы кйім-кешек тігіп береді. Ол Есетке ақыл үйретеді; “әкеңе бар киімдеріңе байғазы сұра. Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе, берер байғазың осы болсын де”, — дейді. Есеттің тілегін Көтібар орындайды, сонда бұған Арыстан араласып, баланың тілегін қабылдаттырады. Айман Есеттен Көтібардың күші күрең тұлпарында екенін біледі және айламен тұлпарды қолына түсіреді.
Осы кезде бір мың төрт жүз жігіт алып Әлібек келеді. Оның алдынан күрең тұлпармен Айман шығады. Әлібек Айманды танымай қалып найза салады, Айман өзін танытады. Әлібек Шекті елін шабуылдайды. Бірақ арашашы Айман болады, ол екі жақты татуластырады. Көтібар өкіл ата болып, Айманды Әлібекпен аттандырады. Шолпанды Айман Арыстанға қосады. Екі жақтың шабуылға түскен малы қайтарылады, ел арасында татулық орнайды. Жыр осымен аяқталады.
“Айман — Шолпан” халықтық жыр және ол өткен ғасырдың 70 жылдарында шығарылған секілді. Жырдың оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі болған жаңалықтарды суреттеу идеясынан туған деуге болады. Мұның бірнеше себептері бар.
Қазақстанның Ресейге қосылуы өткен ғасырдың 70 жылдарында аяқталған еді. Бірақ бұл қосылу бүкіл қазақ елінде бір мезгілде басталған емес-ті. Әуелде Ресей мемлекетіне Кіші жүз (1731 ж.), содан кейін Орта жүз (1740 ж.), өткен ғасырдың бас кезінде Ұлы жүз қосылды. Мұның нәтижесінде қазақ елінің тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне көптеген жаңалықтар ене бастады, ел басқару, ел билеу істеріне бірсыпыра өзгерістер енді. 1822 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтары жайында арнаулы устав шығарды да, бұрынғыдай хандық жолымен ел билеу тәртібін өзгертті. Орта жүз округтерге бөлінді. 50-70 үйден бір әкімшілік ауыл, 10-12 ауылдан бір болыс (волость), 15-20 болыстан округ қүрылды. әрбір ауылды үш жылдық мерзімге сайланған старшиндер басқаратын болды, окургтерді болыстар сайлаған аға сұлтандар басқарды .
Бертін келе бұл устав та өзгерді. Патша үкіметі 1865 жылы арнаулы комиссия құрып, оған қазақ елін билеу, басқару жайында “Уақытша жоба” (мұны қазақтар “Жаңа низам” дейді) жасауды тапсырды. Комиссия жасаған жоба 1868 жылы 21 қазанда қабылданды.
“Уақытша жоба” бойынша қазақ елі облыстарға бөлінді. Орал мен Торғай облысы Орынбор генерал-губернатор-лығына, Ақмола мен Семей Батыс-Сибирь генерал-губернаторлыгына қарайтын болды. Ал Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Әрбір облысты губернатор басқарды. Облыстар уездерге бөлінді; уезд бастықтары болып патша үкіметінің офицерлері, ал олардың көмекшісіне қазақ байлары тағайындалды. Уездер болысқа, болыстар ауылға, бөлінді. Болыстар да ауылдарды билейтін старшиндар да сайлау арқылы белгіленді. Бірақ “сайлау” деген аты болмаса, оған қатысатын да, сайланатын да байлар еді. Олар патша әкімдеріне көптеп пара бере отырып өздерін өткізетін.
Сөйтіп, ел басқару жөнінде ескі тәртіп жойылады, оның орнына “сайлау”, жоғарыда “тағайындау” тәртібі қолданылады. Бұл ретте патша әкімдері қазақтың байларымен, пысықтарымен санасып, бірлесіп отырады. Кімде-кім ұлықтарға жаға білсе, параны көп берсе, бай болса, оларды патша әкімдері дәрежеге жеткізетін болады. Және мұндай “сайлау” тәртібі ел арасының алаауыздығын, бақастығы мен тартысын кушейте түседі, елді жікке бөлу, араздастырып атыстыру көбейеді. Мұның арты әкеліп дау-жанжалға, ұрыс-қағысқа соғады. Осы жағдайларды өз көзімен көрген және терең түсінген Абай “Болыс болдым, мінеки”, “Мәз болады болысың” дейтін өлеңдерінде тамаша етіп суреттеген болатын. Мұны қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те “Абай” романында жан-жақты алып, реалистік тұрғыдан “сайлаудың” таптық сырын ашып көрсетті.
Қазақтың әлеуметтік тұрмысына, қоғамдық өміріне енген үлкен жаңалық ел билеу, ел басқару ісі ғана емес еді. Мұндай өзгеріс, жаңалықтар қазақтың экономикалық жәнс мәдени өміріне де енген еді. қазақ даласына қалалар салына бастады, өндіріс орындары және мектептер ашылады, сауда-саттық қарым-қатынастар күшейеді. Бұлардың қазақ халқы үшін аса көп прогрестік мәні болды, халқымыздың экономикасы мен мәдениетінің дамуынша, алға баса өрлеуіне жағдай жасады, әсер етті.
Қазақ еліне капиталистік қарым-қатынастардың ене бастауының да ескі феодалдық құрылыспен салыстырғанда анағұрлым прогрестік мәні болған. В. Л. Ленин “Россияда капитализмнің дамуы” атты еңбегінде: “Реформадан кейінгі дәуірдің ішінде кеңінен және тереңінен дамып келген, дамьш отырған бұл процестердің бәрі тұрмыстың ескі түрлеріне қарағанда, оның терең прогресшілдік маңызы бар”, — дейді
Капитализм элементтерінің қазақ еліне ене бастауы, әлеуметтік тұрмыс пен қоғам өміріне бірсыпыра өзгерістердің кіруі ескі әдет-ғұрып, салтқа да әсерін тигізеді. Бұл жөнінде де көптеген жаңалықтар туды. Осындай өзгеріс, жаңалықтарды жүзеге асыру, дамыта беру үшін патша үкіметі, оның жергілікті әкімдері ескіні көксейтін адамдарды жақтаған жоқ, жаңа заманның мән-жайын түсінген және соған қызмет ететін жаңа адамдарды қолдай бастады, соларға арқа сүйеді. Бұл жайды қазақ халқы да түсінді, ел басқару, ел билеу ісіне экономика мен мәдениетті жаңа бағытта дамуы жолында жаңаша қызмет ететін адамдар болу керектігін ұғынды. Осындай адамдарды ардақтады және оларды ескілік өмірді, кертартпа дүниені көздейтін, сол үшін күресу ойынан қайтпаған адамдарға қарсы қоя бастады. Және де мұндай жаңа адамдар ерлермен қатар әйелдер арасынан да шығады деп ұғынды. Халықтың осы ұғымы оның әдебиетінен де орын алды. Соның бірі “Айман — Шолпан” жыры деуге болады.
“Айман — Шолпан” — реформа дәуірінен кейін қазақ аулындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды, қоғам өміріне, тұрмыс-салтқа енген өзгеріс, жаңалықтарды суреттеу идеясынан туған жыр. Ол өзінің осындай негізгі идеясын жырдағы басты кейіпкердің мінезін, іс-әрекеттерін суреттеу арқылы көрсетеді. Бұл ретте жырдың кейіпкерлері екі топқа бөлінеді. Біріншісі — ескілік өмірді, бұрынғы тұрмыс-салтты жақтайтындары. Ол — әлеуметтік сахнасынан кетіп бара жатқан феодалдық қүрылыстың өкілдері Көтібар мен Маман. Екіншісі — жаңа туып келе жатқан капиталистік қарым-қатынасты, қоғам өмірінде соған негізделген жаңалықты жақтаушы жастар. Олар: Айман, Арыстан, Әлібек, Шолпан. Бұлар қазақ қоғамына ене бастаған жаңа дәуірдің өкілдері ретінде жырға қосылады, олар бұрынғы заманда кездеспеген жаңашыл іс-әрекеті, мінез-қылығымен алынады. Сондықтан да олар бұрынғы қазақ әдебиетінде болмаған, жаңа заманда туған жаңа кейіпкерлер болып табылады. Сөйтіп жырда ескі мен жаңаның тартысы бейнеленеді, оқиға соның төңірегінде құрылады.
Жыр оқиғасы Маман мен Көтібардың үйге таласып қақтығысуынан басталады. Бұдан олардың өздері үстемдік етіп, әкімдік жүргізген заманы сол қалпында деп түсінушілігі көрінеді, ол заманның өтіп бара жатқандығын, қоғамдық қарым-қатынастардың өзгере бастағанын мойындамаушылықты аңғартады.
Қазақ қоғамында көп заман бойына ел билеу, ел басқару ісі хандар мен феодалдардың, батырлардың қолында больщ келеді. әміршісі де, әкімі де солар еді. Бірақ XIX ғасырдың бас кезінде-ақ олар бұл дәуренінен айырыла бастаған бо-латын. Дегенмен олар мұны мойындамай: “Заман әлі де біздікі, барлық билік қолымызда, айдасақ — жүресің, ақырсақ — көнесің”, — деді. Маман мен Көтібар да сонда, бұрынғы дәрежесі бұзылмаған, өзгермеген, баяғы бірқалыпта деп түсінеді. Сондықтан да олар үйге таласуды сылтау ете, өздерінің құдіретті қолында, бұрынғыдай күшті екендіктерін жұртқа танытпақ болады. Маман байлығын айтып күш білдіреді, Көтібарды кекей сөйлейді. Ол Көтібарға:
Маман айтты: дәулеті бар пемедей, Жүр еді осы Шскті кезі келмей. Үй тандап біздің елден ие қылады, Су артқан қаратаудаи қума кедей,—
дейді. Ол Көтібардың байлығын біле тұрса да, одан өзін мықтылау етіп көрсету үшін әдсйі кедей деп кемітеді.
Маманның бұл сөзіне ыза болған және оның алтындаған ақ үйге түсуіне, ондай үй өзіне тимегеніне намыстанған Көтібар елге қамшы үйіріп қалған әдетіне басады; ашу-жанжал шығарады, Маманды шауып алатындығын білдіреді. Ол Маман байға:
Аулыңа жеті жүз қол жүргізбесем, Шектіні таң сәріден тигізбесем. Көтібар менің атым жерге кірсің,— Айманды жайдақ нарға мінгізбесем,—
деп, ант етеді. Ол артынша-ақ осы сертін орындайды да, Маманды шауып алады, оның екі қызы Айман мен Шолпанды жайдақ нарға мінгізіп әкетеді.
Белгілі мөлшерде жыр Көтібарға батырлық сипат та береді. Оның “батырлық” қимылы, тік мінезді дөкірлігі, морттығы, намыстанып ел шабуымен» көрінгендей болады. Ол ескі әдеттерін қолдайды, халыққа қамшы үйірген салтына тартады, жұрттың бәрін ызғармен ықтырам деп ойлайды. Ат жарысына үш жүздей сайгүліктер қосылғанын біле тұрып: “Бас бәйгімді шаппай бер”, — деп менмендік мінез білдіреді. Көтібардың осы сияқты мінездерін, іс-әрекеттерін халық жыры дәріптеу ретінде емес, күні өткен батырды мазақ, күлкі ету түрінде суреттейді.
Көтібар өзін-өзі жоғары бағалап, “мықтысынып” жүрсе де, оның әлі Теңгеге де жетпей қалады. Аймандарды алып келе жатып: “Мен барып, үйдің ішін қуантам”, —
Іздеп ауылына қарай тарта жөнеледі. Бірақ Көтібар үй ішін қуанта алмайды. Теңгенің қаһарына ұшырайды. “Айманды алса, тұрмаймын, кетемін”, — деп айқай салған, ашу щығарған Теңге Көтібарды қыңқ еткізбейді. Сөйтіп, “батырсынған” Көтібар, ақырында, жұрт алдында күлкіге айналады.
Жыр Көтібар мен Маманды дәурені өтіп бара жатқан феодалдық құрылыстың ескі көзі етіп суреттейді. Олардың заманы ескіргені сияқты, өздері де ескірген, тозған адам екендігін аңғартады. Солай бола тұрса да, олар тозып. ескіргендігін мойындамайтын, бұрынғы күндерін жоқтап соны көксейтіндігін, тартысып, таласып өтетіндігін білдіреді, соған әрекет жасайды. Олардың мұнысын халық жыры: “әурешілік болмайтын іс”, — деп бағалайды және ажуа етеді. Бұл тек Көтібар мен Маманды ғана мазақтау емес. Сонымен қатар, олардың күні өтіп бара жатқан заманын, ескі салтын, жащ деуірге үйлесі жоқ мінездері мен іс-әрекеттерін келеке, сықақ етеді.-Жыр бұлардың қазақ халқының алға басуына шырмау болатындығын, жаңа заман жағдайына керегі жоқ адамдар екендігін аңғартады. Жаңа тілек, жаңа жағдайлар тұрғысынан қараған жыр Көтібар мен Маманды, солар арқылы ескі өмірді, оның халыққа жат салттарын сынайды.
Көтібар мен Маманды ескі феодалдық дүниенің кертартпа өкілдері деп сипаттаган және олардың бұдан былай өмір жасай алмасын тарихи шындық тұрғысынан суреттеген жыр ендігі жерде заманның адамдарын көрсетеді. Олар
— жастар. Жыр халықтың жаңа дәуірдегі үмітін ақтайтын жастар екендігін аңғартады. Олардың мінезін, ісін үнамды түрде суреттейді. Бұл ретте жырдың ерекше көңіл бөлгені
— Айман.
Айман — реформа дәуірінен кейінгі жерде қазақ қоғамына енген өзгерістер мен жаңалықтарға сәйкес әлеумет сахнасына шыққан жаңа адамдардың өкілі ретінде жырга қосылады. Ол жаңа дәуірдің жыршысы бейнесінде алынады және оның ақылы, мінезі, ісі Көтібар мен Маманға қарсы қойыла жырланады. Жаңа заманның жаңа адамы болған Айманды халықтың ендігі панасы, қамқоршысы, ақылгөйі деп көрсетеді, “Айман болар, өлгенде паналарың” — дейді жыр.
Айман өз кезіндегі қазақ әдебиетінде енген жаңа кейіпкер. Бұдан қазақ әдебиетінде Айманға дейін жыр болған қьіздар жоқ деген ұғым тумау керек. Ондай қыздар (Құртқа, Назым, Ақжүніс, Қыз Жібек т. б.) болған. Бірақ олардан
Айманның айырмасы — әлеуметтік мәселелерге арласуында, жаңа заманда ел басқару ісіне ерлермен қатар әйелдердің де қатысқанын, ел арасын шабуылдан құтқарушы, арашашы, татулық орнатушы екенін көрсетуінде.
Айман — ақылды, білгір, болашақты болжағыш қыз. Көтібардың елге шабуыл жасауы оған қатты батса да, қайғысын сыртқа шығармайды, дәрменсіздік білдірмейді. Қайта қара күштің иесі Көтібарға қарсы шығып, оны ақыл-айламен жеңу жағын қарастырады. Бұл ретте Айманның бірінші жеңісі Көтібардан жорға сұрап алуы, оған жайдақ нардың үстінде келе жатқан Шолпанды мінгізді. Бірақ Айманның өзі де аянышты күйде, нарға жайдақ мініп келе жатқан-ды. Енді ол тағы бір жорғаны сұрайды, Көтібар бермейді. Сонда Айман: