Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 17:59, реферат
Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды
Ауыз әдебиетін жинап жазып алу ісіне Абай мен Ыбырай Алтынсарин де қатысады. Халық әдебиетін жоғары бағалаған Абай өзінің шәкірттеріне, жолдастарына тапсырма беріп, ел арасынан асыл мәдени мұраны жинатып отырады, оны халыққа таратуға мән береді. Ыбырай Алтынсарин де осылай 14етеді, ол ауыз әдебиетінің ең жақсы үлгілерін өзінің “Хре-стоматиясына” енгізіп, баспа жүзіне шығарады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінде қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде ЦІоқанның, Радлов пен Потаниннің қызметі ерекше еді. Сондықтан олардың әрқайсысына қысқаша тоқтап өтелік.
ШоқанУәлиханов (1835—1865). Омбыдаш кадет кор-пусында оқып жүргсн кезінің өзінде-ақ Шоқан қазақ халқының тарихына үңіле қарайды, халықтың мәдени мүрас-ына назар аударады. Сол мәдени мұраны жинап бастыру халық үшін жасалған игілікті істің бірі болмақ деп түсінеді. Бұл ретте Шоқанның сүйікті досының бірі Г. Н. Потанин былай деп жазды: “Шоқан өз халқын шын пейілімен сүюші еді… Халқына жақсылық жасау және оның болашағына қызмет ету Шоқанның арманы еді”.
Халқына адал ниетімен қызмет студі арман еткен Шоқан, бұл жөнінде көп жүмыстар істейді. Соның бірі қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап баспа жүзіне шығару, оны мәдениеті озық елдерге таныстыру бо-лады және бүл Шоқанның алдына қойған зор мақсатының бірінен саналады. қазақтың ауыз әдебиетін жинап бастыру ісше өзінің зор мән беруін Шоқан былай деп түсіндіреді: “Осы күнге дейін Европада көшпелі елдерді аса қатал, жөн білмес тағы деп жалган түрде түсінушілік үстем болып келеді. Көшпелі монғол немесе қазақтар жайындағы мүндай ұғымдар оларды мал тәрізді, түрпайы таіылар деген пікірмен тығыз байланысты. Шынына келгенде, осы надан, түрпайы деп қаралған халықтардың көбінің жазбаша немесе ауызша шығарған әдебиеті, аңыз әңгімелері бар… Өлеңге, әсіресе өлеңді суырьш салма түрінде шығарып айтуга бейімділік, барлық көшпелі елдердің, еоның ішінде қазақтардың өзіне тән ерекшеліктері деуге болады” .
Қазақ халқын қорлап, кемсітуге қарсы шыққан Шоқан қазақтар жайында Европада орын алып келген түсініктердің жалған екендігін әшкерелейді. Сондықтан да ол қазақ халқының жабайы, тағы еместігін көрсету үшін, оның ғасырлар бойына жасаған ауыз әдебиеті және ауыз әдебиетінің неше алуан әдемі үлгілері барлыгын, қазақ ақындарының, әсіресе өлеңді суырып салу түрінде шығаруға қабілеті күшті екендігін мысал етеді. Европада қазақтар жайында айтылып жүрген жалған пікірлерге намысганған және ол пікірлерге тойтарыс беруді көздеген Шоқан қазақ халқының ауыз әдебиетіін жинап бастыру жайын қарастырады, бұл іскс оныңі өзі белсене араласады.
Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіргеннен ксйін, Шоқан қазақстанның біраз жерін: Көкшетау, Ақмола, Ба-янауыл, Семсй, Жстісу жақтарын аралайды. 1856 жылы қырғыз елін зерттеу мақсатымен шыққан экспсдицияға қатысады, 1858 жылдары қашқарияда болады.
Шоқан өзінің болған жерлерінде халықтың ауыз әдебиетін жинай жүреді, көптеген жыршы-жырау, ақындармен танысады. қазақтың сол кездегі атақты ақындары: Жанақ, Орынбай, Арыстанбай, Жұмағұл, тағы басқалармен танысып, олардың жырларын тындап қана қоймай, жазып алып отырады. қырғыз еліне барган сапа-рында қырғыздың атақты дастаны “Манастың” біраз әңгімесін жазып алады. Бұл “Ч Манастың” алғаш рет хатқа түсксн бір түрі еді.
Шоқан қашқарияда болғанда ұйғыр тілін үйренсді де, үйғырлардың көптеген өлеңдерін жазып алады1. Бұл жөніндс Г. Н. Потанин: “Шоқанның жинаған материалдары үлксн бір портфель болып сді. Кейбір жазғандарын өзім де көріп едім”, — дейді және оның кейбіреулерін Шоқанның оқып та бергенін айтады. Бірақ бұл матсриалдар, Потаниннің айтуына қарағанда, кейіннен жоғалып кетксн.
Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы ғана емсс, сонымен қатар оның зерттеушісі де болды. Ол жалпы қазақ халқының тарихы, этнографиясы, қоғамдық өмірі, әлеуметтік тұрмысы туралы үздік, ал бүгінгі күнде мәнін жоғалтпаған ғылыми пікірлер айтады. Солардың өзінде ол қазақтың ауыз әдебиетін жоғары бағалайды. қазақтың аңыз әңгімелері, оныңқұрылысы, ертегілеріменжырлары, мифтсрі халықтың өткендегі тарихын білу үшін маңызы зор матс-риалдар деп қарайды. Мәселен, көшпелі халықтардың, соның ішінде қазақтардың шыгу тарихын зерттеушілер үшін ауыз әдебиеті бірсыпыра дерек болатындығын айта ксліп, Шоқан былай дейді: “Егер жұрттың айтуынан Герадот жинаған Гомердің өлендері мен аңыздарының аз да болса тарихи мәні бар десек, егер де езгеріліп мысал тәрізді болып кеткен аңыздардьщ негізінде оқиға және шындық жатады десек, қазақтардың тамаша және жүйелі түрде айтылатын, олардың қазіргі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, ата бабаларының тұрмысын елестететін аңыздарының да тарихи де-ректерге сәйкес келетіндігіне, тарихи маңызы барлығына шүбәланбауымыз керек. Халықтың ақыл-ойынан және қоғамдағы қалың бұқараның сана-сезімі, өмірі мен алға басуы негізінде туған бұл шығармалар ауызша айтылу түріндс бірден бірге, содан бүкіл халыққа жайылады, сон-пьіқтан да олардың тарихи, философиялық және психологиялық мәні жоқ емес .
Шоқан бұл пікірін “Шамандықтың қазақтағы қалдықтары”, “Үлы жүз қазақтарының ертегілері мен аңыздары”, “Жоңғария очерктері”, “Тәңірі” секілді снбектерінде де айтады. қазақтың ауыз әдебиеті халықтың өткендегі өмірін елестетін, тарихи мәні бар материалдар екендігін көрсетеді.
Қазақтың батырлар жыры жайында да Шоқан азды-кепті пікір айтқан. Бұл жырлар, Шоқанның айтуынша, ногайлы дәуіріндс, XIV, XV, XVI ғасырлар шамасында туған. Онда: “Халықтың рухы, көзқарасы, әдеті, мінез-қүлқы, тұрмыс-тіршілігі суреттслген. Сондықтан бұл жырлардың әдебие,тггік жағынан болсын, тарихи жағынан болсын маңызы зор” .
Қазақтың кейбір ертегілері мен мақал-мәтелдері Европа халықтарының, әсірсес славян халықтарының шығармаларына үқсас келетіндігіне тавдана отырып, Шоқан бұл ұксастықтың сырын ашпақ болады. А. Афанасьев жинап бастырған “Орыс-тың халық ертегілерінің” ішінде тек алты ертегінің ғана қазақ ертегілеріне ұқсамайтындығын айтады. Ал мұндай үқсастықты қазақтардың славяндармен, әсіресс орыс халқымен қарым-қатынас жасау негізінде болғандығынан деп қарайды.
Шоқан өзінің көптеген еңбектерінде қазақ халқының поэзиясын, ақындардың ақындық өнерін аса жоғары бағалаған. Бұл ретте ол өлсңді суырып салма түріндс шығарушылықты ақындық өнердің асқар шыңы деп білді. қазақтарды надан, таш деп кемітетін европалықтардың то-пастығын көрсете отырып, оларға қарсы өз пікірін дәлелдейді. Өлеңді суырып салу ретімен айтушылық, сол арқылы көлемді, көркем жырлар тудырушылық казақ халқының надандығын көрсетпейді, ол оның ертеден келе жатқан мәдениетін білдіреді деп қарайды. Сонымен қатар, Шоқан жыршы-ақындардың ішінде кейбір ақындардың азын-аулақ ақы аду үшін байлардың сөзін сөйлеп, ақындық өнерін құнсыз нәрсеге сатуына ренжиді. “Мүндай ақында бет жоқ, өз қасиетінің бағасын сезіну де жоқ… Ол өзінің дарындылығын қандай сұлтандардан болса да асып түсеті|ж қасиет деп қарамайды. қайта ақындық өнер — ат-шап табу үшін бітксн өнер деп қарайды”, — деп, жалдамал^ бас пайдасын көздегіш ақындарды сынайды. Ал байлард жақтамай, бейшаралық күйге түспей, халық мүлдесін жыр| лаған ақындар “халық арасында қатты құрметтеледі”, дейді.
Көптсген ақын, жыршылармен кездесіп, сөзі тыңдаған Шоқан, оларға ақыл-кеңес беріп, сын да айт отырған. Потаниннің сөзіне қарағанда, Шоқан Жанақпе: талай рет кездескен және дарынды ақынға әр түрл тақырыптар ұсынған. Бұған жалғас И. Ибрагимов бір жыл Шоқанның елге келгенін, оны ауыл адамдарының зор құрмет пен қарсы алғанын айта келіп, былай дсйді: “әрі беріде соң Шоқан коштасты да үйге кіріп кетті. Оған тігілге: үйдің сыртында домбырасы, қасында біраз адамы бар әйгіл Орынбай ақын отыр еді. Шоқан оны қасына шақырды Орынбай әдемі өлеңімен Шоқанға арналған құтты болсыны айтты. Сол жерде Шоқан атақты ақынға: казақ тілін тата сөздерімен шүбарлама деп ақыл берді…” .
Сонымен, Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинауда, он зерттеуде зор еңбек сіңірген ғалым болды. Оның бұл еңбектер^ кдзақ халқының тарихынан айрықша орын алады, он халқымыз аса жоғары бағалайды.
Түрік тектес елдердің және қазақ халқының ауы әдебиетін жинау жолында аса зор еңбек еткен ғалымны бірі академик В. В.-Радлов (1837—1918) болды. Ол шығыі халықтарының әдебиетін жинап, зерттеу мақсатымен біра жерді, елді мекендерді аралайды, өте көп материалда жинайды. Сол жинаған материалдарын “Түрік руларыны халық әдебиетінің үлгілері” деген атпен 1865—1904 жылда арасында сегіз том етіп бастырып шығарады. әрбір томға орыс тілінде кіріспе сөз жазады, содан кейінгі материал дары әр халықтың өз тілінде (әрпі орысша) беріледі. Ө кезінде Радловтың бұл томдары неміс, француз, ағылшы тілдерінде аударылған.
Радловтың үшінші томы (1870 ж) қазақ ауыз әдебиетіні үлгілерінен құралған. Томға енген материалдардың ішіндеі аңыз-әңгімелер мен әр түрлі жырлар, дастандар, тұрмыс-сал өлендері бар. Ақындар айтысынан: Жанақ пен Түбектің,’ Үлбике мен Күдерінің, Мөнек пен Оспанның, Шортанба мен Орынбайдың айтыстары; жырлардан: Ер Тарғын, Е
Көқше, қозы Көрпеш-Баян сұлу т. б. жырлар енген. Бұл матсриалдардың бәрі қазақ тілінде (әрпі орысша) берілген.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен құралған бұл томға Рад-дОВ қысқаша алғы сөз жазады, онда қазақ халқының ауыз әдебиетке бай екендігін, әсіресе оның өлең шығаруға қабілстті келетіндігін айтады. Осы рстте ол қырғыздарға қарағанда, казақтарда өлеңнің ұсақ түрлері көп, ал батырлар жыры аз және ауыз әдебистінің дамымаған түрі деген қорытынды жасайды. Радловтың батырлар жыры жайында айтқан бүл пікіріне қосылуға болмайды. Өйткені батырлар жырын шығаруда қазақтар көршілерінен асып түспесе, кем қалған емсс.
Жалпы алганда, Радловтың қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыруы, оны неміс және француз тілдерінс аударып шыгаруы мәдени маңызы зор сңбектің бірі еді. қазақ халқының әдебиетімен басқа елдерді таны-стыру зор игілікті іс сді.
Қазақ ауыз әдебиетін жинау ісіне белсене қатысқан ғалымның бірі — Г. Н. Потанин (1835—1920). Ол жас кезінде Шоқанмен бірге кадст корпусында рқыған, екеуі аса тату дос, жақсы жолдас болған. Кадет. корпусын бітіргеннен кейін, Г. Н. Потанин қазақстанның көп жерін аралайды. Семей, Марқакөл, Зайсан, Ақмола, Көкшетау жақтарында болады. Шоқанға еріп оның аулына барады. Жүрген жерлерінде қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жазып алып отырады. Бұл іске ол ғылыми мән беріп, халықтың тарихын, әдет-ғұрпын білу үшін ауыз әдебиеті көп материал береді дсп қарайды. Осы реттс ол “қазақ -ауыз әдебиеті үлгілерін жинау керек” ‘деген мақала жазады және бұл іскс басқалардың да қатысуын қажет деп табады.
Потанин өзі жинаған материалдарын сол кезде Омбыда жәнс орталықта шығатын газет-журналдарда бастырып отырады. Соның ішінде оның көп жылдар бойына жинаған мол материалдары “қазақ-қайсақ және Алтай халықтарының ертегілері мен аңыздары” деген атпен 1916 жылы “Живая старина” журналының 2-3 санында басылып шықты. Ол ауыз әдебиеті үлгілерін қазақ тілінде жазып алмайды, тек шьіғарманың мазмүньш ғана жазып алады және оны орысша әңгімелеп береді. Егер Радлов ел арасынан жинаған мате-риалдарын қазақша жазып алып, айтушының стильдік, сездік ерекшеліктерін сақтап отырса, Потанин олай етпейді, жинағандардын бірден орысшаға аударады, Мұнын мәнісі қазақ ауыз әдебиетімен орыс қауымын таныстыру, көздегендіктен болу керек. ‘Ал Радловқа қарағанда, ауыз әдебиетін жинауда Потаниннің бір ерекшелігі бар. Ол ж наған материалдарын кімнен жазып алғандығы, айтушыны өмірбаяны, оның қандай шығармаларды білетіндігі, олард: қалай үйренгендігі т. б. жайынан мәліметтер береді. Мүнысы| ғылым үшін аса қажетті материал еді.
Қазақ ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін жинаса да,! Потанин олар жайында арнаулы ғылыми-зерттеу еңбек жазбаган. Бірақ та ол өзінің басқа еңбектерінде қазақтың ауызі әдебиетін аса жоғары бағалайды. Ең алдымен ол қазақ халқының ауыз әдебиетке байлығын сөз етеді, онынв көркемдік дәрежесі басқа халықтардың шығармасыңан кем’ соқпайтындыгын көрсетеді. Мәселен, “Европа халыктарынын1 орта ғасыр эпосындағы шығыстық мотивтер” деген күрделі еңбегінде қазақ ауыз әдебиетінен бірнеше мысалдар келтіреді де, “қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырына айрықша тоқтайды. Ол бұл жырды “Жср жүзіндегі асыл мүралардың бірі” деп қарайды.
Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, бастыру жөнінде көп еңбек сіңірушіні: бірі әбубәкірДиваев (1856—1932) болды. Ол Орынборда кадет корпусын бітіргеннен (1876 ж.) кейін Түркістан нерал-губернаторлыгында қызмет істейді. Тиісті қызметі: атқара жүріп, қазақ халқының ,тарихына қатысы бар м териалдарды, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне кірісе, Бұларды ол сол ксзде шығатын газет-журналдарда (е: тілде) жариялап отырады.
Революцияға дейін, одан кейін де әбубәкір жинаған ау әдебиетінің үлгілері орасан көп. Ел арасынан ауыз әдёбиеті алғашқы рет жинау ісіне кіріскенде, әбубәкір екі түрлі мақс” көздейді. Біріншіден, қазақ халқының мәдени мұрасын к лешектегі жас үрпақ үшін, тарих үшін керекті дүние де: жинайды. Екіншіден, жинаған материалдарын орыс тілі аударады, онымен орыс халқын таныстыруды мақсат ете,
Алдына осы секілді игілікті мақсат қойған әбубәкі Ш.Уәлиханов, Г. Потанин, В. Радлов т. б. секілді ау әдебиетін жинап, бастыруда тамаша қызмет атқарады, к лешек ұрпақ үшін асыл мұра қалдырды.
Қазан революциясына дейін әбубәкірдің жинаған мат риалдары газет-журналдарда ғана басылды да, өз алды жеке кітап келемінде шыққандары аз еді. Оның жинаға материалдары тек кейінгі заманда ғана, атап айтқанд; батырлар жыры жайында 1922—23 жылдары Ташкенте тогыз кітабы баспадан шыкты. 1924 жылы түрмыс-салт өлендерінен қүраған “Тарту” атты жинағы, ал 1926 жылы Кызылордада “Балаларға тарту” атты жинағы басылды. әбубәкір жинап баспа жүзше шығарған материалдар қазақ халқының мәдени тарихы үшін аса керекті асыл қазына еді- 20-жылдарда қазақстандағы өлке тану қоғамы бірсыпыра жұмыс істеді. 1933 жылы қазақтың үлт мәдениетінІң ғылыми-зерттеу институты қүрылады. Ол ел арасынан ауыз әдебиетін үйымдасқан түрде жинау мақсатымен, жер-жерге арнаулы экспедициялар шығарады. Институттың бұл секілді игілікті ісіне қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері: I. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. әуезов, С. Мұқанов, С. Аманжолов, Ө. Тұрманжанов, І.Кеңесбаев, Е. Ысмайылов т. б. қатысады. Институттың жинаған материалдары бойынша бірнеше жинақ (“қазақ совет фольклоры”, “Жүмбақтар”, “Мақал–мәтелдер” т. б.) жарық көрді.