«Қобыланды батыр» жыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 17:59, реферат

Описание работы

Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды

Файлы: 1 файл

халық ауыз әдебиеті срсп.docx

— 153.45 Кб (Скачать файл)

Қу түйе ел шапқанға обалың деп, 

Ақ Айман қамшы менен басқа ұрады,— 

Айманның бұл әрекетті тек түйені ғана емес, сонымен қатар, Көтібарды да басқа ұрғанға тең еді. Осыдан былай Айман Көтібармен тартысқа түседі, сөзге келіп еркін сөйлесе, ақылын асыра бастайды. Есебін тауып ол Шолпанды еліне қайырады. Бұл оның екінші бір жеңісіне айналады.

Айман Шолпанды еліне аттандырып, өзінің сүйген жары Әлібекке хабар салады. “Алпыс күннен қалмай келіп жетсін”, — дейді және Көтібардың ырқына бой бермейтіндігін, сүйген жарына адал екендігін айтады. Мұны ол өзінің ақыл-айласына сенгендіктен, соған сүйеніп іс жасай алатындығын білгендіктен айтады. 

Көтібарды жеңу жайын қарастырған Айман мақсатына жету үшін Теңгені пайдаланады. Батырдың Теңгеден асып кете алмасын біліп, оған қарсы Теңгені салады. Теңгемен кездескенде:  

Базарда Теңге болсаң, пұл боларсың, қолына құрық алсаң, құл боларсың. Батырдын айтқан сөзі рас болса, қолыма су құятын күн боларсың,—  

дейді Айман қулық жасап, Теңгенің намысына тиеді. Теңге арқылы Көтібарды қыңқ еткізбеу жайын көздейді. Айманның бұл ойы жүзеге асады. Көтібар Теңгенің тегеурінен шыға алмай қалады. Сөйтіп ол тағы бір қауіптен құтылады. Бірақ Көтібардың: “Айманды тоқалдыққа алмасам, Көтібар атым құрысын”, — деген сөзін есінде ұстаған Айман, Көтібар бұл антынан танбайды деп түсінеді. Сондықтан Айман тағы бір амал жасайды. Бұл жолы Есетті  пайдаланады. 

Айман жырда болашақты болжағыш қыз болып та суреттеледі. Көтібардың Маманды шауып алмақ ниетінде айтқан сертін Айман естіген-ді. Оның бұл сертіне жетпей қоймасын білген Айман алдын ала қам жасап, мал-мүліктерін жан-жаққа жасырады. Бұл сырын ол Шолпанға айтады: қызыл күм есік алды беткей бар-ды, Кұдайым салды басқа қайғы-зарды. Ішінде үш жүз ішік санап салған, Жалғыз шыбық түбінде төрт тең бар-ды. Көтібар серт қып кетті деген күні Аралға айдап тастап ем бес жүз атты,— дейді. Айманның мұнысы да ақылмен істелген іс болады. Және де Көтібар Маманнан айдап алған малдарды қасындағы жігіттеріне үлестіре бастағанда, Айман да олжа сұрайды. “Өздеріңмен бірігіп Маманды мен де шабыстым”, — деп, олжаға жүз нар алады. Ондағы ойы айдауға түскен малынан аз да болса үлес алып қалу еді.

Жыршы-ақын белгілі мөлшерде Айманға ерлік сипат береді. Ол Әлібектің келер мерзімі жақындаған кезде Көтібардың күрең тұлпарын, қару-жарағын қолына түсіреді де, сүйген жарының алдынан шығады. Жыр мұнымен Айман өз намысын ақыл-айласымен ғана емес, керек болған жерде қару-жарақпен де қорғап алуға жарайтын қыз ейендігін аңғартпақ және ақылына ерлік мінезі сай демек.

Айман бойындағы сүйкімді қасиеттің бірі — оның Әлібекке адалдығы, қыз махаббатының беріктігімсн де көрсетіледі. Көтібардай қара күштің қолына түсіп тұтқын болған, одан қтылып кетуі екі талай жағдайға ұшыраған Айман артындағы қалған асыл жары Әлібектен күдер үзбейді. Қандай халге түссе де, есінен Әлібек шықпайды, қайткен күнде де оған қосыламын деп өзіне-өзі ант етеді. Сол үшін күреседі. Бұл ойын ол Шолпан арқылы Әлібектің өзіне де жеткізеді.

Көңліме ғашық оты болды уайым, Пенденің қадір алла білер жайын. Ешкімге басым кеспей мен тимеспін, қазаны жеткізбесе бір құдайым,—

дейді. Асыл жар, адал дос тұрақты махаббат иесі екендігін білдіреді.

Қалың қолмен Әлібек келіп, Көтібардың еліне шабуыл жасаған шақта Айман үлкен адамгершілік іс жасайды. Ол ел арасына араздық отын салмай, екі жақтың ашуын басушы, келістіріп татуластырушы болады. Бір кезде қара басының намысы үшін Көтібар ел шауып ерегіс бастаған еді. Енді сол кекті қайырмақ болып Әлібек аттанды. Екі елдің арасында  үлкен дау, жанжал туды. Мұның арты жақсылыққа соқпайтынын, қайта ерегістен туған араздық үдей беретінің, одан елдің зықы кететінін аңғарған Айман осы тұста билік айтады. Ол Көтібар мен Әлібекке:

Алыстың да, жығыстьң, екі батыр. Сіздерді бітірейін төре беріп,—

дейді де, екі жақты жарастырып, татуластырады. Шолпанды Арыстанға беріп, өзі Әлібекке қосылады. Көтібарды әрі құда, әрі өкіл ата етіп кетеді. Осындай ақылды төрелік айтқан, ел арасын бүліндірмей келісімге келтірген Айманға жұрт разы болады.

Сондықтан да халық Айманды жаңа заманның сүйікті қызы етіп көтере жырлайды. Көтібар мен Маман бай ел арасын бүлдіруге бар болса да, татуластыруға жоқтығын айта отырып, бұл жөнінде жыр Айманды үлгі етеді. Оның адамгершілігін, ақылын, мінезін, ел үшін жасаған істерін артық бағалап, халықтың ендігі сенері де, сүйенері де Айман секілді жаңа адамдар, жастар екендігін көрсетеді. 

Қорыта келгенде, “Айман-Шолпан” — реформа дәуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына енген жаңалық, өзгерістерді шындық тұрғыдан бейнелеген халықтық жыр. Бұл жыр жаңа жағдайға байланысты қоғам өмірінен орын алған талас-тартысты, ескінің жсңіліп, жаңаның жеңетіндігін бейнелейді, әлеумет сахнасынан ығыстырылып бара жатқан жәнс ескілікті қолдаушы адамдарға жаңа заманның адамдарын, жастарды қарсы қоя отырып, соңгыларын ардақтай жырлайды, үлгі етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы,Ітом,207-бет, 1948.
  2. Бұл екі адамның мақаласы “Социалистік Казақстан” газетінде 1939 жылы 6сәуірдс№79 (5085) басылды. 3 “Халықпоэмалары”, 134-бет, 1939.
  3. ‘ М.Ақынжанов.жоғарыдааталганеңбегі, 27-бет.
  4. История қазахской ССР, том I, стр. 303-304, 1957.
  5. В. И. Ленин. Шығармалары, 3-том, 509-бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Тарихи жырлар

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.

Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес. 
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

  • 1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

  • 2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

  • 3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).

Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған.

Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.

Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.

Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):

  • 1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;

  • 2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;

  • 3) батырға тән балалық шақ;

  • 4) алғашқы ерлік;

  • 5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);

  • 6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);

  • 7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.

Информация о работе «Қобыланды батыр» жыры