Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 14:24, курсовая работа
Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
КІРІСПЕ 3
1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 6
1.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі 7
2.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫМДЫЛЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ
2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру 13
2.2 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық
сипаттары 20
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ГЛОССАРИЙ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2. Ұйытқы сөз арқылы (лексикалық
энциклопедиялық) топтастыру.
"Жуас түйе жөндеуге жақсы",
"Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты",
"Түйе көп болса, жүк сыймас" тәрізді ММ-дер семантикалық алшақтыққа қарамастан, болғандықтан, бір тақырыптық топқа біріктіріледі. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінде аталмыш әдіс бойынша құрастырылған MM жинағының жоқтығы анықталды.
3. Монографиялық топтастыру. Мұнда MM жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. "Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках ХІІІ-ХХ веков" және "Ақылдың көзі, Ташкент маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары" атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.
4. Генетикалық тұрғыдан топтастыруда ММ-дердің шыгу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген "Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері" жинағы осы генетикалық әдіспен түзілген.
5. Тақырыптық (тематикалық) топтастыру. Бұл қағида бойынша мақал-мәтелдер мән-мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ мақал-мәтелдерінің осы қағидамен топтастырылғандығы байқалды. Топтастырудың бұл қағидасы мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Деп ұрғанмен, топтастырудың бұл жолы да кемшіліксіз емес. Біріншіден, көптеген мақал-мәтелдер ауыспалы мәнге ие болғандықтан, көп тақырыпты болып келеді де, оларды бір топ аясына енгізу қиындық туғызады. Екіншіден, көп мақал-мәтелдердің тақырыптық тобын айқындау да едәуір қиындық туғызады. Үшіншіден, мақал-мәтелдерді тақырыптық топқа саралау, топ жиынтығын құрайтын топшалардың жалпы санын айқындау, мақалдардың топ-топқа меншіктігін анықтау тәрізді мәселелерді шешу зерттеуші немесе жинақтаушының құзырында. Бірақ, жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан, мақал-мәтелдерді тақырыптық тұрғыдан топтастырған жөн деп ойлаймыз. Себебі, ізденуші немесе тілді үйренуші өзінің мақсат-мүддесіне орай қажет мақал-мәтелді тақырыбына қарап оңай тауып алады, әрі қолдануға да өте ыңғайлы, Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігі айтпаса да түсінікті.
6. Мақал-мәтелдерді зерттеуге зор үлес қосқан белгілі паремиолог ғалым Г.Л.Пермяков жоғарыдағы топтастыру үлгілерінің кемшін тұстарын ескере отырып, мақал-мәтелдерді жүйелеудің жаңа бір принципін ұсынды. Бұл мақал-мәтелдерді инвариантты тақырыптық жұптармен (инвариантные тематические пары) топтастыру. Бұл принцип бойынша, мақал-мәтелдер тобы "жақсы - жаман", "кәрі-жас", "бай-кедей" т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі. Мысалы: "Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң күлер" тұлғасының ықшам, мазмұнының терендігімен ерекшеленетін тілдік орам "Жақсы-жаман" тобына енеді.
7. Академик Ә. Қайдар көп
жылдан бергі ізденуі
Этнолингвистиканың пәні, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері тәрізді мәселелер отандық және шетел ғалымдарын ойландырып келгені белгілі. Олар тарапынан берілген сипаттамалар кейде бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырса, кей тұста ауқымын, қолданыс аясын тарылтып, екіұшты пікір қалыптастыратындығын да жоққа шығаруға болмайды. Енді солардың бір-екеуіне тоқталып өтейік.
Британ энциклопедиясында берілген анықтама:
"Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it".
Қазақшасы: Этнолингвистика — тіл
мен сол тілде сөйлейтін
Этнолингвистика — гректің ethnos (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте кайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада этнолингвистика — мәдениеттің, психологиясының және мифологияның қарқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна.
Қазақ этнолингвистикасын дербес пән ретінде қалыптастырып, бағыт-бағдарын айқындау, одан әрі дамыту жұмыстары академик Ә.Қайдардың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тіл біліміндегі жас әрі жаңа сала екенін айта келіп, мақсаты мен нысаны жөнінде: " Бұл ғылым саласының кереметтігі де, бүгінгі тандағы ғылыми-практикалық маңызы да — оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмайтын нысан екендігінде. Ол нысан — этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз — этнос, этноссыз — тіл өмір сүре алмайды. Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сол балаң кезеңінен есейгенге дейінгі болмысы мен өмір тіршілігін, дүние тануы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақгалған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады," — дейді. Тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет мәселелері, сондай-ақ, М.М. Копыленко, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиев, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, С.Смағұлова, Ғабитханұлы т.б. қарастырылған.
Этнолингвистика саласының қазақ
және ағылшын тіл білімінде
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Manners make thе man", (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, ХІУ ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шартгарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, Good manners make the a man (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; Уou sit by a worthier man than thyselfs art one, Suffer him first to touch the meat (c.c.a.: Erep өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсан, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.
"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі,өгейлігі не жетім қыздың жалғыздыгы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Үй-жайға, отбасына қатысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.
Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Мысалы, ағылшындар "My house is my castle" (c.c.a.: Өз үйім - қорғаным) десе, қазақ халқы "Өз үйім-өлең төсегім" деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.
Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар "түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек" деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы " My house is my castle " тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.
Ал, "өз үйім - өлең төсегім" тұрақты тіркесіндегі "өлең" лексемасына Э.В. Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, "сулы, сазды жерде өсетін шөп; нәрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі танда бұл бейнелі орам "Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып, қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым, жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін" деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ-дер арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын және казақ мақалында сол халықтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген.
Гендерлік қатынасқа байланысты этнолингвистикалық уәжі.
Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам — отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым-қатынас т.б. барлығы әйел адамнық құзыретінде. Ағылшын және казақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік: A good wife makes a good husband (c.c.a.: Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды). Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор тіркеске мағынапас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:
Жақсы әйел жаман еркекті би етеді.
Салыстыра қарастырғанда, халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік, біркелкі ұстаным байқалады.
Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,
Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді.
Жоғарыдағы "алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер" деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивгік санасында "төр" — тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын.
Зерттеу барысында ағылшын және қазақ қоғамдастығында әйелдер дәрежесін ер адамдардан сәл төмендетіп көрсететін стеореотиптің, пайымдаудың орын алғандығын білдіретін ММ-дердің жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде The death of wives and the life of sheep make her husband rich (c.ca.: әйелінің өлімі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді); Women have no souls (c.c.a.: әйелдердің жаны жоқ), қазақ тіліндегі "Башпал жүйрік парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ", "Әйелдің ишшы ұзын, ақылы қысқа" мақал-мәтелдері белгілі бір заман кезеңіндегі әйел адам дәрежесінің көрсеткіші іспеттес. Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дәстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену, тұрмыс құру тәрізді мәселелерін ата-анасы шешетін, себебі текгі жердің қызына үйлену, ұлына тұрмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп, қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын. Жоғарыдағы "The death of wives and the life of sheeps makes her husband rich" мақалы өз заманындағы материалдық, рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады, яғни көне дәстүрдің тілдегі көрінісі іспеттес.
Сондай-ақ, 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқыіқ берілді және ағылшын әйелдерінің басым кемшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуінің қисықсыз өрескел болып танылуы "Women in state affaire are like monkeys in glass shops" (c.c.a.: Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі тұрақты орамнан айқын көрінеді.
Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан әдептілік дағдысы бойынша, тұрмысқа шықкан әйел ерін өзінің қожайыны ретінде кабылдауы тиісті. Бұған бой ұсынбаған әйел соққыға жығылатын. 1891 жылға дейін ерлерінің "ер адамның бас бармағынан жіңішке " әйелдерін ұруларына, егер қаласа бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болған. "A woman, a spaniel, and a walnut-tree, The more you beat them the better they be" (c.c.a.: Әйел, спаниель (итгің түрі) және жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады), "A woman, an asse, and a walnut-tree, Bring the more fruit, the more beaten they be" (c.c.a.: Әйел мен есекті және жаңғақ ағашын ұрған сайын жемісті молырақ береді) тәрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас тілдік дәлел болып табылады. Қазақ арасында да мұндай жәбірлеулердің болғаны, әлі күнге дейін сирек те болса кездесетіні және оның әдеттегі от басында болып тұратын елеусіз оқиға ретінде танылатыны мәлім.