Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 14:24, курсовая работа

Описание работы

Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3

1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 6
1.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі 7

2.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫМДЫЛЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ
2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру 13
2.2 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық
сипаттары 20
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары 20

ҚОРЫТЫНДЫ 25

ГЛОССАРИЙ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

АҒЫЛШЫН+ЖӘНЕ+ҚАЗАҚ+МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ+АУДАРЫЛУ+МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 265.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен, гендер категориясына  қатысты тұп тамыры теренде жатқан тілдік орамдар екі тілде де молынан  ұшырасады. Олар — белгілі бір  лингвомәдени қоғамдастықта қалыптасқан дүниенің тілдік белгісі болып табылады. Дүниенің тілдік көрінісі адам-тіл-мәдениет-өркениет жиынтығын зерделеу арқылы айқындала түседі.

Уақыт өлшеміне қатысты  мақал-мәтелдердің лингвистикалық уәжі. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына, білмегенге — быламық", "Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің казіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Theophrastus) жазбаларымен ұштастырады.

"There is a time for everything' (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (c.c.a.: Аспан астында әр нәрсенің, өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.

Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.

Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық  "Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы:

Good words cost nothing and are worth much;

Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады.

Қатты-қатты сөйлесең, Пышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.

Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: "Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.

Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.

 Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қонаққа конақ болу үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ- жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы,     әдет-ғұрпы,  тілі-діні  әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.

Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, " Take care of pence and the pounds will take care of themselves" (c.c.a.: Пәнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әр түрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын - қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.

 

 

 

    1. Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық

       сипаттары

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Ағылшын тілінің фразеологиясына  қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқгалған істін бәрі жақсы), "Appearances are    deceptive"  (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алқамшы),

"Better late than never" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"  аясында қарастырды.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақта тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы "келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне     сүйенер          болсақ,     мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

 

    1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық

жэне мағыналылық ерекшеліктері  мен ұқсастықтары

Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, үйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің  бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі  тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

1)Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

2)Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

3)Cut your coat according to your cloth –

Көрпеңе қарай көсіл.

4)Catch the bear before you sell his skin –

Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.

5)First think, then speak –

Ойнасаң да ойлап сөйле.

2.  Болымсыз түрдегі  бұйрық рай, яғни тыйым салу;

1)Never say die - Салық сұра кетпесін.

2)Don't count your chickens before they are hatced -

Тігілмеген етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

1)Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.

2)Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық деме.

3)Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді білген

сыпайы.

4)Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның құйрығын  

баспа.

3.  Шартты райлы  сөйлем түрінде:

1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.

2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

4.  Болымсыз жай  сөйлемдер түрінде:

1)All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар.

2)All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның бэрі аңшы емес.

3)All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің бәрі ұры емес.

Мақал-мәтелдерде халық  сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: "No sweet with out some sweat" деген мақалда бастауыш та баяндауыш та, ал "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегенде "Шығады" сөзі қалып қойған.

Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Мысал:

Ағылшын баламасы

Қазақша баламасы

"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen"

«Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры

кеткен соң үреді»

Business before pleasure

Еңбек түбі-бейнет,

Бейнет түбі-зейнет.

East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast

Сөзге көп-іске жоқ.

No sweet with out some sweat

Жылай-жылай жер қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.


Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды.

Қаншама берік және тіл  үшін нормаға айналған стандарт болса  да, абсолюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне сөз саптау шеберлеріне байланысты ертүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпымазмунына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөленденуі сан келтіре қоймайды./25/

Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, түлғалық модификацияларға үшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет  қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.

Инварианттық, өзгерістер авторлық тек өз еркіне, асыл тасты  ер қырынан бір көрсетіп қүбылта  білетін шебердей, мақал-мәтелдердің  көркемдік өрнегін, образы мен бейнелеушілік  әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты.

Мақал-мәтел инварианттары  бірде олардың компоненттеріне  инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің  элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы, т.б. жолдармен жасала береді.

1. Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса да ажалды өлер, Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз адам тірі қалар» деген... (М.Мағауин «Қияндағы қыстау», 37-бет)

«A living dog is better than a dead lion» (From the Bible)

"Haslit was unable to appreciate the writer till he was dead-that he thought a dead ass better than a living lion".

Мақал-мәтелдердің жеке элементтері ғана сақталатын инварианттар:

«Өтіріктің  құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай түсінді... Қазақ айласының құйрығы бір-ақ түтам (Ғ.Мүсірепов Ш.Ж, 5-том, 400-бет)

"The last straw breaks the camel's back" "He can't stand to the last straw" (Martin Eden, p 45)

Компоненттерінің  орнын  ауыстыруына байланысты инварианттар: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

- Уай, жарандар!  Бұл  түстен кейін маңырайтын ақсақ  қой дейсіңдер ғой. (М.Әуезов, Абай  жолы 1-том, 82-бет)

"All is not gold that glitters"

It will be an age not, perhaps, of gold but at least of glitter (Arnold "The English Word)

Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.

Қазақ мақал-мәтелдері  мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.

Информация о работе Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру