Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:54, реферат
Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар.
Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
Қосымшалар
2.2.5. Мал шаруашылығындағы жағдай
Шаруашылық санатының барлық түріндегі ірі қараның саны 1990 жылғы 9.752,2 мыңнан 2000 жылы 4.106,6 мыңға, яғни 2,4 есеге дейін азайды. Республика бойынша ірі қараның саны 1998 жылға дейін кеми келіп, осы жылдың аяғында 39.57,9 мың ғана болды. Одан кейінгі жылдары малдың бұл түлігінің саны көбейіп келеді. Ірі қараның саны әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында қатты азайып кетті, мұнда 1990 жылғы 1.410,4 мың малдан 2000 жылы 297,5 мың ғана қалды, Павлодар облысында 765,7 мыңнан 242,5 мың ғана, Қостанай облысында 1.447,4 мыңнан 431 мың ғана мал қалды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында малдың бұл түлігі көбірек сақталып қалды деуге болады. 1999 жылы республика бойынша 3.368 мың сиыр болса, 2000 жылы одан 2.014,7 мыңы ғана қалды. Сиырдың саны Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.
1990 жылы Республикада 35.660,5 мың қой мен ешкі болса, 2000 жылы содан 9.981,1 мыңы ғана қалды, яғни 3,6 есе кеміп кетті. Қой мен ешкінің саны, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында 5.533,6 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 4.074,7 мың, Жамбыл облысында 3.631,3 мың, демек, осы төрт облыста ғана 19.727,1 мың қой мен ешкінің 55,3 пайызы болған еді, 2000 жылы Алматы облысында 2.233,1 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1017,0 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 1.903,2 мың, Жамбыл облысында 1.071,6 мың, демек төртеуінде 6.224,9 мың ғана қой мен ешкі қалыпты, Бұл республикадағы қой мен ешкінің 62,4 пайызы. Республикада қой мен ешкінің санының кемуі 1998 жылы тоқтап, одан бері өсу басталды. Бірақ Атырау мен Батыс Қазақстан облысында қой санының кемуі әлі де тоқталған жоқ.
1990 жылы 35,6 миллион қой мен ешкінің 29,2 миллионы кеңшарлар мен ұжымшарларда, 6,4 миллионы жұрттың қолында болды. 2000 жылы – 950 мың қой мен ешкі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, 840 мыңы шаруа (фермер) қожалықтарында, 8,191 мыңы яғни барлық қой мен ешкінің 82 пайызы жұрт шаруашылығында.
Республикада 1990 жылы 3.223,8 мың шошқа болса, 2000 жылы одан 1.076 мыңы ғана қалды, яғни 3 еседей азайған. Шошқа саны 1997 жылы 879 мыңға дейін азайып , одан бергі үш жылда тұрақты өсіп келеді. Атырау мен Батыс Қазақстан облысынан басқаларында шошқа санының азаюы тоқтап, өсу басталды. Шошқа саны Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында шошқа көбірек сақталды деуге болады. 1900 жылы шошқаның көп өсірген облыстарға: Солтүстік Қазақстан (651,6 мың), Ақмола (634,8), Қостанай (405,6 мың), Шығыс Қазақстан (390,8 мың), Алматы (310,2 мың) облыстарын жатқызуға болатын еді. Олардағы шошқа саны республикадағы барлық шошқаның 74,2 пайызы еді. Бүгінде шошқасы көп облыстар деп Қостанай (221,1 мың), Солтүстік Қазақстан (175,7 мың), Ақмола (168,2 мың) және Алматы облысын (122,9 мың) атауға болады, бұл 4 облыста 687,9 мың, яғни барлық шошқаның 63,9 пайызы бар.
1990 жылы республикада 1.626,3 мың жылқы болса, 2000 жылы одан 976,0 мыңы ғана қалды, яғни 1,7 есе азайды. Түйенің саны осы жылдары 143 мыңнан 98,2 мыңға дейін, 1,5 есе азайды. (15)
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
Жер қатынастарын дамыту
Ағымдағы жай-күйі:
Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының
Қазақстан Республикасының
«Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы
№152-ІІ Заңға сәйкес
Проблемалар:
2003 жылғы 1 қаңтардан
бастап уақытша ұзақ мерзімді
жерді пайдалудың енгізілуі
Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерге жеке
Тұрақты жер қатынастарының болмауы ірі және орта тауарлы ауыл шаруашылығы құралымдарының дамытуға ынталандырмайды;
Топырақтың сапасын
анықтайтын қазіргі заманғы
Топырақтың құнарлылығын
арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ
топырақ құнарлылығының жай-
Шаралар:
Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жеке
Ауыл шаруашылығы
жерлерінің құнарлылығын
Жерді бөлудің қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестігіне тексеріс жүргізу;
Жер телімдерінің
бағалау құнын анықтаудың
Жерді кепілге беру
арқылы кредит берудің
Күтілетін нәтижелер:
Жерді нарықтық айналымға
енгізу, ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілердің кредит
Ауыл шаруашылығында
су пайдаланудың тиімді
Суармалы жерлердің жай-күйі:
Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 30 пайызынан астамын өндіруді қамтамасыз етеді:
1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317,8 мың гектар жер суарылды, қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының, ұйымдастыру іс шараларының нашарлауына, ең алдымен, қаржылық және материалдық техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.
Су пайлану жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар:
Су пайдаланушылар
бірлестіктерінің
Суды жеткізіп беру
жөнінде көрсетілетін
Шаруашылықаралық каналдар
мен гидромелиоративтік
Кадрлар даярлау жөніндегі
мемлекеттік бағдарламада жыл
сайын жалпы саны 20-25 адам шамасында
су шаруашылығы жүйелері мен
құрылыстарының инженер-
Орта Азия елдерінің
мемлекетаралық су-
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2003 ж. |
2004 ж. |
2005 ж. |
Ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілерге су жеткізіп беруде көрсететін қызметтер субсидиялау |
1032,379 |
1100,0 |
1500,0 |
Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телімдерін қалпына келтіру |
250,0 |
1250,0 |
1500,0 |
«Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын құру |
10,0 |
10,0 |
10,0 |
Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын материалдық-техникалық жарақтау |
2,427 |
1,177 |
1,0 |
Қарыздар |
3042,7 |
2079,9 |
978,9 |
Барлығы |
4337,506 |
4441,077 |
3989,9 |
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
Ауыл шаруашылық өнімінің
бәсекеге қабілеттілігін
Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.
Бәсекелелік индексі:
Ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі,
Сыртқы рынокта, әлемдік
және ресейлік бағалардың
Сұраныс-ұсыныс индекс:
Ішкі рынокта, нақты
қажеттіліктің отандық
Сыртқы рынокта, ішкі
тұтынуды алып тастағанда
Бидай, мақта, күріш – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, ішкі рынокта ұсыныс сұранымнан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;
Күнбағыс тұқымы, картоп,
көкөніс, сүт, жұмыртқа – тиімді,
ішкі және сыртқы рыноктарда
бәсекеге қабілеті нашар, ішкі
рынокта сұраныс ұсыныстан
Қант қызылшасы, сиыр еті, қой еті, жылқы еті шошқа еті, құс еті, жүн – тиімділігі төмен, құс етінен басқасы ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, жүннен басқасының сыртқы рынок сұраныстары жоқ.
Астық рыногының дамуы
Астық өндірісі мен мониторингінің жағдайын талдау
Дәнді дақылдар түсімділігінің, өндірілуі мен тұтынылуының қарқыны (түсімділігі – ц\га; өндіру және тұтыну – мың тонна)
Облыстар |
Дәнді дақылдар орта есеппен 1996-1998ж.ж |
Соның ішінде: бидай орта есеппен 1996-1998ж.ж |
Дәнді дақылдар орта есеппен 1999-2001 ж.ж |
Соның ішінде :бидай орта есеппен 1999-2001 ж.ж | ||||||
Түсім-ділігі |
Өндіру |
Түсім-ділігі |
Өндіру |
Түсім-ділігі |
Өндіру |
Тұтыну |
Түсім-ділігі |
Өндіру |
Тұтыну | |
Ақмола |
5,1 |
1882,8 |
5,3 |
1535,0 |
10,8 |
3260,3 |
1539,5 |
10,5 |
2735,2 |
937,3 |
Ақтөбе |
4,3 |
397,4 |
4,2 |
244,6 |
8,2 |
468,2 |
361,2 |
8,4 |
357,4 |
203,4 |
Алматы |
11,2 |
606,6 |
8,9 |
336,3 |
15,4 |
745,4 |
969,4 |
14,0 |
399,0 |
720,2 |
Атырау |
5,0 |
0,8 |
6,0 |
0,4 |
5,6 |
0,3 |
97,0 |
6,0 |
0,1 |
97,0 |
Ш-Қазақстан |
6,4 |
295,1 |
6,5 |
209,2 |
13,2 |
566,3 |
584,4 |
13,2 |
381,5 |
347,9 |
Жамбыл |
10,4 |
356,9 |
7,6 |
223,9 |
12,5 |
382,2 |
393,4 |
11,6 |
242,2 |
276,8 |
Б-Қазақстан |
4,1 |
296,1 |
3,5 |
153,2 |
6,4 |
266,3 |
208,8 |
6,1 |
193,8 |
155,0 |
Қарағанды |
4,4 |
345,6 |
4,4 |
290,0 |
8,7 |
523,1 |
355,5 |
8,5 |
448,2 |
237,8 |
Қызылорда |
25,8 |
219,7 |
17,8 |
12,8 |
27,0 |
190,0 |
213,2 |
12,6 |
12,7 |
175,3 |
Қостанай |
7,0 |
2311,6 |
6,5 |
1770,5 |
12,4 |
3379,0 |
1091,1 |
12,5 |
3036,6 |
837,3 |
Маңғыстау |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
70,1 |
- |
- |
70,1 |
Павлодар |
4,0 |
335,2 |
3,7 |
258,7 |
7,2 |
298,8 |
217,8, |
7,6 |
211,8 |
172,0 |
С-Қазақстан |
9,2 |
2701,0 |
7,2 |
1896,6 |
12,5 |
3524,3 |
1087,4 |
12,2 |
2762,1 |
731,7 |
О-Қазақстан |
11,7 |
254,7 |
9,0 |
195,2 |
15,4 |
300,7 |
303,6 |
14,1 |
225,3 |
254,1 |
Астана қ-сы |
- |
- |
- |
- |
10,5 |
2,1 |
- |
10,1 |
1,7 |
- |
Алматық-сы |
- |
- |
- |
- |
7,9 |
1,4 |
- |
7,4 |
0,9 |
- |
Барлығы |
69 |
10003,6 |
6,2 |
7126,5 |
11,5 |
13908,5 |
7492,3 |
11,2 |
11008,5 |
5215,9 |
Астық – елдің
азық-түліктік қауіпсіздігінің
Соңғы үш жылда (1999-2001ж.ж.) дәнді дақылдар егіс аландарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен (1996-1998 ж.ж.) салыстырғанда 4,8 ц\гектарға немесе 67 пайызға өсіп, 11,5 ц\гектарға жетті. Астық өндіру 3,9 млн.тоннаға немесе 39 пайызға ұлғайды және орташа жылдық деңгейі шамамен 13,9 млн. тоннаға жетті.
Негізгі экспорттық дақыл - бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 7,1 млн. тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға дейін өсті.
Қазақстан астық экспорттаудан
әлемде алтыншы орынды
«Астық туралы» Қазақстан
Республикасының Заның
Отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерді
Астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш ұн тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында көктем жаз кезеңінде астықтың сату резервтерінен интервенция жүргізіліп тұрады.
Астық қабылдайтын
кәсіпорындардың астық сақтау
жөніндегі беретін
Астық қолхаттарын
енгізу жөніндегі жұмыс
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқым, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуы үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизингтік негізде жеңілдетілген кредит ресурстары бөлінеді
Астықтың мемлекеттік ресурстары қалыптаты, мұның өзі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымдық материалға, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуге, астық ішкі рыногының реттелуін және мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары