Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:54, реферат

Описание работы

Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар.

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Осының барлығы еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. (5)

 

3.2 Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

 

     Республикамыздың экономикасының  қазіргі кезеңінде әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгертуде, оны нарықтық қатынастарға ауыстыруда едәуір оң нәтижелер бар. «Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде»

     Экономиканы жағдарыстан  шығару туралы айтсақ, бұл жерде  әлі де шешілуге тиісті мәселелер  баршылық. Себебі, өндіріс одан әрі  құлдырап, ұлттық табыс азайып  бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасына кейбір өзгертулер, антимонополиялық шараларды іске асыру, экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін кеңіек қолдану керек.

     Менің ойымша, қазіргі  уақытта экономиканы реформалаудың маңызды мәселесі сол – «біз...жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға... тиіспіз».

     Шалғай ауыл шаруашылығы  аудандарында шағын бизнесті, кәсіпкерлікті барынша дамытқан пайдалы. Болашақта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық жүйесін құрайтын үш элементімен анықталуы мүмкін. Олар: ірі шаруашылық салаларының қызмет істеуі, экономикалық аймақтарды дамыту, ұсақ және орта бизнеске қатысты жүргізілетін саясат.

     Әсіресе, соңғы екі  элементтің маңызын айта кеткен  дұрыс. Экономикалық аймақтардың  маңызы сол, олар өздерінің жергілікті  мәселелерін өз бетінше шешуде  еркін болып келеді. Кәсіпкерлікті  дамыту саясатын шаруашылық қызметін реттейтін әртүрлі концепциялар мен бағдарламаны дайындаумен қатар, олардың орындалуын нақты лауазым иелерінен талап ету керек.

     Болашақта кәсіпкерлікті  сату, сатып алу қызметіндегі  делдалдықтан гөрі халыққа қажет  товарлар және қызмет көрсету  өндірісіне икемдеу қажет. Ол үшін кіші және орта кәсіпорындарды ірі өнеркәсіппен біріктіру дұрыс. Бұл жағдайда ірі кәсіпорындар кәсіпкерлерге өздерінің негізгі қорларын жалға беру, оларға кепілдік қарыз алуға көмектескен болар еді. Себебі, қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ксіпкерлерге, шаруа қожалықтарына өз қызметін жүзеге асыру үшін сенімді құқықтық кепілдік пен қорғау керек. Ол үшін кәсіпкелердің меншік пен табысқа толық құқын анықтап, мемлекетпен, банкпен және басқа кәсіпорындар және мекемелермен олардың белгілі бір өзара қарым-қатынасын белгілейтін заң актілері мен нормативтік құжаттар қабылдануы тиіс.

     Қазіргі уақытта көп  көңіл бөлінуге тиіс тағы бір  мәселе – ол экономиканы басқару  мәселесі. Осыған байланысты басқаруды  реформалау концепциясы қажет. Яғни, «Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз».

     Жаңа экономикалық саясат жағдайында орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқаларымен айналысуды тоқтатуы тиіс. Мемлекет жеке сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруы керек. Ауыл шаруашылығанда мемлекеттің Экономикаға араласуы бағалық, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.

     Өндіріс салаларында  монополиялардың болуы заңды түрде бағаның өсуіне әкелгені белгілі. Мысалы, өнеркәсіпте бағаның өсуі 1995 жылдың көкек айларында электроэнергетика саласында бағаның 1991 жылмен (желтоқсан айында) салыстырғанда 25421 есе, мұнай өндіруде -22271 есе өсуге әкеосе, дәл осы уақытта ет өнеркәсібінде ьаға бар болғаны 7339 есе, ал жеңіл өнеркәсіпте 4120 есеге ғана өскен.

    Жоғарыда келтірілген  фактілер болашақта болмас үшін  мемлекет тарапынан баға саясатына  бақылау болғаны жөн. Мемлекеттік  реттеусіз монополизм жағдайында  өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің арасында бағаның тепе-теңдігін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан , ауыл шаруашылығы құралдарын шығаратын,агроөнеркәсіптік екшендерге қызмет көрсететін, олардың өнімін өңдейтін барлық монополист кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін белгілеу мемлекет тарапынан бақылануы қажет. Дәл сол уақытта, товар өндірушілер меншіктің түріне қарамастан баға белгілеуде және өнімді өткізуде өз бетінше шешім қабылдайды. Яғни, «экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші ролі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.»

    Қазақстан агроөенркәсіптік  кешендерінің жұмысын жандандырып, олардағы экономикалық реформаларды  жеделдету үшін терең мазмұнды  және қайтарымы тез қаржы, салық, инвестициялық саясаттар жасақталуы қажет. Бұған экономикалық жағынан әлсіз шаруашылықтарға дотациялар беру, мемлекет есебінен қаржыландыру (мысалы, шаруа қожалықтарын ұымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылыған жүргізуге, жаңа өндірісті ұйымдастыруға, жеңілдетілген салық салу арқылы ынталандыру, селолық товар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыруды сақтау) және т.б. мәселелер жатады.  Осы аталғандар туралы заң актілері бар, тек ендігі жұмыс-олардың орындалуын, оларға қолдау көрсетілуін қамтамасыз еиуіміз қажет.

     Агроөнеркәсіп кешендерінің  экономикалық тиімділігін арттырудың  бір жолы - әлеуметтік мәселелер  тобы. Нарықтық қатынастардың дамуы  ауыл шаруашылығында жұмыссыздық, кедейліктің пайда болуына, инфрақұрылымның бастапқы уақытта әлсіз болуына әкеліп отыр. Яғни, селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу үшін, «олар қуатты және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуі тиіс.» Қазіргі таңда бірінші кезекте барлық деңгейлерде шаруаны әлеуметік қорғаудың және шаруаға әлеуметік кепілдік берудің жаңа механизмдерін дайындау қажет.     Жалпы қорыта айтсақ, шаруашылықтың қандай саласы болмасын олардың тиімділігін арттыру үшін мына мәселелер шешілуге тиіс:

  • Экономикалық салада – монополияны жойып, бәсекеге жағдай жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті көтермелеу, ол үшін қаржы және банктік жүйе жасау;
  • Әлеуметтік салада – қала мен село арасындағы жіктелуді баяулата отырып, ең кедей топтарды әлеуметтік жағынан қорғау;
  • Саяси салада – саяси күштердің құқықтық базаны тұрақтандыру үшін сенімді, әсіресе, шешуші негізгі сәттерде келісімге келуге;
  • Мәдени салада – жеке меншіктің болашағын насихаттай отырып, кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын тәрбиелеу.

     Қазақстан агроөнеркәсіп  өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі  алабөтен – топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100 С) тиімді жиындығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субторпикалық және торпикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

     Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді.

     Жер аумағының топырақ  беті де қатты ерекшеленеді  – республиканың солтүстігінде  кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр  топырақ және ашық қоңыр топырақ  болса, оңтүстігінде құба құмды  топырақ, сұр топырақ және таулы  сілтілі қара топырақты болып  келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім оның ішінде 17,7 миллион гектарға жуыға егістік жер, 74 миллион гектардан астам сортаң және кебір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер бар.

     Республика агроөнеркәсіп  кешенінің тағы бір ерекшелігі - өндірістің мамандандырылуы мен  шоғырландырылуының жоғары деңгейде  болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы  кәсіпорындары егістік жер көлемі  жағынан кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда алты есеге жуық артық болды. Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды реформалауды және оларды шаруа (фермерлік) қожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.

     Қазақстан агроөнеркәсіп  өндірісінің келесі ерекшеліктері  – мұнда жақын шетелдерге қарағанда  агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық  сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада автомашина және комбаин жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.

     Материалдық өндіріс  сфераларының шамадан тыс шашыраңқы  орналасуы жағдайында транспорттың  жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің  нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп  өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфалтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда – 129 метр, Украинада – 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтыңаз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.

     Міне, осындай қиыншылықтарға  қарамастан, егістік жерлердің орасан  көп болуы, топырақтық-климаттық  аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді. (18)

3.3 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

    Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеунің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды. (16)

     Республика Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен  мемлекет ретінде қалыптасыу  мен дамуының стратегиясы» деген  еңбегінде былай атап көрсетті: «....барлық стратегиялық жоспарлардың  алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

     Мемлекет басшысының  идеяларын, қабылданған заңдар мен  Республика үкіметінің қабылданған  заңдар мен Республика үкіметінің  қабылданған қаулыларын іс жүзінде  асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы  ғылымдары академиясының ғалымдары  «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық бағдарламасын» жасады.

     Оны жасау барысы  кезінде мынадай көптеген обьективтік  факторлар еске алынды:

  • Егемен мемлекетті құру;
  • Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
  • Адам тамақтауының ғылыми негізделген нормалары;
  • Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;
  • Табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;
  • Аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
  • Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.

     Бағдарламада жергілікті  жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп  үшін шикізат өңдірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық  өнімдерін сыртқа шығару және  сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми  тұрғыдан обьективті және қатаң  түрде талданды.

     Тұжырымдық Бағдарлама  тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан  Республикасы Министрлер Кабинетінің  мәжілісінде сындарлы жағдайда  қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен  мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа  аграрлық саясатының негізі қаланды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары