Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:54, реферат

Описание работы

Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар.

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Бұл бағдарламаның  орындалуы Республика аграөнеркәсіптік  өндірісінің дағдарысқа түскен  қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:

  • Материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;
  • Меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;
  • Шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;
  • Нарықтық қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм.

Ішкі көзердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніңдегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:

  • Меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өңдірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу;
  • Агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетельдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру;
  • Тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдалығы, баға коньюнктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;
  • Агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:
  • Республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымының әлемдік рынок коньюнктурасына сәйкестендірілуі;
  • Ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;
  • Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру;
  • Қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру;
  • Экономиканың көпукладты және жекменшіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодлағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  • агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.

 

Республика агроөнеркәсіп кешенінің халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметінің бағыттары мен формалары

 

     Нарықтық экономика жағдайында шетелдік мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жаңғырту міндетті түрдегі шарт ретінде экономикалық және құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, мемлекеттік реттеудің тиімділігін бір мезгілде қамтамасыз етумен қатар сыртқы экономикалық қызметті орталықсыздандыру мен демонополизациялауды талап етеді.

     Өкінішке орай, жақын  болашақта шетелге өнім шығарудың  негізгі түрлері астық, мақта-мата, ет, жүн, қаракөл елтірісі, тері және  тондық былғары шикізаттары болып  қала бермек.Алайда, алыс болашақта шетелге дайын өнім шығаруға бағдарлану қажет. Бұл үшін бәсекеге түсе алатындай өнім шығаруға қабілетті алдыңғы қатарлы технологияның негізінде өндеу өнеркәсібін дамыту керек.

     Ең маңызды міндеттердің  бірі Республиканың сыртқы саудасының жалпы көлемінің 75 пайызынан астамын құраған бұрынғы әріптестер – ТМД және бұрынғы Өзара Экономикалық Көмек Кеңесі елдерімен сауда және өндірістік қатынастарды қалпына келтіру болып табылады. Сондай – ақ Түркия, Германия, АҚШ, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың зор келешегі бар. Тайвань, Оңтүстік Корея, Гонконг, АСЕАИ және Латын Америкасының бірнеше елдерімен байланыс орнату біз үшін тиімді болмақ. (17)

     Сыртқы экономикалық  қызметті төмендегідей негізгі бағыттарда дамыту ұсынылады:

  • Республикада жеткілікті жағдайда өндірілуі мүмкін (астық, оның ішінде жүгері, жарманың кейбір түрлері, қалбырланған жем, өсімдік майы, қант ауыстырушылар, көкніс қалбырларының кейбір түрлері және т.б.) тауарларды шетелге шығару;
  • Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін тиімді технологиялар, сондай-ақ техникалық құрал-жабдықтардың жекелеген түрлерінің артықшылықтарын еске ала отырып, шетелден сатып алынатын тауарлардың негізделген номенклатурасын анықтау;
  • Шетелге шығарылатын өндірісті (ұн-жарма, тері, былғары, ет қалбыры, жеміс шырыны және басқалар) дамыту үшін өндірістік база құру. Бұл қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын конверсиялау, шетелдік капитал мен технологияны тарту негізінде мүмкін болады.

Сыртқы экономикалық байланыстарды белсенді жүргізу әр түрлі тәсілде көрінеді. ТМД-ның кейбір елдерімен ұн, макарон, құрама жем, ет және ет өнімдерін, тері, қой терісін және басқаларды өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Бірлескен бизнес үшін ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру немесе мал бағуға қолайлы арнаулы жер аумақтар, ауыл шаруашылығы тауарларын жеңілдетілген валюталық-қаржылық және салықтық тәртіппен сатып алу және сату аймақтары құрылуы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан мен басқа елдердің кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында тікелей өндірістік және сауда байланыстарын кеңінен дамытудың қажеттілігі туып отыр.

     Салықтық және басқалай  жеңілдіктері бар шетелдік тамақ  компаниялары мен фирмаларына  сырттан тауар әкелуші кәсіпорын  мәртебесін беру де болашағы зор бағыт болмақ. Бұл өңдеу өнеркәсібінде біріккен кәсіпорындар құру үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Бұл жерде тамақ өнімдерін шығарумен қатар қазіргі заманғы шетелдік технологияны жол ашылады.

     Сыртқы экономикалық  байланыстарға сыртқы сауда операцияларына мамандандырылған мемлекеттік мекемелер арқылы жүзеге асырған әлдеқайда тиімді болады. Мұның өзі сыртқы асуданы барынша білікті жүргізуге, біздің қатысушыларымыздың әлемдік коньюнктура мен халықаралық сауданы жүргізу ережелерін білмеуінің нәтижесінде туындайтын тауарлық және валюталық ысырапқа жол бермеуге мүмкіндік жасайды.

     Сыртқы экономикалық  қызметті күшейту үшін тиісті  инфрақұрылымды (қаржылық рынок  және қамсыздандыру ісі, банк  жүйесі, транспорт, байланыс) дамыту  және бухгалтер, маркетолг, салық инспекторлары, банк қызметкерлері және халықаралық экономикалық жүйелер жөніндегі маман кадрларды дайындау қажет. Тиісті ақпараттық қызмет құру және дүние жүзіндегі ақпарат көздеріне жол ашуды қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болады. Бұған қоса, сыртқы экономикалық қызметтің лицензиялық және құқықтық негізі жөніндегі жаңа заң және нормативтік актілер жасау және қабылдаудың айрықша қажеттіліг туады. (14)

Қорытынды

 

     Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар. Міндет – жастарды қалаға қанша үгіттеуде емес, оларға ауылдық жерде мәдениетті, өркениетті, білікті тіршілік жасауына жағдай туғызуда болып отыр.

     Қазір Қазақстанға  шет елдерден ет, сүт тағамдарын  тасымалдағанды көріп жүрмін. Бұл  – жақсылық емес. Яғни, Қазақстан  басқа елдердің адамдарын жұмыспен  қамтамасыз етіп келеді деген  сөз. Бұл олқылықты түзету үшін ауылдық жерде өндірілетін өнімдердің өзіндік құны шетелдік тауарлармен салыстырғанда төмендеу болу керек те, сапасы кем болмауы тиіс. Бұл айтар ауызға ғана жеңіл міндет ғылыми тұрғыдан жан-жақты жоспарланған жағдайда, компелексті шаралар жүзеге асырылғанда ғана талапқа сай болмақ. Сонда ғана егемендіктің де, келешектің де талабына сай экономика бой көтереді.

     Қазақстанның ерекшелігі  – біздің мемлекетте жер көп, адам аз. Мемлекетіміздің жерін  кісі басына шақса Қазақстан  әлемде Австралиядан кейінгі екінші орында тұрады. Қазақстанның жерінің табиғаты бай, өз халқымызды ғана емес, басқа елдердің халықтарына да астық, ет, сүт, жүн, тері беріп тұрарлық келешегі бар. Еліміздің жер байлығы бүкіл әлемнің игілігіне жарауы қажет. Бұл – Қазақстанның, қазақ халқының адамзат алдындағы абыройлы борышы деп түсінсек абзал болмақ .

     Ал, жерді сату керек  пе, сатпау керек пе деген мәселеге  келсек, бұл - өте ауыр сұрақ, бір  кісінің пікірі ақыл болмайды  деп ойлаймын.

     Егер жерді шынымен  сатамыз деген үкіметтің тиянақты пікірі қалыптасса, онда қате жіберіп, қалт кетпеу үшін бүкілхалықтық референдум өткізу керек деп ойлаймын.

     Әлемде ауыл шаруашылығы  озық, жерінің өнімі өзінен артылып  жатқан, жердің өнімін сатып, өркениетті  өмір сүріп жатқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың астықтан бірегейі – Канада, ет пен сүттен озығы – Голландия. Бұл екі мемлекетте де шет елдерге сататын миллиондаған тонна бидайдың, жүз мың тонналаған ет пен сүт қоры бар. Осы екі мемлекетте де бір заманда жерді қалай пайдалану керек деген мәселе көтерілген екен. Ұзақ пікірталастан соң екі мемлекетте шаруаларға пайдалануға, яғни арендаға беріледі. Егер алғашқы бес жылдың ішінде шаруа бөлінген жердің дұрыс пайдаланса, онда аренданың мерзімі он жылдан жиырма жылға дейін ұзартылады. Канада ауыл шаруашылығы негізнен кооперативтелінген, жан-жақты механизацияланған. Сапасы төмен техника сатуға үкім бойынша тыйым салынған. Бұл елде астықты біреу өндіреді, екіншісі – дереу сатып алып өндейді, үшіншісі – үкіметтің бақылауымен ішке және сыртқа сатады. Сол бір – бірімен байланысты ұжымдардың бәрі бір кооперативтің мүшесі. Басқаға (яғни, жеке саудагерлерге) жол жоқ . Егер астық шет елге қымбаттау сатылса, одан түскен таза пайданың тиісті мөлшерін өндірушілерге қайтарып береді екен. Сол сияқты Голландияда да ет, сүт өндіру, өндеу кооперативтің қолында. Ал, оны шетке сату негізінен үкіметтің құзырында. Табиғат құбылып тұрады ғой. Егер құрғақшылық, не су тасқыны сияқты апат болып, қиыншылық күн туа қалса екі мемлекеттің де шаруалары қамқорлықсыз қалмайды. Оларға үкімет қорынан дереу жеткілікті мөлшерде жәрдем көрсетіледі. Назар аударыңыз – қарыз емес, жәрдем. Бұл қиын-қыстау ауа-райы кезінде шаруалар дағдарып қалмау үшін әдейі жүзеге асырылатын ақылды шара ғой. Бірнеше мемлекеттерде осындай қор бар. Ауа-райы біздегі сияқты құбылып тұратын Қытайда бұл қордың мөлшері аз болмаса керек. Егер біздің елде де осындай мәселелер жан-жақты қаралып, шешімін тапса дұрыс болар еді.

     Ал, жерді сату не  береді? Одан мемлекет, халық не  пайда табады? Жер – нан емес «Бір тойғанның» қамымен жер тағдырын шешу қате болып жүрмесін. Ал, жерді шет елдің азаматына сату қауіпті қателік болар еді депекпін....

     Ең соңғы мәселе  – Қазақстан сияқты жер байлығы  соншама мол мемлекеттің де, оның  халқының да келешегі жарқын. Барлық әңгіме – жерді ұтымды пайдалану шараларын мемлекеттік стратегиялық міндеттермен ұштастыра отырып шешуді келешек ұрпақтың үлесіне қалдырмай, осы күннің өзінде қолға алып, ғылыми негізде жүзеге асыруда болса керек.

     Ауылға қолдау жасау  үшін мемлекеттік бюджеттен үш жыл ішінде 150 миллиард теңге бөлу белгіленген. Олар қандай мақсаттарға жұмсалмақ?

     Елбасының «ішкі және  сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған  негізгі бағыттары» деп аталатын  Қазақстан Халқына жолдауында  ауылды /селоны/ жаңғырту еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының базалық басымдығы деп анықталды. Президент өзінің Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және серпінді дамуы, оның экономикасының қазіргі заманғы рыноктық принциптер бойынша тез көтерілуі ауылды көтерудің басты факторы болып қала береді деп көрсетті.

     Республикалық бюджеттік  комиссия 2003 жылға арналған республикалық  бюджеттің жобасын жасаған кезде  Президент Жолдауында айтылған  міндеттерді шешу қажеттігін  ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған  республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басымдық бағыттарын анықтады. Аграрлық секторды дамыту және ауылды \селоны\ жайғастыру жөніндегі басымдықтар шеңберінде ондай міндеттерге мыналар жатады:

  • Ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдаудың несиелік және лизингтік тетіктерін дамыту;
  • Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге ақшалй жәрдем жасау;
  • Өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, малды – аса қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғау;
  • Тұрғын мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
  • Селолық инфрақұрылымды құру және қайта құру;

     Қазақстан Республикасының  Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы  №889 жарлығымен Мемлекеттік азық-түлік  бағдарламасы бекітілді. Осы құжатқа  сәйкес мемлекет село экономикасына 2003-2005 жылдар ішінде 150 миллиард теңге  бөлуді жоспарлауда. Осы қаражат есебінен мал мен өсімдіктің аса қауіпті ауруларына диагностика, мониторинг жасауды және олармен күрес жүргізуді, карантинді өнімге лабороториялық және фитосанитарлық талдауды, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы жерлерді мелиоративтік бағалауды, мемлекеттік резервтегі астықты сақтауды, элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды малдарды сақтау мен өсіруді жүзеге асырып, минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға ақшалай көмек көрсету және басқаларды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аграрлық саланың қаржы жағынан тұрақты жұмыс істеп тұрған субьектілеріне де қолдау көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған: мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, ауыл шаруашылық техникасының лизингісіне несие беру, көктемгі егін салу және егін жинау жұмыстарын атқаруға жергілікті бюджеттерге несие беру, селолық несие беру және басқалар.

Информация о работе Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары