Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 21:31, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.

Содержание работы

Кіріспе
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.
1.1 Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері.
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары.
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар.
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

bagali kagazdar.doc

— 139.00 Кб (Скачать файл)


Кіріспе

3

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.

4

    1. Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
    2. Бағалы қағаздардың түрлері.

4

 

6

II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары.

16

    2.1 Бірінші  және екінші нарықтар және олардың қызметтері.

 

16

    2.2 Қор  биржасы және биржалық операциялар.

18

    2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

20

III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.

 

22

Қорытынды.

25

Қолданылған әдебиеттер.

27




Кіріспе.

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика  жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың  пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.

Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың  әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.

Олар:

  • Элемментер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
  • Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
  • Бағалы қағаздар нарығының кәсібси мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
  • Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Жоғарыдағы  айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" - тақырыбының мазмұндық  маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады.

  • Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда болуымдағы алғы шарттар;
  • Бағалы қағаздардың түрлері және олардың ерекшеліктері ;
  • Бағалы қағаздарды нарығының құрылымы;
  • Қазақстан Республикасындағы ақшаның қалыптасуы және олардың дамуы.

Сонымен курстық  жұмыста бағалы қағаздар түрлері, оларды топтау және бағалы қағаздар нарығын  талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл тақырыпты таңдап алудың негізгі  себебі бүгінгі күнде дүние жүзі үшін де біздің еліміз үшін де бағалы қағаздар нарығы мен жұмыс істеу өте қолайлы болып табылады. Әрбір экономист бағалы қағаздар нарығына байланысты мәселелерді білуі тиіс.

 

I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономиқалық мәні.

    1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және мәні.

Жалған капитал  деген - қосымша құнның бір бөлісін  дивиденд немесе процент түрінде  иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар.

Біріншіден, табыс  көзі  тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың  пайда болуы өндірістік капиталмен тікілей байланысты. Өнім өндіріспен айналымға табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болды.

Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін  себебі оларды сатуға болады. Бірақ  олардың өз құны өте төмен, ол нарықтық бағалары иррационалдық сипатта  болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға  сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс  оның ұсынысынан жоғары болса және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталдың ұсынымы сұраныстан жоғары болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса,онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.

Жалған капитал  нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болганымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар.

1. Жалған капиталдың  өз кұны жоқ. Бірақ бағалы  қағаздардың кейбір түрлері нақты  капиталдың орнына жүреді.

2. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ол нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді.

3. Жалған капиталдың  мөлшері бағалы қағаздарды сатудан  түскен табыстың капиталға айналуымен  анықталады. Ал өндірістегі нақты  капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға  қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез  дамуына, бағалы қағаздардан түсетін  дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де сонғы кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.

Сонымен бірге  жалған капиталдың қарыз капиталынан  айырмашылығы бар. Олар:

Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.

Екіншіденң  қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналыстыратын ортаның тек біреуі ғана.

Жалған капитал  сан жағынан қарыз капиталынан  көп және  айланыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капиталмен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді. бағалы қағаздардың пайда болуы мен оның дамуы капиталистік өндіріс қатынастарының орнауына қатысты. Бәрінен бұрын бұл коммерциялық несиелеу шекарасының кенеюімен пайда болды. Комерциялық несиелеу негізі болып - вексель табылады, яғни бағалы қағаздардың  бірінші түрі. Вексель несиелік ақша формасына айналады. Бұл жағдайлар бағалы қағаздардың вексель және өнеркәсіптік өндірістің дамуына зор мәнге ие болуын куәландырады. Банктік жүйнің іс - әрекетінің даму процессі кезінде тағы бір бағалы қағаздардың түрі-чектер пайда болды. Несиелік ақша рөлін ойнайтын және товар айналымы кезінде төлем құралын атқарушы болды. Бірақта нағыз бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен құрылуы акционерлік қоғамдар болды. Бағалы қағаздардың басты түрлерінің акциялар мен корпаративтік облигациялар пайда болуы обьективтік өндіріс қажеттіліктерінің әсері. Экономикада пайдалы қағаздардың болмауы мемлекеттік Б.Қ.Н-ның рөлінсіз елестетуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік пайдалы қағаздардың ролі экономиканың дамуы кезінде өзгерді. Мемлекеттік пайдалы қағаздар алғашында мемлекеттік несие құралдарының бірі ретінде төтенше шығындарды жабу үшін пайдаланылды, яғни соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен сайын мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады. Сонымен қатар мемлекеттің ақша айналымның қалыптасуанда зор роль атқара бастады. Қазіргі жағдайда мемлекеттік пайдалы қағаздар көмегімен, макроэкономиканы қалыптастару мақсатында, ақша несиелік саясат жүріп жатыр. Экономикадағы бағалы қағаздардың мәніне жалпы баға бере отырып, келесі басты қызметтерін бөліп көрсетуге болады.

Акционерлік қоғам  деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Ал акция үлесті немесе меншікті құжандыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен сипаттарына қарай акционердің дивидентер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықталып куәландырады. Акционер қоғамның  міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамды құрушылар орасан зор табысқа иемденеді. Акционерлерге дивиденд төленеді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерлерге төленетін сыйақы.

     Бағалы  қағаздардың түрлері.

Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.

Акцияны шығару мына жағдайда болады:

а) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жорғылық капиталын қалыптастырғанда;

б) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;

в) жорғылық капиталды  қосымша ұлғайту кезінде.

Атап айтқанда, жорғылықкапитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал  және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

Акция белгілі  бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және  оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауга болатын бағалы қағаздардың бірден-бір  түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, елдер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілеті нашарланатын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцианы брнеше бөлікке бөлуге болады.

Корпорацияны  басқаруға қатынасу құқығы бойынша  жай және артықшылықты акциялар болып болінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасынық мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Әрбір акция  өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байнанысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

Көптеген корпорациялар  жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарнама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандығы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал акцияның эмиссиялық бағасы.

Егер акция  көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға қатысқан барлық инвесторлар  қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының төмендеткен төменгі  бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу белгілейді.

Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы  есебінің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе "кітаптық" баға деп аталады. Ол активтің таза құнын орналыстырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.

Корпорация  жай акцияның номиналын көрсетпейде  шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатынла компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін алуға кепілдік береді.

Артықшылықты  акциялар - меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының денгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауысыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

Артықшылықты  акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер  беруден бұрын төленеді. Сондықтан  бұл акциялардан гөрі жай акция  иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.

Информация о работе Бағалы қағаздар