Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 21:31, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.

Содержание работы

Кіріспе
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.
1.1 Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері.
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары.
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар.
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

bagali kagazdar.doc

— 139.00 Кб (Скачать файл)
  • макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
  • нарықтық органның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау.

Құқықтық қорғау - әкімшілік мемлекеттік тіркеу, лицензиялары мен сертификат беру, инвесторларды бағалы қағаздар нарығын  жіберу құқығы.

Экономикалық  қорғау - бағалы қағаздармен жасалатын  операцияларының салықтық жеңілдіктер  жүйесін жасау және қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.

 

III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары  КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары кенес одағының зандары негізінде 90-жылдарының басынан бастап пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқанда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізілді. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорын акциясын сатып алуға болады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акцияларын сатып алуға болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру 1994-1995 жылы өтті, ол кезде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық чектерін тапсырғанмен олардың орнына акция алғандары аз. Қорыта ойтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдық - құқықтық формасы - Акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялары мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болды. Сонымен кәсіп - орындарды жекеменшіктендіру бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы олғашқы қезең. Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,нарықтық экономикаға өту үшін елімізде қаржы нарығы және оның қызметтерін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етті. Яғни қаржы нарығының үш саласының бірі бағалы қағаздар нарығы. Қазіргі кезде бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынға үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі-қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдер шығарумен ойналысады. Бағалы қағаздар нарығы - нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процестеріне қатысты капиталды инвистициялау деген оның елдегі капиталға мұқтаж өндірістерге құйылуы, ол артықшылық болған жағдайда сол саладан кері алынды.

Елде дамыған  бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

  1. сұраныс пен ұсыныс;
  2. делдолдар мен басқа қатысушылар;
  3. нарықтық инфе құрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар тағы басқа;
  4. нарықта реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта елімізде негізімен құрылып болды. Дегенмен, экономиканың дағдарыс жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін көп жағдайда халықтың әл ауқатына байланысты. Себебі халық табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемесі. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

  • біріншіден, мемлекеттік Б14 элименті Қаржы министрлігі;
  • екіншіден, Ұлттық банк - оның қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың диллері.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері: мемлекеттік  қазыналық вексельдер; мемлекеттік қазыналық облигациялар; Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары; жекеменшіктендіру купондары. Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Кәсіпорындар банкротқа ұшыраған қазіргі кезде жекеменшіктендіру чектерінің орнына берген акциялары оны иемденушілерге әлі дивиденд түсіре қойған жоқ.

Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығы енді дамып  келе жатқан нарыққа жатады. 2000 жылы Қазақстанның қаржы нарығын жалпы  капиталдандыру 4565,1 млн. доллар құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар әліде қалыптасу мен  құралу үстінде 1997 жылы глобальды қаржылық кризис кезінде, көптеген қаржы нарықтары құлап жатқанда, Қазақстан нарығына бұл ешқандай тәсер етпеді. Дегенмен, әзірге Қазақстанда талық бағалы қор нарығының қалыптасуана кедергі келтіретін проблемалар өз емес. Олардың негізгілерін атап өтуге де болады. Бұлар:

ә) қор нарығындағы  бірлескен секторлардың дамымауы;

а) халықты қор  нарығындағы жинаққа тарту механизмдерінің  жоқтығы;

б) бастапқы ынталандыру  механизмдерінің жоқтығы.

Барлық аталған  проблемалар бір-бірімен тығыз  байланысты.

 

Қорытынды.

Экономикада пайдалы  қағаздардың болмауы мемлекетті бағалы қағаздар нарығының ролінсіз елестетуге мүмкіндік бермейді. Мемлекетті пайдалы қағаздардың ролі экономиканың дамуы кезінде өзгерді. Мемлекеттік пайдалы қағаздар алғашында мемлекеттік несие құралдарының бірі ретінде төтенше шығындарды жабу үшін пайдаланылды, яғни соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен сайын Мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады. Сонымен қатар мемлекеттің ақша айналымының қалыптасуында үлкен роль өтқара бастады.

Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде артықшылықты акциялардың  10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.

Облигацияның  нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайында, екінші жаынан, нарықтағы  әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықты купондық бағасы жоғары жаңа заем болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.

Вексель шығарып  және оны пайдалануды дамыту ертеден  несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құрқуыс және қаржы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.

Қор биржасы - бұл  бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым.

Биржаның басты  органы болып биржа коммитеті  саналады, ол мүшелері брокерлер деп аталады. Олар бағалы қағаздар нарығында клиент есебімен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Брокерлермен қатар өз есебімен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді.

Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығы енді дамып келе жатқан нарыққа жатады. 2000 жылы Қазақстанның қаржы нарығын жалпы капиталдандыру 4565,1 млн. доллар құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар әліде қалыптасу мен құрылу үстінде 1997 ж. Глобальды қаржылық кризис кезінде, көптеген қаржы нарықтары құлап жатқанда, Қазақстан нарығына бұл ешқандай әсер ептеді. Дегенмен, әзірге Қазақстанда толық бағалы қор нарығының қалыптасуына кедергі келтіретін проблемалар аз емес. Олардың негізгілерін атап өтуге де болады. Бұлар:

  • қор нарығындағы бірлескен секторлардың дамымауы;
  • халықты қор нарығындағы жинаққа тарту механизмдерінің жоқтығы;
  • бастапқы ынталандыру механизмдерінің жоқтығы.

Барлық аталған  проблемалар бір-бірімен тығыз  байланысты.


Информация о работе Бағалы қағаздар