Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 21:31, реферат
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.
Кіріспе
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.
1.1 Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері.
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары.
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар.
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте-атаулы бағалы қағаз.
Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға бағады - қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның жорғысында қаралады.
Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:
а) Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
б) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
в) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ал артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын кампанияның өзі белгілейді.
Қатысушылар акциясы
иесі ешуақытта белгіленген
Конвертабельді
артышылықты акциялар өз иемденушілеріне
кейбір жағдайларда осы корпорацияның
жай акцияларының белгілі бір
мөлшеріне айырбастауына
Артықшылықты
акциялардың өте сирек
Егер компанияның жарысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек, делінсе, онда - директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны әлбетте барлық акциялардың 10 % - нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей - ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Облигация.
Облигация деп элементтің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді миндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару-қосымша капитал тартудың бір нысаны. Элементтің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналыстыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан анық кепілі болып элементтің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік элементтің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде-корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құны. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
Облигация бойынша мезгіл - мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін купондарды қырқу деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нүсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналды деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сапасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер - жыл сайын элемент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісімен сыйақы - төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар - шілде, ақпан - тамыз, наурыз - қыркүйек, сәуір - қазан, мамыр - қараша, маусым - желтоқсан. Одан басқа айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қантар - 5 шілде, 20 наурыз - 20 қыркүйек және тағы басқалар.
Өтеу күні - компанияның
сатып алушыға облигацияны
Қамтамасыз етілген облигациялар - оларды шағарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салғанын көрсетеді. Егер корпорация тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, ода оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:
а) Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер.
б) Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигациялармен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары.
в) Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, элементтің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Оны болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайында, екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен
шығарылған заемдар өте көп болса,
онда бұрын төмен бағамен шығарылған
облигациялардың курсы
Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен сатылады. Ол облигацияның жана және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Вексель.
Өндірістегі жұмыстың айналымдығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болды. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшалрының бір түрі - вексель пайда болады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды турде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденуге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісімен жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуні күтпей - ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан еңбір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымның негізі - серіктердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылаумен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе трата болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай санаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Жай вексельді пайдалағанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қарастырмай - ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель пайдаланылса, онда вексель айналасындағы бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады-әлбетте үш, төрт және одан да көп контрогенттер қатысу мүмкін.
Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға вексельде көрсетілген сананы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт дегеніміз - есеп айырысуды төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісім. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі. Келісім шарты жасалған шақта сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаған жағдайда оның орнына сатушыға басқа төлем құралы-вексельді ұсынады. Ол өзінікі болумен қатар, басқанікі де, яғни индоссоцияланған болуы мүмкін. Әлбетте, вексель айналысының негізі - коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеледі. Оған банктік қазыналық, траст және де басқа банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығында өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің басқа банкке берген тратталары дәлел бола алады.
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст - компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша вексель міндеттемелерін беруде.
Әрине қазыналық және басқа да қаржылық вексельдерді пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құрқуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.