Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 21:31, реферат
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.
Кіріспе
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.
1.1 Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері.
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары.
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар.
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Вексель айналысы жүесінің негізгі элементі - вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі - акцепт -авальды операциялар.
Вексельдің акцепті дегеніміз төлеушінің вексельді төлеуге берген заңды келісімі. Сол сияқты акцептант төлеуге келісім берген заңды мекеме немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцептанттың рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші класты міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасады.
Вексельдің
авалы - вексель бойынша кепілдік.
Авал беруші банк вексель беруші акцептант
тарапынан төлем төленбеген жағдайда
оны төлеу жауапкершілігін
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
2.1 Бірінші, екінші нарықтар және олардың қызметтері.
Бағалы қағаздар нарығы капитал өндірісінің процессіне қызмет атқарады. Капиталдың өндіріс процессіне қандай роль ойнауына байланысты, бағалы қағаздар нарығын бірінші және екінші нарық деп бөлу қабылданған.
Бірінші нарық - бірінші шығарылған бағалы қағаздар орналасатын нарық. Бұнда көбінесе оған қатысушылар бағалы қағаздар элементтері мен инвесторлар. Негізгі және айналымдағы капитал инвестиция салу үшін қаржы ресурстарын қажет ететін элементтер, қор нарығандағы бағалы қағаздар ұсынымын анықтайды. Әсіресе, бірінші нарықта уақытша бос ақшалай қаражатты жұмылдыру және оларды экономикаға инвестициялау жүзеге асырылады. Бірақ, бірінші нарық ұлттық экономика масштабында жинақтың кеңеуін ғана қамтамасыз етпейді, онда бос ақша қаражатын ұлттық экономика ортасы мен саласында бөлу өтеді. Бұл орналастырудың критерийі, нарықтық экономика жағдайында бағалы қағаздардың әкелетін кірісінің қызмет атқаруы табылады. Бұл дегеніміз бос ақша қаражатының кәсіпорындарға, шаруашылық ортасы мен салаларына және пайданы көтеруді қамтамасыз етуіне жұмсалады. Осылардың барлығы бағалы қағаздар нарығының нарықтық экономиканы фактілік реттеушісі екенін білдіреді.
Бағалы қағаздарды
сатып алушалар жеке және институттік
инверсторлар болуы мүмкін. Нәтижесінде
олардың бір-бірімен қатынастар
Екінші себебі,
қазіргі заманғы
Бағалы қағаздардың бірінші нарықта орналасуы екі формадан тұрады:
Дамыған мемлекеттердің
нарығының артықшылығы бұл
Бірінші нарық бағалы қағаздардың екінші нарығының пайда болуына әкеледі. Тіптен бірінші нарық екінші нарықтың жоқ болуынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Екінші нарық - ол ерте шығарылған және басқа формадағы бағалы қағаздардың алдын ала сатылуындағы айналым қамтылады. Нарықтың негізгі қатысушылары эмитенттерде, инвесторғар да емес спекулянттар. Арзаннға сатып алып, қымбатқа сату олардың мақсаттары, яғни курстық айырмашылық арқылы табыс табу. Екінші нарықтық бірінші нарықтан айырмашылығы инвестиция мен елдегі жинаққа әсер етпейді. Ол әр түрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы бірінші нарық арқылы шоғырландырылған ақша қаражатын үнемі қайта болуді қамтамасыз етеді. Биржалық алып сатарлардың мақсаты курстық айырма түрінде табыс алу болғандықтан, олар өзінің табысан өсіру мүмкіндігін тауысқан кәсіп орындардың бағалы қағаздарын сатып, келешегі бар кәсіпорындармен шаруашылық салаларының бағалы қағаздарын сатып олады. Сонымен қатар, екіншілік нарығы бағалы қағаздардың өтімділігін және біріншісінде орналасуға жақсы жағдайды қамтамасыз етеді.
Екінші бағалы қағаздардың ұйымдасқан, ұйымдаспаған екі негізгі түрі бар: ұйымдасқаны - биржалық; ұйымдаспағаны - биржалық емес. Қорлық сауда ұйымының ең қарапайым түріне стихиялық нарық жатады. Стихиялық нарыққа сипаттама: бағалы қағаздардың бір курсының болмауы; трейдерлердің көптігі; нарық жайындағы бәрін қамти алатын ақпарат.
Биржадан тыс айналым биржаның альтернативасы ретінде туындайды. Көптеген компаниялар биржаға тіркеу нормасына көрсеткіштерінің сай келмеуіне байланысты биржаға шыға алмаған болар еді. Нақты қазіргі уақытта биржадан тыс нарық айналымына барлық бағалы қағаздардың көпшілігі айнйлысқа түседі. Биржадан тыс айналымда сауданы специалистер жүргізеді. Олар брокерлік және дилерлік компаниялар. Екінші нарықтың дәстүрлік формасы болып ұйымдасқан қор биржасы тобылады. Биржа роль бүтіндей бағалы қағаздары нарығына тәуелді. Қорлық биржаның негізгі функцияларына мыналар жатады:
ә) бос ақша капиталын жұмылдыру мен шоғырландыру;
а) бағалы қағаздарды сатуды ұйымдостыру арқылы жинақ;
б)бағалы қағаздарды сатып алуды ұйымдостыру арқылы мемлекетпен шаруашылыққа инвестиция беру;
в) бағалы қағаздарға салымның жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген жолмен ежелгі грек сөзі - "бурзе", яғни жинақ деген мағынаны аңғартады.
Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVIIғ. биржалар тауар және қор биржалады болып бөліне бастады. Қор биржасының кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезеңі, яғни XXғ. басы. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары кәсіп-орындардың акцияларын шығару және сату болды.
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, экономикалықатқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді.
Қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жағымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру; өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру; бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сураныс пен усыныс деңгейін көрсететін бағаларды білгілеу және жалған капиталды қалыптастыру. Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау және қайта болу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді: қаншалықты биржадағы мәнілелердің ауысша жасалып, кейінен заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы; сауда саттық еріжелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторлармен қатаң түрде реттелуі.
Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп, қор биржасы және несиелеу биржалары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етеді. Бұл кезең ұйымдастырылмаған "жобайы" нарықтың уақытымен сипатталады. Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы және топтық құқықтық сипаттағы қор биржалары. Жеке құқықтық сипаттағы қор биржалары жеке компания ретінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, аралас кәсіпорындарға айналады. Мұндай типтегі қор биржалар мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік мекемелер болып саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын реттеуші арнайы комиссиямен бірлесе отырып, бақылау жасайды. Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуропа континенттік қор биржалары типтерінің арасындағы айырмашылықтарды білдірмеу ағымы байқалуда.
Сонымен, қор биржасы - бағалы қағаздар иелерінің биржа мүшелері, яғни делдардар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық. Биржада жеке компаниялардың мемлекеттік органдардың немесе шетелдің бағалы қағаздары айналымға түседі. Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып ірі 2 топқа болінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүреді, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағаз алады. Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мезгілде жүргізіледі: ол ойдың ортасы, аяғы, болмаса үш, алты ой уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздың бағасынан өзгеше болады. Сонымен қатар мерзімдік мәміле алыпсатарлық мәміле деп те аталады. Алыпсатардың мақсаты - биржадаға құндылықтардың сатып алу, сату бағасы арасындағы айырмашылығынан пайда табу. Мерзімдік операциялар тұрақты, шартты және прологонциялық болып бөлінеді. Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір мерзімде сатқанда онда корсетілген шарттар өзгермейтіндігі туралы өздеріне міндеттеме алады. Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлық ақы беріп өз міндеттемесін орындауынан бас тартуға құқы бар. Мақсаты - биржа операциясы кезінде бағалы қағаздар курсының өзгеруінен келетін шығыннан қорғану. Мерзімдік шартты мәміленің төрт түрі бар: алдын ала келісімен сый ақымен қайтарылатын сыйлық ақымен , опциондық ақы және стеллаж. Опцион мерзімдік мәмілеге кіріңілетін талап. Ол бойынша екі жақтың біріне мәміленің кейбір қарама қайшы талаптарының бірін таңдау немесе алғашқы ережесін өзгерту құқы беріледі.
Стеллаж - бағалы қағаздар бойынша мерзімдік мәмілелердің түрі, мұнда екі жақтың бірі мәміле мерзімі басталғанда сату мен сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады. Прологанциялық мәміле - бағалы қағаздардың нарығының өзіне қарай есеп айырысуының мерзімін кейінге қалдыру. Прологанциялық мәміле екіге бөлінеді: репорттық, депорттық. Репорт - мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздар иесі оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа неғурлым жоғары бағамен міндеттеніп банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырмашылығы да репорт деп аталады. Депорт - оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән. Қорыта айтқанда, биржадағы акция курсының динамикасы - акционерлік қоғамның жағдайын жақсаруынан немесе нашарлауының маңызды факторы. Биржаның басты органы болып биржа комиттеті саналады. Олар бағалы қағаздар нарығында клиент есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алып сатарлықпен айналысатын дилер де жүреді.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісіме қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауды қомтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Дүние жүзілік тәжірбиеде бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүреді: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шартына мыналар жатады:
Жанама ораласу:
ә) несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
а) мемлекеттің салық саясаты;
б) депозиттерге, несиелерге, қарыздырға үкімет кепілдігі;
в) қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
г) мемлекеттің
сыртқы экономикалық саясатымен іс-шаралары.
Қор нарығын мемлекеттік