Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

І тарау АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ..........................................................................7

Адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері және даму тарихы.................................................................................................................7
Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және
білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру............................13

ІІ тарау БІЛІМ БЕРУ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУШЫ
ФАКТОР РЕТІНДЕ..................................................................................................20

2.1 Білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде..............................................20
2.2 Білім беру саласын қаржыландырудың негізгі принциптері........................26

ІІІ тарау БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ..............................................................................................34

3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы
және перспективасы................................................................................................34
3.2 Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі..........................43
3.3 Жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде).........54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................67

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Файлы: 1 файл

Дип.-АДАМ-ДАМУЫНДАҒЫ-БІЛІМ-БЕРУ.doc

— 599.50 Кб (Скачать файл)

Академик Я.Ә.Әубәкіров  адам капиталын әртүрлі ғалымдардың  барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірбиені және олардың  әлеуметтік экономикалық прогресте  қолданылуын біріктіретін кең масштабты ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруе мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін шешуші күш ретінде қарастырады.

Келесі авторлар ұжымы  адам капиталын «индивидтердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа  да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар» ретінде анықтайды.

С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, «білім, дағды, іскерлік және жинақталған  тәжірбие адам капиталын құрайды» және «жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік  іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын  қосады. [12,55б]

Отандық экономист-ғалымдардың  көзқарастарын талдай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

Біріншіден, білім, іскерлік, дағды арнайы іс-әрекет түрлері арқылы қалыптасады;

Екіншіден, ол қабілеттердің қалыптасуы белгілі бір қаржыны қажет етеді;

Үшіншіден, ол қаржылар инвестициялық сипатта;

Төртіншіден, білім, іскерлік, дағды және еңбек өнімділігі арасында тәуелділік орын алады;

Бесіншіден, уақыт факторын қалыптастыру арқылы адам капиталының қалыптасуында «балама шығындар» немесе «жоғалған жалақы» шығындары орын алады. Міне жоғарыда берілген шетелдік және отандық экономистердің көзқарастарында адам капиталына әртүрлі түсіндірмелер беріледі. Әйтсе де, осы анықтаған ортақ ұқсастықты байқадық. Ол ұқсастық адам капиталының жүре қалыптасатын қабілеттер ретінде анықталуы. Нақ осы негізде, біз, адам капиталы категориясының экономикалық мазмұнын ашуға талпынамыз.

Кез-келген экономикалық категория-экономикалық көзқарастар  жүйесіндегі белгілі бір талаптардың  логикалық көрінісі, жеткізілуі. Демек, адам капиталы экономикалық категория ретінде біздің ойымызша іскерлікті, дағдыны, т.б. қабілеттерді қалыптастыру, өндіру, тұтыну, жалғастыру үрдісінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.

Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.

 

    1.  Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру

 

 

ХХ ғасырдың соңғы  ширегінде әлемде білім революциясы  құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде  қарап келді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес,сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.

Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі  демократияландыру болды. Осы прогрессивті үрдіс жаңа индустриялық, және белгілі  бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды.

Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын кеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды. Осылардың барлығы қоғамдық сана мен мемлекет саясатына, нағыз революциялық принципті енгізуді дайындап берді: білім-мамандар даярлаудың ғана емес, сонымен бірге ол қоғамның жалпы парасаттылық, технологиялық және мәдени деңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогреске қабілетін демеудің, тұрмыстың осы заманғы стилін (қалпын) қалыптастырудың құралы. Осыдан экономикалық қажеттіліктерге қатаң қызықтаусыз білімді дамыту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.

Үздіксіз білімнің мәні-ғылыми-техникалық революция жағдайларында білімнің тез арада ескіруіне байланысты кәсіптік жинақылықты көтеруде емес (нақ осындай көзқарас кеңестік және кеңестен кейінгі әдебиетте басым).

Сонымен бірге білім  революциясы, бұрын құлаш жайған ғылыми-техникалық революция сияқты түрлі елдер мен аймақтарды тым  әркелкі қозғады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасындағы алшақтықты одан сайын ұлғайта түсті. Егер дамыған елдерде жоғары білімнің жалпыға бірдейлігі мен жаппай үздіксіз білім нақтылыққа айналса, ал дамушы елдердің көпшілігінде жалпыға бірдей сауаттылық жөніндегі мәселе күн тәртібінен әлі түскен жоқ.

Халықаралық қоғамдастық  білімнің адам дамуындағы лайықты рөлін қамтамасыз ету жолымен осы проблемаларды шешу стратегиясын жасады. Ол-«Баршаға бірдей білім» стратегиясы. Оның негізгі принциптері БҰҰ 1990 жылы Джомтьенде ұйымдастырған конференцияда тұжырымдалды. Конференция баршаға бірдей білім туралы Дүниежүзілік декларация қабылдады, декларация, адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы мен бала құқықтары туралы Конвенцияға сүйене отырып, мынаны жариялады, кез келген бала, жасөспірім және ересек адам осы ұғымның ең жоғары және толық мағынасында өзінің базалық білім қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім алуға құқылы, яғни ол танып-білуді, әрекет жасауды, өзгелермен бірге өмір сүруді және тіршілік етуді үйренуге мүмкіндік беретін білім алуға құқылы. Бұл тақырыпта әр адамның мүмкіндіктерін ашу мен оқитындардың тұлға ретінде дамуына бағытталған білім туралы қозғалып отыр, оның мақсаты адамдардың жеке тұрмыстарын жақсартуға және өз қоғамдарын жаңартуға қолдарын жеткізу.

Білім жөнінде Декарда 2003 жылғы сәуір айында өткен Дүниежүзілік форумда баршаға бірдей білім стратегиясын іске асырудағы онжылдықтың қорытындылары жасалды. Декар форумы адам дамуының аса маңызды компоненті ретінде білімге берілетін екпінді одан сайын күшейте түсті. Форумның «Іс-әрекеттің Декардың шеңберлері.

 Баршаға бірдей  білім: біздің міндеттемелерімізді орындау» негізгі құжатында, білімнің адам құқықтарының негізгілерінің бірі екендігі атап көрсетіледі. Ол орнықты дамудың, бейбітшілік пен ел ішіндегі тұрақтылықтың және елдер арасындағы қатынастардың кілті болып табылады және осы тұрғыда ол қоғам өміріне және ХХІ ғасырдың экономикасына белсенді қатысу үшін қажетті құрал болып қызмет жасайды, олар жеделдетілген жаһандануда қозғалады.

Декар форумы баршаға  бірдей білім стратегиясын одан әрі  ілгері жылжытудың 6 мақсатын белгіледі:

  1. Жас балаларға күтім көрсету мен оларды тәрбиелеу, әсіресе ең осал және үлестен құр қалған балалар жөніндегі кешенді шараларды ұлғайту және жетілдіру;
  2. 2015 жылға қарай барлық балалар, әсіресі қыз балалар, берекесіз отбасылар мен этникалық азшылықтан шыққан балалар тегін және міндетті жоғары сапалы бастауыш білімді емін-еркін алулары үшін жағдай жасау;
  3. жас және ересек адамдардың білім алу қажеттіліктерінің оқудың тиісті бағдарламаларына және тұрмыстық машықтарға қол жеткізудің бірдей мүмкіндігі негізінде қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
  4. 2015 жылға қарай ересектердің, әсіресе әйелдердің сауаттылық деңгейін 50%-ға көтеру және барынша бірдей базалық және үздіксіз білім алу мүмкіндігін беру;
  5. 2005 жылы бастауыш және орта білімде гендерлік айырмашылықтарды жою қолға алынған болса, 2015 жылға қарай білім саласында жыныстар теңдігіне қол жеткізу болып отыр, бұл орайда қыз балаларға жоғары сапалы базалық білімге толық және тең мүмкіндік беру мен олардың жақсы сабақ үлгерімдері үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлу;
  6. білімнің барлық аспекттілерінде оның сапасын көтеру және барлығы үшін жақсы үлгерімді қамтамасыз ету, бұл орайда оқудың танылған және баға беруге көнетін нәтижелеріне әркімнің қол жеткізуі, әсіресе сауаттылыққа, есептеу мен маңызды тұрмыс машықтарына қатыстылары ескерілуі тиіс [8, 351б].

Джомтьен және Декар  форумдарының базалық білім саласында  әзірленген принциптері 1998 жылы 5-9 қазанда  ЮНЕСКО Парижде ұйымдастырған жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік конференцияның идеяларымен және нұсқауларымен  органикалық толықтырылады. Конференция барлық елдердің үкіметтеріне жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді және жоғары білім алудағы бірдей мүмкіндіктерді білім саясатының жетекші бағытын жасауды ұсынды. Ол жоғары білімнің «жұмыс әлеміне» (World of Work) бейімделмеуі, ал өзара іс-қимыл жасауы тиіс екендігін тікелей белгіледі.

Сонымен, дүниежүзілік қоғамдастық  білім қызметтерін тек жұмыс  күшін құраумен немесе кадрлар даярлаумен шектеуге қарсы шықты. Осыған байланысты Париж конференциясы жоғары мектептің  жалпы мәдени және өнегелілік қызметтерінің әлсіреуіне үлкен алаңдаушылық білдірді.

Халықаралық қоғамдастық  ең алдымен БҰҰ мен оның құрылымдары  әзірлеген, адам дамуының аса маңызды  бөлігі ретіндегі білім дамуының стратегиясы білім беруді барлық деңгейлерде жетілдіруді жүзеге асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мүдделер бойынша оқу жүйелеріне реформалар жүргізуге барлық елдерге көмектеседі.

Елдегі білім жүйесінің  бірнеше құрылымдық бөліктері бар, олар-деңгейлік, ұйымдық (ішкі ұйымдық  пен сыртқы ықпалдары қосқанда), мазмұндық болып бөлінеді. Кейде әр елдегі білім жүйесін ұлттық үлгі деп атау қалыптасқан. Білім-күрделі және созылыңқы үдеріс, ол қазіргі заманғы көзқарастар тұрғысынан, соның ішінде адам дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Осыған байланысты, оның көп деңгейлік құрылымы бар.

ХХ ғасырдың орта шеніне дейін әлемде білім деңгейлері туралы қайсыбір ортақ «халықаралық» ұғым орын алды, ал түрлі мемлекеттер  өздерінің дербес оқыту сатыларын  белгіледі. Алайда әлемдік экономикалық, ғылыми және мәдени интеграциялардың кеңею және тереңдеуіне, планетаралық ақпараттық кеңістік құруға қарай, ал ең бастысы-еларалық білім беру мен кадр алмасудың жалпыға бірдей және жүйелі практикаға байланысты білім деңгейлерінің халықаралық жіктелімін әзірлеудің қажеттілігі туындады.

ЮНЕСКО қамқорлығымен 1995 жылы Женевада өткен білім жөніндегі  Халықаралық конференция білімнің бірінші Халықаралық стандарттық  жіктелімін (БХСЖ) бекітті. Алайда, осы  жіктелім ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында құлаш жайған білім революциясының қызу үдерістеріне ілесе алмады, ең алдымен білімді саралауға, яғни халықтық түрлі топтары мен жіктерінің білім алулары үшін ең жақсы жағдайлар жасаған сан алуан нысандардың пайда болуына ілесуге шамасы келмеді. Сондықтан 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясы жаңа БХСЖ қабылдады.

Халықаралық жіктелімнің  бастапқы бірлігі болып оқыту  бағдарламалары бой көтереді. Олар басты екі бағыт бойынша сипатталады-білім  баспалдағы (сатысы) және білім саласы. БХСЖ-ға енгізілген едәуір күрделі  және түрлі көрсеткіштердің егжей-тегжейлі сипаттамасын мазмұндайды. «Негізгі сипаттамалар» ұғымына неғұрлым анық және ықшам қабылдау үшін БХСЖ сатыларының деректері сипаттамасының түрлі тармақтарынан алынған көрсеткіштер мен критерийлерді енгіздік, бірақ олар білім беру сатысының мәні мен өзіндік ерекшеліктерін құрайды.

БХСЖ сондай-ақ мынадай  білім салаларын қамтиды:

  • мұғалімдер даярлау және педагогикалық ғылым;
  • гуманитарлық ғылымдар мен өнер;
  • әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық;
  • жаратылыс ғылымдары;
  • инженерлік салалар;
  • ауыл шаруашылығы;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру;
  • сервис.

Негізгі немесе базалық  білім жүйелері келесі негіздер бойынша  жіктеліне алады:

  • мемлекеттің рөлі;
  • білімді басқару мен қаржыландыруда ұлттық және жергілікті әкімшіліктер ролінің арақатынасы;
  • ақылы және тегін білім алудің пропорциясы;
  • элитарлық пен бұқаралықтың арақатынасы;
  • жоғары білімнің құрылымы мен мазмұнындағы түбегейлілік пен практикалық бағдарлық пропорциясы.

Осы белгілер бойынша  білімнің екі жүйесін бөлуге болады-американдық (оған жапондық жүйе ұласады) және еуропалық (экономика мен идеологияны толық мемлекеттендіруді ескергенде оның бір түрі кеңестік білім жүйесі болды) жүйелер.

Американдық жүйе білімді  қаржыландырудағы мемлекеттің елеулі ролімен өзгешеленеді, бірақ жеке бизнес те сондай-ақ жоғары белсенділік танытады. Мектептер муниципалды органдардың қарамағында болады, ал жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында шамамен алынған сандық паритет орын алады. Білімді жалпы қаржыландыруда жергілікті қаражат көздері ұлттық қаржыландырудан басым болып келеді. Орта білім негізінен тегін, ал жоғары білім көбіне ақылы, бірақ студенттерге білім қызметтеріне көмек көрсететін тармақталған жүйе бар.

Элитарлық (дегдарлық) және жай университеттер арасындағы білім  беру саласында үлкен алшақтық бар. Білім мазмұнын белгілеуде дербестік дәрежесі өте жоғары, мемлекеттік мекемелер оған мүлде араласпайды.

Еуропалық жүйеде-мемлекеттік  және тегін білім алу басым. Терең  тарихи тамырлары бар университеттер автономиясы жұмыс істейді. Алайда, жалпы алғанда, білім мазмұнындағы орталықтандыру деңгейі американдық жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқу орындарын басқаруда академиялық топтардың ролі жоғары, ал АҚШ-та осы міндеттер көбіне қамқоршылар кеңесіне жүктеледі. Американдық жүйеге қарағанда түбегейлі терең білім деңгейі анағұрлым жоғары.

Қазіргі уақытта жапондық жұмыс күшінің деңгейі біліктіліктің  ең жоғары деңгейі ретінде бағаланады. Жапонияда барлық категориядағы  жұмысшыларды үздіксіз оқыту маман  саясатының стратегиясы және мақсаты ретінде басқа елдермен салыстырғанда ерте мойындалып, жолға қойылды. Үздіксіз оқыту жапон фирмаларында еңбек процесінің құрамдас бөлігі. Әрбір жұмысшы (персонал) оған аптасына 8 сағат уақыт жұмсайды: 4 сағаты жұмыс уақыты және 4 сағаты жұмысшының өз уақыты есебінен. Осы мақсатта тікелей кәсіпорындарда курстар, семинар, оқу орталықтары, тіпті институттар құрылған. Зерттеушілердің есептеулері бойынша, бір жұмыс бастыға шаққандағы оқыту шаралары жапондықтарда американдықтарға қарағанда 3-4 есеге артық. [15,170-185б]

Информация о работе Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде