Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

І тарау АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ..........................................................................7

Адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері және даму тарихы.................................................................................................................7
Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және
білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру............................13

ІІ тарау БІЛІМ БЕРУ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУШЫ
ФАКТОР РЕТІНДЕ..................................................................................................20

2.1 Білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде..............................................20
2.2 Білім беру саласын қаржыландырудың негізгі принциптері........................26

ІІІ тарау БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ..............................................................................................34

3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы
және перспективасы................................................................................................34
3.2 Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі..........................43
3.3 Жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде).........54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................67

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Файлы: 1 файл

Дип.-АДАМ-ДАМУЫНДАҒЫ-БІЛІМ-БЕРУ.doc

— 599.50 Кб (Скачать файл)

Жапония компаниясындағы  кәсіптік білім жүйесінің негізі- «икемді жұмысшы» компаниясы. Оның мақсаты-адамды кем дегенде екі  есе немесе үш мамандық бойынша іріктеу  және дайындау, одан соң өмір бойы біліктілігін көтеру. Басқаша айтқанда, жапон  фирмалары арнайы адам капиталының қорлануына жағдай жасайды.

Үздіксіз оқыту барысында  жұмысшының біліктілігін және жалпы  мәдени деңгейін көтеру экономикалық әсерді ұлғайтады. Американдық фирмалар тәжірбиесі бойынша, білім беруге салынған әрбір 35 мың доллар 1 млн.доллар көлемінде пайда әкеледі. Оның үстіне, жұмысшыны қайта дайындау оны басқа жұмысшыға ауыстырудан едәуір арзанға түседі. «Дженерал электрик» компаниясының тәжірбиесі бойынша, бір инженерді қайта дайындау жаңа инженерді табу және жұмысқа қабылдаудан үш есеге арзан. Білікті жұмысшыны оқытуға АҚШ-та жылына 12,5 мың доллар жұмсалса, қайта дайындық шығыны жылына бір адамға 10 мың долларды құрайды. [15,170-185б]

Швейцарияда фирмаларының да біліктілікті көтеру бағдарламалары қызығушылықты тудырады. Жоғары оқу орындарын бітірушілері осы бағдарламаны университеттік дайындықтың өндірістегі аяқталуы және қызметтегі өсудің базасы ретінде бағалайды. Ал фирмалар тарапынан біліктілікті көтеру бағдарламалары компанияларды дайындығы жоғары мамандармен қамтамасыз ететін қаржы салымдары ретінде бағаланады.

Францияда кәсіпорындар  жұмысшының кәсіптік дайындығына жалақы қорының белгілі бір пайызын  бөлуге міндетті. Жыл сайын Францияда  фирма есебінен жалдамалы жұмысшылардың 30 пайызы кәсіптік оқыту курстарымен  қамтылады, тек 4 пайызы ғана өз есебінен біліктіліктерін көтереді [10, 118б].

Білім беру қызметі рыногындағы  келесі жиынтық тұтынушы мемлекет білім  беру қызметі өндірісінде микро  және макро деңгейлерде қатысады. Мемлекеттің экономикаға микро  және макро деңгейлерде полифункционалды араласуы қазіргі экономикалық дамудағы объективті қажеттілік болып табылады. Мемлекеттің білім беру сферасына макро деңгейде араласуы білім беру сферасындағы және еңбек рыногындағы мемлекеттік саясат арқылы жүзеге асады. Яғни, мемлекет білім беру сферасының орта және ұзақ мерзімде дамуының материалды-экономикалық және құқықтық алғы шарттары мен жағдайларын жасаушы процестер жиынтығын жүзеге асырады. Мемлекет, біріншіден, білім беру қызметі рыногы тұлғаларының экономикалық қатынастарын реттеуші құқықтық нормаларды анықтайды және олардың орындалуын бақылайды; екіншіден, ЖІӨ-ді қайта бөлу қызметін атқарады; үшіншіден, білімнің минималды деңгейін анықтайды және қаржыландырады; төртіншіден, білім беру сферасы тұрғысында стратегиялық шешімдер қабылдайды және білім беру стандарттарын анықтайды; бесіншіден, білім беру рыногына салық саясаты, трансферттер және несие ұсыну арқылы әсер етеді; алтыншыдан, оқу орындарын басқаруға нақты шешімдер қабылдайды: лицензия, аттестация, білім деңгейі туралы құжаттарды сертификаттау мәселесін шешеді. Қорыта айтқанда, мемлекет заң шығарушылық және реттеушілік (ынталандырушылық) қызметтерді жүзеге асырады.

Ромердің, Р.Лукастың және басқа да «Экономикалық өсудің жаңа теориялары» өкілдерінің үлгілері көбіне адам капиталы концепциясына негізделеді. Адам капиталының қорлануы бұл теорияларда білім беру саласындағы іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Олардың пікірінше, бұл сала технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені, білімге жұмсалған шығындар адам капиталын арттыру арқылы экономиканың жаңа идеяларды өндіру қабілеттерін және ғылым сіңіргіш өндірістегі салыстырмалы артықшылықтарды атқарады. Сондай-ақ, осы және эволюциялық теорияларда білім берудің экономикалық маңыздылығы инновация диффузиясы тұрғысында негізделеді.

Сонымен, адам капиталының  анықтаушы элементі-білім беру экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы елеулі экономикалық ресурстарды қажет  етеді. Оның үстіне, білім беруді өндіруде «рынок шарасыздығының» орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен анықталады.

Кез-келген рационалды тұлға  сияқты мемлекет те шекті шығындармен шекті ұтымды салыстырады. Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджеттен тікелей аударымдар (сыртқы шығындар) және индивидтердің білім алу барысында еңбек процесімен қамтылмау себебінен ЖҰӨ бөлігінің жоғалуы түріндегі ішкі жасырын шығындардан тұрады. Яғни, жоғары білімді мамандардың жұмыссыз қалуы мемлекетке тиімсіз. Себебі, мемлекет өз шығындарын салық механизмі арқылы қайтарып алады.

Мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысы оның шығындарының артуымен сипатталады. Өйткені білім  деңгейлері жоғарылаған сайын білім беру қызметінің, оқулықтар мен оқу құралдарының көлемі артады және білім беру қызметі өндірісіне жоғары білікті еңбек тартылады.

Отандық білім беру рыногында  халықарлық ұйымдардың қатысуы келесідей  бағытта жүзеге асырылуда:

    • халықаралық ұйымдардың бағдарламалары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, НАТО, МАГАТЭ және басқалар);
    • дамыған елдердің мемлекеттік бағарламалары (АҚШ-та USIA, ACCELS, IREX, Германияда-DAAD, Францияда-CNOUS);
    • жеке қорлардың бағдарламалары (SOROS, FORD, MacArtur және т.б.)

Білім беру қызметін ұдайы өндіруде халықарлық ұйымдардың инвестициялық белсенділігі өте жоғары. Мысалы: 1991 және 2000 жылдар аралығында ТАСИС-ТЕМПУС бағдарламасы шеңберінде отандық білім беру сферасына 12 млн.евро қаржы бөлінген. 1994-2000 жылдар аралығында 57 жоба қаржыландырылған [4]. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың көмегі ұлттық білім беру бағдарламасына қатысты жанама сипатта болуға тиісті.

АҚШ-та 55%-ға жуық жоғары оқу орындары мемлекеттік болып  табылады, бірақ ең озықтары – жеке меншік жоғары оқу орындары. Құрама Штаттар қазір заңды түрде мақтан тұтатын алғашқы американдық университеттер жеке меншіктегі университеттер болды, ал анағұрым арзан ақымен оқытатын мемлекеттік жоғары оқу орындарын штаттағы өкіметтер жоғары білім алу мүмкіндігін арттыру үшін ашқан. Американдық білім жүйесінде олар күні бүгінге дейін осындай қызметтерді атқарып келеді – олар «қолдау көрсететін жоғары оқу орындары» іспеттес.

Жапонияда 70%-дан астам  университеттер – жеке меншікте. Бірақ  ең озықтары, ең беделділері, ең үлгілілері – мемлекеттік университеттер. Бір айтарлықтай жайт, мемлекеттік университеттерде оқуға төленетін төлем жеке меншіктерге қарағанда жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау БІЛІМ БЕРУ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕ

 

2.1 Білім беру  адам дамуының көрсеткіші ретінде

 

 

Білімнің адам дамуындағы айқындаушы рөлін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол тұтастық қалпында ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты.

Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтерінің бірі мемлекет, қоғам  және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті мәліметтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады.

Адам дамуының аса  маңызды факторы ретінде білім  экономикалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас  жиынтығын шешуге айқындаушы немесе біршама елеулі ықпал көрсетуге лайықты. Ондай проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халықтың қазіргі заманғы өркениет деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі, тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу, қылмыстықты азайту, АИВ/ЖИТС ауруының таралуына қарсы күрес жүргізу, саяси және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның құрылымдарын күшейту, адам құқықтарын сақтау және тиімді іске асыру, тұлғаның өз мүмкіндіктерін толық және жан-жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, білімді аса маңызды адам капиталы ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы білімнің кең ауқымды және көп қырлы әлеуметтік қызметтерін бекітіп, оған осы заманғы социумның іргелі проблемаларын шешуде басты рөл атқаратынын айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытқа қарай  қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім  жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек. Экономикалық және саяси өзгерістер экономиканың терең дағдарысымен, саяси қатынастардың тарихи баламасыздығымен, өндірістің құрылымымен және нәтижелерімен озық елдерден едәуір артта қалуымен, халықтың тұрмыс деңгейімен және сапасымен, мемлекеттік басқарудың тиімділігімен сабақтас болды.

Білім беру жүйесіне тікелей  және жанама түрде бүкіл қоғамның қатысы бар. Білім жүйесін өзгерту қоғамның және жеке тұлғаның көзқарасын, ой-санасын, психолгиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын кешенді түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды, күрделі реформаны жасау мол қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары мен мазмұнын әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды, ғылыми-теориялық зерттеулер мен практикалық сынақтар өткізуді, білім жүйесінің басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың, жалпы қоғамның арасында психологиялық даярлық, бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын өткізуді қажет етеді. Сондықтан да жаңа білім моделін ғылыми-зерттеу зертханаларында ғана әзірлемей, озат мектептердің тәжірибелерін саралау, жаңашыл педагог-мамандарды, ата-аналарды, қоғам қайраткерлерін, білім саласынақатысы бар барлық мекемелер мен ұйымдарды кеңінен қатыстыру, олардың қызметтерін өзара үйлестіру арқылы жасауға тиіспіз. Осындай аса маңызды да ауқымды жұмыстарды кешенді және іргелі түрде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Қазақ Білім академиясының жанында тұрақты және кешенді жұмыс істейтін Ғылыми-қоғамдық үйлестіру кеңесінің құрылғаны барынша тиімді болар еді.

Қазақстан Республикасының  білім беру стратегиясындағы басты  концепция-ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі мақсаты-адамның ең негізгі құндылық ретінде мойындау және сол тұрғыда қалыптастыру, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, мәдени-рухани дамуына ерекше мән беріп, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің жетілуіне, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, әлеуметтік мәдениетінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай туғызу. Яғни, келешек маман білікті әрі білімді, ең алдымен рухани тұрғыда кемелденген, ұлттық ділі мықты, әлеуметтік мәдениеті қалыптасқан, халық, ұлт алдындағы жауапкершілік сезімі жоғары дара тұлға болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі білім алушыға тек маман ретінде ғана қарау жеткіліксіз. Оны,ең алдымен, өз елінің азаматы, адамгершілігі мол творчествалық тұлға, елдің жанашыры, келешектің иесі, халқының тірегі ретінде тану керек, соған мүмкіндік жасалуы тиіс.

Сонымен, адам капиталы адамның  сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен  әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің өзінің уақыты  мен материалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады.

Осы орайда, Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Основы кредитной системы обучения в Казакстане» деп аталатын ұжымдық монографиясында елдің келешектегі білім беру саласындағы тұғырнамалар анықталып, ол кәсіби білім берудің тек жоғары сапасымен ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам іргетасы ретіндегі жаңа білім беру философиясымен де айқындалмақ делінген. Онда біршама негізгі міндеттер де анықталған:

  • икемді, мобильді жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • жоғары оқу орындарының адаптациялық потенциалын көтеру;
  • оқу орындарындағы академиялық және ұйымдастыру құрылымын, ондағы инфрақұрылымдарды жетілдіру;
  • әдістемелік жүйені және білім беру технологиясын реформалау;
  • педагогикалық үрдісті жетілдіру, педагогикалық құрам сапасын жақсарту.

Бұл айтылғандардан туындайтын мәселе, шындығында, ұлттық идея негізіндегі  кешенді білім беру философиясын қалыптастыру қажеттілігінің бар екендігі.

Американдық жоғары білім  беру жүйесінің ерекшелігі: жоғары оқу орындарының едәуір еркіндігі  және автономиялылығы. Ал мұндай менталитет Қазақстан сияқты дәстүрлі қоғамда қалай көрініс табады? Білім беруде әлемдік стандарттың ұлттық санаға ықпалы қалай болады? Мәселен, ұлттық патриотизмге, ұлттық этикалық санаға, жеке тұлғаның өзіне өзінің тең келу мәселесіне, ұлттық мифтік санаға, ұлттық идентификация мәселесіне ықпалы қандай болмақ дейтін әртүрлі сұрақтар туындайды.

Болонь Декларациясы, әлемдік бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру үрдісі бүгінгі глобализация феноменінің құрамдас бөлігі, оның іске асырылу формасы десек болады. осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетілгендей, білім берудегі бұл инновацияның түбірлі мәні мен сипатын әмбебап нарықтық-экономикалық рационализм, ал ол тікелей өндіріс қажеттілігі мен пайда іздеу мүддесімен байланысты болатынын мемлекет жасырмайды. Осының өзін методологиялық тұрғыдан пайымдайтын болсақ, кредиттік жүйенің идеологиялық мәндік болмысын білдірмек.

Информация о работе Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде