Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

І тарау АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ..........................................................................7

Адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері және даму тарихы.................................................................................................................7
Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және
білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру............................13

ІІ тарау БІЛІМ БЕРУ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУШЫ
ФАКТОР РЕТІНДЕ..................................................................................................20

2.1 Білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде..............................................20
2.2 Білім беру саласын қаржыландырудың негізгі принциптері........................26

ІІІ тарау БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ..............................................................................................34

3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы
және перспективасы................................................................................................34
3.2 Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі..........................43
3.3 Жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде).........54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................67

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Файлы: 1 файл

Дип.-АДАМ-ДАМУЫНДАҒЫ-БІЛІМ-БЕРУ.doc

— 599.50 Кб (Скачать файл)

Неоклассик-экономист  А.Маршаллдың пікірінше табиғат  қайтарымы төмендеу тенденциясында болса, адам осы  қайтарымды арттыру  тенденциясына ие. «Білім біз үшін өндірістің ең қуатты қозғаушысы, табиғатты  бағындырып, оның күштерін қажеттілігімізді қанағаттандыруға, пайдалануға мүмкіндік береді».

Адамның сапалық параметрлерін  қалыптастырушы және жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының  бірі-білім беру саласы. Білім беру бір жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды потенциалының дамуы және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан-адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетудің және жұмыссыздыққа қарсы құрал ретінде қарастырыла басталды. Әсіресе білімі және біліктілігі жоғары адам прогрессивті қоғамдық өзгерістердің көзі және қуатты қозғаушы күші ретіндегі өзекті мәселеге айналды.

Білім беру қоғамның әлеуметтік кәсіптік құрылымын қалыптасырушы, мәдениетті ұдайы өндіруші, жинақталған  әлеуметтік тәжірибені, адамгершілік, мораль қағидаларын жалғастырушы, индивидтердің әлеументтендірілуін қамтамасыз етуші институт болып табылады. Сондай-ақ, білім беру индивидтердің, қоғамның интеллектуалды және әлеуметтік-психологиялық потенциялын қалыптастырады; жанама түрде, білім беру индивидтің дене және психофизиолгиялық жағдайына әсер етеді; адам капиталының моральдық тозуының орнын толтырады, адам капиталы потенциалының жойылуының алдын алады. (жұмыссыздар, зейнеткерлер), ұлттық қауыпсіздікті және қоғамда демократияның сақталуын, оның күшеюін қамтамасыз етеді.

Адам капиталының анықтаушы  элементі-білім беру экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы елеулі экономикалық ресурстарды қажет етеді. Оның үстіне, білім беруді өндіруде «рынок шарасызығының» орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен анықталады.

Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторының мәні былай, осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.

Адам капиталы адамның  сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен  әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің өзінің уақыты  мен маериалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады. Сондықтан да,адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді.адам капиталын қалыптастырудың қоғамдық сипаты басымырақ, бұған қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру деңгейі әсер етеді. Адам капиталын ұдайы өндіру тұрғындарды, жалпы халықтың сандық және сапалық мәнінің дамып, қоғамның рухани және материалдық жүйесіне жинақталуымен байланысты. Адам капиталын қалыптастырудың және ұдайы өндірудің ішкі және сыртқы факторларына мыналарды жатқызуға болады. Сыртқы факторлар:

    • Білім, ғылым, тәрбие, ақпарат, денсаулық, тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік институттарының дамуы. Олардың даму деңгейінің көтерілуіне инвестициялар жұмсау, адам капиталының сандық, сапалық көрсеткіштерінің қалыптасып жатқан құрылымдарының өзгеруіне терең әсер етеді.
    • Адам капиталын құрушылардың өмір сүру әрекетінің сыртқы ортасына еңбек ету жағдайы, үй-тұрмысы, өмірлік тұрағының инфрақұрылымы жатады. Бұл саланы жетілдіру, инвестиция құю, аймақтардың, әр түрлі ұйымдардың әлеуметтік саласын дамытып, жалпы қоғамдық инфрақұрылымының дұрыс бағытта өзгеруіне әкеледі.

Адам капиталына ұдайы  өндірудің ішкі алғы шарттарына адамның  жанұясының материалдық жетістігі, оның жеке байланыстары, мәдени деңгейі  жатады. Егер де қоғам жанұяны қолдап, оның өзіндік саясатының іске асуына инвестициялар салса, ол осы жанұяның материалдық байлығын өсіріп қана қоймай, білімді, дәстүрді, біліктілікті, құндылық бағыттарын, жалпы әлеуметтік тәжірбиені ұрпаққа қалдыру үрдісін жетілдіруге де жағдай  жасайды. Индивид әлеуметтік тұлға ретінде тек жанұяда ғана қалыптасатындықтан, қоғамның рухани игіліктерін-білімді, мамандық статусын, қызметін дұрыс пайдалануды, тұрмыстық-тұтыну мәдениетін игеруде жанұяның орны ерекше.

Гордон Драйден мен Джанет Востың «Білім беру революциясы» кітабында (2003жыл) білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген елдеріне тән проблема тамаша баяндалған: «Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып келеді»-деген сөзін айта кеткен де жөн болар.

Бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілігі-жаһандық экономика мен саясатта ең ықпалды тұжырымдамалардың бірі, өйткені тек экономикалық көрсеткіштерді қамтып қана қоймайды, сонымен бірге экономикалық емес маңызды құбылыстардың экономикалық салдарын бағалай алады.

Оны өлшеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі жан басына шаққанда келетін ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, ел мен оның азаматтары соғұрлым бай, өмір сапасы соғұрлым жоғары.

2005 жылдың қорытындысы бойынша  Қазақстанда жан басына шаққанда  ІЖӨ 3700 АҚШ доллары мөлшерінде  қалыптасты. Осы көрсеткіш бойынша, 50 елдің қатарында болу үшін  ол кем дегенде 5500-6500 АҚШ доллары  және одан жоғары болуы керек. Яғни, шамамен Чили, Мексика, Малайзия секілді елдер деңгейінде болуы керек.

Бұл елдер бұрынғы  социолистік елдердің (Чех Республикасы, Венгрия) көрсеткіштерінен айтарлықтай кем түседі-оларда ІЖӨ қазірдің өзінде әр адамға 10 мың АҚШ долларынан асып түседі.

Бәсекеге қабілетті 117 елдің ішінен алғашқылар қатарына Финляндия, АҚШ, Швеция, Тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, Канада, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Израиль  шығыпты. Қазақстан 61-ші орын алыпты. Біз  ТМД-ның барлық мемлекеттерінен алда екенбіз.

Егер жекелеген өлшемдерді алатын болсақ, Қазақстан халықтың «тапқырлық» деңгейі (яғни, технологиялық  идеялардың дамуы), ғылыми-зерттеу базасының, дәл ғылымдағы білімнің сапасы бойынша, сондай-ақ базалық инфрақұрылымның  жаман емес жағдайына қатысты  айтарлықтай жоғары бағаланады.

Алайда біздің еліміз бұл артықшылықтарды нақтылы  «капиталдандыру» мүмкіндігін қамтамасыз ететін факторлар бойынша төмен  бағаланады.ал мұнда «ақыл-ойдың  сыртқа кетуінің» жоғары деңгейі  де, жаңа технологиялар мен қызметтерді  лицензиялаудың күрделі ресімдері де, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғаудың төменгі деңгейі де, білім беру мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды инвестициялау жөніндегі аз әулет те бар.

Міне, содан келеді де, мысалы, ересек халықтың сауаттылық деңгейі бойынша біз әлемдегі алғашқы 3 пайыздың қатарындамыз, ал әл-ауқат деңгейі бойынша соңғы 40 пайыз елдердің қатарындамыз. Инженерлер мен ғалымдардың саны бойынша біз тізімнің үштен бірінің алғашқысындамыз, ал жоғары технологияларға келетін экспорттың үлесі жөнінен-артта қалушылар қатарындамыз.

Елдің экономикалық деңгейі  мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының  сапасына-адамдық капиталға байланысты екенін көрсетеді.

Өзіміздің алдымызға  стратегиялық міндет-таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым  мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.

Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандарттарын бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.

«2010 жылға қарай жан басына келетін ІЖӨ-ні 7000 долларға дейін, ал сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша 15000 долларға дейін арттырып, халық өмірінің күтіп отырылған ұзақтығын 68 жасқа дейін жеткізбекпіз.

Таяудағы үш жылда  Қазақстан білім беруге арналған мемлекеттік шығындарды ұлғайтуы тиіс, олар ІЖӨ-нің 4,1 пайызынан кем болмауы керек. Үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджеттен білім беруге 344 млрд.теңге жоспарланған.

2009 жылға қарай бұл  саланы қаржыландыру көлемі 540 млрд.теңгеге  дейін дерлік өседі»,-деп еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына»-деген лекциясында айтқан болатын.

Президент Джон Кеннеди  айтқанындай: «Бізге ешқашан болмаған нәрсе туралы армандауға қабілетті адамдар керек».

Әр 10 жыл сайын адам білімінің көлемі еселене түседі. Соның нәтижесінде білім барынша  құнды және әрдайым талап етілетін ресурсқа айналады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне асыратын болса ғана, шешілетін болады.

Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деп өсиет қалдырған болатын.

 

 

2.2 Білім беру саласынын қаржыландырудың негізгі принциптері

 

 

Рыноктық (нарықтық) реттеу жоғары білімнің дамуында мемлекеттік  реттеудің кемшіліктерін толтыра  алмады. Нақты оқу орындарының  дипломдары жұмыс берушілер мен  жұртшылықтың көз алдында нақты  баға алулары үшін жоғары оқу орындары жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тым қысқа уақыт жұмыс істеді. Осы жағдайлар қиянатшыл бәсеке үшін кең мүмкіндіктер жасады. Жеке меншік, ал ішінара мемлекеттік жоғары оқу орындарының да ақылы оқитын студенттер санына кіріптарлығы, көптеген жоғары оқу орындарына қалағандардың барлығын тартуға, демпингтік бағалар мен жоғары оқу орындарының нақты мүмкіндіктеріне сай келмейтін жарнамаларды пайдалануға, көтеріңкі баға қоюлардың кеңінен қолданылатын практикасына, түпкі нәтиже білімді нақты дипломдар сатумен алмастыруға әкеп соқтырды. Оның үстіне ақыны болашақ диплом үшін емес, ал әскери қызметтің мерзімін кейінге қалдыру мақсатында төлейтін студенттердің едәуір саны пайда болды [4].

Уақыт белсенді мемлекеттік  ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді, ғылымда құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды, іргелі және қолданбалы зерттіулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттыруды талап етеді.

Ғылымды бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтуды жоспарлай отырып, біз  бұл процеске жекеменшік бизнесті де қосуды ұмытпауға тиіспіз. Бұл жеңіл міндет емес, солай болса-дағы ғылыми нәтижелерді ойдағыдай коммерциялаудың қолайлы шарттарын жасау, оларды инновацияда жүзеге асыру, тұтынушыларға жақындату қажет.

Оқу орындарының қаржы  базасын нығайтуға жағдай жасаған өзге де түзетулер болды. Енді жоғары оқу орындарына бағалы қағаздар сатып алуға, оқудың төлемі ретінде алынған қаражаттар мен өзге де қаражаттарды депозитте ұстауға құқық берілді, мұндай құқық тапқан ақшаны инфляциядан сақтауға көмектесуі тиіс.

2001 жылдың басында білім және ғылым Министрлігі перспективада олардың санын елеулі қысқарту арқылы жоғары оқу орындарының желісін «тазалау» қажеттілігі туралы жариялады. Осы мәселені шешудің басты құралы ретінде жоғары оқу орындарын тіркеу үшін қажет ең аз жарғылық қорды ұлғайту ұсынылды.

Одан әрі пайда болған қоғамдық пікірталастар қатарында  өзге де мынадай шаралар аталды: жоғары оқу орындарының жыл сайынғы  рейтингтерін (бедел көрсеткіштерін) жасау және оқу- материалдық, кадрлық  базаларының көрсеткіштеріне, ғылыми қызметтің деңгейіне, талапкерлерді іріктеу қатаңдығының дәрежесіне сәйкес жоғары оқу орындары үшін санаттар (категориялар) енгізу; зерттеу және қолданбалы жобалардан, консалтингтік қызметтерден түсетін табыстардың өсуі кезінде жоғары оқу орындарын қаржыландыруда ақы төлеу үлесін азайту және т.б.

«Білім» Мемлекеттік  бағдарламасында техникалық, педагогикалық  және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша  мемлекеттік тапсырысты ұлғайту  көзделді.

Жалпы, Қазақстандағы  жоғары білім реформаларының негізгі  қорытындысы ретінде жоғары мектептің әлемдік білім беру прогресі арнасында жаңғыру жолына түскендігін есептеуге болады және ол республиканың ортақ әлеуметтік-экономикалық стратегиясының либералды (ықтиярлы, ырықты) бағытын көрсетті.

Негізінен қалыптасқан  ұлттық білім үлгісі кеңестік жүйенің шүбәсіз оң сапасы ретіндегі білімнің түбегейлі іргелілігі мен ғылыми сипатын сақтап қалды да, батыс үлгілерінің кескінін- білім беру гранттары мен несиелерін ендірді.

Қазақстандық білім  үлгісінің негізгі компоненттерін әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен адам дамуы мақсаттарына сәйкестігін сынау мәселесі күтіп тұр [2].

Адам дамуы тұжырымдамасында білім ең өзекті және іргелі қоғамдық проблемаларды шешудің айқындаушы факторы, адам дамуы деңгейінің аса  маңызды көрсеткіші ретінде қаралады. Адам дамуындағы білімнің ролін қамтамасыз етудегі халықаралық танылған бағдарлама «Баршаға бірдей білім» стратегиясы болып табылады. Сонымен бірге көпшілік елдердегі сияқты, республикамыз үшін де білім мүмкіндігі мен сапасын біріктіру өзекті проблема күйінде қалып отыр [3, 5-19б].

Алайда білім беруді инвестициялаудың кез-келген басқа  инвестициялар сияқты тәуекелділігі  жоғары. Индивидтің оқуға жұмсаған еңбек және қаржы шығындары іс-жүзінде  толыққанды қайта ма, алдына қойған каръерасын ойдағыдай жасай ала ма, т.б. жақтарын алдын ала білу мүмкін емес. Көп жағдайда білім беруге жұмсалған шығындардан алатын ұтым индивидтің өзіне тәуелді. Бұл мәселеде тек еңбек рыногындағы мамандарға деген сұраныс ғана емес, сондай-ақ, индивидтің жеке сапалары да шешуші роль атқарады. Оның мүдделілігі, талпыныстары, оқу мақсаты туралы түсінігі, т.б. оның үстіне адамды мамандығын өзгертуге немесе кәсіптік еңбекке кеш қосылуына әкелетін жеке жағдайларды да ескеру қажет. Осылардың барлығы оқудың басында ескеруге мүмкін болмаған мәселелер кешенін құрайды және білім беруге салынған инвестицияның қарапайым жылдамдығына және көлеміне әсер етеді. Жалпы алғанда, белгілі бір деңгейін алуға байланысты шығындар адамның өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрғанда ғана толық қайтарылады. Сонымен білім беруге жеке табыс көлемін арттырушы маңызды фактор болып табылады. Индивид білім алу барысында ағымағы табыс алу мүмкіндігіне бас тартады, өйткені, білім оған осы шығындарын болашақта қайтару мүмкіндігін береді.

Информация о работе Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде