Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 20:43, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.
Экономика дегеніміз не?

Файлы: 1 файл

экономика.docx

— 131.18 Кб (Скачать файл)

Табыстар мен шығындар ағымы  Әдісі. Жалпы ұлттық өнім  жеке  адамдар  мен  кәсіпорындардың  табыстарының

сомасын  құрайды   (жалақы,  процент,  рента  және  пайда)

және    өндіріс    факторларының    орнын    толтыру    сомасы

ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация

жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.

Екі әдістің екеуі де бірдей бағалы.

Жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім жиынтық өлшем қозғалысын сипаттайтын  ұлттық есептеу жүйесінің бір  ғана көрсеткіші емес.

Бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштердің  өзара байланысын көрсетуге болады (жақшадағы бейнелеу ағылшын тілінде):

- жалпы  ұлттық  өнім  (СNР)—  амортизация;

- таза  ұлттық  өнім  (NNР)—  кәсіпорындарға жанама салық;                                  

- ұлттық  табыс (N) — әлеуметтік  сақтандыру жарнасы корпорациялар  табысына салық — корпорациялар  пайдасын қайта бөлу — транспорт  төлемдері.

 

8  Макроэкономикалық реттеу

 

8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары  мен бағыттары

         8.1.1 Нарықтық  экономиканы мемлекеттік реттеудің  мӘні мен мақсаты

         Қазіргі  дамыған экономиканың көбісі  аралас болып табылады. Бұл осы  мөлшерде нарықтық өзіндік реттеу  мен мемлекет жағынан қоғамдық  өндірісті реттеу арқылы толықтыруларды  белгілейді. Осындай реттеу, орталықтандырылған  экономиканы мемлекеттік басқарумен  өзгешеленеді. Орталықтандырылған  жүйеде (сурет 8.1) мемлекет Әкімшіліктік  және ТУРА әсермен кәсіпорындардың  барлық  қызметтері мен олардың  арасындағы шаруашылық байланысты  анықтайды. * Нарықтық экономика  немесе аралас экономикада (сурет  8.2) мемлекет, тек нарықтың құқықтық  пен макроэкономикалық реттеуіне  әсер етеді де, (яғни ең алдымен  ақша, салық, бюджет, несие, т.б.  сияқты шаруашылық тұтқалар көмегімен)  ал  кәсіпорындардың өмірлеріне  тікелей араласпайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                  

 

Сурет 8.1 - Орталықтандырылған экономиканың мемлекеттік басқарылуы

                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік  басқарылуы

 

         Нарықтық  экономиканың макрореттелуі, қоғам  ынтасында жалпы түрде жүзеге  асады.Ол, мемлекетпен белсенді экономикалық  және әлеуметтік саясатты жүргізуді  болжайды. Осы саясаттың негізгі  мақсаттары 8.3 суретте көрсетілген.  Солардың біріншісі:                     1) экономикалық өсу. Осыған сәйкес  өмір құндылығы санының өсуі  мен сапаның арттылуы қамтамасыз  етіледі және де нәтижесінде  - адам өмірлерінің жоғары деңгейі  байқалады; 2) толық жұмыспен қамту  екі басты  міндеттерді шешеді. Еңбек етемін деушілердің барлығына  жұмыс пен оған сәйкес табысты  береді. Қоғамдағы еңбек ресурстарын  толық пайдаланбау байланыстарын  жоюдан тыс болады; 3) экономикалық  тиімділік қоғамның барлық шаруашылық  ресурстары (ал, олар шектеулі) максималды  қайтарыммен қолданылатынына болжам  жасайды; 4) экономикалық еркіндік бұл нарықтық экономиканың қарқынды дамуының үздіксіз шарты. Ол шаруашылық қатынасқа қатысушылардың барлығы үшін максималды еркіндікті (заң мен жауапкершілік шегінде) – кәсіпкерлік еркіндігі, экономикалық серіктестерді еркін таңдау, тұтынушының қажеттіліктегі еркіндігі, т.б. қарастырылады; 5) еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету - өркениетті, демократиялық қоғамдар аса маңызды әрекеттердің бірі. Барлық еңбекке жарамсыз, қартайған және кәмелетке толмаған азаматтардың дұрыс  өмір сүруі үшін жағдайлар туғызуы қажет; 6) баға деңгейлерінің тұрақтануы – бұл да мемлекет саясатының басты мақсаты, себебі, бағалардың жалпы өсуі (инфляция) мен тез арада түсу (дезинфляция) экономика дамуының тұрақты дамуын нашарлатады және шығындарға әкеледі (көбінесе, дезинфляция банкротқа ұшыратады); 7) сыртқы экономикалық байланыстарға баланс-бұл қоғамға шетел мемлекеттерімен сауда, қаржы, инвестиция және де басқа да қатынастар бағдарының қажетті тепе-теңдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

            

 

                                    

                                    

                                    

                                    

                                    

                                    

                                    

 

 

 

 

 

Сурет 8.3 - Қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

 

         8.2  Мемлекеттік  реттеудің негізгі бағыттары

Қаржылық, несиелік-қаржылық пен әлеуметтік саясаттар келесі параграфтарда  толық қарастырылады. Алғашқы үш бағыт бойынша қысқаша түсініктерімен шектелейік. Сонымен,атап өтсек.

Әкімшілік-құқықтық реттеу- ең алдымен  мемлекет пен экономиканың құқықтық негіздерінің құрылуымен анықталады. Осыған жататындар:

а) мемлекетте меншік құқықтары мен  нысандарын және шаруашылық қызмет ережелерін белгілеу;

б) еңбек қатынастарды және зейнеткерлік тәртіпті реттеу (еңбекақы мен зейнетақы, еңбекке жарамсыз және жұмыспен қамту  төлемдерінің минималды мөлшері, зейнеткерлік жағдайы мен еңбекті қорғау туралы заңдар, т.б.);

      в) тұтынушылардың  құқықтарын қорғау, экологиялық  заңнама және басқалар. Бұл реттеу, екінші жағынан, мемлекеттің монополияға  қарсы саясатты жүгізуімен, монополияға  қарсы шаралар, адамгершілік емес  бәсекелестік, жасанды жетіспеушілік,  бағалық және басқа да теріс  қолдануларды анықтайды.

Тікелей мемлекеттік басқару - қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, білім, денсаулық сақтау, ұлттық мұражайлар, парктер, қорықтар, демалыс орындары, жол, көшелерді жинау және жарықтандыру, маяк, су апатынан қоршаулар, т.б. сияқты салалар мен қоғамдық маңызы бар  объектілер қатынасында қолданылады. Осы кезде осы объектілер мен  салалардың көбі мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болуы мүмкін.

Соңында,  үкімет саясатының тағы да бір  негізгі құралы мемлекеттік  бағдарламалар мен тапсырыстар  болып табылады. Осындай бағдарламалар  әртүрлі салаларда әзірленеді, мәселен, ғаламшарды немесе әлемдік теңізді  меңгеру кезінде, ірі ғимараттарды салу саласында, қарулардың жаңа типтерін құруда, ірі ғылыми зерттеулерді жүргізуде, т.б. Бұл кезде үкімет өндірістің нақты түрлерін (ғаламшардың аппараттар, теңіз көліктерін, темір жол вагондары, құрылыс объектілері, әскери техника  мен басқа) өндіруге фирмаларға  мемлекеттік тапсырыс береді. Бұл тапсырыстар сенімді, әрі тиімді, сол себепті кәсіпорындар оларды алу үшін бәсекелестікке қызығушылықпен қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

                                    

Сурет 8.4 -  Мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары

 

 

8.3  Мемлекеттің қаржы-бюджет  саясаты

8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік  бюджеттің шығындары мен кірістері

Қаржылық реттеудің екі нысаны бар – фискалдық саясат, яғни салық салу облысындағы саясат, және бюджеттік, яғни бюджет қаржыларын жұмсау облысындағы саясат. Қаржы саясатының негізінде мемлекеттік қаржылардың  теоретикалық концепциялары жатыр.

Экономикалық дағдарыстар итермелейтін тиімді сұранысты жүзеге асыру үшін кейнсиандықтар экономиканы реттеудің  басты құралы деп бюджеттік саясатты санайды. Мемлекеттік шығындар тиімді сұранысқа жетудің маңызды факторы  ретінде қарастырылады. Бұл концепция  тапшылықты қаржыландыру қағидасына негізделеді.

Қаржы саясатының бағыты елдің экономикалық жағдайына байланысты болады. Экономиканың дағдарыстық жағдайы, бір жағынан, өндірістің төмендеуін тоқтату мен өндірісті ынталандыруға (мысалы, өндірушілерге салықтық жеңілдіктер түрінде), экономиканың жеке салаларына қаржы ресурстарын тиімді салу мақсатымен олардың мобилизациялауына, ал басқа жағынан, барлық әлеуметтік бағдарламаларды басуға бағытталған қаржы саясатын ескереді.

Қаржылық реттеудің әдістері:                                                                                            

Тура – кеңейтілген ұдайы  өндіріске, инфрақұрылымды дамытуға, ғылыми зерттеулерге, құрылымдық саясатты өткізуге, әскери-өнеркәсіптік кешенді ұстауға  кететін шығындарды және мемлекеттің  өндірістік емес шығындарын мемлекеттік  бюджеттің қаржыларымен қаржыландыру.

Жанама – салық жүйесі арқылы тұтынушылық сұраныс көлеміне және өндірушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне  әсер ету.

Қаржы (мемлекеттік) — мемлекеттің  өз функцияларын орындау мақсатымен ақша қаржыларының орталықтандырылған қорларын құруды, бөлу мен қолдануды  қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатын қаржы саясаты  өз функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін қаржыларды ұйымдастыру  мен қолдану бойынша мемлекеттің  мақсатты бағытталған шаралар жиынтығын  көрсетеді.

Мемлекеттік қаржылардың маңызды  құраушысы мемлекеттік бюджет болып  табылады. Мемлекеттік бюджет —  бұл мемлекеттің ақша ресурстарының  орталықтандырылған қоры, мемлекеттің  шығындар мен кірістер балансы (сметасы). Бюджетті ҚР Қаржы министрлігі жасап, ҚР Парламенті оны бекітеді.

Мемлекеттік бюджетті құру келесі қағидаларға  негізделген:

   - бірыңғайлық қағидасы –  бюджетте барлық шығындар мен  кірістердің шоғырлануы. Мемлекетте  бірыңғай бюджеттік жүйе, қаржы  құжаттар мен бюджеттік классификациясының  бір түрлілігінің бар болуы  қажет;

            - толықтық қағидасы – бюджеттің  әрбір бабы бойынша барлық  шығындар мен барлық түсімдер  ескеріледі;

            - ақиқаттылық қағидасы - мемлекеттің  шығындар мен кірістерін шын  көрсетуді ұйғарады;

            - жариялылық қағидасы –  бұл  негізгі шығындар мен кірістер  көздері туралы халықты міндетті  түрде хабарландыру.

Бюджеттің кірістері салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасады. Шығын бөлігі: қорғанысқа, мемлекеттік  аппаратты ұстауға, экономика мен  әлеуметтік саланы Салықтық санкциялар - салықтарды төлеуден бас тарту, салықтық төлемдердің мерзімін өткізіп жіберу, салықтық декларациясына жалған мәліметтер қосу және т.б. салық салу сферасындағы бұзушылықтардан алынатын ақшалай  алымдар.

Экономикалық мазмұны бойынша  шығындарды топтастыру:

- мемлекеттік сатып алулар —  бұл үкіметтің тауарлар мен  қызметтерге сұранысы. Үкіметтің  экономикалық қызметінің бұл  түрі мемлекеттік кәсіпорындар  мен мекемелердің өз мұқтаждығы  үшін араласатын немесе реттеуші  сипатқа ие (мысалы, нарық бағасын  қолдау мақсатымен ауыл шаруашылық  өнімдерін сатып алу), әскери және  азаматтық мақсаттардағы сатып  алулармен көрінеді. Мемлекеттік  сатып алулар төлемеушілік тәуекелдіктің  жоқтығымен, бағалардың тұрақтылығымен, алдын ала келісілген шарттар  бойынша өнімді ірі партиямен  өткізу мүмкіндігімен, салықтық  және несиелік жеңілдіктерді  алумен және т.б. сипатталатын, кепілді өткізу нарығын құрайды;

- трансферттік төлемдер — оларды  алатындарға тауарлар мен қызметтерді  ұсынуынсыз мемлекетпен жүзеге  асырылатын төлемдер (зейнетақылар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, көпбалалы жанұяларға жәрдемақылар  және т.б.). Трансфертті төлемдер  өндірістік шығындарға жатпайды  және мемлекеттік шығындардағы  олардың үлесі мемлекеттік әлеуметтік-саяси  бейімделуге, экономикаға мемлекеттің  араласу шегіне, өткізілетін әлеуметтік  саясатқа байланысты. Төмендеу кезінде  трансфертті төлемдерді ұлғайтудың  антидағдарыстық әсері бар; ресми  трасферттер – бюджетке  ақысыз  және қайтарылмайтын төлемдер  немесе гранттардан басқа бюджеттің  шығындары.

- сыртқы және ішкі қарыздың  қызмет етуі бойынша шығындар  мемлекеттік бағалы қағаздарды  шығару мен орналастыруға, олар  бойынша пайыздарды төлеуге кететін  шығындардан тұрады. Мемлекеттік  қарызды жүйелі түрде жоғарлату  мемлекет шығындарының бұл түрінің  өсуіне әкеледі. Субвенциялар  – маслихаттардың шешімдерімен  немесе заңды актілерімен бекітілген  сомалар шегінде жоғары тұрған  бюджеттердің төмендегілеріне берілетін  ресми трансферттер.

Субвенциялар қаржылық реттеудің  маңызды тұтқасы ретінде, белгілі  мақсаттарға берілетін халық  шаруашылығының жеке салаларына немесе жергілікті билік органдарына мемлекеттік  қаржы жәрдемақы түрінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің шығындары  экономика дамуына шығындарды қосады және өндіріс көлемінің тұрақты  өсуі мен оның тиімділігін жоғарлату  үшін жағдайлар жасауға бағытталған  ақша қаражаттарын көрсетеді.

Оларға:

          - капиталдық  салымдар

          - егізгі  қорларды жөндеу

- айналым құралдарының өсуі

- материалдық резервтерді құру  жатады.

Капиталдық салымдарды қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттарды қолдану  басқа көздер есебінен жүзеге асыру  мүмкін емес жалпы мемлекеттік мәні бар міндеттермен шектеледі.

Бұл экономиканы құрылымдық құрудың  бағдарламаларын қамтамасыз етуге  инвестициялар, олардың артықшылық бағыты тез қайтарыммен капитал  айналымының жоғары жылдамдығымен  шағын жобаларды құрудан тұрады.

 

      8.4  Мемлекеттің   дискрециондық  фискалдық   саясаты

Фискалдық саясат – бұл мемлекеттің  бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық  саясат – экономикаға әсер ету  мақсатымен мемлекеттік шығындар құрылымын  реттеу мен салық салу облысындағы  саясат. Фискалдық құралдардың әрекетінің сипатына байланысты фискалдық саясатты дискрециондық емес саясат және дискрециондық (кірістірілген тұрақтандырғыштар саясаты) саясат деп бөледі.

Дискрециондық емес саясат үкіметтік  шығындардың бөлігі жеке сектордың  белсенділігімен байланысты екеніне, ал экономикалық конъюнктураның өзгеруі  бюджеттік шығындар мен салықтардың  едәуір деңгейінде өзгерістерді автоматты  түрде туындатады екеніне негізделеді.

Егер экономикада құлдырау болса, яғни жеке кірістер және фирма кірістері  төмендесе, онда прогрессивті салық  салу кезінде салықтық  алу автоматты  төмендейді. Бұл басқа тең жағдайларда

кірістердің төмендеу мен жиынтық  сұраныстың қысқару салдарын жұмсартады, өндіріс көлемін тұрақтандыруға немесе кеңейтуге көмектеседі.

Дискрециондық саясат жұмыспен қамту, бағалар, өндірістің ұлттық көлемінің  өсу мәселелерін шешуге бағытталған  мемлекет қабылдайтын арнайы шараларды  көрсетеді. Бұл шараларды іске асыру  мемлекеттік бюджеттің шығын  немесе кіріс бөлімдерінде көрінеді (яғни кірістірілген тұрақтандырғыштар  прогрессивті салық салу жүйесі болып  табылады).

Дискрециондық фискалдық саясаттың  негізгі құралдары болып:

- салық мөлшерлемесін өзгерту,  салықтарды енгізу немесе жою  жолымен салықтық алу көлемін  өзгерту (салық мөлшерлемесін  өзгерте отырып, үкімет құлдырау  кезінде кірістерді қысқарудан  сақтайды немесе керісінше, бум  кезінде бар кірісті төмендетуі  мүмкін);                                        

Информация о работе Экономика