Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:07, курсовая работа
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама
беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен
дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін
ғана ғылым саласына айналады
Кіріспе
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
1.1. Мемлекет – нарық субъектісі
1.2. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі
1.3. Мемлекеттік реттеудің принциптері мен мақсаттары
1.4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері.
2. Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік реттеу
2.1. Экономиканы қаржылық реттеу
2.2. Әлеуметтік реттеу
2.3.Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру
жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқық және бизнес колледжі
«Экономикалық теория негіздері» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:_Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі
Мазмұны
Кіріспе
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері 1.1. Мемлекет – нарық субъектісі 1.2. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі 1.3. Мемлекеттік реттеудің принциптері мен мақсаттары 1.4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері.
2. Қазақстан Республикасының
экономикасын мемлекеттік 2.1. Экономиканы қаржылық реттеу 2.2. Әлеуметтік реттеу 2.3.Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
3
5 5 7 11
|
Кіріспе
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады".
Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мұндай араласу - объективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым субъективті сипатта бола ма. Бұл сұраққа дұрыс жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өріс алған не оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бұл тәжірибенің нарықтық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған ғылыми талдауы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемлекеттің жүзеге асыратын іс-шараларының объективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдардың тәжірибесі мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар оның ғылыми, методологиялық және ұйымдық негіздерінің бірлігін талап ететіндігін көрсетеді. Осы үш бөлігінің біреуінің әлсіреуі экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларды реттеудің түгелдей тізбегінде жағымсыз жайларды тудырады. Яғни оған көптеген мысал келтіруге болады. Нарықтық экономикаға, оның ғылыми негізін жасамай-ақ, халық шаруашылығын басқарудың жаңа моделінің жоқ кезінде оның ескісін тез арада жою арқылы өтуге жасалған әрекетті атап өту жеткілікті. Нәтижесінде макро және микроэкономикалық жағдайларды, ақша-несие және әлеуметтік қатынастар саласын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т.б. басқарудың "тізгінің" босаттық немесе одан айрылып қалдық.
Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты – экономиканы мемлекеттік реттеу мазмұнымен танысып, қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының дамуындағы мемлекеттің рөлін айқындау болып табылады.
1.Экономиканы мемлекеттік
1.1. Мемлекет – нарық субъектісі
Рыноктік субъект ретінде мемлекет үш ерекшелігімен сипатталады.
1. Реттеуші субъект. Нарықтық экономика
кезіндегі механизмде
Көптеген уақыт бойы мемлекеттің жеке салалық бизнес істеріне қол сұқпауы, нарықтық экономиканың еркін кәсіпкерлікке барынша жағдай туғызуының шындығы еді.
Бірақ XX ғасырдың 30-жылдарында ("Ұлы тоқыраудан" бастап) нарықтық экономика (монополизмге байланысты) өзінің әлеуметтік жағдайын тиімді түрде реттеу үшін мемлекеттің белсеңді түрде араласуын талап етті.
Кейнсиандықта дәл осындай мемлекеттік реттеу концепциясы болды. Бірақ кейнсиандық "фискалдық" (салық-бюджетті бақылау) саясат құралы нарықтық экономика табиғатына сыйыспады да, 70-жылдардан бастап жаңа-монетаризм әдісін қолдану арқылы, мемлекеттік реттеуден қашпай, енді экономикалық механизмнің ең "жіңішке" жолымен (ақша-несиелік саясатпен) мемлекеттік реттеуге барды.
Экономикадағы үнемі болып жатқан өзгерістер мемлекеттік реттеуді қажет ететін проблемаларға айналып, осы реттеушілік құралдары мен жалпы масштабтық тиісті өзгерістерді талап ете бастады.
Міне, осыдан барып, кейнсиандықты "хирургиялық" араласу деп, ал монетаризмді - "терапевті емдеу" реттеушілігі деуімізге болады.
2. Мемлекеттік табыстың рыноктан
тыс шығуы. Экономикалық субъектің
үнемі табыс алуына қарай, соның
есебінен шығындарын жүзеге
Сөйтіп, мемлекет те осындай болуына қарай, нарықтық экономикаға жатады да, табысы қандай болса, сондай мөлшерде шығын шығарады. Дегенмен, мұндағы бір ерекшелік-мемлекеттің алатын табысының табиғатының бөлектігі. Мемлекеттік табыс - экономикалық емес әрекеттердің жемісінен алынатындығы, бұл бірінші нарықтық субъектілердің (Үй шаруашылығы және фирмалардың) табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына бөлуінен.
Бұдан барып, мемлекетті "екінші", "туынды" нарықтық субъект деуге жатады да, оның экономикалық күші мемлекетті асыраушы жекелей бизнеске тұтастай бағынышты екендігінде. Сөйтіп, мемлекет табысы - "үшінші" (үй шаруашылығы және фирмалармен бірдей) өз алдына бөлек элемент емес, қоғамдық табыстың қосылған ерекше түрі емес, ол бірінші рыноктік табыстың салық салудан барып бөлектеніп шыққан, мемлекеттің қатынасынсыз алынған табыс. Міне, осыдан барып, фирмалар мен үй шаруашылығы табыстарының өсе беруіне мемлекеттен басқа тілектес болатын кім бар дейсің, өйткені олардың табысы - мемлекет табысының салықтан түсетін бірден-бір ғана көзі.
3. Мемлекеттің бұйрықтық
Мемлекет - нарықтық экономикадағы талаптарды міндетті түрде барлық мемлекеттік емес субъектілер орындауға тиісті болатын бірден-бір субъект. Дегенмен, бұл міндеттілік еркін кәсіпкерлік жүйесіне өмірлік қажеттілігі болады, өйткені барлық нарықтық субъектілерге "бірдей ереже" (мемлекет үшін "жеңілдіктер" болуы мүмкін) болып саналады.
Бұйрықты болудың өзі мемлекеттік табыстың міндеттілігін көрсетеді.
Мемлекеттің экономикалық араласу механизмінің негізгілері болып саналатындары - салықтар, сатып алу және төлемдер.
а) салықтар - объективті қажеттіліқ, бірақ оның көлемдік шегі проблемаға айналады, өйткені оның жекелей бизнестің тиімділігіне тікелей әсері көп.
б) трансферттік төлемдер - бұл мемлекеттік салықтық табыстың бір бөлігін (салықты барлық үй шаруашылығы мен фермалар төлейді) белгілі бір әлеуметтік топтар үшін бөлінуі. Сөйтіп, трансферттік төлемдер ұлттық өнімді көбейтпейді, бірақ жеке тұтыну құрылымын өзгертеді де, содан барып, өндіріс құрылымы да өзгереді.
в) үкіметтік сатып алу да өндіріс құрылымын өзгертеді де, қоғамдық маңызы бар игіліктер өседі, онымен бірге ұлттық өнім де ұлғаяды.
Қоғамның экономикалық өміріне қатыса отырып, мемлекет әрқашанда ерекше экономикалық субъект ретінде болады. Осы қатысу шаралары мен оның аяғының немен тынатындығын бағалау жағдайы экономикалық ғылымның әлі күнге дейін өткір таластар тудырып келе жатқан мәселесі.
1.2. Нарықтық экономиканы
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері" болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Ең соңында халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатын "көршілес" тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл істегі мемлекет ролі айрықша жоғары болып келеді.
Сонымен, мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі қандай. Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді.
Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер) "қозғалысының" қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді нарықтық механизм әрекетінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер мұңдай реттеудің объективтілігі ескерілген болса, әлгі тиімділік коэффициентінің мөлшері жоғарылайды.
Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өндіру мен тұтынуды мемлекеттік және нарықтық реттеудің диалектикалық бірлігінен туындайды. Мысалы, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізуді және нәтижелерін пайдалануды алайық. Алғашқысын жүзеге асыруда бірінші кезекте жалпы мемлекет деңгейіндегі реттеу тұратыны сөзсіз. Ал олардың нәтижелерін пайдалануды ұйымдастыруда нарықтық механизм шешуші рол атқарады, өйткені өнімді шығаруға жұмсалған шығындарды азайту және оның сапасын арттыру (оған нарықтық қатынастардың субъектілері де мүдделі) барысын ғылыми-техникалық жетістіктер деңгейі анықтайды. Мұндай мысалдарды қоғамдық тауарлардың басқа да түрлері бойынша келтіруге болар еді.
Кәсіпкердің мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігімен шектелетіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой өрісінен тыс қалатындығы әбден қисынды да, түсінікті. Бұл нарықтық механизм кұрылымына байланысты жүзеге асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортаның ластануымен, шикізаттардың қайта өндірілмейтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:
а) ағымдағы және болашақтағы табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу;
б) шаруашылық жүргізуші субъектілср іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі алдын ала бекітілгсн ережелер мен мөлшерден артық, кететін болса, оларға әкімшілік-құқықтық шектеулерді бекіту;
в) табиғатты тиімді пайдалануды ынталандыратын механизмді жасап-дайындау және бақылау.
Мемлекеттік реттеудің ролі қарастырып отырған салада адамның тіршілік әрекетінің табиғи ортасын сақтау барынша келеді, күрделі мәселе болып отырғандығына байланысты үздіксіз артатындығы ерекше. Оның ролінің артуы шаруашылық жүйесінің нарықтық үлгісіне өтудің алғашқы кезеңінде ерікті кәсіпкерлікке қатысушылардың өндірістік қызметінің сыртқы нәтижесін төмендету мүмкіндігіне үміт арта алмайтындығымен де түсіндіріледі. Оның үстіне экологияның кең ауқымды мәселелерін шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді. Ал бұл - әрбір мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін орталық басқару органдарының міндеті.
Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек. Бұл үкіметтің болжамы емес, оның обьективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады. Келесі жағдайларға байланысты тиімділік бұл жерде барынша күрделі мазмұнға ие болады: