Экономиканы меелекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:07, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама
беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен
дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін
ғана ғылым саласына айналады

Содержание работы

Кіріспе
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
1.1. Мемлекет – нарық субъектісі
1.2. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі
1.3. Мемлекеттік реттеудің принциптері мен мақсаттары
1.4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері.
2. Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік реттеу
2.1. Экономиканы қаржылық реттеу
2.2. Әлеуметтік реттеу
2.3.Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру
жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курсовая Госрегулирование каз.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және  әлеуметтік қамтамасыз ету салаларын  қаржыландыру;

- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға, ғылыми-зерттеу мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға, қорғаныс, экспортты қолдауға, қоршаған ортаны сақтауға стратегиялық инвестициялар бөлуге;

- мемлекеттік тұтынуға (мемлекетке  тауар сатып алу мен қызмет  көрсетуге), қосымша сұранымның өсуіне ынталандыруға.

Осы айтылған бағыттар бойынша шығатын шығын көлемдері экономиканың тиісті салаларындағы нарықтық субъектілердің іс-әрекеттеріне жақсы әсер ететіні түсінікті.

Қазіргі уақытта мемлекеттің қолында тиесілі қаржылық реттеу жасайтын көптеген құралдары баршылық: салықтар, инвестициялар, дотациялар, несиелер, есептелінген проценттік төлемдер, әлеуметтік артықшылығы бар өнімдерді өндіруге жеңілдіктер, бағаның реттелуі, ірі ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру, мемлекеттік кәсіпкерлік.

Салықтар. Салық салудағы әділеттілік нарықтық экономикаға өркениетті сипат берді. Қазіргі салықтық жүйе мына принциптерді іске асыруға тырысады:

-  заңды және жеке тұлғалар  үшін салықтың міндеттілігі және  жалпыға бірдейлігі;

- тура және жанама салық салудың бірігуі;

- салықтық төлемнің тұрақтылығы мен динамикасы (жұмыс істеуіне қарай және салық төлеушілердің табыстарының деңгейіне қарай).

- салық төлеуге жататын адамдардың  өздерінің табыстарын (объектілерін) жасырғаны үшін әкімшілік және қаржылық түрде жауап беретіндігі.

Осы әрбір айтылған принциптерді жүзеге асырудың өзі қиын проблеманы тудырады. Салықтар үлкен екі топқа бөлінеді - халықтан алынатын салықтар және корпорациялардан алынатын салықтар.

Әлемдік үрдісте бұл екеуінің ара қатынасында, біріншісінің азайып, ал екіншісінің ұлғайып бара жатқаны білінеді.

Халықтан алынатын тура салықтың басты түрі - табыс салығы болғанымен, мұнда салық төлемі көп ауытқуда болады да, сол сияқты кейбір әлеуметтік топтарға жеңілдіктер жасалынады. Табыс салықтары жұмыс істеген жерінде, сол сияқты адамдардың салықтық декларация негізінде төленеді.

Корпорациялар үшін салық объектісі ретінде олардың табысы көптеген жылдар бойы болды да, ал бүгінгі күндері бұл салық өндіріс шығындары мен фирма айналымдарының бір бөлігіне де тарады.

Бюджетке түсетін салық мөлшерінің үнемі өсуі жанама салықтардан (акциздерден, тұтыну тауарларына түсетін салықтардан, кедендік салық төлемдерінен түседі). Бұлар тауарға және қызмет көрсетуге қосылған түрлерінен болады.

Салықтың бір түріне жататыны - бұл міндетті төлемдер. Бұл салық салу объектілерінің ерекшеліктерімен айқындалады:

- жылжымайтын мүліктерге, жерді  пайдаланғанына, мұрагерлікке, қоршаған  ортаны ластағаны үшін, монополияға  қарсы заңды бұзғаны үшін және  т.б.

Салық төлемдері мен салықтық жеңілдіктерді дұрыс пайдалану арқылы мемлекет кәсіпкерлік іс-әрекеттерді біршама реттеуге жағдай жасай алады.

2. Инвестициялар. Салықтарды жинау  арқылы мемлекет көп ақшалай  қаржы жинап алады да, сөйтіп  ол енді инвестициялық саясатты  жүргізуіне мүмкіндік алады, жеке инвесторлардың әрекеттеріне де әсер етеді.

Мемлекеттік инвестициялар мен тапсырыстары рынокқа кепілдік жасай алады да, фирмалар өз өнімдерін тұрақты түрде қамтамасыз өтей алады, сол сияқты олардың серіктестіктері де мемлекеттік тапсырыс алғандарының игілікті істерді орындауға мүмкіндік жасалынады.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты - экономика құрылымымен қайта құру және экономикалық дамудың қарқынын реттеу. Мемлекет мына әдістерді қолданады: мақсатты инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін бюджеттен ақша бөледі, инвестициялынған пайдаға салықтық төлемді өзгертеді, мемлекеттік кредиттің проценттік жағдайы мен деңгейі арқылы оны дұрыс пайдалану.

3. Дотациялар (жәрдем қаржы) - бұл  мемлекеттік бюджеттен салалардағы  дағдарысты жоюға берілетін ақша сомасы.

Әдетте, жәрдем қаржыны ең алдымен әлеуметтік және халық шаруашылығы өнімдерін шығаратын маңызды кәсіпорындарына беріледі. Бірақ бұлардың шектен тыс шығындары кейде бұлардың өнімдерін тиімсіздікке апарады. Жәрдем қаржы есебінен мемлекет кейбір тауарлардың төменгі бағасын ұстап тұра алады. Жәрдем қаржы мемлекеттік шығындардың қажетті элементіне жатады, бірақ нарықтық экономикада оны экономикалық проблемаларды шешудің "әмбебап" құралына айналдыруға болмайды.

4. Есептеулі төлемдер. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны мен оның тез арада    төленетін көлемі арасындағы айырмашылықты есептеулі төлем дейді. Орталық ұлттық банк осындай төлемді белгілей отырып, коммерциялық банктердің белсенділігін, осыдан барып және кәсіпкерлік белсенділіктерді де реттейді.

5. Бағаны реттеу. Мемлекет өз  тарапынан монополист-кәсіпорындары  өнімдеріне шектеулі баға қоя  алады, сол сияқты осы ел үшін  өндірістік ресурстардың негізгілеріне  де.

Жаппай сұранымға ие болатын әлеуметтік маңызы бар тауарларға делінген бөлшек сауда бағасының деңгейін тағайындайды (немесе оған қосымша бағаны), сол сияқты оларды өндіретін кәсіпорындарының рентабельділігіне көңіл бөледі.

 

2.2. Әлеуметтік реттеу

 

Әлеуметтік мәселелер  мемлекет үшін  басымдылықтар қатарында болады  және болып қала береді. Елімізде соңғы жылдары жалпы экономикалық және әлеуметтік  ахуалды жақсартуда оң үрдістер айрықша көзге түседі, оның қатарында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, 2005 жылдың басынан  міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер және басқалары.

Экономикалық реформалау, шаруашылықтың нарықтық әдістеріне көшу халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, елдегі демографиялық жағдайдың нашарлауына, адамдардың өмір сүру ұзақтылығын қысқаруына әкеліп соғады. Осы жағдай халықты әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыру қажеттілігін тудырады. Әлеуметтік қорғау өмірге қажетті құндылықтарды алу мүмкіндігінің белгілі бір деңгейі мен белгілі бір жағдайларға байланысты (кәрілік, денсаулық жағдайы, қамқоршысынан айырылу, жұмыссыздық) экономикалық белсенді бола алмайтын және ақылы еңбекке қатысу жолымен өзіне табыс әкеле алмайтын азаматтардың белгілі бір деңгейдегі жағдайын қамтамасыз етуге арналған жүйе ретінде түсіндіріледі.

           Еліміздің  әлеуметтік даму  міндеттерін  шешуде  Елбасының  жыл сайынғы халыққа Жолдауында  оң шешімін тауып отыр. Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап  жалақының ең төменгі мөлшері 6600 теңге құраса, 2007 жылдың  1 қаңтарынан ол көрсеткіш 9752 теңгені құрды. Тиісінше ең төменгі зейнетақы мөлшері де 5800 теңгеден 7236 және базалық зейнетақы 3000 теңгеге дейін жоғарлады.  Бұлардың бәрі экономикадағы  жағдайдың жақсаруын және әлеуметтік салаға  тиісті көңіл бөлінуін  анықтайды.

Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы  экономиканың  зейнетақы жүйесіне  де өзгерістер әкелді. Біздің республикамызда  1998 жылдың  1-каңтарынан бастап зейнетақымен қамтамасыз етудің   ынтымасқан жүйесі  біртіндеп жинақтаушы жүйеге көшіріле бастады.

Бұл халықтың өз ертеңі үшін жауапкершілігін  арттырып, кәріліктерін ақшалай қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Сонымен қатар зейнетақы реформасын   жеке қарамай, оны экономиканың  үштіктен тұратын стратегияның, яғни  жекешелендіру,  қаржы рыногын дамыту және зейнетақы реформасының  бір бөлігі   есебінде  қараған жөн.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік факторларын қарастырғанда әлеуметтік өріске ерекше көңіл бөлінген болатын, өйткені оның салаларының даму мәселелері нарықтық қатынастар шеңберінде шешіле алмайды және Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелеріне сәйкес мемлекеттің арнайы саясат жүргізуін талап етеді. Осы салаға байланысты бұл ережелер бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматының бостандық пен жұмыс жағдайына, әлеуметтік қорғауға, тұрғын үй көмегін алуға, кепілденген ақысыз, тегін медициналық көмек алуға, кепілденген тегін орта білім алуға, мемлекет істерін басқаруға қатысуына құқығы бар.

     Әлеуметтік қорғау жүйесі келесі кешенді іс-шаралардан құрылады:

  • тұрақты төлемді еңбектік қызметті ынталандыру;
  • әлеуметтік сақтандыру механизмдерінің көмегімен негізгі әлеуметтік тәуекелдіктердің пайда болған жағдайында табыстың бір бөлігін компенсациялау немесе алдын алу;
  • әлеуметтік қорғау жүйесінің  қатысушылары болып табылмайтын халықтың қорғалмаған топтарына арналған әлеуметтік қорғаудың механизмін ұсыну;
  • білім беру және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызмет етулерді пайдалануға азаматтарға жағдай жасау.

Әлеуметтік қамтамасыз ету таратушылық қатынастардың жүйесін көрсетеді. Осы қатынастар процесінде қартайғанда, ауырған кезде, толық немесе жекелеген еңбекке жарамдылығын жоғалтқанда, асыраушысынан айырылғанда және тағы басқа да жағдайларда азаматтарды материалдық қамтамасыз ету және қызмет ету үшін ұлттық табыс есебінен ақша  қаражаттарының қоры құрылып пайдаланылады.

Әлеуметтік қамтамасыз ету ақшалай төлем, медициналық көмек, мүгедектерді еңбектік және тұрмыстық орналастыру, жеңілдіктер беру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу түрінде жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік қорғаудың қаржыландыру қайнар көздері болып бюджеттік қаржылар, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылары, кәсіпорындар мен мекемелердің ерікті жарналары, қайырымдылық қорының қаржылары және тағы басқалары табылады.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің бір формасы болып әлеуметтік сақтандыру табылады. Әлеуметтік сақтандыру еңбекке жарамдылығын және жұмысын жоғалтқан жағдайда азаматтарға материалдық қолдау көрсетуге және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнімнің құнын қайта тарату бойынша  экономикалық қатынастардың жүйесін құрайды. Әлеуметтік сақтандыру уақытша немесе мүлде еңбекке жарамдылығын жоғалтқан азаматтар үшін сақтандыру әдісін қолдана отырып (кәсіпорындардың, мекемелердің, халықтың жарналары есебінен) қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты пайда  болатын қатынастарды көрсетеді. Әлеуметтік сақтандырудан ерекшелігі әлеуметтік қамтамасыз ету еңбекке жарамдылығын жоғалтқан немесе мүлде еңбекке  жарамсыз азаматтарды қолдау үшін қорлардың пайдалануына байланысты қатынастарды көрсетеді, яғни еңбекке қатысуынан тәуелсіз барлық азаматтарға арналған. Осылайша, әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың 3 негізгі әдісін белгілеуге болады: сақтандыру, бюджеттік және қайырымдылық жарналары әдісі.

Осылайша, неғұрлым тиімді  және кешенді әлеуметтік қорғау жүйесі әдетте келесі негізгі элементтерден құрылады:

  1. мемлекеттік жәрдемақылар
  2. міндетті әлеуметтік сақтандыру
  3. жинақтаушы зейнетақылық қамтамасыз ету
  4. әлеуметтік көмек.

Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын міндеттемелер туындаған жағдайда азаматтарға  белгілі бір деңгейде кепілді төлемдермен қамтамасыз етуге арналған.

Жұмысберушілер мен жұмысшылар төлемдері есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру азаматтық жарнасы деңгейінен тәуелді формальды сектор жұмысшыларын қосымша қорғау үшін арналған.

Әлеуметтік көмек бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың жекелеген категорияларын қосымша қорғауға арналған.Осыдан басқа, азамат әлеуметтік тәуекелдердің туындауына ерікті сақтандыруды жүзеге асыру құқығы бар. Мұндай жан-жақты жүйе парасатты, жекебастылық жүйелердің артықшылықтарын  сабақтастыруға мүмкіндік береді.

 

2.3. Аймақтық дамуды  мемлекеттік реттеу

 

Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд "таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес" - деп тұжырым жасай   келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетеді.

           Аймақтық-шаруашылық жүйелерінің  дамуын реттеу барысында ҚР Конституциясы 85 -88-баптарының негізгі тұжырымдары мен іс жүзіндегі әкімшілік-аймақтық таксондардың экономикалық және әсіресе әлеуметтік теңестіру қағидасы негізгі құралдар ретінде қолданылуы керек. Бұл жерде қор жөнінде қолдау көрсету мен бюджет шығындарын жоспарлау барысында мемлекеттің қолдау механизмдерін қолдану үшін алғашқы кезектегі аймақтарды анықтауға маңызды көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік   әлеуметтік-экономикалық   саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз  зерттелінген объекті  болып табылады.  Оның негізгі  себептері:  а) халық  шаруашылығы  мәселелерін жоспарлы   шешудің   қағидалары   мен   әдістерінен бас тарту;   б)  өндіргіш  күштерді  тиімді  орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту және в) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті   басқару   органдардың   функционалды   міндеттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік. Бірақ аталған мәселелерді шешуге әлі де қажетті көңіл бөлінбейді.

1996 жылы 9 қаңтарда Үкімет  қаулысымен "Қазақстан  Республикасы  аймақтық  саясатының  тұжырымдамасы" мақұлданды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыптастыру позициясы арқылы және аймақтардың мамандандырылу принципі бойынша құрайды. Сонда мұнда, бір объектіге деген екі жақты көзқарас түсініспеушілікке  әкелетіні ескерілмеген,  өйткені бір аймақ жеткілікті мамандырылған, бірақ та бюджет жағынан әлсіз болуы мүмкін. Яғни, берілген аймақ бюджеттік қаржыландыру жағынан басыңқылардың құрамына кіреді, өйткені оның дамуы мамандандырылу деңгейінен басыңқы бола алмайды. Бізге алдағы мерзімде аймақтардың басыңқылығын анықтау бірыңғай ғылыми негізге негізделетін аймақтарына деген кешенді көзқарас дұрыс деп көрінеді.

Информация о работе Экономиканы меелекеттік реттеу