Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:07, курсовая работа
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама
беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен
дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін
ғана ғылым саласына айналады
Кіріспе
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
1.1. Мемлекет – нарық субъектісі
1.2. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі
1.3. Мемлекеттік реттеудің принциптері мен мақсаттары
1.4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері.
2. Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік реттеу
2.1. Экономиканы қаржылық реттеу
2.2. Әлеуметтік реттеу
2.3.Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру
жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Берілген тұжырымдаманың "бастапқы алғышартарында" "аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша саралануы тереңдей түсуде. Халықтың тұрмысының деңгейі мен сапасы бойынша аймақтардың арасындағы айырмашылық өсіп келеді", шағын және орташа қалалары мен жекелеген ауыл шаруашылығы аудандарының проблемалары шиеленісіп келеді деп жазылған. Және де осының негізінде аймақтар мәселелерінің күрделене түсуі іске асырылатын аймақтық саясаттың кемшіліктерімен байланысты деген қорытындыға келуге болады. Онда, қисынға байланысты, қазіргі аймақтық саясатта осындай кемшіліктерді жою мүдделері болуы тиіс. Бірақ тұжырымдамада саясаттың мәнін анықтағанда екпін "мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін тіршілік әрекеті мен шаруашылық жүргізудің аймақтық факторларын пайдалануға" қойылады. Егер де аймақтық факторлар тек жалпымемлекеттік мақсаттарға жетуге ғана пайдаланатын болса, онда аймақтық саясаттың аймаққа деген пайдасы қандай. Бұл саясаттың бағытталудың мәнісін дұрыс анықтау мен түсінуге тәуелді екенін дәлелдейді.
Аталғанды аймақтық саясатқа қолданатын болсақ, ол қалалық және ауылдық жерлерде тұратын халықтың табыстары, жұмыс бастылығы, өмір сүру деңгейі және облыстардың (аудандардың, қалалардың) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде айқын шиеленісуге әкелмеуіне байланысты жалпымемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асудың жалпы мақсатнаманы ғылыми негіздеуде. Аймақтық саясаттың мәнін дәл осындай түсінуі оны қалыптастырудың негізін анықтайды.
Біріншіден, мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі (тиянақты) маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені тұрғындар тығыздығы (адам/км2), қалалық және ауылдық тұрғындардың ара-қатынасы, олардың кірістің бір жанға шаққанда деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздық деңгейі, индустриалды әлеуеті деңгейі және т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше. Сонда, жұмыссыздар саны бойынша республика облыстардың үлес салмағы 1,8%-дан (Қарағанды облысы) 20,3%-ға дейін (Оңтүстік Қазақстан облысы) ауытқуды, ал облыстар арасында халықтар кірісінің бір жанға шаққанда максималды деңгейі минималды деңгейінен 4 есе үлкен. Сонымен қатар халықтың 60%-ға жуығы бүгін кедейлік шетінен тыс өмір сүреді. Халық тығыздығының орта республикалық деңгейінде (шаршы км-ге 5,8 адам) бұл көрсеткіш 17 адамнан (Оңтүстік Қазақстан облысы) 2 адамға (Маңғыстау облысы) дейін ауытқитын облыстар да бар. Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімінің 40%-ына жуығы үш облыстың үлесіне келеді (Қарағанды, Атырау және Павлодар облыстары).
Жоғарыда айтқанды ескере отырып, басқадай факторларды есепке алмасақ та, аймақтық саясат "көлденең" сипатындағы шешімін қажет ететін халықтың өмір сүру деңгейінің мәселелі сұрақтарын объективті түрде айналып өтіп кете алмайды.
Екіншіден, аймақтық саясатты қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдің өндіргіш күштерді тиімді дамыту мен орналастыруды объективті қажеттілігі құрайды. Аймақтық саясаттың осы факторы оның іске асыру құралы ретінде қарастырылады, онымен екі тұрғыдан келісуге қиын:
а) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру аймақтық саясатты жүргізбес бұрын айқындалуы қажет;
б) өндіргіш күштердің бір жағынан "дамуға" (сапалы өсім) екінші "орналастыруға" әсерін тигізетін факторлар сипатының өзгешелігі соңғыларды құрал ретінде қарастырмай, аймақтық саясаттың объектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның іске асуы енді аймақтар өндіргіш күштердің сапалы өсімін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке алуы тиіс деп айту жөн. Өйткені олар өнімділік еңбектің деңгейінен, қор қамтамасыз ету деңгейінен тікелей тәуелділігінің тең шарттарын "айыруға" мүмкіндік береді. Бірақ оның қамтамасыз етілуі, берілген жағдайда, республиканың өндіргіш күштерінің аймақтарда әр түрлі болуы жоне өндірістік-экономикалық қатынастар жүйесінде институционалдық өзгерістермен қиындатылған.
Өндіргіш күштердің сапалы өсімі мәселесін қарастырғанда ғылыми-техникалық әлуеті мен әкімшілік-аумақтық таксондардың техногендік ерекшелігін айтып кету жөн. Сонда, мысалы, Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарының ғылыми және ғылыми-техникалық деңгейі тым жоғары, және оны солтүстік-шығыс және батыс аймақтардың үйлес көрсеткіштерімен салыстыруға болмайды. Бұл соңғыларда өндіргіш күштердің тез арадағы сапалы өсімін ынталандыруды қажет еткенін көрсетеді.
Және де, үшіншіден, мемлекеттің аймақтық-экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады. Олардың тоқырап қалу себебі көбінесе субъективті факторларға байланысты. Әсіресе, осындай көптеген қалалар мен аудандардың пайда болуына себеп болған негізгі фактор - ол үкімет жүргізген "жедел жекешелендіру" саясаты. Осы саясат негізінде іске асудың экономикалық және, әсіресе, әлеуметтік зардаптарының ғылыми болжамын ескермей жүргізілген еді. Қарастырылып отырған таксондар жағдайларының нашарлануына қалалар құрастыратын жекешелендірілген кәсіпорындардан, жергілікті бюджетке ауыр "жүк" ретінде болып қалған, әлеуметтік сектор" кесіп тасталды". Ал оның кіріс бөлімі төлемсіздіктен және кәсіпорындардың түрлі себептермен тоқтап қалуына байланысты көптеген жағдайларда орындалмаған.
Осындай жағдайларда қазіргі мемлекеттің аймақтық саясаты, тиісті қалалар мен аудандардың (яғни олардың қатарына облыстар да кіреді) тоқырап қалу қалпынан шығуын ескермесе, онда оны толықтай негізделген деп айту мүмкін емес. Мұнда аймақтық саясаттың тәжірибелік іске асуы негізгі қағидалар мен механизмдердің басыңқылығынның ғылыми және алдын ала анықтамалығын талап етеді.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру жолдар
Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе. Бұл өзінің ғылыми негізін талап етеді.
Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезенде біздің аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жағдайларды бөлуге болады:
шаруашылық моделдерін өзгертуде
және экономикалық жаңартуда қандай
жол тиімді - эволюциялық, революциялық па. Нарықтық қатынастардың аясын
ұлғайту және нарық инфрақұрылымын дамытуда
әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы
ұйымдастырушылық - құқықтық және экономикалық
шешімдер арқылы іске аса ма; жалпы
экономикалық бағыт
пен макроэкономикалық
тұрақтылықты ұстап тұруда
мемлекеттік
органдардың функциялары мен ролі қалай
өзгереді; экономиканы мемлекеттік реттеу
шаралары қандай ғылыми негізде және қандай
бағытта іске асырылуы қажет; экономиканы мемлекеттік
реттеу механизмдерінің басыңқылығы
мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге
байланысты өзгеріп отырады; бәсекелестік
нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік
иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде
және жаппай жекешелендіру
ме, жоқ, әлде кәсіпкерлердің
өз ынтасымен құрылған шағын
және орта кәсіпорындарды мемлекет тарапынан
қолдау ма; макроэкономикалық реттеуде
салалық және аймақтық мүдделері қаншалықты
дұрыс ескеріледі; халық шаруашылығын
жоспарлау және нарықтық реттеу қандай
ғылыми негізде үйлестіріледі.
Егер де осы қорытындылауды қарастыра отырып, шетелдік экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдаланылатын болса, онда келесі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:
Қазақстанның әлеуметтік шаруашылық жүйесінде шетелдің мемлекеттік басқару тәжірибесінің жақсы жақтарын қолданғанда келесі екі негізгі ерекшелікті ескеру қажет:
а) КСРО мемлекетінің құлдырауы салдарынан республика саяси-экономикалық бостандық және егемендік алғаннан кейін сыртқы экономикалық саясаттың құрылуы және іске асырылуы жаңа маңызға ие болады;. ә) Қазіргі танда Қазақстан, қатаң орталықтандырылған жоспарлы модельден, нарық субъектілері арасында бәсеке өскен жағдайда іске асырылатын, нарықтық шаруашылық модельге өту үстінде. Соңғы жылдардың тәжірибесінің нәтижесі көрсеткендей, халық шаруашылығын басқарудың орталықтандырылған жүйесінің негізгі механизмі ретінде жоспарлаудан бас тарту, экономиканы басқаруда көптеген дағдарыстар туғызды, еңбек өнімділігінің төмеңдеуі, экономикалық қылмыстың өсуі, көлеңкелі экономиканың қалыптасуы орын алды.
Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қажеттілігі сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-методологиялық және ұйымдастарушылық негіздері бұрынғы әкімшілік-директивті мәнінен айрылуы қажет және ұсыныстық-реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке негізделген белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру ролдерін атқаруы тиіс.
Бұл жердегі ең маңызды мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарларына "сіңіруі" (салалар және әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының орындалуы қажст. Өйткені ЖІӨ экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасын көрсетеді.
Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды рөл атқарады. Республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануга бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жуйеге "қызмет көрсетуге", басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалды. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезілуде. Шаруашылық тәжірибе тауар өндірісінің өсуін ынталандыру мақсатында және мемлекеттің экспорттық потенциалының өсуіне бағытталған кәсіпкерлер мен бизнесмендердің белсенді қызметі, бізді икемді салық жүйесіңің жоғарғы тиімділігіне сендіруде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардың өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе таңдалуда.
Шет елдегі баға белілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беру түрінде құрылған.
Қорытынды
Нарықты экономика мен оның салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы зандылықтарын, теориялық-методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Әлемге әйгілі экономист-ғалымдардың адамзат тарихында таза нарықтық экономиканың болмағаны және жоқ екендігі туралы сенімді пікірлерін ресми түрде тану керек; сөз әр елдің табиғи-тарихи, геосаяси, этно-демографиялық, экономикалық, техногендік, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылық жүргізудің жоспарлы және нарықты модельдерін жете үйлестіру туралы болуы мүмкін; шаруашылық жүргізу модельдерінің орнын ауыстыру эволюциялық жолмен жүргізілуі керек. Айта кететін бір жағдай, бұл ұғымдарды қазіргі кезде алдыңғы қатарда саналатын нарықты экономикасы дамыған елдердің бірнеше ғасырлық тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғалым-экономистер қалыптастырған.
Шаруашылық жүргізудің моделін, әдістері мен экономикалық механизмдерін таңдау олардың жағымды және жағымсыз салдарын алдын ала болжауды және тыңғылықты ғылыми нақтылауды талап етеді. Осы талаптың орындалмауы, бір мезгілде жоспарлы басқарудан бас тарту және жедел түрде нарықты экономиканы құруға ұмтылу ақырында бұрынғы Одақтың республикаларының экономикасын терең дағдарысқа ұрындырды. Экономиканың, оның салалары мен аймақтарының дамуын жалпымемлекеттік жоспарлау қажеттігін түсіну, бізге экономикалық және әлеуметтік аспекті бойынша өте қымбатқа түсті.