Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:01, реферат
Курстық жұмысымның тақырыбы «инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері ».Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Мұнда жалпы инвестиция ұғымына сипаттама, оны ұтымды , тиімді қолдана білу амалдары мен түрлері, инвестициялық жоюалар, олардың тиімділігін талдау , бағалау қарастырылды
Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Кіріспе
І. Инвестиция ұғымына жалпы сипаттамасы және оның маңызы
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
1.3 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
ІІ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін талдау
2.1 Инвестициялық жобалаудың мәні мен мазмұны
2.2 Инвестициялық жобалаудың қажеттілігі мен қолданылуы
ІІІ. Инвестициялық жобалаудың тиімділігінің бағалаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Атырау инженерлік-
"Экономика және Кеден ісі" кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері
Атырау қаласы 2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе
І. Инвестиция ұғымына жалпы сипаттамасы және оның маңызы
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік
реттеудегі негізгі
1.3 Қ. Р–ң инвестициялық
қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
ІІ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін талдау
2.1 Инвестициялық жобалаудың мәні мен мазмұны
2.2 Инвестициялық
жобалаудың қажеттілігі мен
ІІІ. Инвестициялық жобалаудың тиімділігінің бағалаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық
жұмысымның тақырыбы «
Инвестиция
- бүгінгі күні қолда бар ақшаны,
мүлікті және басқа да заттарды
, яғни капиталды қандай да
бір өндірісті дамыту үшін
жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни
алдағы уақытта пайыз түрінде
немесе басқадай үлкен
Инвестициялау
кәсіпорынынң қаржылық
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал алу немесе өз кәсіпорынына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу қажет.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін 2 негізгі топқа бөлуге болады.
Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері;
Екіншісі – инвестиция тиімділігнің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.
Инвестициялық
жобалау барысында экологиялық
талдау жасау аса қажетті
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс.
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады.
І. Инвестиция ұғымына жалпы сипаттамасы және оның маңызы маңызы
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
Инвестициялар дегеніміз - өнеркәсіпке,
құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да
Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны,
мүлікті және басқа да заттарды , яғни
капиталды қандай да бір өндірісті дамыту
үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни
алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай
үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Ол екі факторға байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі –
тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып
, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
Инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың
, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды
факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция
дегеніміз – шаруашылық
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік
қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға
, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар
болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне
қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі
бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір
жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды
сатып алушылар болып табылады.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды
экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында
өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей
инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар
дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Барлық инвестициялар екі негізгі
топқа бөлуге болады: портфельді және
нақты (капиталдандырылған).
Портфельді инвестиция дегіміз жобалар тобына капитал салуды айтады. Оның жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Жалпы ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар қорына салынатын инвестициялар.
Белгілі объектіге қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
Мүліктік инвестициялар – нақты инвестициялар.
Қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция және т.б. құнды қағаздарды сатып алу.
Материалдық емес инвестициялар – зеттеу мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және т.б.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
Инвестициялар
белгілі бір тәуекелмен
Сонымен қатар
инвестициялық-қаржылық
1.2 Экономиканы мемлекеттік
реттеудегі негізгі
Республиканың
әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың
түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің
басты мәселелерін анықтауға себепші
болады. Олардың бірі болып инвестициялық
қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің
алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер
мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ,
республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану
мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі
өзіндік саясатты құру қажет болды.
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар
жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды
басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары
құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың
біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде,
“Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.);
“Инвестициялық жекешелендіру қорлары
жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының
шетел инвестициялары бойынша ұлттық
агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің
Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар
бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру
жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы
(қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның
Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға
арналған инвестициялық бағдарламалар
қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті
басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын
құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік
және техникалық потенциалын дамытудың
өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында
мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге
асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді
шешудегі органдардың дұрыс жүйесін ,
олардың функциялары мен міндеттерін
анықтады.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару
4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық
дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен
оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ
,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге
асырудың стратегиясын құру мәселесі
шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау
мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады.
Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды
қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы
қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын
жобалардың сипаттамасы мен бағалануы
болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған
инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы
керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат-
жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің
мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту.
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына
(МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды
ұзарту бюджеттік процеске арналатын
таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына
негізделуі қажет.
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай
факторларды ескеруі қажет:
- бюджет орындалатын , макроэкономикалық
жағдай;
- инвестициялар бойынша ұсыныстардың
нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық
аспектілер.
Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру
мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік
мекемелерінің міндеті болып табылса,
инвестициялық жобаларды қауіпке жиі
қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда,
мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың
қосымша шараларын қабылдау қажет.
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды
тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру
мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау,
бағдарламалау, бюджетті дайындау және
оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын
қамтамасыз ету қажет.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің
заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін
белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа
кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне
қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер
мен артықшылықтар беруі).
- Қазақстан Республикасының мүддесін
инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті,
бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдаудың мақсаттары мен міндеттері
белгіленген.
Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым
секторларында тауар өндірісін, жұмыс
пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз
ету үшін қолайлы инвестициялық климат
жасау болып табылады.
Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ
мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын
шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы
техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге
ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік
қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты
алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді
пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі
әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,
олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың
жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту;
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды
жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар
жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер
жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін
қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері,
сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны
бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.
Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге
асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар
бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.
Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту
жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік
органдардың қызметін үйлестіру; барлық
келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды
қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың
іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру
сияқты функцияларды атқарады.
1.3 Қ. Р–ң инвестициялық
қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
Ең алдымен
аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл
бөлу керек :
біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық
өзгерістеріне нарықтық механизм әсер
ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді
мемлекет тарапынан реттеу қажет;
екіншіден, өзгерістерді инвестициялық
процестермен және шаруашылық жүргізуші
субъектілердің иенвестициялық белсенділігін
ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ
өндірістің әлеуметтік – экономикалық
тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық
реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай
– ақ , болашақтағы ғылыми негізделген
құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі
- әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы
деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға
қатысты мақсатты сипатта болады.
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді
сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен
деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық
саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы
кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол
жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық
шараларға байланысты. Басқаша айтқанда
, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат-
макроэкономикалық ; салық және аймақтық
деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру
негізгі болып табылады .
Макроэкономикалық салада оңтайландыру
ісі халық шаруашылығының салалық құралымына
да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді
жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық
жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың
жағдайында салалық құрылымның тиімді
жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық
бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен
тығыз байланысты.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен
макроэкономикалық деңгейде инвестициялық
шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы,
яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды
тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы
айтылды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта
жүргізіледі:
- мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану
арқылы;
- ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың
өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды
ынталандыру арқылы;
- шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді
пайдалану механизмі арқылы;
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап
алу және халық шаруашылығының барынша
тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау
мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз
ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының
негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында
Қазақстан Республикасының Президенті
бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды
іске асыру қажеттігі де ескеріледі.
Іс жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді
көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық
саясатының бағыттары мен көрсеткіштері
сандық жағынан айқындалып, атқарылатын
мерзімі бойынша анықталуы тиіс.
Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық
база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты
жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың
, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының
орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында
көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға,
нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің
мемлекет қызметінде келесідей өзара
байланыс анық байқалады .
Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет
шараларының өзара байланыстығы:
Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық
модель түрінде көрсетуге болады . Онда
оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық
– математикалық есептеулер жүргізу және
мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады.
Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік
қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға
болады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық
саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді
қамтуы тиіс:
- дайын өнім шығару арқылы экспорттық
әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық
беру;
- ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын
және импортты алмастыратын өнім өндірісін
кеңейту ;
- негізінен отандық өндіріс есебінен
халық шаруашылығы барлық салаларының
өндірістік аппаратын жаңарту;
- халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған салалар дамуын қамтамасыз
ету ;
- экономиканың аграрлық секторының дамуын
тездетуге бағытталған қаржы және несие
қорларын арттыру және т.б.
Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері