Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 21:01, реферат

Описание работы

Курстық жұмысымның тақырыбы «инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері ».Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Мұнда жалпы инвестиция ұғымына сипаттама, оны ұтымды , тиімді қолдана білу амалдары мен түрлері, инвестициялық жоюалар, олардың тиімділігін талдау , бағалау қарастырылды
Инвестиция - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
І. Инвестиция ұғымына жалпы сипаттамасы және оның маңызы
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
1.3 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
ІІ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін талдау
2.1 Инвестициялық жобалаудың мәні мен мазмұны
2.2 Инвестициялық жобалаудың қажеттілігі мен қолданылуы

ІІІ. Инвестициялық жобалаудың тиімділігінің бағалаудың шетелдік тәжірибесі


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат 12345.docx

— 57.05 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.

Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.

Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:

  • стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
  • егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

         Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Санаттары

          Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып табылады. «Өмір сүру циклі» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.

Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық шешім қабылдау;
  2. инвестициялау;
  3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.

Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады.

Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:

  • инвестициялауға қажетті қаржы ресурстарын жинақтау;
  • жобаны алдын-ала дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын даярлау;
  • жобаны жасауды аяқтау және оның техникалық және қаржылық тиімділігін бағалау;
  • жоба бойынша нақты шешімдер қабылдау.

Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:

  • келісім-шарт жасау және теңдер жұмыстарын ұйымдастыру;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін қысқаша түрде былай сатылауға болады:

  • монтаждау;
  • жөндеу;
  • өндіріс;
  • жобаны аяқтау және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр. Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.

ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

  1. Жобаларды таңдау;
  2. Жобаларды дайындау;
  3. Жобаларды бағалау;
  4. Келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту;
  5. Жобаны жүзеге асыру және оны бақылау;
  6. Жобаның нәтижелерін бағалау.

          Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады.

Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі.

 

     Міндеттер

       Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:

  1. Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
  2. Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
  3. Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
  4. Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.

Инвестициялық  жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • жобаны экономикалық талдау,
  • жобаны техникалық талдау;
  • жобаны коммерциялық талдау;
  • жобаны ұйымдастырушылық талдау;
  • жобаны әлеуметтік талдау;
  • жобаны экологиялық талдау;
  • жобаны қаржылық талдау.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

           Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.

          Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобаның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Инвестициялық жобалаудың тиімділігінің  бағалаудың шетелдік            тәжірибесі

 

      Әртүрлі елдердегі ұйымдасқан кәсіпорындардың даму барысы мен ауқымы ең алдымен инвестициялық климатқа байланысты болады. Осы уақытта ұйымдасқан кәсіпкерлік тек қана экономикалық сипатқа ғана емес, сондай-ақ басқа да, мысалыға әртүрлі елдердің аймақтық және топтық мүдделеріне жағдай жасауы мүмкін. Сонымен, социалистік елдердің тауар өндірушілері құрған ұйымдасқан кәсіпорындар, шоғырландыру процесстерінде өздерінің рөлдерін ойнады және тәуелсіз әріптестердің ғана емес толығымен социалистік жүйенің экономикалық мүдделеріне қызмет етті.

       Батыс-Батыс қарым-қатынасында теңдей жағдайдағы технологиялық және экономикалық мүмкіндіктерге ие әріптестердің ұйымдасқан кәсіпкерлігі, бәсекелестік жағдайында рынокқа жеке шыққандарға қарағанда, олардың бірлесіп өткізу рыногын игере отырып шығындарды төмендетуі өте тиімді болып саналады.

        Дамушы елдердегі ұйымдасқан кәсіпорындар, дамыған капиталистік мемлекеттердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындарының осы елдің экономикасына тікелей бағыттаған инвестициясының шеңберінде құрылады. Инвесторлардың (негізінен АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінің трансұлттық компанияларының) негізгі мүддесі болып, дамушы елдердің арзан табиғи ресурстарын, шикізаттарын, жұмыс күшін пайдалану мен жергілікті рынокты меңгеру болып табылады. Кейде бұл мүдделерге саяси мүдделер де қосылуы мүмкін. Ал, қабылдаушы дамушы елдердің мүдделері болып, елге прогрессивті технологияларды және басқару әдістерін тарта отырып, ұлттық табиғи ресурстарды тиімді өзіндік пайдалануға, елдің өмір сүру деңгейін көтеруге қол жеткізу болып табылады.

        Өнеркәсіптік дамыған капиталистік елдердің трансұлттық компаниялары мен кәсіпорындары ұйымдасқан кәсіпкерліктегі дамушы елдердегі әріптестерінің осы елдің аумағында әрекет етуші капиталды ұлттық етуге деген талпынысына қолдау көрсете отырып, олардың саяси ортадағы белсенділіктерін пайдалана отырып елдің табиғи ресурстарына, жұмыс күшіне және рыногына қол жеткізуге тырысады. Дамушы елдерде жапон капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың 80 пайызы жергілікті әріптестермен құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар болып табылды.

     Дамушы елдерде ұйымдасқан кәсіпорындарды құру шетел инвестицисына жергілікті табиғи ресурстарға қол жеткізіп беретін ең тиімді жол болып табылады.

         Дамушы елдерде құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар, елдің ұлттық бизнесін жандандыруға, шетел тәжірибесін пайдалана отырып елдің экономикасын басқаруға, жергілікті ресурстарды экспортқа шығаруға және ұйымдасқан кәсіпорындардың өнімін үшінші бір елге сатуға мүмкіндік береді.

  Соңғы 10-15 жылдың  төңірегінде ТМД елдерінің аумағында шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдасқан кәсіпорындар белсенді түрде дамуда. Бұл процесс айтарлықтай тұрақтылыққа ие болды және әлемдік шаруашылық байланыстарында ұйымдасқан кәсіпкерліктің даму үрдісіне белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отыр.

Қазіргі уақытта Венгрияда 1000-нан аса ұйымдасқан кәсіпорындар батыстық кәсіпорындар капиталының қатысуымен әрекет етуде. Бұл кәсіпорындардағы жалпы шетел инвестициясының көлемі шамамен 90-100 млн. АҚШ долларын құрайды. Венгрияның инвестициялық климатында батыстық инвесторларды төмендегілер қызықтырады:

-  шетел инвестициясының  қатысумен және әртүрлі шаруашылық  ассоциацияларды және кәсіпорындарды  құруға мүмкіндік беретін заңнамаларының  болуы; салықтық жеңілдіктер және  тағыда басқалар;

-  Венгрияның ішкі шаруашылық  механизмінде дамыған рыноктық  элементтердің болуы;

-  Венгриялық кәсіпорындар  мен ұйымдардың сыртқы экономикалық  байланыстар бойынша іс-тәжірибелерінің  мол болуы, елде жақсы жолға  қойылған банктік жүйенің және  дамыған іскелік инфрақұрылымдардың  бар болуы.

    Кәсіпорынды барлық  керек-жарақпен толық қамтамасыз  етіп отыру мәселесін жеткіліксіз  шешу, келісім-шартта көрсетілген  шетел инвестициясының көлемі  мен олардың нақты игерілуі  арасындағы айырманың пайда болуына  алып келеді.

        Бүгінгі  таңда социалистік елдердің әріптестері  мен капиталистік мемлекеттердің  ұйымдары (кәсіпорындары) арасында  құрылған ұйымдасқан кәсіпорындардың  дамуына Батыстың қолдан жасап  отырған экономикалық емес, саяси  мәні бар шектеулері кедергі  келтіріп отыр.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Қорытынды

 

      Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері.

   Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау әдістері